Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет104/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

мінезі үйлесе ме, жоқ па, оны айтуға да болмайды. Оған қараған
жоқ, қатындар жаңа шешесіне Сараны оп-оңай тели қоямыз деп
ойлады.   Сара   отығып,   есейіп   қалған   бұзаудай   бөтен   енеге
жуымады;   енесі   де   қасына   таянса,   аяғын   серіппегенмен,
иілгендей,. мекіренгендей түрі жоқ еді.
«Мені   екі   баламнан,   малымнан,   неше   жылдай   үйренген,   бауыр
басқан жерімнен айырып, неге сатып алдың? Сондағы түрің мына
буырыл сақалың ба?»— дегендей, Өрік оқты көзімен ақсақалға бір-
екі   қарап   қойды.   Ол   қарасы   қасындағы   қатындарға   ұнамады:,
«Шіркіннің көз қарасы қалай жаман еді! Кісі отырғанда қарамай-
ақ, иба қылса қайтетін еді» деп ойласты.
Қарқындары   басылған   соң,   қатындар   тарай   бастады.   Төрт-бес
еркек, бірді-екілі қатын қалды. Үйлеріне қайтқан қатындар жаңа
бәйбішені сынап, сөйлесіп бара жатты.
Біреуі:
— Кәпірдің тікірейген көзі жаман екен: оңдырмас,— деп; Енді бірі:
— Ерні қаймыжықтай екен: сөзге соққан шығар,— деп;
Тағы бірі:
— Қабағы қаймақтай боп, танауы делдиіп тұр екен: дәу де болса,
долы шығар...— десті.
Бәйбіше марқұмға салыстырғанда:.


— Қайдағы!.. Басқан ізінен садаға кетсін,— деді. «Балаларға қалай
болар екен?»— деген сұрауға:
— Ай, мынау шеше болып жарытпас. Қатытез тұсақша бедірейіп
тұр екен,— десті.


Өрікті   қадірлеп,   ешкім   еріп   келмегені   де   қатындарға   сөкетті
көрінді.
— Соқа басын сопитып қоя бергені несі!— деп тамсанысты...
Ұрқия   тоқалға   шәй   әперіп   отырып,   байқастады.   Өрік   түк
қымсынбастан   тізесін   шошайтып,   жұртқа   қарсы   қарап,
шалқайып   отырып   шәй   ішті.   Ұрқияға   онысы   ұнамады:   «Жаңа
түскен кісі тым болмаса қырындап отырсайшы!» деген ой келді.
Өріктің байы өлген жесір қатын екені, екі баласы онда қалғанын
ұмытып   кетті.   Жаңа   түскен   әйел   баяғы   өзіне   ұқсап,   сызылып,
ұялып тұру керек деп шамалады.
Ac   ішіп,   жұрт   тараған   соң,   қатындар   төргі  үйге   төсек   салуға
кірісті.   Кекселеу   қатын   бәйбішенің   құс   төсегін   көпіртіп,
алақанымен шартылдатып, байдың орнына салды. Оны көргенде,
Ақбілектің   іші   қазандай   қайнады.   «Есіл   апасының   қасиетті
орнына   әлде   кімнің   жаман   қатыны   шынымен   жатқаны   ма?!
Апасының аруағын қорлады ғой, аяқ асты етті ғой!». Мана, алғаш
көргенде-ақ,   денесі   жиіркеніп   еді,   енді   апасының   төсегіне
жататынын көргенде, бұл бөтен қатын Ақбілектің асыл нәрсесіне
озбырлық қылғалы, бірдеңесін ұрлағалы келгендей көрінді; өзіне де,
осы   үйге   де   оны   жау   деп   түсінді.   Бұрын   төргі   үйге   жататын
Ақбілек,   бөтен   қатын   келген   соң,   екі   бауырын   алып,   ауыз   үйге
жатты.   Бөтен   қатын   келе,   бәрін   айдап   шығып,   әкесін   жеке
иемденіп   кеткені   де   Ақбілекке   ауыр   тиді;   әкесінен   біржола
айырылғандай көрді.
Көпке дейін Ақбілектің көзі ілінбеді. Төргі үйдегі әкесінің сыбдыры
тоң   жермен   жүрген   аттың   дүбіріндей   естіліп   жатыр.   Үлкен
кісінің ебі де кетіп қалады екен. Әкесінің дем алғаны, жөтелгені,
қатынның   шылапшын   салдыратқаны,   судың   сарылдағаны,   бәрі
сайрап тұр. Естімейін деп көрпемен басын оранып біраз жатып
еді; оған да болмады. Бұрын апасы барда мұның бірде-бірін құлағы
естімеуші   еді.   Енді   өзі   де   қатын   боп   қалғандікі   ме,   немене   —


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет