1. Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір
а) Бірыңғай мүшелер жалғаулық-
сыз
келгенде,
араларына
үтір
қойылады.
Байдалы, Байсал, Сүйіндіктер
Абайдың өзін ендігі ақылдарының
ішіне
ала
отырып
сөйлесті
(М.Əуезов).
ə) Да, де, əрі, я, яки, немесе не,
əлде жалғаулық шылаулары бірыңғай
мүшелермен
қайталанып
келсе,
араларына үтір қойылады.
Ашық түсті бояулары да, ұсақ
шебер өрнектері де үйдің ішіне
қызыл,
жасыл
көрік
беріп
тұр(М.Əуезов).
б)
Мен,
жəне
жалғаулық
шылаулары қайталанбайды, ал бірың-
ғай мүшелердің арасында топ-
тастыру, жинақтау мəнін білдіру ке-
рек болғанда, үтір бірыңғай мүше-
лердің ең соңғысының алдынан
немесе
бірыңғай
мүшелерді
жұптастырып барып қойылады.
Ақан мен Орынбай, Алма мен
Күміс Жеңістің отыз жылдығын
өздерінше тойлады( О.Бөкей).
в) Да, де шылаулары етістіктен
болған бірыңғай баяндауыштардың
арасында қайталанбай келсе, шылау-
дан соң үтір қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |