Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет88/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

— Қолыңда ма? Құрт.
— Жоқ.
— Қант.
— Жоқ.
— Күміс.
— Жоқ.
— Енді не? Түрі қандай?
— Ақ.
— Ақ... Ақ... жұмсақ па, қатты ма?
— Онысын айтпаймын... Әйтеуір өзі тәтті нәрсе.
— Өзі — ақ, өзі — тәтті. Қант — тағы.
— Қант емес, бірақ не керек нәрсе.
— О немене, жеңеше?
— Бұл сондай қымбат нәрсе. Өмірдің бір қызығы осында.
—   Ойпырым-ай!   Бұ   немене   екен?!   Мүдуар   қылмай,   айтшы,
жеңеше!


— Әуелі сенің бағың осында...
— Ой, алақай-ай! Хат екен ғой!
— Таптың, таптың... бермейін деп ем,— деп Ұрқия қалжыңдап,
тұмарша бүктелген кішкене қағазды алақанына басты.
Манадан   бері   шам   жақпай,   енжарланып   жатқан   Ақбілек   дереу
атып   тұрып,   шам   жағып,   жерге   қойды   да,   қағазды   жеп
қоятындай қадала қалды.
Хаттағы сөз мынау:
«Ғиззетлу уә қурметлу, газиздан көргуші магшщым Ақбілек жанға
кәптен-кәп езгу саламларымызны ырсал айладік. Бағдында бізден
хал-ахуал   сурасаңыз,   алқамдылелла,   саг-саламат   деп   білерсіз.
Қайын   ағамыз   Төлегеннің   ярдемі   арқасында,   жарақатымыз
жазылды. Бұл күнде атқа мініп, құс салуға да жарадық.
О   бағыдында   сіз   ол   тарапта   кәпірнің   қолынан   аман-есен   қалас
болғаныңызды естіп шадуә қарам болып, аллаға шүкірана еттік.
Тағдырда язмыш илан дарылпанадан, дарылбақия рақылап еткен
шапағатлы анамызның иманы саламат болгай еді. Қазаға ыразы,
бәлеге сабыр етіңіз.
Үшбу Ақберген иолдашымны сізге көңіл айтып, аманлық, білу ушін
жіберіп отырмын. һар нешік болсын, біздің көңілімде бөтен ниет
жоқ. Сіз де көңіліңізге бөтен нәрсе алмағаныңызды тілеймін. Аз
күнгі қайғы жапаға сабырлық қылыңыз. Не нәрсе болса, қайырын
тілейік. Онда сізлер, мұнда бізлер аман болғай едік.
Дәйю қалам тебреткуші бірадарыңыз Бекболат деп білерсіз».
Бұл хатты анау-мынау әйел оқыса, қуанғаннан секіріп түсер еді.
Ақбілек мырс етіп күліп жіберді:
—   Жеңешетай-ай!   Жақсы   болды   ғой!—   деп   хатты   қалтасына
салуға қимай, қайта-қайта ашып, айналдырып көре берді.
— Айтқам жоқ па?
— Ақберген қайда?
— Біздікінде отыр.
— Маған жолықпай ма?— деді де: — Жоқ, жоқ, болмайды екен,—
деп, өзін-өзі тоқтатты. Ақберген біртүрлі жылы көрініп кетті,


өйткені ол жарынан хат әкелді ғой. Көргісі келсе де, басы қаралы
екенін, жолығу жеңілдік болатынын ойлады: — Енді қайтеміз?—
деді.
— Қайтесің? Сен де хат жаз.
— Не деп жазам?
— Өзің білесің. Көңіліндегі сөзіңді сен де жаз, ұяласың ба?
— Апырмай! Енді не деп жазам?
— Таңертең ерте жүреді. Қазір дайындап қой. Мен бір айналып
келем,— деп Ұрқия кетіп қалды.
Ақбілек қол сандығынан кесте сызатын қызыл қарындашы мен бір
парақ   қағаз   алып,   «Қыз   Жібекті»   астына   салып,   етпетінен
жатып, қарындашын жалап қояды.
«Ғазиз   көргушіні»,   «Бағдында   хал-ахуал   сұрасаңызды»   бұ   да
жазды. Содан кейін аузына сөз түспейді. Сөз самсап-ақ тұр, бірақ
қайсысын жазарын білмеді. Біресе бәрін айтқысы, көп жазғысы
келеді;   біресе   әдепті   ойлайды.   Қанша   жазса   да,   ойдағының
мыңнан бірін жеткізе алар емес. Қарындашты жалай түсіп, біреу
келіп қала ма деп, сасқалақтап отырып:
«Бізде де бөтен ниет жоқ. Үшбухатты алғаннан кейін бір келіп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет