А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева



Pdf көрінісі
бет53/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   200
Байланысты:
Ниязгалиева А., Турганалиева Г. Қазақ диалектологиясы

 
6  –  жаттығу.  Бау-бақша  шаруашылығына    байланысты 
сӛздерді 
табыңыз. 
Қалған 
жауаптардың 
мағынасын 
түсіндіріп кетіңіздер. 
А)пісте, шалғам, пашақ 
Ҽ)зорат, шиіт, қоза 
Б)табан, қаяз, таутан 
7  –  жаттығу.  «Қоңсы  -  қоңсыдан  тәлім  алар,  ғалым  -
ғалымнан ілім алар» тақырыбында мақала жазыңыздар. 
 
8  –  жаттығу.  Су  шаруашылығына  байланысты  «Судың  да 
сұрауы бар» тақырыбында газет бетіне мақала жазыңыздар. 
 
Студенттің ӛзіндік жҧмысы: 
 
1)  «Тілін  жоғалтқан  ҧлт  (этнос)  тағдыры»  тақырыбында 
жазбаша ой толғау жазу 
 
2)  Ә.Нҧрпейісовтің  «Қан  мен  тер»  шығармасынан  кәсіби 
сӛздерді теру 


69 
 
6-модуль  
Танымдық блок 
Сӛйленістердегі кірме сӛздер 
Қазақ  говорлары  тек  кҿне  замандағы  ру,  тайпа  тілдерінің 
қалдығы  ретінде  сақталып  қалған  байырғы,  дҽстүрлі  сҿздер  мен 
тұлғалардан  құралмайды.  Оның  ішінде  кейінгі  замандарда,  тіпті 
кеше  ғана,  Ұлы  Қазан  революциясынан  кейін  пайда  болған 
сҿздер де бар. Осы кейінгі замандарда келіп қосылған диалектілік 
ерекшеліктердің  бірсыпырасы-кҿрші  тілдерден  ауысып  келген 
сҿздер  мен  тұлғалар.  Қазақстан  жері  бірнеше  халықтармен 
шекаралас  жатыр.  Олардың  бірқатарының  тілі  туыстас  та, 
кейбіреулері  басқа  типологиялық  тілдер  тобына  жатады.  Қазақ 
халқының  кҿршілес  елдермен  ерте  кезден-ақ  тығыз  қарым-
қатынас жасап, олармен аралас құралас отырғандығы белгілі. Бұл 
жағдай  қазақ  тілінің  сҿздік  құрамына  ҽсер  етпей  қойған  жоқ. 
Кҿрші  халықтың  тілі  арқылы  тілімізге  ауысқан  сҿздер  мен 
тұлғалар ҽсіресе Қазақстанның шет аймақтарында кҿп кездеседі. 
Мысалы,  Ҿзбекстанмен  шектес  жатқан  Шымкент  облысы 
тұрғындарының  тілінде  ҿзбек  тілінен  енген  сҿздер  кҿп  болса, 
Қырғызыстанмен  шектес  жатқан  Жамбыл  облысының  оңтүстік 
аудандарында  қырғыз  тілінен  енген  сҿздер  бар.  Жетісудың 
шығыс жағын мекендеген қазақтардың тіліне ұйғыр сҿзі араласса, 
батыс  қазақтарының  тіліне  татар,  ноғай,  башқұрт  сҿздері 
қосылып кеткен. 
Ал,орыс,  араб,  иран  тілдерінің  ҽсері  барлық  говорларда  да 
байқалады,  бірақ  ҽсер  ету  дҽрежесі  барлық  жерде  бірдей  емес. 
Араб,  иран  тілдерінің  элементтері  солтүстік-батыс  не  шығыстан 
гҿрі оңтүстік аймақтарда кҿбірек ұшырайды. Орыс тілінен енген 
сҿздер  ҽсіресе  солтүстік-батыс  жҽне  шығыс  аймақтарда 
мекендеген тұрғындардың тілінде кҿбірек кездеседі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет