Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет78/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

де: «Қарағым-ай! Шырағым-ай!.. Көз жақсым-ай!.. Еркежан-ай!..
Шырайлым-ай!..»   деп   есіркеді,   аяды,   өзеуреді,   беті-қолын
жуғызып, алдына дәм қойып, «Іше ғой, жей ғой, қарағым!..»— деп,
үстіне түсіп, өліп-өшіп күтті, сыйлады. Ақбілек бәріне де нанды,
бәрі де бауырым екен, мені аяйды екен, әлі де мені жақсы көреді
екен деп ойлады. Ауыл күткен сайын, «Қарағым, шырағым!» деген
сайын   әнеугі   ауылына   таянып   келе   жатқандағы,   өзінен-өзі
именген, өзін ит тиген астай көріп жиренген, дүниенің қайғысын
бір өзінің басына орнатқан, өмірге қол серметкен қалың ой, ауыр
сезімдер бірте-бірте алыстап, үстін тот басып, ұмытылып бара
жатқандай болды. «Басыма қара тұманды бекер орнатқан екем:
жұрт маған онша өзгерген, тосырқаған, менен үріккен, жиренген
көрінбейді ғой. Мен әлі де осы ауылдың,  осы үйдің ардақты бір
баласы екем ғой...» деп өз үйіне өзі үйренгендей, бауыр басқандай
болды.
Күндерден   күн   өтті.   Үнемі   кірген-шыққан   танымал   кісі,
күңгірлеген біркелкі «Қүлхуалла», «Қүледхүлла», «Олла һүйад-хүу..»
жаттап алған «шұбар», «тұмар», есіктің алды...» дауыс қылған
сайын   Ұмсынайдың   қашанғы   өлген   Әбілдасын   жоқтауы,   өзі   кім
болса,   соған   көріскені,   қатындардың   айырғаны,   —   бәрі   де
жапырақтың сыбдыры, судың ағыны, түйенің боздағаны тәрізді,
Ақбілекті   тербетіп,   әлдилей,   қалғытып,   перде   үстіне   перде
жапқандай, қайғысын бүркей береді. Бірақ қайғы ұмытылған жоқ,
оның үстіне жаңа қайғылар жамалды.
Алғашқыдай   емес,   бата   қылушылар   сиреді.   Ет   пен   шәй   кеміді.
Онымен   бірге   ауылдың   қатындары   да   қатынауын   сиретуге
айналды.   Жалғыз-ақ   жақсы   көретін   Ұрқия   жеңгесі   жанынан


кетпейді. Бәйбіше өлгеннен кейін осы үйдің шаруасына араласқан
сол екен. Әлі де болса бас-көз болып жүр. Балалардың үсті-басын
да сол қарастырып жүр.
«Балалар»   дедік   пе?   Оларды   айтпаппыз-ау.   Ақбілектің   он   екі
жасар   Қажікен   деген   бауыры,   жеті   жасар   Сара   деген   сіңілісі
барды. Ақбілек өзінен бетер сол екеуінің жетімдігіне қабырғасы
қайысатын. Қажікен ойын баласы ғой, көбінесе балалармен ойнап
далада жүреді. Монтиған Саражан Ақбілектің жанынан екі елі
айырылмайды;   шашы   жалбырап   жабысып   отырғаны.   Сара
байғұс-ай! Әйелдер дауыс қып жатқанда, Қажікен үйге келмейді.
Сара   Ақбілектің   дауысы   шықса,   көзінің   жасын   көреді   де,   бірге
жылайды. Қажікен апасының жоқтығын артық елемепті. Сара
жүдеп   кетіпті.   Ақбілек   біраз   есін   жиған   соң,   Сараның   кірін
жуғызып, жыртылған көйлегін тепшіп, үзілген түймелерін қадап
берді;   білтеленіп   биттеп   кеткен   басын   жуып,   тарап,   оңашада
тізесіне жатқызып, битін қарап отыратын болды.
Әкесі   бұрын   да   үй-ішімен   көп   сөйлесе   бермеуші   еді,   енді   мүлде
тұнжырап   кетіпті.   Малшыларға:   «Түйе   келді   ме?..   Көк   ат
суарылды ма?.. Қой қалай шықты?.. Ана жүгенді үйге апаршы!..»
деген   тәрізді,   шаруаның   бірдеңесін   айтады;   кейде   Қажікенді
шақырып алып, атқа мінгізіп бұзау айдап келуге жібереді. Бірақ
келгелі Ақбілекке әкесі сөз қатқан жоқ. Ақбілекке, әуелі, қарамайды
да.
Бұрын көзіне көрінбесе «Ақбілек қайда жүр» деп, сұрап отырушы
еді;   «Қарағым,   ананы   нетші»   деп:   оны-мұныға   жұмсаушы   еді;
кейде   Ақбілек   еркелеп   қасына   таман   келгенде:   «Қарағым»   деп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет