Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет89/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

кетпегіңізді   тілеймін.   Асығыс   жазылды.   Ғайып   етпеңіз...   Дәйю
Ақбілек» — деп жазды.
Аздан соң, Ұрқия келіп, хаты алып кетті.
Ел жатса да Ақбілек ояу, оның қиялыңда келешектегі сұлу өмір.
Өзін ұзатқан екен дейді. Басында жібек желек, кигені үлде мен
бүлде.   Жанында   Ұрқия   мен   Сара,   ауылға   таяу   жасыл   сайда
тамылжып,   сызылып   тұрғанда,   алдынан   самалдай   болып,
қызылды-жасылды   қыз-келіншектер   келеді.   Олардың   көйлегі   де,
көк шалғын да, күлкісі де судырлап, сыңғырлап кетеді. Шекесіне
тырс-тырс   еткізіп,   қатындар   шашу   шашып,   балалар   аяғының
астынан таласа-тармаса алып жатады...
Құлпырған   шайы   шымылдықты   алдынан   ұстап,   қаз-қатар   қыз-
келіншектің   қақ   ортасында   желегінен   екі   көзін   жалтыратып
Ақбілек келе жатыр. Жұрт мәре-сәре, у-шу...


Жасауын жайнатып жиып, кілем, көрпе төсеген, оюлы ақ отауға
әкеліп   кіргізеді.   Құрулы   шымылдық   ішіне   бықырлаған   қыз-
келіншектердің ортасына Ақбілек отырады. «Келінді көреміз» деп
үлкен   қатындар   келгенде,   Ақбілек   сызылып   түрегеледі.   «Ашшы
бетін!» деген бір үкім дауыс шыққанда, желегін бір қыз ашады.
Ақбілектің келбеті Ай мен Күндей. Қатындар таң қалады: «Көп
жаса!   Отыра   той,   шырағым!»   дегенде,   Ақбілек   жібек   көйлегін
судыратып, отырады...
Той   өтеді.   Ел   тарқайды.   Ақбілек   ақ   отауында...   ол   келіншек.
Басына   жаулық   салдырыпты,   сыртында   желегі.   Төсек   ағаш
алдында   ақ   саусағы   майысып,   күйеуіне   ақ   көйлек   қайып   отыр.
Жанында домбыра шертіп, Бекболат жантайып жатыр. Ақбілек
әдемі   күй   шерткенде   жаны   сүйсініп   күйеуінің   бетіне   жымия
жылы қарайды; ішінен «Жаным-ау!» дейді. Бекболат та жымиып
қолын   созады.   Ісін   қойып,   Ақбілек   шынтақтап,   күйеуіне   таман
жақындайды.   Күйеуі   мойнынан   құшақтап,   үлбіреген   аузынан,
мамық   тамағынан   тәтті   сүйеді.   Бірінің   көзіне   бірі   қарайды.
Қараса да тоймайды...
Үлкен   үйдің   самаурыны   қайнағанша,   Ақбілек   отауының   түндігі
ашылмайды.   Жібек   шымылдық   күлімдеп   күн   сәулесі   жабықтан
түскенде,   Ақбілек   тұрайын   десе   де,   күйеуі   қыпшасынан   қысып,
қытықтап, күліп жібермейді. «Болар енді, сәулем!» деп, Ақбілек
тұрып,   киініп,   жез   құман   алып,   майысып,   дөң   астына   түзге
кетеді.
Лек-лек болып жүгіріскен қозы, ойнақтаған бота, желі басында
құлын ұстаған, бие қуған бала-шаға, тезек терген, ән салған қыз-
келіншек... соларға, қарап, Ақбілек ақырын аяндап келіп отауына
кіреді.   Өзі   дәрет   алып   болған   соң,   күйеуінің   қолына   су   құйып,
шымылдықтың бауындағы кестелі орамалын әпереді...
Кешке   таман   қанжығаларына   қатарлап   қаз,   үйрек   байланып,
бедеу мініп, қаршыға ұстаған күйеулері келе жатқанда, Ақбілек ақ
отаудың жанында қарап тұрады...


Көшкенде   Ақбілек   желегін   қайырып,   беліне   қыстырып,   отауын
жығысып жүк артысады. Көш жөнеліп кеткен соң, артта қалған
өңшең   қыз-келіншек   жамылғылы   көк   жорға   мінген   Ақбілекті
орталарына   алып,   көшке   жеткенше   жарыс   салады.   Бұлар   көш
қасында топтанысып келе жатқанда, қолдарында қаршығасы, бір
топ болып, күйеулері де сыпылдатып өте шығады...
Ақбілек бала көтереді. Күйеуіне тартқан бір жақсы ұл табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет