Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет95/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

жез   шылапшын.   Төрдегі   көлденең   сырықта   қызыл   ала   тек
жайнамаз,   екі   сүлгі.   Осы   секілді   үш   қонақ   үйдің   ортадағысына
Мамырбай ақсақал келіп отырды. Оң жақтағы үйде қонақтары
бар екен: күбірлеген дауыс естіледі.
Қас   қарайған   кез   еді:   даяршы   жігіт   жетілік   лампыны   жағып,
қайыңның безінен нақыстап істеген үш сирақты күрсіге орнатып,
ортаға қойды. Біраздан кейін даяршы кіріп:
— Бай келе жатыр,— деді.
Ақсақал   өңірін   жиып,   қобдиланып,   тамағын   кенеп,   ұлық   келе
жатқандай   шалқайыңқырап,   сіресіп   қалды.   Бай   келді.   Ақсақал
ұшып   түрегеліп,   қол   қусырып   сәлем   берді.   Бай   даусын   әрең
шығарып әлік алды.
«Жарықтық» әлі қартайған жоқ екен. Без белді қара бүркіттей,
айыр   сақал,   қылыш   мұрт,   қабақты,   қасты,   мұрынды,   айбынды,
арғымақ, ақсары кісі; келбеті бұрынғының батырындай. Байдың
қасында   Мамырбай   ақсақал   емес,   қарын   тұғыршық   тәрізденіп
кетті.   Бай   түрегеп   тұрып   даяршыға   аятын   ұсынды.   Даяршы
мысықша   жып   етіп,   етігін   еппен   суырып,   тері   шалбарының
құрысқан балағын жазды. Мамырбай ақсақал екі қолын ұсынғанда,
бай   бір-ақ   қолын   берді   де,   тіп-тік   болып,   қара   ешкі   терісі
бөстегіне келіп отырды.
— Шаруалар амандық па? — деп келте ғана амандасты. Ақсақал
байдың күйі-жайын, ауыл-аймағын да қазып, амандық сұрағанда,
бай:
— Аман,— деп бір-ақ peт жауап берді. Аз тым-тырыстан кейін:
— Сапар оңғарылсын!— деді.
— Әлей болсын! — деп ақсақал қаутаңдады.
—   Ана   үйдегі   кісілерді   мұнда   келтірші!—   деп,   бай   даяршыны
жұмсады.


Деуі-ақ мұң екен — төрт-бес кісі жетіп келді. Бай:
—   Сіз   берірек...—   деген   сөзінен   ақсақал   қадірлі   қонақ   өзі   екенін
сезіп, мардамсып қалды.
О   келген   қонақтардың   ішіндегі   сорпаға   шығары:   Иманбай   би,
Әлдекей, Мүсірәлі екен: қалған екеуі солардың жолдасы. Бұлар сол
ретімен ақсақалға таяу жерден орын алды.
Қонақтар   амандасып,   жайланған   кезде   үлкен   көк   дастарқан
жайылып, бауырсақ шөмеле боп төгіліп, ақ тарелкамен екі жерден
сары   май   қойылып,   сары   бие   самаурын   күжілдеп   үйге   кірді.
Самаурынның   екі   жағындағы   екі   епті   даяршы   қара   ботносқа
қызыл кәрлен шыны-аяқтарды қатарлап тізіп шәй құюға кірісті.
Шәй құюы да тәртіп: бірде-бірінің аяғын ауыстырмайды, ілгерілі-
кейінді   құймайды,   ернеуінен   асырмайды,   бірін-біріне
соғыстырмайды,   әккі   дүкеншілердей   қолы-қолына   жұқпайды.
Төрдегілердің   шәйі   күрең,   қаймағы   кесек   боп   құйылады:
Мүсірәліден   төмен   кеткен   соң,   шәйі   көгілдірленіп,   ар   жағынан
Семей көріне бастайды. Май да, бауырсақ ұйтқысы да ақсақалдың
алдында,   төменгі   жаққа   шашырандысы   барып   жатыр.   Біздің
Ұлтарақтар шетке шыққан бауырсақты қасқырша қақши берген
соң, бай:
— Ана жаққа бауырсақ жіберші,— деді.
Мамырбай   ақсақал:   «Бауырсақты   үркітіп   отырған   сен   бе?»
дегендей   жолдасына   зілді   көзімен   бір   қарап   қойды.   Бытырап
жайылған тоқтыларға содан кейін азырақ құт қонайын деді.
Шәй үстінде пәлендей сөз бола қойған жоқ. Ақсақал сегіз бүктеулі
орамалын суырып, мандайын сипай түсіп отырғанда, бай шыны-
аяғын төңкерді. Кейін қалса, айып төлейтіннен жаман өзгелері де
төңкере бастады.
Шәй жиылды. Байдың малдасын құрып отырғанын көріп, бір адам


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет