І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет75/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   198
  
42 
ISSN 2616-8901.
  Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
 № 4/ 2018  
 
Character  (Кейіпкер)  мәзірінің  командалары  кейіпкерлік  жинақтарды  құруға  мүмкіндік 
береді.  Boner  tools  (Сүйектермен  жұмысқа  қажетті  құралдар)  сүйек  жүйелерін  түзету 
құралдарына  мүмкіндік  алуға  жағдай  жасайды,  олар  3ds  Max  –  та  үшөлшемді  кейіпкерлерді 
құру үшін пайдаланылады. Сүйектер пайда болған кезде, олардың әрқайсысы автоматты түрде 
«Bone  #»  деп  аталады,  мұнда  #  –  жасау  тәртібіндегі  сүйек  саны  (әдетте,  екі  орынды  сандар 
болады).  Егер  сахнада  бірнеше  кейіпкерлер  болса,  онда  сүйектердің  қай  кейіпкерге  тиеселі 
екенін  анықтай  алмаймыз.  Сондықтан  да  белгілі  бір  жолмен  жүретін  барлық  сүйектерге  атау 
беру  керек.  Әрбір  сүйектің  атауы  бірнеше  сөзден  тұра  алады,  ал  бірінші  сөз  –  ол  кейіпкердің 
аты. Содан кейін, кейіпкер денесінің бір бөлігінің атауы шығуы мүмкін, ал егер ол дене мүшесі 
жұп  болса,  L  әрпі  (дененің  сол  жақ  бөліктеріне  сәйкес  келеді)  немесе  R  (дененің  оң  жақ 
бөліктеріне сәйкес келеді) жалғанады [2].  
Объектті  модельдеп,  сүйектер  жүйесімен  байланыстырып  болғаннан  кейінгі  атқаратын 
қызметіміз,  сахнаны  жарықтандырып,  көріністі  қажетті  камерадан  көрсетіп  баптау.  Сахнаны 
визуалдау  кезінде  шынайы  етіп  көрсету  мүмкіндігі    дұрыс    жарықтандыруға  тікелей 
байланысты.  Жарық  көздеріне  немесе  жарықтандырғыштарға  арналған  құралдар  сахнаны 
оптималды жарықтандыруды қамтамасыз етеді.  
Max сахнаны жарықтандырудың келесі бес түрін ұсынады: 

 
Жан–жаққа бағытталған (Omni); 

 
Жарықтың тура бағытталған көздері (Target Directional); 

 
Жарықтың еркін бағытталған көздері (Free Directional);  

 
Тура бағытталған шамдар (Target Spot); 

 
Еркін бағытталған шамдар (Free Spot). 
Жан–жаққа бағытталған жарықтандырғыш–бұл жарық сәулелерін бір  нүктеден барлық 
бағытқа бірдей түсіретін жарық көзі. Барлық бағытқа бірдей түсіретін жарық көзі көлеңкені де 
солай түсіреді. 
Жарықтың бағытталған көзі жарық сәулелерінің параллель тобын түсіреді. Бұл жағдайда 
шоқ домалақ немесе квадрат түрінде қиылысуы мүмкін. Бұған мысал–күн.   
Тура  бағытталған  шам  көздерінен  жарық  сәулелері  параллель  түспейді,  олар  конустық 
немесе  пирамидалық  шоқпен,  шынайы  шамдардың,  қалта  фонарының  немесе  автомобиль 
шамының  жарығындай  тарайды.  Сәулелер  шоғының  таралу  бұрышын  реттеу  оңай.  Еркін 
көздердің  сәулесінің  бағытын  шоқтың  осіне  қарап  анықтаймыз,  оны  ауыстыру  үшін 
қайталаудың  туындысын  қолдану  керек.  Тура  бағытталған  жарық  көздері  еркін  көздердің 
нысанасының  артықтығымен  ерекшеленеді.  Өз  нысанасын  ауыстырғанда  жарық  көзі  өзінің 
бағытын автоматты түрде өзгертеді, үнемі соған бағытталып отырады. Нысананы сахнаның кез 
келген объектісімен байланастыруға болады және содан кейін объектті жарықтан таса қылмай 
анимациялауға болады. 
Сахнаның  құрамына  біреу  болса  да  жарық  қосылмаса,  автоматты  түрде  оны 
жарықтандыруға  арналған    жарық  көздері  қосылады,  олар  баптауға  жатпайды.  Сахнаны 
жарықтандыру сондай–ақ жарықтандырғыштарға да байланысты. 
Enviroment  (Сыртқы  орта)  сұқбаттасу  терезесінде  жарықтандырғыштың  баптаулары 
орналасқан. 
МАХ программасында камераның екі түрі қолданылады–бағытталған және тәуелсіз: 

 
Target  (Бағытталған)  камера  түсіру  нүктесін  білдіреді,  камераның  өзі  соның  ішіне 
кіреді. 

 
Free  (Тәуелсіз)  бағытталған  камерадан  айырмашылығы  оның  бағыттауыш  нүктесі 
болады. 
Камераларды баптау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет: 
1.  Lens  (Объектив)  есептеуішінен  фокусты  объектив  арақашықтығын  құру  керек. 
Фокусты  арақашықтық  көп  болған  жағдайда,  камера  терезесі  қатты  үлкейеді  де,  жазықтық 
көрінісі  кішігірім  болады.    Математика  тілінде  айтатын  болсақ,  жарық  көрінісінің  бұрыштық 
тангенсі фокустық арақашықтық еселенген объективтің шеңберінің диаметріне тең болады. 
 


 
43 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет