Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет97/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

соң кетіп қалды» депті. Жақсы хан аттанған соң: «Мені не деп
кетті?»   деп,   жаман   хан   уәзірінен   сұрағанда,   уәзір   манағы
жауабын айтып: сізді мақтап кетті депті. Сонда жаман хан: —
«Уай әттеген-ай! Шыжымды ерте тартпағанда, одан да дәмді
сөздерім бар еді»— деген екен.
Сол тәрізді бұ кісінің шыжым тартып отыратын — бәйбішесі
еді. Қозыкенің сөзінде парық жоқ,— деген соң, Тәнті мырза мырс
етіп, жұрт та күліп, қошемет қып, тамақ жеуге кіріскен екен.
Біздің Мүсірәлі де жаман хан секілді өзінен қатыны тәуір адам,—
дегенде жұрт тағы күлісті.
Манағы манағы ма, Мүсірәлі одан жаман қызарақтап, дабырлап:
— Сен бір надансың!..— деп келе жатыр еді. Әлдекей тағы бір
мысал сөйледі.
— Әкімбек мырзаныкіне Алшымбайдың Ісләмбегі келіп отыр екен.
Жәнәбіл   қожа,   осы   Әсекеңдер   де   бар   екен.   Бір   сөздің   кезегінен


Ісләмбек   Жәнәбілдің   қожалығына   тиіп   сөйлесе   керек.   Сонда
Жәнәбіл отырып:
«Имам   Ғалламай   Таптазани   мен   Қожайы   Баһауидден   бір
мәжілісте отырса, біреу «Я зүлжалал!» депті. Таптазани ғалым
кісі екен: «Зүлжалал» емес, залжалал деген дұрыс» десе, Қожайы
Баһауидден; «Зүлжалал» дұрыс деп жатып таласады. Баһауидден
қызып кетеді: «Ендеше лауқыл мақпүздың өзінен қарайық»— дейді.
Қараса   —   «Зүлжалал»   екен.   Сонда   Таптазани   назаланып:   «Ей,
тәңірі!   Залжалал   еді   ғой!   Мынау   үтірді   сызып   тастайын   ба?»
дегенде,   Құдай   тағала:   —   Сенікі   де   рас,   «залжалал»   еді,   бірақ
мына   Баһауидден   кереметті   құлым   еді:   осыны   ұялтпайын   деп,
«зүлжалал» қып, түзетіп қойып едім,— деген екен,— депті.
— Құдай өтірік айта ма? — деп, Ісләмбек Жәнәбілді ұялтыпты.
Жәнәбіл Ісләмбекті тоқтатқалы: «Қаз дауысты Қазыбек өлгенде,
Бегі   мысық   әулие   өлікті   асасымен   үш   салып,   төртінші   сала
бергенде: «Жындымысың?» деп, біреу қолынан ұстай алған екен.
Сонда Бергі мысық әулие: «Әй, қолымды бекер ұстадың-ау! Енді
бақ-дәулет   үш   атасына   шейін-ақ   барар»   деген   екен,   —   деді.
Ісләмбек   Қазыкеме   үш   атадан   соң   келеді   екен:   сөзден
жығылыпты.
— Бұл Мүсірәлі, рас, Таптазани сияқты ғалым адам. Одан бұдан
жинастырған   сөз   болмаса,   бізде   мұныкіндей   ілім   жоқ,—   деп
Әлдекей «Надансың» дегенге тағы оңдырмай кекетті. Жұрт тағы
қарық болысты.
«Жақсылардың» бұл қаңқулап отырған Мүсірәлісі, құдасы келінін
бермейтін болған соң, байдан жәрдем сұрай кеп отырған кісі еді.
Партияда   бес   түндікті   артынан   ерте   алмайтын,   ағайынға
сүйкімсіз, мал жанды, қарау адам еді.
Мүсірәлінің иін қандырған соң, қызыңқыраған бай бір жігітке ым
қағып,   домбыра   алдырды.   Жындықара   деген   жігіті   қазақ   пен
сарттың   айтысқанын   айтып,   қонақтарды   күлдірді.   Өлеңнен
жалыққан   кезде,   байдың   бір   ым   қағуымен   Жындықара   ұртын
қушитып, ернін шүртитіп, екі қолын артына жіберіп,  шапанын


көтеріп   қанат   қып,   еңбектеп,   секектеп,   бүркіт   болып,   төменгі
жақтағыларға төніп, екі аяғының арасынан насыбайын саңғыды.
Оның қызығы басыла бергенде, Жындықара кетіп қап, белдемше
байлап,   басын   ақ   орамалмен   тартып,   буаз   матүшке   болды...
Матүшке   былдырлап,   орысшылап,   әрқайсысына   бір   шарылдап,
артымен еңкейе беріп, бұтының арасындағы қуыққа құйған суын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет