Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет56/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Мынадай құрақ ұшып тұрған «оқымысты» қайын ағасын көрген
соң   Бекболаттың   көңілі   Ақбілекке   бұрынғыдан   да   бекіген
тәрізденді.   «Мынадай   қайын   ағасы,   анандай   қалыңдығы   бар
жігіттің не арманы бар?» дегендей, әнтек мақтаныш кірді. Бір
жағынан   өзі   қарапайым   қазақ   болғанына   «оқымысты»   қайын
ағасының   алдында   қорынайын   деді.   Әлгі   қолының   әнтек
қалтыраған себебі де сол еді.
Төлеген қоржын шалбарының қалтасынан жұпар иісі мүңкіген ақ
орамалын   алып,   олай-бұлай   аяңдап   жүріп,   мұрнын   шұқылап
сүртті.


Бекболатқа оның бұ жұмысы да «үлкен төренің» қалпы тәрізді
көрінді.   Келген   кісімен   сөйлеспей   отыруды  тағылық   деп   білетін
Төлеген күйеуімен тіл қатыспай отыруды қолайсыз көріп, аяндап
мұрнын сүртіп жүргенде; не тақырыпты сөйлеуді ойлап жүр еді.
Сыпай сөз осы болар деп:
—   Бұ   күн   бір   қонақ   шақыруға   қам   қып   жатыр   ек.   Дер   кезінде
жақсы   келдіңіз,—   деді.   Қазақтың   дәм   үстіне   келген   адамға
«Мақтап жүреді екенсіз» дейтін мәтелін айтқысы келсе де, оным
тым  қазақылық,  тым ақтарылғандық  болар,  қайын  аға  басыма,
оқыған   басыма   лайық   болмас   деп,   өзін-өзі   тоқтатты.   «Жақсы
келдіңіз»   дегенде   Бекболат   та   бірдеңе   айтқысы   келіп,   қозғала
түсіп, орынды сөз таба алмаған соң, «Ниетім түзу ғой» дегендей,
ажарланып:
— Ә! — дей салды.
— Губернеден бір азаматымыз келіп еді. Оны да шақырып едік,—
деді.   Оны   айтқаны:   бір   есептен   жақындықты   білдіру   үшін;   өз
әлемінен де хабар бергені еді, екінші губерне азаматтарымен де
әріптеспіз   дегендей,   күйеу   баласына   кішкене   қоразданбақ   еді.
Әйтеуір сөз қатайын деп, Бекболат қозғалыңқырап:
— О кім деген жігіт?— деп сұрады.
Төлеген ол келген Ақбала деген, Губрепком мүшесі екенін білдірді.
Осындай   сыпайы   сөздермен   біраз   отырған   соң,   Төлеген:   —
Тамақты білейінші,— деп ауыз үй жаққа кетті. Жалғыз отыруды
қолайсыз көріп, Бекболат та бой жазуға қораға шықты.
Қонаққа алдымен Ықаң мен Тыпаң келді. Төлеген алдынан шығып:
— А, Ықа, келіңіз, — деп қолын ұстап, орындық ұсынды.
Бекболат та қолын көкірегіне басып, сәлем беріп, қолын ұсынып
еді, Ықаң көзілдірігі арқылы сүзе қарап, қу сүйек мықыр қолымен
бостау ұстап:
— Аманбысың,— деді.
—   А,   Тыпа,   келіңіз,   —   деп   Төлеген   шотбақ   қара   кісіге   орындық
ұсынды.


Бекболат Тыпаңды тани кетті. Екі қолымды бергенім қата болды
ма   деп,   жеңін   сыбанып,   қалақтай   алақанын   Тыпаңның   жып-
жылы, жұмсақ уысына қырынан сұға қойды.
Тыпаң көзінің астымен бір қарап:
—   Аман   ба,   шырағым!—   деп   иегін   болар-болмас   қозғалтып,
Ықаңның қасынан орын алды.
Төлеген екі қонағына жайраңдап:
— Қанша айтқанмен бұрынғының кісілері қамшы салдырмайды-ау!
Жақсы келдіңіздер!— деп білезігіндегі көздей сағатына қарады.
Төлегеннің сөйлеуі-ақ мұң екен, Ықаң үлкен қылмысты боп қалған
кісіше шошып кетті, көзін бажырайтып, аузын үңірейтіп:
—   Ерте   кеп   қалдық   па?—   деп   басын   қалтаң   еткізді.   Ықаңмен
жарыса Тыпаң да:
— Белгілі қазекем баласы емеспіз бе? «Ет дегенде бет бар ма?»—
деп Ықаңа бір қарап, қарнын бүлкілдетіп күлген болды.
—   Жоқ,   ерте   емес.   Алдымен   келгендеріңізге   қуанып   айтам,   деп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет