Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет73/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

қымбаты,   не   асылы   құрбан   болмай   жатыр?—   деп   Бекболат
жолдасын дәлелмен жеңбек болды.
«Артының намысы» дегені болмаса, Ақберген де артық таласқан
жоқ.
Жолдасын   өзіне   серік   қып   алған   соң,   Бекболаттың   көңілі   бір
демдегендей боп:
—   Ел   не   дейді   екен?   Біздің   үйдің   іші   қалай   көреді   екен?   —   деп
сұрады.
— Ел деп енді, ел не демейді? Елдің сөзіне артық құлақ қойған да
кici   жоқ...   Жалғыз-жарым   Сайлаубай,   Аязбек...   секілді   бықсыма
күншілер айызы қанады білем... Қарындастарын алмай қойған соң,
сүйтпей   қайтушы   еді...   Ал   тілеулес   ағайынның   әзір   суық   сөзі
естілмейді...   Өз   үйлерің   болғанда,   би   (әкесі)   пәлен   түс   жарып,
ештеңе   айта   қойған   жоқ   білем.   «Ақбілек   табылыпты»   деген
хабарды  естігенде:  «Е!»  депті  де қойыпты.  Ал,  Жанболат ағаң
болса, ол енді аузы жеңіл кісі ғой: «Е, біздің Бекболат енді о қызды
алмайды, орыстың сарқытын неғысын!» деп, үйіне келген, кеткен
кісіге «перот» соғып отыратын болса керек,— деді.
— Е, о жігіт енді соға береді ғой... Елде жоқ, күндей перизатты
тауып алған неме!— деп Бекболат күлді.
Ақберген қошамет қылды.
«Өйткені ағасының алып отырған қатыны да партия тақырыпты
атастырған   бір   жетесіздеу   адамның   шажа   байтал   бейнелес
кілбиген, маймақ, кәрі қызы. Қарны шермиіп, борбайы шыт-шыт
боп,   тек   жыл   сайын   бір   баладан   қоздата   беруді   білуші   еді.   О
жеңгесін   Бекболат   пен   Ақберген   дәйім   мазақ   қып,   ашуландыра


беруші   еді.   Оны   көргенде   екеуінің   жыны   қозып   кетуші   еді.   Бұ
жолы да күлуге сол себеп болды.
Ауылға   жеткенше   екеуінің   әңгімесі   —   әйел   болды.   Әйел   деген
жарықтық   өмірі   таусылмайтын,   адамды   жалықтырмайтын
қызық   әңгіме   ғой.   Әсіресе   біздің   «Екі   әуейі»   әйелдің   әңгімесіне
жалыққан   бар   ма?   Ауыздарынан   сілекейі,   көздерінен   жасы
аққанша күлісіп мәз-мәйрам болды.
Бекболат бір жасап қалды.
* * *
Балташ кабинетіне кіріп келді.
Қызыл шұғамен кежімделген емен үстел. Сұрала тас дәуіт, қалам
сауыт, шамдал, басқыштар. Былқылдақ барқыт орындық. Тақтай
айнадай.   Үстел   шытырдай.   Оңында   —   Ленин,   солында   Сталин
суреті. Үстелде тілипон. Қолын созса електір. Бір түймені басып
шылдыр еткізсе — хатшы жетіп кеп, мойнын қылқың еткізеді.
Осы сынды кабинетіне Балташ кіріп келді.
Орындық   та,   үстел   де,   қаламдар   да   жегулі   аттай   жалаңдап:
«Отыр да өкірте бер!»— деп тұр.
Балташ cap партпелді үстелге бір алып ұрып, бетті бір сипап,
былқылдақ   орнына   алшия   келіп   отырды.   Сол   қолының   түймелі
жеңін ашты да уақытты білді. Тоғыздан қаңғып барады екен. Сол
жағындағы   қаттаулы   қағаздарды   алдына   таман   алып,   қой
қырқатын кісіше икемдей баурап, түйіліп қарай бастады. Біріне
«Анықталсын», біріне «Тексерілсін», біріне «Мәжіліске салынсын»,
енді   біріне   «қаржы   жоқ»,   тағы   біріне   «Тыңдалмасын»,
«Қайқайтылсын»   деген   тәрізді,   бұрыш-бұрышына   қиғаштап
«Резеліс»   (қарар)   қондырып,   қолды   орақтатыңқырап,   аяғына
көлденең бір тартып қап жатыр еді, есік тырс етті.
— Можно?— деді.
— Можно болса, — уфин атделдің бастығы Бірдемештеин екен.
Отыра   қалып   қағаздарын   будыратып,   қолын   сиқырларша
тулатып, сықбыртып еді, Балташ а — дегенде «мүмкін емес» деп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет