28
ə) леп белгісі
б) нүкте
в) көп нүкте
9. Армысыз, ардақты ата Қандай тыныс белгісі қойылады?
а) сұрау белгісі
ə) леп белгісі
б) нүкте
в) көп нүкте
10. Жылама !Тый көзіңнің жасын!
Леп белгісінің қойылу себебі:
а) Лепті сөйлем
ə) хабарлы сөйлем
б) сұраулы сөйлем
в) зілді, қатаң бұйрық мағыналы сөйлем
29
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері
Сөйлем құрамында кездесетін тыныс белгілері сөйлем ішіндегі кей
сөздердің мағынасын, қызметін, қолдану себебін даралап, ерекшелеп көрсету
қызметін атқарады. Ойдың кімге бағытталғандығын немесе автордың
көзқарасын, белгілі жайтты санамалап, дəлелдеп, түсіндіре отырып жеткізу
мақсатын көздейді. Оларға үтір, сызықша, нүктелі үтір, қос нүкте, жақша,
тырнақша жатады.
Үтір
Сөйлем ішіндегі ең көп қолданылатын белгінің бірі – үтір. Ол бірыңғай
мүшелердің арасына, оқшау сөздердің арасына, айқындауыш сөздер мен
құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің ара жігіне қойылады.
Үтірді қойғанда тыныс белгілерін қолданудың үш принципін толық есте
сақтау керек. Олай болмаған жағдайда, сөйлемдегі ой айқындалмайды, тіпті
түсініксіз болып, оқушысына, тыңдаушысына жетпейді.
Достарыңызбен бөлісу: