4-жаттығу. Сұрақ белгісі не леп белгісі тиістісін қойыңыздар.
- Айта берсең, арман көп. Осы сары аурудан не таптың? – деп, біраз
қабағын шытып, Түсіпке түйіліп отырып: – Дəрменсізде арман көп. Бірақ
арман азық боп па еді? Айла таппас болғанда, айттың не, айтпадың не! – деді.
Ол Қызылшоқының шеткі қонысында отырған Жексен аулына келді де,
Жексен мен Жетпісті шақырып:
- Елді тастап, бас сауғалап, қайда барасың, түге? Тапжылма! Көшпе! Не
көрсең, бірге көресің! Жықпа жаппаңды! –деді. Жексен қарсыласа алмады.
Жалғыз-ақ қиялап:
- Жандарым-ау не білгендерің бар? – дей беріп еді.
- Онан да қазір екеуің де атыңа мін! Ер бізге! Анау Сүйіндік, Сүгірге
барып сөз байлаймыз! –деді
- Ендігінің жүгі сенде қалар, балам! Жолың болсын!.. Жалғыз-ақ өзгені
берсе де, əкеңнің қаттылығын бермесін! – деп, бетін сипады.
Шын ба? Шын айтты ма? Жоқ, əлде, Байсалдың қаттылық, аямастық мінезі
балаға ауыр тимесін деп, жаны ашығаннан айтты ма? Бөжей не мəнмен
мұндай жақсы бата берді! Ойда жоқтан, оп-оңайдан, осындай таудай үлкен
сый бола ма? Мырзалық па? Жоқ, əлде, Абайды аз білсе де, тез танығаны ма?
Үлкендер көреген, танығыш, сыншы ғой! Шынымен-ақ танып айтқаны ма?..
Олай болса, Абай жаман кісі емес, жақсы кісі болмақ қой!..
- Неменеге мəз боп тұрсыңдар! – деп тағы да зекірді нағашым.
- Аманбысың, Момыш! –деп Аққұл өзінің құдасына сəлем берді.
- Өзің де саумысың, Аққұл! – деп жадырады əкем.(Б.М)
Бұлттан шығып, күміс күн!
Нұр шашпайсың сен неге?
Меңіреу, мылқау қара түн!
Сыр ашпайсың сен неге?
Мəтінмен жұмыс
Абайдың қарасөзін түсіне оқи отырып « Мақтаншақтық дұрыс па?» тақырыбында
ой толғаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |