Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет103/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

мүшелерін салғанын тәптіштей сөйлей берді. Одан соңғы бір үлкен
әңгімесі   «Буаз   матүшке»   болды.   Ұлтарақтан   жарымаған   соң
қатындар:
— Өй, солапат! Өй соңқадам! Сені буаз матүшкені көріп келуге
жіберіп пе едік?— деп келемеж қылды.
— Енді қайт дейсіңдер? Мен көргенімді айттым...— деп Ұлтарақ
күбілжи берді.
Ақсақалдың даусы ашығырақ шыққанына қарағанда, үлкен жұмыс
бітіріп,   көңілденіп   қайтқаны   байқалады.   Ертеңіне   ақсақал   Әмір
сияқты ауылдың кейбір еркектерін шақырып алып, қатын алмақ
боп   қайтқанын   естіртті.   Ағайындары   қуанысқан   болып,
«Қайырлы   болсын»   айтысты:   өздері   де   осыны   ойлап   жүрсе   де,
айтуға бата алмай жүргенін білдірісті.


Еркектер   білген   сөзді   әйелдер   естімей   тұрған   ба,   бұл   әңгіме
Ақбілектің   де   құлағына   тиді.   Ақбілек   сыртына   шығармаса   да,
тым болмаса, анасының жылын күтпегеніне ренжиін деді. Бірақ
әкесіне   не   десін?   Балалардың,   шаруаның   қамын   ойлап   асыққан
шығар деп, өзін-өзі жұбатты: тек тәуір адам болып, жолыққай
еді   деп   тіледі.   Апасы   өлген   соң,   енді   бәрі   бір   ғой:   несіне   күйіп-
піссін?   Және   өз,   қайғысы   өзінде:   әкесінің   қатын   алғанын
тексергендей боп жүр ме?
Бұл   хабардан   кейін,   бір   жұма   өтер-өтпесте   мал   алуға   бес   кісі
құдалар   да   келіп   қалды.   Бастығы   әнеугі   Имамбай   би,   өзгесі
ағайындары.   Бір   қой   сойылып,   құйрық-бауыр   желініп,   ертеңіне
құдалар үш сиыр, бір ат, бір тай, бір бие алып ауылына қайтты.
Қатынды әкелуге ақсақал Әмірді, Қажікенді, тағы бір-екі жолдас
қосып жіберді. Екі күн өтіп, үшінші күн кешке Ақбілектің жаңа
шешесін алып келді.
Ауылдың қатындары үй ішін дұрыстап жиып, сыпырып, тазалап,
шашуларын да әзірлеп қойған екен: алдынан шығып, жаяулатып
әкеліп, төргі үйге кіргізіп: «Ізі-жолың құтты болсын!» деп, кексе
қатындар шашу шашты.
Жаңа  шешесін  Ақбілектің  қасына   таман  әкеліп   отырғызған   еді.
Сара   Ақбілектің   алдында,   әкесі   еркектермен   төрде   отыр   еді.
Қатындар қамалап, балалар анталап, үй-іші кісіге лық толды.
Ақбілек   жаңа   шешесіне   көз  қырын   салды.   Көзі   тікшиген,   жұқа,
қабақ, қаймақ ерін, таңқы мұрын, тымырайған, қайқаңдау, қара
сұр адам екен. Үйге жылан кіріп келгендей, Ақбілектің жүрегі су
ете   түсті.   Сара   Ақбілекке   қарай   тығылып,   көзі   бажырайып,
үріккен тайлақша ожырая қалды. Қажікен көзі үйреніп келген ғой,
еш   нәрседен   хабарсыз,   киімін   шешініп,   әкесінің   алдына   барып
жантайды. Ақсақал көзінің құйрығын бірер жіберді. Не ойлағанын
кім білсін, балаларға:
— Топырламай, шығыңдар!— деді.
Мұндайда   қатындар   жыбырламай   жай   отыра   ма,   кішкене
Сараға:


— Мынау апаң, қарағым! Саған апа болам деп келді... бара ғой! —
деді.
Соны айтқанда, жаңа апасы:
— Келе ғой! — деп, алақанын жайып еді. Сара жаман үрейленіп,
Ақбілекке тығыла түсті.
—   Қайтсын?   Тосырқайды   ғой...   бала   ғой...   Әлі-ақ   бауыр   басып
кетеді ғой,— деп қатындар жайластырды.
Көркембай деген кемпір жаңа шешесін қомсынды ма, Сараны аяды
ма, бәйбішені жоқтады ма:
— Е-ей, жасағанның әмірі-ай!..— деп тамсанып көзін сүртті.
Өмірі   көрмеген,   ойда   жоқ,   жат   адам   үйір   болғанша   не   заман:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет