Саясаттану



Pdf көрінісі
бет67/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   131
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Неоконсерватизм –қоғамдағы  саяси  плюрализмді  (әртүрлілікті) дамыту 
және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы 
идеология. 
Консерватизм 
идеологиясы 
бойынша 
бұрынғы 
және 
қазіргі  
құндылықтарды  “сақтаудың”  орнына  “әртүрлілік”  принципі  ұсынылды.  Не 
себептен  консерватизм  идеологиясын  жаңартуға  тура  келді?  Дәстүрді  сақтау, 
дәстүрмен өмір сүрудің қандай кемшіліктері болуы мүмкін? 
Жаңа консервативтік бағытты жақтаушылардың жауабы бойынша дәстүр, 
тарихи  қалыптасқан  тәжірибе  ол  зор  рухани  құндылық.  Дәстүрсіз,  тарихи 
зердесіз  халық  - қоғам,  мемлекет  болып  қалыптасуы  мүмкін  емес.  Бірақ 
дәстүрдің  қандай  салада  болмасын  (рухани,  ұлттық,  діни,  саяси)  халыққа, 
адамға үстемдік етіп тұратын да қасиеті бар, дәстүр бұғау сияқты бостандықты


108
ерікті  шектеп  тұрады.  Мысалы,  адам  барлық  жағдайда  ұлттық  дәстүрлерге 
табынушылық  етіп  жүретін  болса,  ол  ұлтшылдыққа  әкеліп  соғуы  мүмкін. 
Немесе ол адам бұлжытпай тек діни дәстүрімен өзінің өмірін шектейтін болса, 
ол діни фундаментализмге (діни еріксіздікке) соқтырады. 
Сондықтан  консерватизмнің  адамдарды  қолайсыз  жағдайларға  әкеліп 
соғуы өз алдына, ол халықты жалпы дүниежүзілік жетістіктерден, өркениеттен 
тыс қалдыруы мүмкін. Осындай көріністерге сәйкес ағылшын саясаттанушысы 
Джон  Стюарт  Милльдің:  “Бір  рет  болса  да  дәстүрден  шығу  –  ол  бостандыққа 
тағы да бір қадам жасау” – деген қағидасының маңызы өте жоғары.
Яғни,  қай  салада  болмасын,  әртүрлілік  қажет  екені  байқалады.  ХХ 
ғасырдың  екінші  жартысында  еркін  нарықтық  қатынастар  және  демократия 
принциптері  одан  әрі  дамып,  жеке  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарын 
мойындауға  тура  келді.  Мемлекеттің  экономикалық  және  әлеуметтік 
қызметтері  едәуір  шектеліп,  меншік  жекешелене  түсті.  Бұның  бәрі 
неоконсерватизмге күш беріп өркениетті елдердегі орта таптың идеологиясына 
айналды.      
Неоконсервативтіктер  консервативтіктермен  салыстырғанда  дәстүр 
ұстанымынан  бостандыққа  ұмтылуға  шақырып,  қоғам  өміріндегі  әртүрлілік 
нәтижелі бағыт деп есептейді.
Неоконсерватизм 
идеологиясының 
негізгі 
мақсаты 
– 
саяси, 
экономикалық, рухани реформаларға жол ашу, сол арқылы қоғамның дамуына 
әсер ету. 
Неоконсерватизм  идеологиясын  дамытуға  көптеген  ғалымдар  мен  саяси 
қайраткерлер  қатысты.  ХІХ  ғасырдың  аяғы  ХХ  ғасырдың  басында 
неоконсервативтік идеяларды  ұстанған  Германия  канцлері Отто  фон  Бисмарк, 
Ұлыбритания  премьер-министрі  Ллойд  Джордж  болатын.  ХХ  ғасырдағы  бұл 
идеологияның  жүзеге  асырылуына  зор  үлес  қосқандар  белгілі  саясатшы 
Збигнев  Бжезински,  АҚШ  президенті  Рональд  Рейган,  Англияның  бұрынғы 
премьер-министрі  Маргарет  Тэтчер,  Германияның  бұрынғы  канцлері  Гельмут 
Коль және т.б. 
Консерватизм  мен  неоконсерватизмнің  идеология  ретіндегі  маңызды 
нәтижесі - Англиядағы, АҚШ-тағы және Германиядағы консервативтік партия 
өкілдерінің мемлекеттік билік басына келуі болатын. 
Келесі  саяси  идеология  –  марксизм  идеологиясы.  Марксизм  дегеніміз 
қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды, жеке меншікті жойып, социализм 
және  коммунизм  құрып,  қоғамдағы  әлеуметтік  теңдік  орнату  мақсатындағы 
идеология. 
Бұл идеологияға негіз болған жоғарыда айтылған неміс ойшылы, ғалымы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет