А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева


Орыс тілінен енген сӛздер



Pdf көрінісі
бет54/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   200
Байланысты:
Ниязгалиева А., Турганалиева Г. Қазақ диалектологиясы

Орыс тілінен енген сӛздер. Орыс тілінен енген немесе орыс 
тілі  арқылы  Еуропа  тілдерінен  енген  сҿздердің  дыбыстық 
жағынан  қабылдануы  олардың  ҽдеби  тілдегі  сипатымен  бірдей 
емес.  Егер  ҽдеби  тілдегі  орыс  тілінен  енген  бәтеңке,  сот,  пҧт 
сияқты  бірен-саран  сҿздерді  есепке  алмағанда,  айтылуы  мен 
жазылуы  жағынан  орыс  тіліндегі  нұсқасын  сақтаса,  говорларда 
олар  ауызекі  тілдің  дыбысталу  ыңғайына  сҽйкес  біраз  ҿзгеріске 
түсіп  айтылады.  Мысалы:  бедре  (ведро),  қҧрамыс(корамысло), 
кәстеңке  (косынка),  кәртӛшке  (картошка),  қарбыз(арбуз), 


70 
 
пірнәбес(принавес)  т.б.  орыс  тілінің  оңтүстік  говорлардан  гҿрі 
батыс,  ҽсіресе  орталық-солтүстік  жҽне  шығыс  говорларына 
кҿбірек  ҽсер  еткендігі  диалектологиялық  экспедициялардың 
материалдарынан анық байқалады. Мысалы:  
Кәстеңке (Орал, Чап). Басқа тартатын үшкіл орамал 
Кәнеу (Орал, Жымп, ор.канава). Арық, канал. Кәнәуден аттай 
алмай құлап қалдым. (Орал,Жымп) 
Манат//мәнет  (монета).  Сом.  Бір  манат  ақшаң  бар  ма? 
(Орал,Чап) 
Скірт  (ор.скирда).  Бүгін  бірнеше  скірт  шҿп  тасыдық. 
(Орал.Жым.)  Совхоздың  далада  үюлі  тұрған  скірттерінен  4  жүк 
пішенді тиеп апарып үйіп қойды («Қызыл ту») 
Ағлӛп (Орал,Чап. Ор.оглобли) Тҽрте, арбаның жетегі. 
Сәтнек. Всадник. Ертеде салт атпен хат-хабар тасушы.  
Кейде қазақ сҿзі немесе кҿрші тілдерден енген сҿз бен орыс 
сҿзі синоним ретінде қатар қолданылады. Мысалы, Орал облысы 
Чапаев,  Жымпиты  аудандарындағы  тұрғындардың  тілінде 
тҿмендегі сыңарлар қатар қолданылады.  
Қақпыш/тӛшелкі(тушилка).  Самауырдың  кҽмпҿркесі.  Мұны 
кейде самауырдың томағасы деп те атайды.  
Теркӛйлек/мәйкі. Майка. 
Лапас  (сирек)//  пірнәбес(жиі)  (принавес).  Жан-  жағы  ашық, 
тҿбесі жабық қора.  
Пияла. Пҿзір(пузырь). Керосин шамның шынысы, шишасы.  
Орыс  тілінен  енген  сҿздер  ҽсіресе  солтүстік-шығыс 
говорларда  кҿп  кездеседі.  Академик  В.Радлов  1870  жылдың 
ҿзінде 
Қазақстанның 
солтүстік 
облыстарында 
тұратын 
қазақтардың  тілінде  орыс  сҿздері  кҿп  ұшырайтынын  айтады: 
«Солтүстікте  орыс  кҿршілерінің  арқасында  жҽне  оңтүстікте 
сарттардың  арқасында  қазақ  тілінің  сҿздік  құрамы  едҽуір 
сҿздермен  байып  отыр»  .  Тҿменде  келтірілген  материалдар 
В.Радловтың осы сҿзін растайды. Орталық-солтүстік говорлардан 
мысал келтірейік: 
Қауаша (Кҿкш.Шуч). жеңіл шана. 
Кҥмәжнек//куәжнек(бумажник)-  ақша  салатын  былғары 
бумажник. Қарағым қалтамдағы күмҽжнекті  алып  берші.  (Кҿкш, 
Щуч) 
Бӛгіребас(Қар.Шет) - ыдыс-аяқ салып қоятын орын. 


71 
 
Қҧнт(кнут) 
Қамшы. 
Құнты 
жоқ 
кісі 
кҿсеумен 
қамшылар(мақал). Құнтымен ашуланғанда қойып қалады.  
Халықтың  сҿйлеу  тілінде    жеміс-жидек,  бау-бақша 
ҿнімдеріне  байланысты  біраз  сҿздер  орысша  аталады.  Мысалы, 
солтүстік  қазақтарының  тілінде  сҽбіз,  қияр,  жүгері,  қызылша 
сияқты сҿздердің орнына мҽркҿп, агүршік, кҿкраз, сбекла сҿздері 
қолданылады.  Бұл  ҿңірдің  тұрғындары  пиязды  сарымсақ, 
сарымсақты шҿшнек (шешнок) дейді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет