Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет86/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

кеуіп, суалып бара жатқандай, емешесі құрыды. Неше күн шөлде
жүрген адам да мұндай шөлдемес.
Ұрқия   күйеуім   қатын   алады-ау   мені   шетке   қағады-ау   деп
қорықпайды:   Күйеуіне   сенімді   ғой.   Қайта   «Тоқал   ал!»   дегенді
зарыққан   кезде,   өзі   айтып   жүретін   ғой.   Десе   де   кім   біледі,
жасаған иіп, бойына бала бітіп қала ма деп, екеуі де дәмеленетін.
Ұрқия жатса да, тұрса да, құдайдан бала сұрайды, бақсы-балгерге
қаратқан,   қажы-молдаға   үшкірткен,   әулие   тасқа   әлем   байлап
түнеген,   құдайы   садақаны   да   талай   берген,   мойнына   бұршақ
салып тілеген. Сонда да әлі бала жоқ.
— «Еркежан, бері келші! Сен маған бала болсаң қайтеді?— деп
Ұрқия Сараны алдына алып, қысып-қысып сүйді.
— Боласың ба?— деп, Ақбілек жымиды.
Сара «Шын айтып отыр ма?» дегендей әпкесіне қарады.
— Ой, жасаған-ай! Біз де бала сүйетін күн болар ма екен!.. деп,
тағы бір уһлеп қойды.
— Басың жас, құдайдың қазынасы кең ғой. Сүйерсің.
—   Қайдан   білейін...   айтқаның   келсін-ау!..   Шырайлым-ау,   саған
жорытайыншы. Бүгін мен бір түс көрдім... түсімде біздің ауыл
көшкен екен дейім. Сені мен екеуміз көштен адасып қалған екеміз
дейім.   Бір   асудан   ассақ,   алдымыз   екі   таудың   қуысындай,   бір
құдайдың   уысындай   құлама   құз   екен   дейім.   Құздың   үстінде
қалықтап жүрген бір қара бүркіт, бір мезетте бізге таман төніп
келді   де,   сені   көтеріп   алып   кетті.   Ойбай-ай!   Өлтіреді-ау!   деп,
қайтерімді   білмей,   безектеп   тұрмын.   Бүркіттің   бауырында
көйлегің   желпілдеп,   тура   күншығысқа   қарай   кетіп   барасың.
Алыстаған сайын қара бүркіт ақ бауыр торғайдай боп көрінеді.
Бүркіт сорғалап, темен құлдилайды. Енді жейді-ау, енді жейді-ау,
— деп, тастан тасқа секіріп, жүгіріп келем... Қарасам — сен бір


ақ үрпік балапан бопсың. Бүркіт жоқ. Жартастың басында көзің
бақырайып   отырсың...   Қайдан   келгенін   білмеймін,   ар   жағынан
әнеугі өзің айтқан Іскендір дуана шыға келді... Балапанды қолына
қондырып әкеле жатыр. «Дуана-ау! Балапаныңды маған берші!»
деп едім, дуана ұстата берді. Балапанды бір қолтығыма қысып
келе жатырмын... көзіне қараймын... аумаған сенің көзің... Балапан
дегенім сен екенсің... таң-тамашамын... Шырайлым-ау! Бұ қалай
түс? Сен жорышы!
— Ойпырым-ай! Тамаша түс екен!.. Мен қалай жориын?... Құдай-
ай! Мен тағы бірдеңеге ұшырайтын болармын ба? — деп, Ақбілек
көзі бажырая қалды.
Олай жорыды, бұлай жорыды, екеуі де жори алмады, қорықты.
Ақырында «түс — түлкінің боғы да» десіп, бірін-бірі жұбатты.
Сара   байғазы   сұрай   ауыл   қыдырып   кетті.   Ақбілек   пен   Ұрқия
шәугім алып, түзге жөнелді.
Күнгейдің   қырбық   қары   кебірленіп   өкшеге   жабысады.   Жел-кем.
Қоңыр салқын. Ақ киімді алып таулар ауылдың үстіне төніп тұр.
Ақ   шымылдықтың   бетіндегі   қара   шыбындай   анау   беткейде   қой
жайылып жатыр. Тау басындағы бүркіттей боп қойшы көрінеді.
Сырттағы терең сайда аттардың жоны қылтылдайды. Бауырдан
артына таяғын көлденең ұстап, талтаңдап біреу келеді.
Ұрқия мен Ақбілек шапандарын бүркеніп, күнгей жақ төмпейден
асып барады.
—...Сондағы   басбағып   келгені   осы   төмпей   ғой!   —   деді   Ақбілек
төмпейге шыға беріп.
— Осы төмпей,— деді Ұрқия жан-жағына қарап.
— Оқтың қиюындай, ей жасаған-ай, деймін-ау, тап со күні сап ете
түсуі қалай!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет