Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет99/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

дастарқанды жағалай отырып, шәйға бас қойды ғой; дәл со кезде
осы Торшолаққа мініп Қойтеке түйеге жөнелген еді.
Малшылар да Торшолаққа ұқсап, жоқтан өзгеге ерініп, біріне-бірі
иек сүйеп кететін әдеті ғой. Түйеші қойшыға сеніп, ауа жайылған
бес түйесін қайырмаған екен. Өзі қайырып алар деп, қой ұзап бара
жатқан соң қойшы да айдай келмепті. Күн кешкіріп бара жатқан
соң,   қойшы   мен   түйеші   әңгімеде   жүріп   атқа   жеңіл   телпекбай


тауып алмас па: «Сен барып айдап келе ғой!» деп, Торшолақпен
Қойтекені жіберді.
Әкесі   осы   қойдың   соңында   жүрумен   басы   көрге   кірген,   шешесі
байдың сиырын сауатын жетім бала кім десеңіз, ол — Қойтеке.
Тоғыздан   ой   екіге   дейін   Қойтеке   қозы   бағып,   он   үшке   шыққан
жылы қойдың соңына түсіп еді. Tic қақпаған бала қойшыны ана
қойшылар «қолды аяқты бала» көріп, оған-бұған жұмсай беруші
еді. Қойтеке де жасынан көп жұмсалған, кежір бала ғой. Әйтсе
де, тіл алмаса, үлкен қойшылар тоқымаш сыйлап қоятынын білген
соң, жазған Қойтеке тепеңдеп түйеге тартты.
Қойтекенің   астында   желқом,   оның   асты   Торшолақ:   қолында
шығыршықты кендір қамшы: кигені шолақ қаудыр тон: аяғында
шана бас шоқай. Көз барында түйенің қарасын көрейін деп, аяғын
тыпырлатып,   шолтаң   еткізіп   Торшолақты   борбайға   салып
қалады.   Торшолақ   қырсаудың   қырсауы:   бит   шаққан   құрлы
хабарына келмейді. Торшолақтың көрген қоқайы осы-ау!
«Ой жамандат! Ой ісік келгір!.. Құлағыңды... иттің малы!» деп,
Қойтеке тістеніп, шапқа да, басқа да, мойынға да ұрады. Со кезде
Торшолақ   басын   бір   изеп,   екі   адымдай   ғана   бүлік-бүлік
борсаңдайды   да,   жорғасынан   жаңылып   кеткен  немеше,   жалма-
жан   қыбыр   аяңына   қайта   түседі.   Қойтеке   тағы   ұрады,
боқтайды, қарғайды, сілейді, жұлқынады, тыпырлайды. Торшолақ
міз бақпайды. Жұлқына-жұлқына Қойтеке әбден терледі, қол, аяғы
да талды, сонда да тыпырлауын қоймайды. Әлден уақытта бір
дөңге шығып, көз ұшында бұлдыраған төрт-бес қараны көрді. Қас
қарайып барады. Енді тезірек жетейін деп, Торшолақты тағы да
басқа,   кезге   төпей   бастады.   Сол   төпеудің   үстінде   кендір
қамшының басы ұшып кетіп, сабы шолтаң ете түсті. Олай іздеді,
бұлай іздеді. Шөптен айырғысыз кендір қайдан табылсын.
Кендір   қамшы   адыра   қалған   соң-ақ,   Қойтеке   мен   Торшолақтың
басына   бір   алуан   жаңа   дәуір   туды.   Бұл   дәуір   туысымен-ақ,
Торшолақтың   мерейі   үстем   бола   бастады:   қу   шекесіне,   жұқа
шабына шылтыңдап маза бермейтін шыбыннан құтылды: шолақ


саптың сіреу теріге былп еткенін бұйым көрсін бе! Бірақ бұл дәуір.
Қойтекеге   жайсыз   келді:   қажып   қалған   қары   қатты   ұруға
жарамады;   ұрғаны   өтпеді.   Торшолақ   аянды   азайтуға   айналды.
Мына   қыбырмен   жуырда   анау   бес   қараға   жете   алмасын   сезді.
Қарғалап, зарлап, боқтап, кейіп, ақтық күшін жиып, қос тепекке
салып   тыпырлап   көріп   еді,   Торшолақтан   қайран   болмады.
Қойтекенің жүрегі өртеніп, күйіп, долданып, кейіп, еңіреп домалақ
етті де, Торшолақты басқа бір салып қоя берді.
Қара түн жан-жағын қамап, жұтып қоятындай ұмтылып келе
жатыр.   Таулар   бұлдырап   барады.   Айдалада   жермен-жексен
қыбыр-қыбыр   етіп,   домалаңдап   Қойтеке   келеді.   Жүрісі   өнбейді:
қайбір борбайы ұзын кісі. Тойталандаған шоқай етік кекжиіп кейін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет