Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет96/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

аяғын   көсілген   жоқ.   Әлдекей   өзіне-өзі   келіп,   қара   шақшасын
суырды.   Бай   ым   қақты.   Топырақ   салған,   қалақшалы   кішкене
шылапшын   Әлдекейдің   алдына   жетіп   келді.   Сондай   бір
шылапшынды   өз   алдына   қойып,   түкіріп   отырды.   Оны   көрген


Ұлтарақтар қалай болса солай былш еткізуді доғарып, қақырғысы
келсе, тысқа шығатын болды.
Әлдекей қаз мойынды баяғы қағысына салды. Мүсірәлі құс көрген
қаршығаша   қобдиланып,   алақанын   жайып   еді.   Әлдекей   бетіне
ажырая   қарап,   басын   шайқап,   шақшасын   тұтамдап   отырып
алды. Алақаны жаюлы қалған соң, Мүсірәлі ұялыңқырап:
— Кішкене, кішкене...— деді.
— Өзіңдікін атсайшы,— деп Әлдекей қырын қаранды.
— Әкел бері,— деп, Мүсірәлі омыраулап, тізеден тартты.
— Болмайды,— деп Әлдекей оны елең қылмай, жәйімен түкіріне
берді.
Со кезде бай жымиып, Әлдекейге қарап:
— Мүсірәлі саған неге жабыса береді? — деуі-ақ мұң екен, Әлдекей
қоқайланып:
— Білмеймін осы иттің маған не ғып үйір боп жүргені!— деп, бір
жымиып алды.
Мүсірәлі Әлдекеймен құрдас еді; әзілге доғал болған соң, Әлдекей
оның   иығынан   түспеуші   еді.   Бай   сонысын   біліп,   әлгі   ишарасы:
«Тағы   бір   қолға   ал!»   дегені   еді,   байдың   мұнысын   сезген   соң,
Әлдекей ұзын кеңірдегін созып:
— Баяғыда осы Мүсірәлі Шаян ноғайдың бақалын қыдыртып жүр
еді...—   деген   кезде-ақ,   отырған   жұрт   жымыңдап,   күлуге
ыңғайлана бастады,— бұл онда Бөкетпен құда ғой, Бөкет бір тілді
адам   еді.   Сонда   Мүсірәлі   қалмақшы   Исабаймен   оңаша   сөйлесе
беріпті.   «Құдаңыз   сізді   керек   қылмай   кетті-ау»   деп   жұрт
Бөкетке, қалжыңдаса керек. Сонда насыбайын атып болып, Бөкет
айтқан   екен:   «Батыр   мен   батыр   —   маңайласқан   жауда   бас
қосады:   шешен   мен   шешен   —   таңдайласқан   дауда   бас   қосады;
молда   мен   молда   жайнамазда   бас   қосады;   ит   пен   ит   —   жер
ошақта   бас   қосады.   Анау   қалмақшының   иті,   мынау   қасқыр
тымақтың иті. Екі иттің бас қосқан жері осы болды ғой»— деген
екен...
Жұрт ду күлді. Мүсірәлі қызарақтап:


— Уа, шіркін-ай, уа шіркін-ай!.. Қашан сүй деп... Өзің кім едің?..—
деп келе жатқанда, Әлдекей тағы киіп әкетті:
—  Тәнті  мырзаның   аузынан   жалыны   шығып   тұрған  кезі.   Біздің
Сәрсекеңе қырындап жүрсе керек. Қозыкеге келіп түсіпті. Қозыке:
Сәрсекең алдына жай, Сәрсекең алдына жай!— дей берсе керек.
Сонда   Тәнті   мырза   дастарқанды   серпіп   жіберіпті.   Жұрт
аңтарылып отырып қапты. Омарәлі ділмар адам екен: сөзді со кісі
бастапты:
«Ертеде   бір   жақсы   хан   жаман   хандікіне   қонаққа   келген   екен.
Жаман   хан   салған   жерден:   «Е,   хан,   еліңіздің   қатыны   буаз   ба?
Малы   жуан   тыша   ма?»—   деп   келе   жатқанда,   ана   бөлмеде
отырған   қатыны   шыжымды   тартып   қалыпты.   Жаман   хан
борбайын   ұстай-мұстай   тұра   жөнеліпті.   Жаман   ханның
данышпан уәзірі бар екен. Жақсы хан уәзірден: «Ханың неге кетіп
қалды?   Қатыны   буаз   ба?   Малы   жуан   тыша   ма?—   дегені   қай
сөзі?»   деп сұрайды.  Сонда уәзір   отырып:  «Қатыны буаз  ба?  —
дегені   —   еліңіздің   өсімі   қалай   дегені   еді.   Малы   жуан   тыша   ма
дегені — шаруасы берекелі ме дегені еді; сіз сол сөзіне түсінбеген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет