І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет73/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   198
Кілт  сөздер:  мультипликация,  анимациялық  фильм,  кейіпкер,  модельдеу,  3ds  max 
программасы 
 
Біз  тәуелсіз  мемлекет,  егемен  ел  болғаннан  бері  білімі  мен  білігі  ұштасқан 
интеллектуалдық ұлт болуға, жаңа үлгідегі заманауи технологияларды игеруге талпыныс жасай 
бастадық.  Десек  те,  дәл  осы  тұста  біз  өмірдің  оңы  мен  солын  жаңадан  тани  бастаған  жас 
ұрпақтың  ұлттық  санасын  қалыптастыру  жағын  ескере  бермейтін  сияқтымыз.  Ал,  ертеңгі 
болашағымыз болатын ұрпағымыздың тамырына рухани нәр бермей, біз ешқандай да интеллект 
иесі бола алмайтынымыз анық. Осы тұста, бүгінгі күннің балаларына тәрбие құралы саналатын 
анимациялық  мультфильмдер  жайлы  сөз  қозғап,  оның  тарихына  аз  да  болса  көз  шалып  өтсек 
артық болмайды деп ойлаймыз. Мультипликациялық кино (латын тілінде multіplіcatіo – көбею; 
ағылшын  тілінде  –  жандандыру)  –  cуреттердің,  қуыршақтардың  қозғалыс  кезең-кезеңдерінің 
фазаларын  жеке  кадрларға  түсіріп,  ретімен  көрсетуден  туатын  кино  өнерінің  бір  түрі. 
Мультипликациялық  кино  ісінің  белгілі  үш  тәсілі  бар: біріншісі,  суреттер (графикалық 
мультипликация); екіншісі,  қуыршақтар  (көлемді  мультипликация); үшіншісі,  жалпақ,  жұқа 
қуыршақтар (жазық  пішінге  салып  қию)  пішінінде  пайдаланылады. Мультипликациялық  кино 
әрдайым  жаңалықтар  мен  ізденістерді  қажет  ететін  өнер.  Жақсы  мультипликация  үшін,  тек 
суретшілердің  ғана  еңбек  етуі  аз.  Бұл  өнерде  режиссердің,  сценаристің  еңбегімен  қатар 
қолөнершілердің  қолтаңбасы  мен  компьютерлік  графика  ісінің  үйлесуі  де  маңызды.  Ал,  қазақ 
мультипликация  өнерінің  тұсаукесер  мультфильмі  ертегі  негізінде  түсірілген,  1967  жылы 
жарыққа  шыққан  «Қарлығаштың  құйрығы  неге  айыр?»  мультфильмі.  Сценарийдің  авторы, 
режиссері  және  суретшісі  Әмен  Қайдаров.  Фильм  1968  ж.  Ленинградта  өткен  Бүкілодақтық 
фестивальде екінші жүлдеге ие болып, әлем елдерінің экрандарында көрсетілді. 1975 ж. Нью–
Йоркте  өткен  мультипликациалық  фильмдердің  1–халықаралық  фестивалінде  «Қола  Прак-
синоскоп»  жүлдесін  иеленді.  Қайдаров  түсірген:  «Ақсақ  құлан»,  «Құйыршық»,  «Қожанасыр  – 
құрылысшы»  атты  фильмдер  қазақ  мультипликациясының  жетістіктері  болды.  1970  ж.  қазақ 
мультипликациясы  Орта  Азиядағы  жетекші  орынға  шықты.  Қазақ  мультипликаторлары  қырғыз 
және  түрікменнің  тұңғыш  мультфильмдерін  шығаруға  белсене  қатысып,  тәжік  муль-
типликациясының  қалыптасуына  шығармашылық  көмек  көрсетті.  Осы  кезеңде  қазақ 
мультипликаторлары  түсірген  графикалық  және  қуыршақ  фильмдердің  саны  жүзден  асты. 
Режиссер-суретшілер:  Ж.Даненов  пен  Ұ.Қыстауовтың  «Алпамыс  батыр»,  «Айдаһар  аралы», 
Е.Әбдірахмановтың  «Тапқыштар»,  «Бозторғай»,  Б.Омаровтың  «Үш  шебер»,  «Қаңбақ  шал», 
Т.Мұқанованың «Жібек шашақ», «Қайшы», Қ.Сейденовтың «Тігінші мен ай», «Қадырдың бақыты» 
атты  мультфильмдері  –  қазақ  мультипликациясы  тарихында  жоғары  бағаланған  шығармалар. 
Сондай–ақ, қазақ анимациясының дамуына А.Әбілқасымов, А.Тоқшабаев, Ұ.Бекішев және басқа да 
шеберлер  зор  үлес  қосты.  Алайда  бір  дәуірден  екінші  дәуірге  көшкенде  ұлттық  анимациямыз 
тоқырауға  ұшырады.  Осы  орайда,  2002  жылы  Т.Жүргенов  атындағы  Қазақ  ұлттық  өнер 
академиясының  оқытушылары  мен  студенттері  профессор  Қайдаровтың  жетекшілігімен 
«Құйыршық»  (режиссер  Қ.Қасымов)  атты  сериалдың  бірінші  графикалық  мультфильмін 
компьютерлік технологияларды қолдана отырып шығарды. Бұл да өз алдына бір жетістік [1].  


 
41 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет