Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет57/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Төлеген   жылмаңдап:   —   Мінекей,   тартыңыздар!—   деп,   манағы
күміс сауытын ашып алдарына қойды.
— Е, бәсе!— деп, Ықаңның көңілі жайланды. Көнетоз шолақ қара
бешпентінің қалтасынан ұзыншақ ақ қалбырын алып, ептеп ашып
алдына қойып жатып: — Рахмет!.. Мен өз темекімді тартпасам,
қанбаймын,— деп орысша бір-екі сөз қыстырды.
Тыпаң   орған   шабындының   түбірі   бейнелес   шашын   бір   сипап,
мәукіл басын бір шұлғып, быртық саусағымен бір шылым алып:
—   Бізге   табылғаны   бола   береді,—   деп,   бопылдатып   алып,   сора
бастады.
Ықаң   ақ   қалбырынан   төрт   бұрыштап   қиып,   қаттап   салған
қағаздан бармағын жалап, бірді алып, қиыршық темекісін баптап
орауға кірісті. Шылымын жуантық қып орап, қайта-қайта жалап
жапсырды   да,   шүмекке   шөметай   орнатқан   анаша,   ыс   болған
шолақ   түтігіне   нығарлап   бұрай   сұғып,   жілік   тістеген
Майлыаяқша бір езуіне ырсита қыстырды. Сонан кейін қаттаған
уақ қағаздарын темекінің үстіне салып, қақпағын мықтап жауып,


манағы   қалтасына   қалбырын   жайғастырды.   Мына   қалтасынан
оттығын алып; қабын сол бармағымен мықтап ұстап тұрып, оң
қолымен шырпының тұмсығын шарықтың қажалған жеріне  дәл
тигізіп тұрып, сермеп кеп қалды. Оттық пыс ете түсті.
Ықаңның   шылым   жасап   тартқанына   Бекболат   қарай   қалды.
Өйткені   Ықаңның   шылым   жасап   тартқаны   үлкен  тақуалардың
баптанып   дәрет  алып,  намаз  оқығанынан  бір   кейін  қалған  жоқ.
Мойнындағы бір ауыр міндетті атқарғандай, өмірдің бір мақсұты
сол   шылымда   тұрғандай,   сонша   ықыласын   қойғаны   Бекболатқа
жат   көрінді.   Ықаң   шылымын   тұтатқанда,   әуелі   аузын
толтырып,   түтінді   жөдемелете   будақтатып   жіберді.   Оны
көргенде   Бекболаттың   көзіне   кешке   таман   басына   күл   шашқан
бұқа   елестеді.   Сөйткенше   болмады,   жел   тұрып,   түтін   азырақ
серпілейін деді. Ықаң тұтатып алған соң, аузынан жел жіберіп,
түтінді айдап, шылымын сұқ қолы мен ортан қолының арасына
қысып, рахаттанып отыр екен.
Әлде біреу Ықаңның шылым тартқанын осынша сөз қылғаны несі
дер-ay! Десе жетпегендігі де. Мұнда үлкен мән бар. Көңілді қына,
көзіңді   торта   басса,   күйінсең,   өкінсең,   қайғыңды   ұғар,   сөзіңді
тыңдар жан болмаса, қайғыға қарсы тұруға қайратың жетпесе,
ішке толған қапырықты шылым, насыбай, апиын, арақ болмағанда
немен сейілтер едің? Дәрігерлер темекіні де, арақты да, апинды да
у дейді, денеңді улайды, тамырыңды қуалайды, қаныңды бұзады,
дертті қылады, жасыңа жетпей кәртейтеді, өлтіреді дейді. Әлде
көңілдің шері у емес пе? Ол жаныңды жемей ме? Әлде мейірімсіз,
қорлық, зорлық жауыз өмір у емес пе? «Зәрдің басын зер алар» деп
неге айтыпты. Әлім де, ілім де удың зиянын өзгелерге айта берсін.
Біз Ықаңның шылым құмарлығын cөгe алмаймыз.
Cөгe   алмайтынымыз:   Ықаң   (шын   аты   —   Ыстыбай   ғой)   бұрын
үлкен   қалада   тұрып,   атбекеттік   құрып,   арғымақтың,   арақтың
игілігін   көрген,   орыстан   қатын   алған.   «Керекең»   тұсында
Құрылтай мүшелерінің тізіміне де ілінген. Өзінше болған-толған
кісі ғой. Қызылдар келісімен, сол салтанатты тұрмыстан жұрдай


боп, шаштың ағында, өлер шағында «Ел тауып» осы қалаға келсе
де, пәтер, отын, үй-сайманға жарымай, қызына пәлте, ұлына етік
таба   алмай,   кәрі   кемпірі   күнде   құлағын   мұжушы   еді.   Өзі   бір,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет