Байланысты: Ниязгалиева А., Турганалиева Г. Қазақ диалектологиясы
Араб және иран тілдерінің элементтері. Араб жҽне иран
тілдерінің элементтері говорларда жиі ұшырайды. Оларды
ҽсіресе оңтүстік говорларда кҿп кездестіреміз. Араб, иран
тілдерінің элементтерінің басым кҿпшілігі оңтүстік говорларға
ҿзбек, ұйғыр тілдері арқылы ауысқан. Мысалдар:
Тауша-текше. Қабырғадағы ыдыс-аяқ қоятын қуыс жер.
Парсыша тагча. Біз текшеге кҿрпе тҿсекті де қоямыз.
(Шымк.Лен.)
Дәліз (Шымк.Лен.) Сенек, ауыз үй. Парсыша: даһлиз-сенек,
ауыз үй.
Айуан. Ауыз үйдің алдындағы веранда. Парсыша:веранда.
Жүр, айуанға шығып отырайық.
Пиала. Пиялай. Бұл сҿздің парсы тіліндегі мағынасы-кесе,
бокал. Бұл сҿз қазақ говорларында бірде кесе мағынасында, бірде
шамның шынысы мағынасында жұмсалады.
Шиша. Бҿтелке. Дүкенге барып бір шиша лимонад ҽкелші.
Парсыша:шише-ҽйнек, бҿтелке деген сҿз.
Тандыр. Нан пісіретін пеш. Парсыша: тандур. Тандырды
түстен кейін жағайын деп отырмыз.
Дарбаза. Қақпа. Қораның дарбазасын түзету керек еді. Ауыз-
дарбаза, сҿз-самал, құдай ұрғанға не амал. Парсыда дарваза сҿзі
қорғанның, қаланың қақпасы деген мағынада жұмсалады.
Белкҥрек дегендегі бел-араб, иран тілдерінің элементі. Парсы
тіліндегі бил сҿзінің мағынасы күрек.
Нӛгер. Парсы тілінде ноукар. Ҽдеби тілдегі айтылу нормасы-
нҿкер. Орталық-солтүстік говорларында бұл сҿз нҿгер
формасында айтылады. Мысалы: қырық күндей той етіп дҽурен
етті, қырық нарға арттырып, қыз жҿнелтті. Шырағым жұрттан
жалғыз шықпасын деп, қырық нҿгерді Баянның қасына ертті.
Башқұрт тілінде «Нҿгер-күйеу жолдас». Қазақ говорларында ҽр
түрлі мағынада жұмсалатын лҽгҿн//леген сҿзі парсының
шылапшын, кірлен мағынасындағы сҿзі.