Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет68/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Өзіне қарсы кісілердің пікірін шолтитып, оңдырмай сөйлейтін, өз
пікірін   дәлелдеп,   нығайта   сөйлейтін   айтушылардың   әдеті   ғой.
Ақбала да сол жолды тұтынып, анау ағымдарды кеміте сөйледі.


—   Ал   екінші   ағым   айтады:   ондай   төңкерістен   мән   шықпайды,
онымен кедей теңелмейді дейді. Бұлардың дәлелі,— деп көп сөзбен
дәлелдерін   санап,   түсіндіріп   етті...   —   Ол   дәлелдері:   осы   күнде
байдың   малын   тала   десе,   бұзақылар   талап   кететіні,   кедейлер
байдың   малын   пайдаға   асыра   алмай,   жау   малындай,   ішіп-жеп
қоюы;   сөйтіп   жалпы   мемлекеттің   байлығы   кемуі,   сол   кездегі
дерт, жұт, ашаршылық, соғыс елдің шаруасын күйзелтуі; байды
кедей қыламыз деп жүріп, кедейді бай қылып алу қаупі, кедей оңай
олжаға қызығып, еңбекке үйренбей кетуі, елді еңбексіздікке үйрету
— сатсализім, көменезім жолына қайшылығы, кедей ақыл-ой, сана-
саңылау   жағынан   теңелмей   тұрып,   жалаң   малмен   теңеле
алмайтыны... тағы сондай көп сөздерді айтып келіп: — Кедейді
оқыту,   көзін   ашу   керек,   ұйымдастыру   керек,   әкімшілік,   сот,
кедейдің қолында болу керек; каперәтіп, әртел ашып беру керек;
кедейді отырықшы қылу керек; кәсіпке үйрету керек...— деп бір
тоқтап, сөніп қалған шылымын тұтатып алды. Содан кейін:
— Бай, кедей, тап мәселесіне  бізде  осылай негізгі  көзқарас болу
керек.   Әбен   жалғыз   емес,   Әбендер   кеп.   Олармен   біз   алысуымыз
керек;   мүмкін   ұзақ   алысармыз.   Өйткені   оларда   амал,   айла   кеп.
Олар   тесік   таба   біледі.   Олардың   агенті   үйез   түгілі,   губернелік
жерде, кіндікте жоқ емесін қайдан білеміз? Алдымен жуандардың
ықпалынан,   рушылдықтан   қазақ   азаматтары,   өздеріміз
тазаруымыз   керек.   Өзіміз   тазармасақ,   ешнәрсе   жасауға
болмайды,— деп сөзін аяқтады.
Ақбаланың   сөзі   күшті   шықты.   Күшті   шықса   да,   бұл
тыңдаушыларға   ұнамады.   Алдымен   «Тап   тартысын   ашу   керек»
деген сөзі Жорғабек пен Тыпаңа ұнамады. Өйткені бұл екеуі әлгі
кекетіп өткен үшінші ағымның адамдары еді.
«Байдың,   жер-суын,   малын   тартып   әперу   керек   емес»   дегені
Балташқа   ұнамады.   Өйткені   Балташ   шынымен   кедейшіл   жігіт
еді.   Бірақ   Балташ   айтысуды   ойласа   да,   айтыспады.   Өйткені,
манағы екі-үш рет сөз бермей, тоқтатып қойғанды да ол кек қып
отыр еді. Оның үстіне «Бірінші ағымдағы шолақ ойлы жастар»


деген сөзі де бұған жайсыз келді. Айтыса қалсам мені де «шолақ
ойлы» деп санай ма деп қауіптенді. Және өзіміз тазаруымыз керек
деген   сөзі   де   бұған   арнап   айтылған   тәрізденді.   Айтысуға   өзі
тығылып   қалған   кісі   толық   дәлелдері   де   болмады.   Өйткені
Балташтың   білімі   де   Ақбаладан   гөрі   кемірек   еді.   Бұл
жиналыстағы   білімі   тәуірлеу,   кітапты   көп   қарастырғаны
Жорғабек еді. Жорғабек қабағын түйіңкіреп алып, бірнеше сұрау
берді. Сұрауларының сарыны мынау тәрізді еді:
—   Орыстардың   жұмысшыға,   мұжыққа   тұтынған   шараларын,
жолдарын өзгертпей, қазаққа да тұтынам деп ойлайсыңдар ма?
—   Тап   жігін   ашуға,   қазақтың   қазіргі,   бұрынғы   тұрмысында
қандай қолғабыс етерлік шарттар, жағдайлар бар?
—   Тегінде   тап   тартысын   саясаттың,   өкіметтің   күшімен
жүргізуге бола ма?
— Қазақтың келешегіне қалай қарайсыңдар?
—   Мал   баққан,   егін   еккен,   өнерсіз,   білімсіз   жұртта   сатсализім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет