1.Біріккен сөздердің жазылу емлесі.
атаулар.
Біріккен сөздерді жасап тұрған компоненттер, негізінен, түбір
тұлғалары сақталып, бірігіп жазылады: асқазан, алабұға, алақоржын
(өсімдік), баспасөз, балабақша, бірқатар, бірыңғай, бозбала, бозқырау,
демалыс, денсаулық, еңбеккүн, жарқабақ, кәсіподақ, кәсіпорын, қолбасшы,
қолжазба, қолөнер, қолтаңба, оңтүстік, орынбасар, өнеркәсіп, өнертану,
өнертапқыш, сегізкөз, солтүстік, шаштараз, суықторғай, түйетауық,
уқорғасын.
Бірсыпыра біріккен сөздер өзгерген қалпында, айтылуынша жазылады:
бүгін, биыл, жаздыгүні, қыстыгүні, бүрсігүні, күздігүні, белбеу, қолғап,
қолғанат, қолғабыс, қарағаш, апару, әкелу, түрегелу, мойынсұну.
Достарыңызбен бөлісу: