Саясаттану


Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы



Pdf көрінісі
бет70/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   131
Байланысты:
otemisov karabala saisat

3. Идеологиясыздандыру (деидеологизация) теориясы
Әрбір  мемлекеттің  болашақты  бағдар  ететін  идеологиясының  болуы 
айқын.  Себебі  мемлекеттің  саясаты,  оның  даму  жолдары  идеологияға 
негізделеді.  Идеологияның  қызметі  –  мемлекеттілікке  демеуші,  саяси 
құрылыстың қорғаушысы болу, ал идеологиясыз мемлекет болуы мүмкін емес. 
Бірақ  кеңес  өкіметі  кезінде,  әсіресе  1980шы  жылдардан  бастап, 
“идеология” деген сөздің өзі кейбір азаматтардың бойында жиереніш туғызып 
халық арасында оны салқын қабылдау күшейді. 
Бұның  себебі  қазір  түсінікті  де,  кеңестік  жағдайда  өз  идеясын  бүкіл 
халыққа  күштеп    міндеттеген  қоғам  емес,  тіпті  мемлекет  те  емес,  ол 
демократияға  негізделмеген  биліктегі  адамдардың  шағын  ғана  тобы  –
коммунистік партия болатын. Бұл марксистік-лениндік деп аталған  идеология 
қоғамдағы әртүрлілікке, көппікірлікке қатаң тиым салды. Әрбір азамат тек ғана 
бір  идеологияны  мойындауға  мәжбүр  болды.  Қоғамда  идеологиялық 
шоғырлану жүйесі орнатылды. Осындай жағдайда Кеңес Одағы азаматтарының 
«біз идеологияға тойдық ғой”  деп айтулары әбден түсінікті болатын.
Осы  тұрғыдан  қоғамда  деидеологизация,  яғни  идеологиясыздандыру 
туралы ұсыныстар көбейді. Яғни, идеологиясыз мемлекет, идеологиясыз қоғам 
құру қажет деген түсінік қалыптасты. 
Саяси  ғылымда  деидеологизация  (идеологиясыздандыру)  өзекті 
теориялық  проблема,  бірақ  бұл  қоғамды  немесе  мемлекетті  идеологиядан 
арылту  деген  түсінік  емес.  Бұл  жөніндегі  саяси  ғылымның  ақиқат  ұстанымы 
мына  анықтамадан  білінеді:  Деидеологизация  (идеологиясыздандыру) 
дегеніміз  -  идеологияның  әсерінсіз,  еркін,  таза  ғылымды  жасауға,  қоғамдық 


111
прогресті  идеологиядан  тазартуға  ұмтылу.  Яғни,  ғылым  –  идеологиядан 
тәуелсіз  болуы  қажет.  Қоғамның  дамуы  идеологияның  қысымына  түсіп 
қалмауы,  елдің  дамуын  тек  ғана  ұлттық  мақсатты  ұстанып,  басқа  елдердің 
дамуынан оқшауландырмау, әртүрлілікке, көппікірлікке бақылау қойып кедергі 
жасамауы керек. Әсіресе ғылым идеологияның қызметшісіне айналмауы тиіс. 
Идеологиясыздандыру 
тұжырымдамасының 
негізін 
салушылар: 
саясаттанушы  француз  ғалымы  А.Раймон,  американ  ғалымы  П.Талкотт,  неміс 
ғалымы К.Манхейм және т.б. 
Мысалы,  К.Манхейм:  «идеологиясыздандыру  –қоғамдағы  партиялық, 
топтық үстемдіктің болмауын мақсат ететін әлеуметтік-философиялық ілім, ал 
қоғамдық, мемлекеттік идеологияның болмауын мақсат ету – ол қателік» десе, 
белгілі  орыс  философы  Н.Бердяевтың  айтуы  бойынша:  “Қоғамда  идеология 
құлатылған кезде, утопия шабуыл жасайды”, яғни, халық өзіндік болмысынан, 
ерекшелігінен,  ұлттық  мәдениетінен,  рухани  құндылықтарынан  айырыла 
бастайды, қоғамның даму бағыты күйреп, дағдарыс күшейеді. 
Өтпелі  кезеңді  басынан  кешірген  біздің  елімізге  бұл  жағдай  жақсы 
белгілі.  Кеңес Одағы ыдырап,тоталитарлық  тәртіптен демократиялық режимге 
ауысудың басталуы кезеңінде бағыт беруші рухани нысананың күрт жойылуы 
себебінен адамдар рухани және әлеуметтік адасу мен абыржу жағдайына түсті. 
Қоғамда  өнегеліліктің  деңгейі  төмендеп,  қылмыскерлік,  жемқорлық, 
коррупция, көлеңкелі кәсіп, нашақорлық кең орын ала бастады. Бұндай келеңсіз 
құбылыстардың ізі бүгінгі күнге дейін сезінілуде. 
Ал  бүгінгі  күні  біздің  мемлекеттік  идеологиямыз  арқылы  Қазақстанда 
тұрақтылық,  тыныштық,  халықтардың  бірлігі  сақталып,  алғашқы  тәуелсіздік 
жылдарының  ауыртпалықтарына  қарамастан  демократиялық  бағыттағы 
экономикалық, әлеуметтік даму қамтамасыз етілуде. 
Себебі,  біздің  елімізде  халықтарды  топтастыратын,  тұтастыратын 
нәтижелі  мемлекеттік  идеология  қалыптасты.  Ең  бастысы  - Қазақстан 
Республикасы  экономикалық  құлдырауды  тоқтатып,  аса  ауыр  әлеуметтік-
экономикалық  дағдарыстан  шығу  жолын  тапты,  өтпелі  экономика 
реформаларының  “ең  бір  аурушаң  сатысынан”  өтті.  Бұл  мемлекеттік  ұлы  істе 
идеологияның тікелей әсері бар екені ешбір күмән туғызбайды. 
Мемлекет үшін  идеология  - әлеуметтік-саяси  бағдарламалар  мен 
мақсаттарды  іске  асырудағы  басқару  жүйесі.  Идеология  мемлекеттік  саясатқа 
негіз болады. Ал мемлекеттің саясатын, мақсаттарын қоғамға жеткізетін заңдар
жарлықтар,  нұсқаулар.  Бұл  жүйедегі  маңызды  роль  атқаратын  бұқаралық 
ақпарат құралдары болып табылады. 
Сонымен,  идеология  мемлекеттілікті  демеуші  жүйе.  Ол  елдің  саяси 
құрылысының  қорғаушысы,  одақтасы,  буыны,  (биологиялық  тілмен  айтар 
болсақ), идеология – мемлекеттің сырқаттан сақтануының баламасы. Идеология 
басқа  да  принциптер  мен  нормалар  сияқты  саяси-мемлекеттік  құрылымды 
қолдау мен нығайту қызметін атқарады. 
Мемлекеттік идеологияның халық  арасында толық қолдаушылық  табуы, 
мемлекеттің  өзінің  заңды,  легитимді  (яғни,  демократиялық)  болуына 


112
байланысты.  Егер  мемлекетті  қалыптастырушы    шын  мәнінде  халықтың  өзі 
болатын болса, халық мемлекеттік идеологияны өз мақсатындай қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет