Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы



Pdf көрінісі
бет16/75
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#14909
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75
Байланысты:
пунктуация

 

2-жаттығу. Өлең жолдарын нақышына келтіре оқып, леп белгісінің қойылу себебін 

түсіндіріңіздер. 

 

 - Жалғыз ұлдан артық па, жалған бəрі! 

Балам өлсе, бақыттың керегі не?! 

Топан су басып кетсін қалғандарын. 

  Перзент сұрап несіне армандадың ?! 

  Құрысын онсыз сенің жанған бағың! 

  Мылтықты əкел! 

  Атты ертте! 

  Жалған бəрі!  

 

  Қасиет!.. 



  О, қасірет! 

  Осындай ма ең?! 

  Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең!.. 



 

17 


 

  Қасиет!.. 

 

  Ей, тастар! Кейде биік, кейде төмен, 



  Ей, сайлар! Кейде тайыз, кейде терең. 

  Ей,таулар! Құдіретің болсам егер, 

  Жоныңнан осып тұрып сөйлетер ем! 

 

  Япыр-ай! 



  Неткен көктем! 

  Көктем! 

  Көктем! 

  Дүние-ау,  

  Сен осылай көкпеңбек пе ең?! 

 

3-жаттығу. 1. Леп белгісінің қойылу себебін түсіндіріңіз. 2.Лепті сөйлемнің жасалу 



жолдарын анықтаңыз

 

а) Арамың сол – Бөжей маған қақпан құрғанын қойсын! Біреудің сыртын 

бетке ұстап жүріп, маған арнап оқ атқанын қойсын! Енді осыдан қоймайтын 

болса, ағаш оғын аямасын, тегіс атсын! Бірақ қашан айттың демесін! Ендігі 

керді  тап  өзі  көреді.  Өз  басы  көреді!  Ал  Керей,  Уақтың  малын  бересің! 

Бергіземін!  Ертең  үстіңе  сияз  құрамын.  Бұл  –  бір.  Екінші,  Бөкенші  сөзінен 

аулақ  кетсін.  Тартсын  аяғын.  Тарт  аяғыңды!  Ара  ағайын  сен  емессің.  Саған 

сынатын сөзім емес. Бəле іздемесең, кіріспе! Кіріссең, алысқалы əдейі кірісті 

деп білемін. Бар, айт  осынымды!..Тегіс жеткіз Бөжей мен Байдалыға! – деді.    

ə) Бөжей оны қатты серпіп жіберіп, тоқтатып: 

-Атпа, тарт былай! Аруақ бары рас болса, бұдан келген керді көремін! – 

деді. Бұл кезде Құнанбай айғай салып, бұйрық беріп: 

-  Алып  шық  шеттерінен!  Сүйретіп  шық  індерінен!  Қол-аяғын  байлап 

алып  шық,  өңшең  тоңмойын  құлдың!  –  деп,  Майбасар  бастаған  барлық 

Ырғызбайды қораға қарай жаяу қаптатты.   

Топ  ортасында  көп  ауызбен  сенер-сенбестей  қайталап,  соншалық 

мұңдық бір сөздер айтылады. 

-  Жеті ат! 

- Қайта əпермек! 

- Есемізді əпермек! 

- Егіннің шығынын төлетпек! 

- Былтырғы егін, биылғы егін! 

- Биылғы егін! 

- Орайын əпермек! 

- Дегені болсын! 

-  Айтқаны  шын  болса,  жолы  болсын!    –  дескен  жапыр-жұпыр  сөздер 

естілді. 

Əйелдер жағы алдымен қалыңдықтың отауына бас сұғады. 

- Бақытты бол, бағың ашылсын! 

- Əр күнің бүгінгідей ашық болсын! 




 

18 


 

- Басыңнан жақсылық кетпесін! 

Босағаң берік болсын! 

- Үйің қуанышқа толсын! (Б.М.)  

О,  құдіретті  жер  –ана!  Алғаш  рет  тəй-тəй,  қаз-қаз  басқанда-ақ  май 

табаныма тіреу боп, жылу берген сен емес пе ең! Сенің мейірімі мол төсіңе 

шығып  тұрып  төңірегімді  танымап  па  едім!  Айналайын,  асыл  далам,  сенің 

қатты құшағыңда, киіктің лағындай ойнақтап, емін-еркін өспеп пе едім! Сені 

əр перзентің мендей сүйсе, қадірлесе, қастерлесе, туған жер!..(Ө.Қ.) 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет