А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева


болды (Н.Серҽлиев «Ҽңгелек»).       10. Кҿккҿлден  кҥдер суды



Pdf көрінісі
бет21/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   200
Байланысты:
Ниязгалиева А., Турганалиева Г. Қазақ диалектологиясы

болды (Н.Серҽлиев «Ҽңгелек»).      
10. Кҿккҿлден  кҥдер суды  кездестіре алмайсың  (Ҽ.Асқаров. 
«Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын»). 
 
Студенттің ӛзіндік жҧмысы 
 
1)  Интернет  ресурстарынан  диалектологтар  туралы  тың 
мәліметтер жинастыру. 
 
2)  Дулат  Исабековтің  бір  шығармасын  алып,  ішінен 
диалектілерді теріп жазып, әдеби баламасын тҥсіндіріп жазу. 


38 
 
3-модуль  
Танымдық блок 
Қазақ диалектілерінің лексикалық ерекшеліктері 
Зат, қҧбылыс атауларын білдіретін сӛздер. 
1) 
Ҥй 
қҧрылысына, 
ҥй 
шаруашылығына, 
ҥй 
бҧйымдарына байланысты атаулар.  
Жеркепе, жертӛле. Жер үй, жерді қазып жасаған үй. Бұрын 
ҽр  шопан  жеркепеде  отырушы  еді.  Жер  қазылып,  үстіне  ағаш, 
чырпы,топырақ алынады. 
Дәліз.  Ауыз  үй,сенек.  Аяғыңдағы  галошыңды  дҽлізге  қой. 
Екінші  бҿлмеде  ауылдық  советтің  кеңсесі.  Оның  дҽлізінде  500 
семьяны  сауаттандыратын  5000  ҽдеби  кітап  жатыр.  Семей 
облысы Мақаншы ауданының тұрғындары ауыз үйді бодам дейді. 
Мысалы:  Кҿркем  ҿнерпаздар  концерті  колхоз  конторында  ҿтті. 
Колхозшылар  кҿп  жиналып,  тҿргі  үйінен  бодам  үйіне  дейін 
толып  отырды.Үйдің  бодамы  кішкене  екен.  Күн  батар  алдында 
Ефросинья  Ниловна  пешке  от  жақпақ  болып,  ауыздағы  бодамға 
шықты.(К.Оразалин). 
Әулі.  Есік  алдындағы  қоршалған  алаң,ашық  қора.Ҽулінің 
ішінде мал да тұрады. Жетісуда –аула. 
Шошала.  Ас  пісіретін  үй.  Бұл  шошаладан  келген  түтін  ғой. 
Ауыл үйлер шошалада, күн суық.  Жел де азынап, аш қасқырдай 
ұлып тұр.  Шымкент облысы қазақтарының тілінде мұны асхана, 
шығыс  қазақтарының  тілінде  мұны  тошала  дейді.Тошалаға 
сойған  малдың  етін  қойып,  кептіреді.  Анау  тошала  іргесінде 
жатқан дҿңбекті жаңқала самауырын жылдам қайнайды. 
Жозы,  жуазы.  Аласа  дҿңгелек  үстел.  Қонақтар  жозының 
айналасында  отырды.  Ертеңгі  шайға  бҽріміз  бір  қора  болып 
жозыны айнала отырамыз. Кейде жуазы деп те атайды. 
Отырғыш.  Орындық.  Ана  үйден  отырғыш  алып  келші. 
Еңбекшілердің  ҿскен  талабына сай стол,  отырғыш  т.б.мебельдер 
шығарылады. 
Жар.Үйдің  қабырғасы.  Бұл  сҿз  шамамен  алғанда  Ақтҿбе, 
Орал,  Атырау  облыстарын  мекендеген  қазақтардың  тілінде 
кездеседі.  Сурет  жарда  ілулі  тұр.  Қазір  жардағы  сағатқа  қарап 
жіберші.  «Большевик»колхозында  екі  сиыр  қорасының  жары 
тұрғызылып,  бұзау  үйі  салынып  болды.  Қыз  білегіне  маңдайын 
сүйеп,  еңкейіп  қалған.  Басы  жарға  тіреліп,  жүзі  кҿрінбейді.  Жар 
газеті мен жауынгерлік листок оқта-текте бір шығады. 


39 
 
Ашық-машық.Есіктің  топсасы.  Есіктің  ашық  –машығының 
шегесі босап тұр. 
Сақа.Үйдегі  тіреу,бағана.  Ана  сақаны  сүртші.  Қартаң 
надзирательге  қараңғыда  сарт  еткізіп  маңдайын  сақаға  соғып 
алғандай  ҽсер  етті.  Солтүстікте  бұны  аша  дейді.  Біздің  үйдің 
ашасы  ескіріп  қалыпты.  Сасқан  Асқар  жүгіріп  келе  жатыр  еді, 
маңдайы ашаға тарс ете түсті, есі ауып қала жаздады, кҿзінің оты 
жарқ ете түсті.Семей, Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында 
аша деп айырды айтады. 
Забел.Үйдің  сырт  қабырғасына  тақай  ҿрілген  кірпіш 
орындық. Балалар забелге шығып терезеден қарап тұр. 
Сәндіре.Лапас,бастырма.  Күн  ыссы  болса,  сҽндіре  жасап 
аламыз. 
Кеңдік.Қамбаның ішіне балшықтан қорап сияқты қуыс жасап, 
бидай тҿгетін жер. Кеңдіктің аузын біз кейде сылап тастаймыз. 
Шырыш.Арқалықтың, мҽткенің үстіне салатын жіңішке ағаш. 
Алматыда шанжа, чанжа, Шу бойында шабақ, Семей облысында 
сырғауыл дейді. 
Қақыра.Уақытша  салынған  баспана.  Қақыраны  қамыстан 
істеп, жаз отырады. 
Дуал,дауал.  1.Үйдің  қабырғасы.  2.Қораның  қоршауы. 
Дуалдағы  суретіміз  түсіп  кетіп,  сынып  қалды.  Дуал  газеті-
қабырға газеті. Қызылша қазатын жерде қызыл, қара тақта, дуал 
газеттерін ұйымдастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет