Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет55/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Көптің ауқымы оған пікір; коменестер не айтса — құп. Алайда
Төлеген   пікірсіз   жігіт   емес.   Онысы   —   рушылдық   пікір   еді.
Қызметке адам сайласа, елге кісі жіберілсе, елден шығын жиылса,
өз   еліне,   өз   тұқымына   бүйрегі   бұрып   отырар   еді.   Бірақ   ол
бұрғанын өмірі сездірмей, еппен іс қылар еді.
Төлеген қолы ашық мырза еді. Әсіресе, оның мырзалығы жолдас
арасында   көрінеді.   Жолдастары түгелдей  «Протком»  деуші  еді.
Проткомнен табылмайтын нәрсе жоқ: киім-тамақ, — бәрі сонда
ғой. Төлегеннің протком болуы өзіне де, кейбір жолдастарына да
теріс емес еді. Оны екі жағы да сезуші еді. Сондықтан Төлегеннің
тұрмысы тәуір боп жатқанын көрген сайын, олар жымиып:
— Әй, сен мыналарды қайдан тауып ала бересің?— дегенде Төлеген
де мырс етіп:
— Е, елді-күнді, табылады ғой,— дей салушы еді.
Міне, бүгінгі Төлегеннің қонақ шақыруы да сол жағынудың салдары
еді.   Жағынбай   қайтсін?   Шешесін   өлтірткен,   қарындасын
масқаралатқан   Мұқаш   туралы   партияда   сөз   бопты.   «Мұқаш
еңбек сіңірді: оны бір жақсы орынға қою керек» десіпті. Қандай
орын   беруді   ревкомге   тапсырыпты.   Ревкомдегі   —   Балташ.   Кім
біледі. Балташ кедейшіл, бір беткей жігіт. Мұқашты Сартауға
болыс қылып жібере ме? Және Әбен бай болыспен, шатақтасып
жатқаны мәлім: Сартау болысын өзгертпей тұра ма?..
Мінекей көк сүркейе қалпағының астынан қара бұйра шашы мен
тышқан көзі бірдей көрініп, мұрты қырылған көк аяз ерні өтірік
жымыңдап,   жуан  партпелін   қолтықтап,   әсем   киімді   Төлегеннің
өзі де келді. Келе жатып, матүшкесінеп оны-мұны сұрап, үй-ішін
түгел шолып:
— Беликолепно, беликолепно,— деп сөйлеп кірді.
Оның   дауысы   шығысымен   Бекболат   орнынан   тұрып,   алдынан
қарсы   шықты.   Екі   бөлменің   арасындағы   табалдырықта   қарсы
жолығып,   Бекболат   сәлем   берді.   Төлеген   қолын   созса   да,
табалдырықтан   өтіп   барып   қолын   ұстап   амандасты.   Неліктен
екені   белгісіз:   «Табалдырықта   тұрып   амандасқан   кісі   араз   боп


кетеді»   деген   орыс   әйелдерінің   ырымы   сол   арада   ойына   түсе
қалып еді.
— Е, аман-есен шықтыңыз ба?.. Жақсы болды... Қызметтен қол
тимей, барып тұруға да болмады, — деп соңғы кезде көңілін сұрай
алмағанын шайып-жуды. Онысы да өзінше есебі ме, кім білсін...
Партпелін   үстелге   қойып,   ауыз   үй   жаққа   барып,   матүшкесіне
бірдеңе тапсырып, қайта келе жатып:
—   Ел   жақтан   хабар   бар.   Сіздің   ауыл   да   аман   дейді...   Біздің
отағасы да... — деп келе жатып, әнтек кідіріп: — Жақсы, көңілді
болса керек, — деді. Онысы қарындасының табылғанын естіртпек
болғаны   еді.   «Қалыңдығың   табылыпты»   деуге   өзін   қайын   аға
көріп, туралап айта алмап еді. Оны Бекболат та сезе қойды:
— Иә. Естідім. Жақсы бопты, — деді.
Төлеген   Бекболаттың   Ақбілектен   әлі   көңілі   айнымағанын   сезіп,
тәуір көріп кетті. Тәуір көргендігін немен білдірерін білмей:
— Шылым тартасыз ба?— деп, қалтасынан күміс табетерткесін
шығарып, әдемі шылымын алдына жайып қойды.
Бекболат шылым тартып машық қылмаса да алмауды қолайсыз
көріп,   екі   бармағының   ұшымен   қолы   әнтек   қалтырап,
шылымдарын   шәшіп-төгіп   бірін   алды.   Екеу-үшеуі   үстелге   түсіп
қалып еді:
—   Оқасы   жоқ,   оқасы   жоқ,—   деп   Төлеген   Бекболаттан   бұрын
жинап, сауытына сала қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет