30
Ескерту: Да, əрі, я, яки, немесе,
əлде жалғаулық шылаулары екі
бірыңғай мүшенің арасында қай-
таланбай тұрса, үтір қойылмайды.
Тегінде, ертекші, өлеңші не
басқа əңгімеші адамға талай уақыт
тапжылмай тесіле қарап қалу
Абайдың кішкентай күнінен бергі
əдеті еді (М.Əуезов).
1-жаттығу. Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Осыдан басқа не бір дыбыс, не қозғалыс, не бір сөзбен сыр берген жоқ.
Ауыл сыртындағы көгалға апарып, қағып-соғып тазалаған кілем, тұскиіз,
алаша, текемет, жаңа сырмақтар көрінеді. Күрең барқыт желетке мен ақ
көйлек, кең бешпет өзінше бір келісті көрнек, жарастық бергендей. (М.Ə.)
Өмірден де, табиғаттан да, адамдардың жүзінен де осы күнге дейін көрмей
келген ізгілікті, сұлулықты, жылылықты аңғардым. (Н.К.) Көңілімде өкініш
те, реніш те жоқ. (Т.Ə.)
Тапсырма. Үтір қойылмайтын жағдайларға көркем əдебиеттен мысалдар
жазыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: