ISSN 2616-8901. Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы № 4 / 2018 техникалық ғылымдар» сериясы Мах–та камера шекарасы жазықтық көзінің кескіндемесі пирамида тәрізді болады, ол
объектив ішінде орналасады да пирамида көрінісі деп аталады. Жазықтық көзі бұрыш ұзындығымен
есептелінеді. Үнсіз келісім бойынша қайтадан құрылатын камераның жазықтық көзі 45
0
–қа тең
болады. Камера кадрының ұзындығы бір қалыпты болып қала береді. Жазықтық көзінің ұзындығын
көлденең де, ұзыннан да, тігінен де анықтауға болады. Бұл нұсқаларды таңдау үшін Fov (Көз
алдымыздағы аймақ) (Field Of View – FOV) есептеуішінің сол жақ батырмасын басуыңыз қажет.
2. Camera (Камера) терезесіндегі сахнаны перспективалық терезесіндегідей емес,
ортография түрінде көрсету үшін Ortographic Progection (Ортографиялық жобалану) жалаушасын
орнату қажет.
3. Lens (Линза) және Fov (Көз алдымыздағы аймақ) параметрлерін баптамай
арақашықтығымен берілген фокусты дайын объективті таңдап алуға болады, олар батырмалар
тобының көмегі арқылы жазықтық көзіне сәйкес келеді. Осы батырмаларды бассақ Lens (Линза)
және Fov (Көз алдымыздағы аймақ) есептеуіштерінің мағынасы өзгереді.
4. Камераның түрін өзгерту үшін Type (Түр) тізімінің ішінен өзімізге керек камера түрін
таңдап аламыз. Бұл тізімдердегі нұсқалар Object Type (Объект түрі) бумасындағы нұсқаларға ұқсас
болып келеді және Modify (Өзгерту) командалық тақтасының ашылуы кезінде ғана қолданылады [3].
Target Distance (Нысанаға дейінгі ара қашықтық) параметрі жарық көзі атқаратын
қызметті атқарады.