І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет74/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   198
                          ISSN 2616-8901.  
Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
 № 4 / 2018  
техникалық ғылымдар» сериясы 
 
І.  Жансүгіров  атындағы  Жетісу  мемлекеттік  университетінің  «Ақпараттық 
технологялар»  кафедрасында  «Үшөлшемді  модельдеу  негіздері»,  «Компьютерлік  графика» 
сынды  пәндерінде  білімгерлер  модельдеудің  негізгі  түсініктері  жайлы  мәліметтер  алып,  3ds 
max программасында күрделі объекттерді модельдеуде. Күрделі объекттерді модельдеу жайлы 
сөз  қозғамас  бұрын,  ең  алдымен  сүйектер  жүйесі  және  қаңқалық  модельдеуге  тоқталғанымыз 
жөн,  себебі  адам,  жануарлар  сияқты  қаңқалық  объекттерді  анимациялау  үдерісі  сүйектер 
жүйесімен байланыспайынша жүзеге аспайды. 
Сүйектер  жүйесіне  қатынау  үшін  Systems (Жүйелер)  қаттамасына  кіріп,  Bones 
(Сүйектер)  батырмасын  басу  керек.  Сүйектер  бір  –  бірден  емес,  бүтіндей  тізбектермен 
жасалады (1 – сурет), яғни әр сүйек өзінің артында тұрған сүйекпен байланысады (әрбір сүйек 
өзінің алдында тұрған сүйектің ішкі объектісі болып табылады). Алайда әр сүйек жеке объект 
екенін ұмытпауымыз керек.  
 
 
1 – сурет. Сүйектер жүйесі 
 
Жалпы, әр сүйектің көлемін сәйкес мәзірде баптауға болады. Bone Parameters (Сүйектер 
параметрі) бумасында үнсіз келісім бойынша келесі қасиеттер тақтасы ашылады:  

  Width – сүйектер негізінің ені; 

  Heigh – сүйектер негізінің биіктігі

  Taper  –  төмендеу  –  сүйек  ұзындығының  қанша  пайызы  оның  соңына  қарай 
төмендейтінін анықтайтын мән; 

  Bone  Fins  –  қабырғалар  (жіліктер)  кеңістіктегі  бағдарлануын  анықтауға  көмектесетін 
сүйектердің  өсуі.  Олар  көрінуі  үшін  сәйкес  жалаушаны  қою  керек.    Қабырғалардың  келесі 
параметрлері  бар:  Size (Өлшемі)  – қабырғаның биіктігі,  (Start  Taper  – басында төмендеуі,  End 
Taper – соңында төмендеуі), олар қабырғалардың қашықтық деңгейін анықтайды

  Side Fins – симметриялық қырлар; 

  Front Fin – алдыңғы қабырғалар

  Back Fin – артқы қабырғалар. 
 Сүйекті айналдырудың екі жолы бар: «Айналу» құралын қолдану немесе ішкі сүйекті тарту 
арқылы.  Сүйектердің  ерекшелігі  -  олар  бір-біріне  тығыз  байланған.  Сонымен  қатар,  сіз 
иерархияның  (hierarchy)  параметріне  кірсеңіз,  онда  баптаулар  қаттамасында  бекіту  – 
құлыптаулардың    (Lock)  және  мұраланған  (Inherit)  сілтемелердің  (Link  info)  құлыптарының 
барлығының  өшірілгенін  көресіз.  Яғни,  сүйектер  бір–бірінен  ажырамайды.  Егер  сіз  кез-келген 
сүйектен  қозғалғыңыз  келсе,  барлық  ішкі  сүйектер  өздерінің  негізгі  сүйегіне  қатысты  бірге 
қозғалады.  
Сүйектер жүйесін екі түрлі тәсілмен алуға болады: алдымен, желілік тізбек жасалады, содан 
кейін кейбір сүйектерге қосымша ішкі сүйектері қосылады. Ол үшін негізгі сүйек болатын сүйекті 
тінтуірмен көрсету керек. Мұндай жүйенің жалпы түбірі – негізгі сүйегі болады, ол барлық басқа 
тізбектерінің тармағы. 
Екіншіден  сүйектердің  тізбектері  әрқайсысында  бөлек  құрылуы  мүмкін,  содан  кейін 
байланыстыру (Link) командасы арқылы сәйкесәнше бір–бірімен байланыстырылады.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет