Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет70/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

—   Уай,   шіркін-ай!   Деген   қансонар   екен!   Ай,   әттеген-ай!   —   деп
саптамасын сарт еткізді. Жолдасы:
— Не айтасың!— деді.
— Бүркітті қайырғалы қанша болды?
— Жаңада, бір-ақ жұма...
— Бұ күн шықпаған соң не керек!
— Сонар болмаушы ма ед?
— Құсты ұмытып кеткенсіңдер ғой...
Мұны   айтып   келе   жатқан   Бекболат   қой.   Хабар   кеш   тиіп,
Ақберген   ат   әкелгенше,   со   бопты.   Ертеңгі   шайдан   кейін   елге
тартқан беті еді. Дәл жүрер күні қар жауып, қансонар боп қалар
ма.
Бекболатта бір бүркіт, бір қаршыға бар-ды. Құстарын көрмегелі
ай боп қалды. «Мал, жан аман бадан» кейінгі сөзінің көбі құстары
болған.   Ақберген   құстарға   жем   іздеп,   қоян   атуға   кеткенде,
томағасы түсіп қалған бүркіт күшікке талпынып, екі шалғысын
қиратып   алған   екен.   Кешеден   бергі   «Әттеген-айдың!»   бәрі   сол
шалғының өкініші еді. Ол екі шалғыны жамап алуға да болады ғой.
Сонда   Бекболат   бүркіт   баптап   түлетіп,   қанат,   құйрығын   бір
самадай қып алдым ғой деп жүрген жылы еді. Бекболат құсына
ренжігенде, Ақберген:
— Біз өзіңді уайым қып жүрсек...— тәйірі, қолдан келетін нәрсе
ғой,— деп жұбата беретін.
Ақберген Бекболаттың жан жолдасы. Бала жасынан бірге өскен.
Қашаннан бергі қоңсысы. Жанынан екі елі қалмайтын серігі.
Ақбергенде кәрі шеше, екі сиыр, бір қатын, бір ат. Содан басқа
мал-жан жоқ. Оразасын өз үйінен ашқан, қысы, жазы үйде тұрған
жан емес. Ол әрі құсбегі, әрі мерген, әрі әнші, әрі жақсы жолдас.
Бекболаттың әкеден де, туысқаннан да артық сенетін адамы —


Ақберген.   Өйткені   ол   білмейтін   сыр   жоқ.   Балалық,   жастық,
аңшылық, жел бастық, аштық, тоқтық, ойын күлкі — екеуінің бір
тартқан тауқыметі. Бірге күйінген, бірге сүйінген.
Бес арқан бойы түпсіз құздардан Бекболат үшін Ақберген түлкінің
күшігін алған. Аяғын әнтек жазатайым салса, ажал аузын ашып
тұрған   тік   жартастың   бетімен   шыбынша   өрмелеп   барып,
бүркіттің балапандарын әкелген. Бүркіт қашқан қарлы түндерде
үш   күн,   үш   түн   дым   сызбай   тау-тас   кезіп,   үңгірге   түнеген.
Сақырлаған   сары   аяздарда   бүркітті   жауратпаймын   деп   ішкі
тонына   баласындай   бөлеген.   Әккі   түлкіге   бүркіттің   аяғын
шайнатпаймын деп өлерін білмей шауып, қия тастан ат-матымен
домалап,   бұғанасын   қиратқан.   Асау   құсты   үйретем   деп,
арпалысып, қолына әлденеше сүңгі соқтырған. Жастықтың талай
тар кезеңдерінен асқанда, үнсізде — тіл болған, жолсызда — жол
тапқан, қасқыр боп торыған мысық боп жорғалаған, ит боп ірге
тырнаған, қазық боп ат ұстаған. Мұнан артық еңбекті туған ана
болмаса кім сіңірер?
Онысына қарай Ақбергеннің аты да, асы да, киімі де Бекболаттан
болатын.   Қатын   әперуге   де   Бекболат   себеп   болған.   Бекболат
үйленіп, бөлек отау тіксе, өз алдына саба орнатса, Ақберген қара
лашығын   жанына   қондырса,   Бекболаттың   отауын   емін-еркін
билесе, — міне Ақбергеннің ендігі бір арманы.
Дүниеде дос деген болса, сондай шын дос Бекболат пен Ақберген
еді. Бұларды дос қылған екеуінің де құмарлығы, әуесі — аңшылық
еді;   екеуінің   сүйегінде   де   жалқаулық,   серілік   бар   еді;   екеуі   де
шаруаға қырбай еді; әкесі Бекболат екеуін «Екі әуейі» деуші еді.
Алайда екеуінің жаратылысы екі басқа еді.
Ақберген   Бекболаттан   гөрі   қажырлырақ,   шыдамдырақ,
айлакерлірек,   қисығырақ,   кекшілірек   еді.   Бекболат   одан   гөрі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет