Елдес
ЛАТЫННЫҢ ЕЛІКТЕН БАСҚА ТҮГІ ЖОҚ
(айтыс іретінде)
Кəзірде баспа сөз жүзінде талқыға түсіп оқушылардың
басын əңкі-тəңкі қылып жатқан латын əңгімесі. Бұл əңгіме,
Аурыпаның жылтыраған моншағына құмартып асық болған-
дардың елігінен шыққан əңгіме, Аурыпа дəстүріне, орысшаға
дағдыланған оқысандарға орысша: Проиведение суммы двух
чисел равняется разности квадратов этих чисел деп атала-
тұн сөзді қазақша: Екі санның қосындысы мен айырмасының
өсіндісі сол екеуінің шаршыларының айырымы мен тең бо-
лады десең: ол оған əйелдің қолын сүймей амандасқаннан
да жаман ерсі көрінеді. Енді мұның үстіне сол сөзді латын-
ша (a+b) (a-b)= a
2
-b
2
деп жазудың орнына қазақша «(б+ж)
(б-ж)=б
2
-ж
2
» деп жазсаң, оны шемберленнің басына шелек
қалпақ орнына жай қалпақ кигізгендей көріп ыза болады.
Мұның аты не? Бұл: а, b-лардың пішініне дағдыланып, соған
ойы да, бойы да үйреніп кеткендік. Ол дағдыға өле-өлгенше
жабығып айырылмаудың себебі не? Оның себебі: тұрмысы,
234
235
тұрмыстың, шаруаның демеуі мен шығатұн сапа, баяғы
қожа-молдалардың жалпыдан оқшауланып шығып төрден
орын алуына көмектесетұн сана. Бұл күнде жалпы бұқарадан
бұрынғы қожа-молдаларша оқшауланып, бөлек-бөлек тіл
шығаруға, тілді бұзып, өз алдына кітеп тілін шығаруға бол-
май қалып отыр; оны істеймін деп талпынушылар болған
мен үкімет ондайлардың тілеуін құртатұн болып отыр. Сон-
сын жалпыдан оқшаулаудың жалғыз амалы, үкіметтен де
жасқанбай істейтұн амал енді тек латын қаріп болып отыр.
Біз латынды алғанда қалай алмақпыз, 1 – 2 жылдың ішінде,
алып бола аламыз ба? Латыншылардың өздеріне салғанда да
оны бір 20 – 30 жылдың бер жағында істеп бқтіруге бол-
майды: мəселен латынды мектеп атаулының бəрінде алдағы
жылдан ақ бастап кіргізсек, сонан кейінгі оқушылар латын-
ша танитұн болады да, онан бұрын оқып шыққандар, осы
күні қазақша қат танитұндар, қазақша газет-кітеп оқитондар
латынша сауатсыз болып қала береді. Олардың бəрін латын-
ша қат танитұн қылып оқытып шығару қолдан келмейді.
Сондықтан олар латынша үйрене алса, бірен-сараны қана
үйреніп алады, қалған көбінен олар өліп-біткен соң қана
құтыламыз. Сөйтіп осы күнгі қазақша қат танитұндар
өліп біткенше біздің жазуымыз екі түрлі болмақ: қазақша
жазылған да кітап, газеттеріміз болмақ, латыншада болмақ
латынша оқи, жаза білетұн «ардақты армансыз азаматтар»
болмақ, латынға қолы жетпей қалған қара бұқара болмақ,
латынша оқи жаза білетұн азаматтардың ардақты екені өз-
дерінеде аян, ере қалған қара бұқарағада аян болмақ, сонсын
ол ардақты азаматтарға төрден орын қалай тимейді.
Міне, мың жылдан артық жасаған латын əрпін бізге жаңа
əріп деп теліп, латыншыл болған адам жаңашыл, төңкерісшіл
болады деп айқайлаушылардың «игі ниеті» осы. Мұның аты
құр елік, əуестік, -бірақ дерексіз елік емес, тамыры тұрмысқа
бойлап кірген елік.
Бірақ еліктің тұрмысқа пайдалысы да болады. Латыншы-
лдардың латын əрпі мен салыстыратұн аптебел, тіректірлері
де ел-елге біріне-бірінің еліктеуі мен таралады. Автебел,
тіректірлерді елге, тұрмысқа пайдасыз деп дені сау кісі айта
алмайды, бірақ латын əрпі аптемебел де, қазақ əрпі есек,
ағаш арба- деген қисынсыз құр айқай ғой латын əрпі мен
аурыпаға жұуықтаймыз, кəзіргі əрпіміз ілгері басуға бөгеу
болады деседі. Оны кім айтқан екен десең Телжан Ашмарин
сықылды аты шұулы пұрепессрлерін алып шығады, Тел-
жаннан тек солай «кім айтқан екен?» деп қана сұрамасаң,
«Неге олай?» деп сұрауға болмайды. Біреудің айтқаны бол-
маса өз ойың мен «бүті 2 сомнан болғанда 9 пұт бидайдың
бəсі 18 сом болады» десең, оған кұуе боларлық ашмарин
пұрепессер болмаған жерде, Телжан Нанбайды, тұтас сөздің
ішіндегі əріптерді жолдан сорайып шығып тұрса, əйтпесе
артық нүктелері болса, – ондай сөз оңай танылады – дегенге
ойлай білген кісі меймін пұрепесср Айтпай ақ нануға тиісі
қой бірақ меймінді айтпаса Телжан Нанбайтұн болған соң
афаң оны бастап айтқан мейманның сөзін əдейі келтірген.
Сондықтан Телжан Мейманнен асып кете алмай, тек қана
меймін мынаны айтпаған… деп күмілжиді. Ал енді жыл-
дам оқу жағынан Телжанның пұрепессрден естімеген дə-
лелдеріне келсек: ондай дəлелдері ортақ қолдай үшеу. Дұры-
сында оның үшеуі жиылып біреу болады, – ол біреу: қазақша
жазылған сөздің кей біреулерінің ортасынан омырлып оты-
ратұны; қазақша əріптердің жалпы жазылуында сондай
қасиет болған соң (кей бір əріптері келесі əріппен тұтас жа-
зылып, кей біреулері олай тұтаспай отыратұн болған соң)
«қыр» мен «құр», «сыр» мен «ұр», «қызық» пен «қасық»,
«дым» мен «тым» сықылды дыбыстары ұқсас болғандықтан
біріне бірі шатысып кететұн сөздер жазылғанда бірінен бірі
бадырайып айырылып шығады. Мұнан жазу қиындамайды,
жеңілденеді. Оның анығына, Мейманнен барып сұрамай
ақ, жетуге болады. Телжанның өз дəлелі өзіне қарсы бо-
луы қалай деп таңданушылар болмасын: Телжанның бұл
дəлелі ашмарин пұрепесіриа басқа біреудің шығарған дəлелі
емес, Телжанның өзінің дəлелі, Телжанның ондай өзінің төл
дəлелдері қай күндеде солай болып шығатұн, ондай дағдылы
қалыпқа таңдануға болмайды. Біз Телжанның бұл дəлелінде,
бұ сықылды басқа дəлелдеріне де таңданбаймыз, тек дұрыс
қисынып шығатұн дəлелдеріне ғана таңданамыз. Телжанның
236
237
біз таңданарлық дұрыс дəлелі екінші дəлел мен үшінші дəлел:
жазушы болсын, əріп тізуші болсын жалғас əріптердің ара-
сын бұзып шығарса, ондай сөздерді дұрыс оқу қиын болады;
əріптің нүктесін өзі мен тұтастырмай жалғасы əріпке апа-
рып қондырса, – ондада жаман болады. Мұнысы дұп-дұрыс.
Бірақ бұл: біздің əріпіміздің міні емес, жазушының иə əріп
тізушінің жөнсіздігінен болатұн кемшілік. Ондай кемшілік
қандай əріптердеде болады: мəселен орысша «Золото» деген
сөзді тізгіш қатасып «Зо лото» деп бастапқы екі əрпін үшінші
əріпке тиісінше жуықтатпай тізсе: оқушы оны «30 лот» екен,
артындағы «о» қатадан түскен ғой деп əуреленіп қалмақ.
Дұрысында оқу мен жазудың жылдамдығы үшін түк ай-
тыстың керегі жоқ, оны бұрмаламай нағыз анығына жеткісі
келген кісі сағатқа қарап орысша да, қазақша да жазылған
кітеп, газеттерді оқып, тең ұуақыттың ішінде оқып шыққан
сөздерінің əрпін санаса болады. Сонда қазақша жзудың
орысшадан анақұрлым жылдам оқылатұны даусыз шешілді.
Жазудың жылдамдығын да солай шешуге болады. Жазуға
келгенде қазақша жазудың жылдамдығы, мəселен, менің жа-
зуыма қарағанда, антай пұрсент артық. Талас мəселелердің
бəрінде солай тəжірибе жасап, бұлжытпай шешуге бола-
ды. Бұ жағынан қиын соғатұн мəселе: оқыту мəселесі оған
тəжірибе жасау үшін оқушыларында, оқытушыларында қы-
лып екі мектеп ашу керек. Бірінде, қазақша, бірінде латын-
ша оқытып сынап көру керек сонда қазақша оқытатұн кісі
бір əріпті Телжандай əдейі төртеу қылып көрсетпей, ды-
быс əдісі мен дұрыс оқыта алатұн болса, қазақша əріптің бұ
жағынан да ана құрлым артық екеніне дауласуға болмайды.
Тұтас сөз əдісі мен оқытатұн болсақ, қазақша əріп онан да
жеңіл болмақ.
Латыншылдар: латын əрпін түрікшілер сиезі қабыл алды,
латынна арап əрпі артық болатұн болса, ол сиез қалай адасып
кетті дейді бұл мүлде дəлел емес. Бұл: тек телжанның ғана
айтатұн дəлелі; мəселені шын дəлел мен қисындыра алмай,
пəленше айтты, пұрепессір айтты, Ашмарин айтты деген
сықылды біреудің беделінен артық дəлелдердің еш бірінде
ұға алмай, беделді Құдайдай көрушілердің дəлелі.
Орыстың төрелерінің пірасышлаған салтына ыза болып
Шатски: «Құдай ай, жатқа жеңсік болған соң, тым болмаса
Қытайдың жатты маңына жұуытпайтұн салтынан да түк ала
алмаған екенбіз!» деп еді соған ұсап: «Біздің беделге тайатұн
мырзаларымыз тым болмаса атам замандағы птисеріптен де
сабақ алмады ау, Шертишебскидің ырақыметі, түркі тілінің
Базарыптан үлгі алсайшы!» дегеннен басқа не айтарсын. Тү-
рікшілер сиезінде орысша сөйленген сөздер түгел болмаған
мен басылып шықты. Оны Телжан ендігі оқып шыққан да бо-
лар. Сонда нəзірдің баспақана жайынан айтқан сыпырлары-
нан басқа, Əлімжан Шəріптің тасқа таңба басқандай қылып
келтірген дəлелдеріне Қайқан жалғыз ауыз ақылға сиарлық
жауап барма екен. Онда айтылған сөздердің емледен басқа
қисынды қай жері бар. Жиылған көп біздің, емілемізден түк
қабары жоқ; Телжанның Ашмарин сиақты пұрепесірлері
дыбысы жүйесінен телжанның өзінен артық түк білмейді
(оқушылар таңдамасын: тіл білімдерінің ішінде емілеге,
əріпке керегі дыбысы жүйесі мен, сөз жүйесі; əдебиеттің оған
қатысы жоқ деуге болады; əдебиеттің шама тілі мен арасы
қандай болса, дыбыс жүйесі мен арасы да сондай, сондықтан
əдебиетке жетік пұрепесір көбіне шама тіліне қандай болса,
дыбысы жүйесі мен арасы да сондай, сондықтан əдебиетке
жетік пұрепесір көбіне шама тіліне қандай болса, дыбысы
жүйесіне де сондай болады. Сиезде əдебиет жағынан қабары
мол шешендердің əріп мəселесін емле мен қатыстырғаны со-
нан). Шобан зада. Ашмарин сықылды пұрепесірлердің сиез-
ден кейінде жазған сөздері сол сиезде айтылған сөздер: олар
Телжанның өзін ыза қылып, əріп мəселесін емле мен ша-
тастырады да отырады. Мəселенің мəнісіне түсінбеген кісі
сүйтпей амала да жоқ. Сиезде сөйлеген латыншылардың бəрі
де ылғи солай екі мəселені шатастыра сөйледі. Сөйлеушілер
шатасқан соң сөйлемей қалған көп те шабақ қаулы шығарды.
Ол қаулыны көлденең тартып қоймайтұндарға шынындада
писеріптен басқа ем жоқ. Ақаң емлені сөз қылса амалсыздан
сол Шобан-зада, Ашмариндардың дəлелдерін ашу үшін сөз
қылады. Телжан өзінің Ашмариндарының беті мен кеткенге
ыза болып, ашуын ақаңнан алып отыр. Шырағым ау, бостан
238
239
босқа Ақаң ұрысқанша беті алды үла бұрге ылағып кеткен
пұрепесірлеріңді жиып алсайшы.
Ойланыңдар, толғаныңдар: көзбе-көз анығына жететұн
жерлерін тəжірибе жасап шығыңдар. Латынға жармасып
айтып отырған далелдердің бес тиындық біреуі жоқ, шын
мəнісі: елік пен арыс.
Тіпті Телжандікі ақ дұрыс болсын. Латынды ақ алайық.
Сонда не табады екенбіз, – оны да тексеріп өтейік, өзгені
қойып, өзіміздің газет-жорналдарға сөз жазатұн; орыс-
ша кітаптерді қазақ тіліне көшіретұн, бас-аяғы жүз қаралы
жазушылардың жайын тексеріп көрейік. Жазушылардың
латын мен таныстығын жалпыша бұлай ақ жориық: латын
əрпі мен шама ілімнің өрнектерін жаза аларлық қалыпты та-
ныс емесі жоқ дерлік. Сонда олар қазақша сөзді латын əрпі
мен, осы күні қазақша əріппен жазғандай, жүгіртіп жаза
алатұн болу үшін, латын мен жазылған қазақша сөзді осы
күнгі қазақшадай қылып мүдірмей оқи алатұн болу үшін:
қанша ұуақыт керек болмақ? Латынша əр əріптің қандай
дыбыс орнына жүретұнын үйреніп алу бұрын қазақша қат
білетұн кісіге оп-оңай ақ болар. Бірақ біз бұкүнде қазақша
сөздерді жазғанда, əр сөзді өз алдына ежілеп жазбаймыз,
əр сөздің осы күнгі əріп пен жазылатұн сүгіретін ішіндегі
барлық əріптерінің тұтас күйінде жатқа білеміз; миымыз-
да əр сөздің өзіне арнаулы сүгіреті жатталып қалған жана
оның үстіне қолымызда əр сөздің жазылуына ылайық сүгі-
ретті сыратұн болып қимылдап үйренген: қолымыздың
жаттыққан қисындарының да сөз басы аралығын түрі бар
соның арқасында біз бұрын жазып үйренген сөздерімізді
жазғанда əр əріпін өз алдына ойланып жазбай, жылдам жаза
аламыз. Сөзді жылдам жазу үшін осындай дағды керек. Біз
латыншада осылай жаза алатұн болу үшін сөз басы өз ал-
дына жаттылған миымыздың да, қолымыздың да дағдысы
болу керек. Жазылғанды бүдірмей оқу үшін де сосықылды
дағды керек. Латынша жазуғада, жазылғанды оқуғада сүйтіп
дағдыланып алу үшін бір сыпыра ұуақыт керек емес пе.
Латыншылардың латын мен Аурыпаға жұуықтаймыз де-
гені бос сөз.
Өз əрпің латынша болғанмен, Аурыпаға жлғыз соның
арқасында ғана жұуықтай алмайсын, кітептерінің ілімі түгіл
қарасын да танып оқи алмайсын: «ақ»-ды сен өзіңше «ай»
деп оқысаң, пірасылар оны «е» деп оқиды; «оқ»-ды сен
«ой» деп оқысаң, пырансылар «ұуа» деп оқиды; «сn»-ны сен
өзіңше оқисын, неміс өзінше оқиды, пірансы өзінше оқиды;
«Seu» болып тізілген үш əріпті сен өзіңше оқысаң, неміс
«ш» деп оқиды; Monsіer деген сөзді сен өзіңше «монсиеұр»
деп оқитұн боласын да, пырасы «мұсие» деп оқиды» пы-
ранша вeacup деп жазылған сөзді сен «беқрұп» деп оқысаң,
пырансының өзі «боку» деп оқиды;
деп жазылған сөзді сен «войсен» деп оқысаң, пырансы
өзінше «бұуарң» деп оқиды; ағашша сендердің латынның
мен «пысқологиа» деп жазылған сөзді ағылшынның өзі
«сиколош» деп оқиды. Телжанның өзгертпей сокүйінде ал-
дым деген 18 əрпінің h,d,p,ę,s,і,e,a сегізі менің осы келтірген
сөздерімнің өзінде ақ басқаша болып отыр. Аурыпа де-
генде ондағы елдердің дені ағылшын, пырансы, немісі -
үшеуі ғой; латынның мен осы үшеуінің кітебін, қарасында
тани алмайтұн болған соң, – ол латын мен Аурыпаға қалай
жұуықтамақ.
Телжан: «Қазақ тіліне латынның қолайлы болатұн же-
рі сол: латын əрпі немістің ескі əрпінен енді», – дейді. Тел-
жанның мұнысы кісі таңданарлық дұрыс дəлел, «əріптің ені»
деген бұлай болады: мəселе «б» əрпінің ені нешеу екенін
айту үшін, оны сантиметір мен көлдененін бір өлшеймізде,
ұзын тұрқын тағы өлшейміз. Сонсын көлдененін ұзынына
бөлеміз, сонда шыққан сан əріптің ені болады; мұны қыс-
қартып шама тілінің сөздері мен айтсақ: əріптің ені деген –
көлденеңі мен тұрқының еселік арасы болады. Телжандікі
дұп-дұрыс: латын əрпі немістікінен көп еді. Бірақ латынды
қазақша əріп пен енін салыстыру үшін, оны сантиметірлеп
өлшемей көзбен шамалағанның өзінде ақ: қазақ əрпі латын-
нан бір жарым еседей енді болады.
Телжан мен Əбдірақымның Аурыпаға жұуықтаймыз деп
көбіне айта беретұн дағдылы дəлелдерінің бірі (біз таңдан-
байтұн көп дəлелдерінің бірі): шама тілінің өрнектері. Но-
241
ты (əн жазуы), істе-ғырам (жылдам жазу үшін шығарған
таңбалар) бұлар түкке тұрмайтын дəлелдер. Спырды да,ғ
шама тілінің өрнектерін де Аурыпа о баста араптан алған.
Шама тілінің өрнектерін араб баста өз əрпі мен менің манағы
көрсеткенім сықылды қылып жазған. Бірақ Аурыпа əріптің
іліміне өлердей құмар болған мен, дəстүр-салтына, сыртқы
таңбаларына Телжанша құмартып асық болмаған. Ілгері
басайын деп тұрған елдердің арманы өз дəстүрі, өз салты-
нан Телжанша жерімдейді де, жатқа бұлардай табынбай-
дыда ғой. Сондықтан Аурыпа арабтың (б+ж)
2
=б
2
+2бж+ж
2
деп жазғанын өз əрпі мен (a+b)
2
=a
2
+2ab+b
2
деп жазған.
Дұрысында окізде Аурыпаның əрпіде, дəл осы күнгі біздікі
сықылды, өзінікі емес, өз тіліне үйлестіріп алған латын əрпі
еді, жасынан асып қартайып, алжып, кері кетіп өлкен елдің
əрпін аурыпа елі өзінікі қылып алған да, о кезде өздеріне үлгі
болған арабқа еліктемеген. Ілгері басамын деген үмқт болса,
бізде осы күні өзімізді Аурыпаның со кездегі дəуіріне ба-
лауымыз керек. Бізге бұкүнде Аурыпа сөздігі араб сықылды
болу керек окезде араб мəдениеті кері кетуге бет алып еді.
Бұ кезде Аурыпаның капиталы да дəл сондай өлер алдында
тұр, о кезде өзі өрімдей жас, қажымас қайрат, таудай талап
пен алға басқан Аурыпа өзінің надан күйіне өнерлі арабқа
табынған жоқ еді. Біз Аурыпаның алжығанына көзіміз жетіп
отыр оның сыртқы қылығына құдайдай табынатұн болсақ;
тал түсте Құдай ақ да.
Шама тілінің өрнегі, ноты, деген: сөз емес, оларды оңнан
солға айналдырып алу 2 сағаттық ақ жұмыс. Оның оңнан
солға қараған түрі Телжандарға ерсі ақ көрінен, бірақ Ау-
рыпаша теріс түрінен қиындығы болса, бұйырмасын. Істене-
ғырамды өзбектер өзінше айналдырып алып отыр. Оны ке-
рек қылушы болса, қазаққа да істеп алуға болады.
Елдес
Достарыңызбен бөлісу: |