Дәріс сабақтарының мазмұны І дәріс. Қазақ тілі орфографиясының даму тарихы. (1 сағат)



Pdf көрінісі
бет17/27
Дата06.01.2022
өлшемі185,64 Kb.
#16033
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
Дәріс.Орф.-пункт.

Біріккен сөз болатындар:

Топонимикалық атаулар, яғни жер-су аттары. Бұлар, негізінен, түбір тұлғалары 

сақталып   жазылады:   Ақтөбе,   Ақжар,   Алатау,  Жезқазған,   Талдықорған, 

Қызылорда, Сарыөзек, Сырдария, Баянауыл, Ұлытау, Қаратау, Жаманшұбар, 

Еңбекшіқазақ. Кейбір жер аттары үш сөзден жасалады да, үшеуі де бірігіп 

жазылады: Екібастұз, Қызылжарқұдық, Ақдаласор, Ақтүйесай, Алқакөлқұм, 

Ақбасатан.   Тіпті  кейде  төрт   түбірден   құралып  жасалған  жер-су   аттары  да 

кездеседі:   Аймысықкөккөз   (тау,   шоқы   аты,   Қарағанды   облысының   Шет 

ауданында), Ақсортопырақсай (сайдың аты, Ақадыр ауданында)

                 Қазақша кісі аттары мен ру-тайпа және бірен-саран халық аттары. 

Бұлардың   да   көпшілігі,   негізінен,   түбір   тұлғалары   сақта-лып,   бірге 

жазылады:   Ақбөпе,   Ақмарал,   Гүлжәмила,   Ғалиябану,   Жақыпбек,   Жанбота, 

қаракерей, жетіру, қарақалпақ, қарақыпшақ.

Бірқатар   кісі   аттары   дыбысталуы   жағынан   өзгерген   күйінде   жазылады: 

Амангелді, Жангелді, Нұргелді, Қарагөз, Ботагөз, Айғыз, Әйгерім, Жанғозы, 

Телғожа, Дәметкен, Ұлбосын, Айғаным., 

         Адамның фамилиясын немесе әкесінің атын білдіру үшін қолданылатын 

ұлы,   қызы   деген   сөздер   жалқы   есімге   қосылып   жазылады:   Мұхтар 

Омарханұлы Әуезов, Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы, 

Сара Сәтбайқызы Есова.

                 Ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы терминдік мәнге ие 

болған атаулар бастапқы түбір тұлғаларын сақтап, бірігіп жазылады. Оның 

ішінде:

Әдебиеттер:

1. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері.Анықтағыш.Алматы 1996.            

2. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 1991.

3. Уәлиев Н. Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар.

4. Сыздық  Р.Қазақ тілінің анықтағышы. Алматы, 2000.

5.   Жәркешова   Г.   Біріккен   сөздер   мен   сөз   тіркестерінің   орфографиясы.   А., 

1960

Сұрақтар:

1. Сөздердің бірге таңбалануы қандай пиринципке негізделеді?

2. Біріккен сөздер қай сөз таптарында кездеседі?

3. Кірігу арқылы жасалған есім сөздерге  мысал келтіріңіз.

4. Кірігу арқылы жасалған етістіктерге мысал келтіріңіз.



5. Қандай сан есімдер кіріге біріккен?

6. Біріккен сөздер сөздігін алғаш жасаған ғалым кім?

7. Біріккен есімдіктер жасауға негіз болатын қандай сөздер бар?

 Х дәріс. Дефис арқылы жазылатын сөздер. Қысқарған сөздер. Тасымал. 



(1 сағат)

1. Дефис арқылы жазылатын қос сөздердің құрылымы, жасалуы.

2. Қосымшаның дефис арқылы жазылуы.

3. Қысқарған сөздердің түрлері, жазылуы.

4. Тасымал. Тасымалдауға келмейтін сөздер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет