Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет81/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Мамырбай   ақсақал   неліктен   баласына   салқындады   екен?   Не
ойлағаны бар екен? Әңгіменің бетін солай қарай бұрайық.
Сыртына шығармай, тоң айбатпен жүретіні болмаса, Мамырбай
ақсақал тегінде балажан кісі еді.
Кім баласын сүймейді?
«Сен туғанда Нұрайлым,
Төбел бие сойдырдым
Төрт қырлап ошақ ойдырдым...
Қара кеске бөлеттім
Ал қара кес батад» — деп,
Бала кеске бөлеттім.
Апыннан шүмек ойдырдым,
Күмістен түбек қойдырттым...
деп Би Едіге — Ер Едіге айтқандай, кім баласын үлде мен бүлдеге
орайын   демейді?   Кім   баласының   арыстандай   айбатты,
жолбарыстай   қайратты,   Аплотондай   ақылды,   Жиреншедей
нақылды   болғанын   сақалының   ағында,   өлерінің   шағында   үйде
ырыс,   түзде   epic   болғанын   тілемейді?   Мамырбай   ақсақал   да
баласының жақсы болғанын бір кісідей тілеуші еді. Тілегені емей
немене:   заманындағы   құрбы-құрдасынан   кейін   қалмасын,   өнер
үйренсін, адам болсын, жатқа жалындырмасын... деп, Төлегенін он
екі жасында қалаға оқуға беріп еді. Алты-жеті жыл оқып, міне
адам болды. «Жат жұрттық бала ғой; бізбен қанша жолдастығы
бар? Оң жақта аз күн тайраңдап, дәурен сүрсін!» деген бәйбішенің
тілін екі қылмай, Ақбілегін маңдайға шерткен жан емес еді; оның
тана-моншағына,   сән-салтанатына   дүние   аяған   жоқ   еді.
«Жыламайтын,   теңі   ғой»   деп,   бәйбіше   ұнатқан   соң,   Ақбілегін
Бекболатқа тәуелді қып еді. Ана екі баланы қойшы: әлі жас қой.
Бала   қамын   жесе   де,   ақсақал   баладан   «Қол   жалағам   жоқ»   деп
ойлаушы еді. Неге десең, оқып өзі адам болғаны не керек, қалада
жатып хат жазғаны, болмашы істен жан тартқаны не керек —


Төлеген «қақайып орыс болып кетті. Жаз бір-екі ай елде тұра ма,
тұрмай ма, он ай көзі көрмейді. Онысы да оқа емес қой, Төлеген
айттырып қойған әжептәуір қалыңдығын қоя беріп, малын босқа
шығын қылды. Оған да артық қынжылмас еді. Бірақ суық хабар
естиді: Ресей жақтан қаңғып келген, атасын, жетесін білмейтін
бір   ноғайдың   қызын   алғалы   жүр   деседі.   Мамырбай   ақсақал
«Ноғай»   десе,   аза   бойы   қаза   тұрушы   еді;   өйткені   баяғыда
Нәсірден   деген   бір   бақалшы   ноғай   Құла   атының   ақшасын   жеп
кеткен   ғой.   Ақсақалдың   Төлегенге,   әсіресе,   ренжігені:   кешегі
бәйбішеден өлідей, Ақбілектен тірідей айырылып, басына қара түн
туып,   жалғыздық   көргенде   сол   шіркіннің   бір   көрініп   кетуге
жарамағаны еді. Келмейді деген кімнің ойында бар? Ағайын да,
ауыл   да   күтті.   Қолынан   еш   нәрсе   келмесе   де,   қаран   суалып
отырған әкесін жұбатып кетсейші. О жаман туған, шіркін!
Төлегені   түз   баласы   болғаны,   көзше   тоғанақ   боп,   өзін   күтетін,
сыйлайтын қарағы — Ақбілек еді. Ажары да, мінезі де қолайына
жағушы еді. Қақ-соқпен ісі жоқ, әдеп-өркенді, салмақты боп өсіп
еді.   «Құдай   бұйрығынан»   құтыла   алмай,   атастырып   қойғаны
болмаса, Ақбілегін қолынан шығаруға қимаушы еді. Ең болмағанда
төрт-бес   жылға   дейін   бермеспін   деп,   құдасынан   мал   алуға   да
асықпаушы еді. Сөйткен Ақбілегі мұндай күйге ұшырады...
Алғашқы   кезде   ақсақал   Ақбілекті   өлгенге   санап   жүрді.   Бірақ
«Өлді»   десе   де   өлімге   іші   қимады.   Кеше   ғана   күлкісі   бұлбұлдай
сайрап, сүйріктей боп өсіп келе жатқан көзінің құрты, алданышы,
қуанышы емес пе? Бәйбішенің орны бір үңірейіп қалса, Ақбілектің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет