Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет107/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

басын, қораның бұрышын, қидың түбін босатпайтын әдеті ғой.
Үйдегі қатын не деп жатқаны, бала не ғып жүргені олардың ойын
пәлендей бөлмейді. Үйде басы ағарып отырған қатын бар; түзде
малай   бар.   Ендеше,   шаруа   түгел   деп   есеп   қылады.   Үй   ішінде
мерездей шіріп жатқан бітеу жараға олар көзін салмайды. Зәуде
көзі   түсіп   қалса   да,   көрмеген,   білмеген   боп   жүре   береді.   Неге
десең, қатын, баланың сөзін олар уақ, бос сөз көреді. «Қатын ит
оттайды   да   —   қояды;   бала   шіркін   жыламай   жүрмейді»   деп,
өздерін   үй   ішінің   шыршуынан   жоғары,   ірі   санайды.   Еркек   ұлы
кеуде келеді ғой.
Ой,   қарындастар-ай!   Дүниеде   сөз   баққан   адамның   атағына
қызықпағайсың! Өзіңді-өзің күң қыласың! Ой, балалар-ай! Дүниеде
бойың   өспей,   бұғанаң   қатпай   тұрып,   туған   анаң   өлмесін!   Жас
жүрегіңді қанды жаспен шер қыласың! Ой, көк өрім, жастар-ай!
Көкірегіндегі   жылы   жүректі,   бауырмалдықты   кім   берді   саған?
Әлдилеген, аялаған, аяған, бабың болып бағып-қаққан кім сені?—
Ана, ана, мейірімді ана. Адамды сүйгіш, ар-ұятты, көргенді бала
болсақ,   әкемізге   бір   есе,   анамызға   он   есе   борыштымыз.   Тәжім
еттік бізді тәрбиелеген аналарға! Кеп жасасын аналар! Көсегесін
көгертсін балалар!..
Өріктің   бір-екі  рет   балаларға   дауысы   шығып   жатқанын   естіп,
ақсақал:
—   Қатын   қойсайшы!   Не   керек   баламен   ұрсыса   беріп...—   деген
болды. Ақсақалдың көзінше бәсеңдегенмен, оңашада қатын өзінікін
қылып жүрді.
«Не дер екен?» деп, Ақбілек өгей шешесі жылатқан бауырларын
әкесіне, жіберіп байқады. Әкесі:


— Әй, қатын-ай! Сені ме!..— деп әңгімесіне айнала береді.
Ақсақалдың қатынға сөйлей алмайтын да реті бар: жасы болса
келіп   қалды;   қатыны   мүшел   жарым   жас.   Қатыны   көзіне   шөп
салса, немесе, ұрам деп кетіріп алса — өлім ғой. Енді қартайғанда
қатын   сабап   не   барқадар   табады?   Бәрінен   бұрын   бұ   қатын
шаруасын   тап-тұйнақтай   ұқсатып   отыр;   қылғаны   қолайына
жағады. Мұндай қатын болмаса, үйі үй бола ма? Қатын ала беру
оңай  емес; қатынмен  шатақтасып  жату  елден-жұрттан  тағы
ұят. «Менің осы ойымды білмей ме екен? Маған жаны ашымай ма
екен? Балаларды қойғызса болмай ма... Шыршау шығара бермей...»
деп ақсақал бір ауық Ақбілекке де ренжіп қоюшы еді.
Әнеугі ұрыстан кейін, Өрік Ақбілекті ықтатып алуға бел байлап
еді. Шам сөнсе, Өрік сыбыр-сыбыр етіп, ақсақал: — е, е — дей
беруші еді. Сол сыбырдың көбі Ақбілек болады екен. «Қызың мені
кісі   құрлы   көрмейді;   ас-судың   билігін   маған   беретін   емес...
Балаларды  азғырып   маған   жау   қып   қойды...   Пәлен   жерде   пәлен
етті...» — деп, өтірікті шындай қып, құлағына оқи береді екен.
Алғашқы   кезде   ақсақал:   «Қой!..   Бала   боп   па?.,   үйтпес...   есі   бар
ғой...» десе де, күнде оқи берген соң еңбек қой: «Осы қатын неге
айта   береді?..   Әлде,   рас   та   шығар...»   деген   күдік   бірте-бірте
пайда болды...
Дала меңіреу ақ кебін. Біресе, жел ысқырып, боран соғады: біресе,
сақылдаған сары аяз болады; біресе, шашағы салбыраған бозғыл
тұман басады. Қорадан шыққан сиырдың бақайы сытыр-сытыр
етеді. Етіктің шақырына есік үн қосады; есік ашылса, екі арба аяз
үйге кіреді. Тысқа шыққан қара сақал демде кәртейіп, сақал-мұрты
аппақ   болады.   Қатын-бала   жылы   үйден   шықпайды;   қатынас


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет