Микркезз алматы


  Қазакстанда  жаңа  әкімшілік-аумақтық  басқару



Pdf көрінісі
бет16/24
Дата02.01.2017
өлшемі22,67 Mb.
#1002
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

1.  Қазакстанда  жаңа  әкімшілік-аумақтық  басқару 
жүйесінің  ендірілуі және  оған  қазақтардың 
қарсылығы
Қазақстандағы  1867— 1868  жылдардағы  реформа  —   патшалық 
Ресейдің  отаршылдық  саясатының  маңызды  бөлігінің  бірі  болып 
табылады.  Өйтқені,  ол  эқімшілік  құрылыс,  жер  қатынастары,  сот 
құрылысы, халыққа білім беру, дін мэселесі сияқты қазақ қоғамының 
шешуші  салаларының бэрін қамтыған болатын.
Қазақстанға  эқімшіліқ  басқару  жүйесін  енғізудегі  патша 
үкіметінің  алдына  койған  басты  мақсаты  аймақтағы  отаршылдық 
саясатын  күшейту  болды.  Осыған  орай,  1867  жылы  11  шілдеде 
патша  жарлығымен  империя  қүрамында  Түркістан  генерал- 
губернаторлығы  қүрылса,  ал  1868  жылы  Орынбор  жэне  Батыс 
Сібір  генерал-губернаторлықтары  қүрылды.  Реформаның  ең  басты 
жэне  негізгі міндеті —  «қазак даласын  Ресейдің басқа бөліктерімен 
бірте-бірте  косып  жіберу»  үшін  Ресейге  бағынышты  халықтарды 
бір  басқару  жүйесінің  қүрамына  біріктіру.  Сейтіп,  жергілікті 
ақсүйектерді  биліктен  ысырып  тастап,  ру  басшыларын  элсіретіп, 
ойға  алған  іс-шараларды  оңтайлы  жолмен  оңай  эрі  тез  жүзеге 
асырып  отыру.  Жалпы  алғанда,  реформалар  патшалық  үкіметтің 
қазак  даласының  жергіліқті  түрғындарын  жэне  аймақтық  табиғат 
байлықтарын  еркін  пайдалану  үшін  орыс  капиталына  анағүрлым 
тиімді  жағдай  қалыптастыру әрекетінен туған  еді.
Экономикалык  шаралар  негізінде  қазақтардың  қыстауы  мен 
жайлаулык  жерлерін  мемлекет  меншігіне  кесіп,  казак  эскери  бө-
165

лімдері  мен  орыс  шаруаларын  орналастыру  үшін  «артық»  жер 
мөлшерін  анықтау  ісіне  экспедициялар  жабдықталды.  М ұның  өзі 
қазақ  жерін  пайдалануынан  алып,  барша  қазақтың  жерін  Ресейдің 
мемлекеттік  меншігі деп  жария  ету  арқылы  Қазақстанның империя 
отарына  айналғандығын  дүниеге  паш  ету болды.  Патша  үкіметінің 
1886  жылғы  Түркістан  туралы  ережесі  жэне  1891  жылғы  Далалык 
облыстарды  басқару  туралы  Ережесі  сол  орыс  билігін  одан  ары 
нығайтып,  қазақ даласындағы  отарлық езгі  мен  қанаудың  күшеюін 
тереңдете түсті.
1867— 1868  жж.  реформа  арқылы  патша  өкіметі  казақ  дала- 
сын  толық  отарлауға  тырысты.  Сондықтан  да  Қазақстан  аумағы 
облыстарға болініп, ал облыстар экімшілік орталықтарына, қазақ да- 
ласымен байланыссыз жататын эртүрлі генерал-губернаторлықтарға 
бөлшектенеді.  Мысалы,  Торғай  мен  Орал  облыстары  —   Орынбор; 
Ақмола  жэне  Семей  облыстары  —   Батыс  Сібір;  Жетісу  мен  Сырда-
рия  —   Түркістан  генера^і-губернаторлықтарының  құрамына  кірді. 
Бүрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы уақытша Торғай облыстық 
басқармасына  бағынышты  болып  қалғанымен,  ол үзақка созылмай, 
1872  жылдан  бастап Астрахань  губерниясының қүрамына кірді.  Ал 
Маңғыстау түбегінің  аумағы  1870  ж.  қазақтардың  көтерілісіне  бай- 
ланысты Кавказ эскери округінің билігіне өтті. Бүлай бөлшектеулер 
мен  басқаруға  өзгерістердің  енуінің  өзіндік  себептері  болды.  Бүл 
туралы  профессор  Б.  Сүлейменов:  «Патшалық  үкіметтің  ойынша, 
Қазақстан жерін түрлі генерал-губернаторлықтар мен эскери округ- 
терге  бөлшектеу,  қазақ  халқының үлтты қ  бірлігінің  қалыптасу  жо- 
лына кедергі болып, қазақ халқын отарлық езгіде үстауды жеңілдетуі
тиіс  еді» —  деиді.
1867— 1868  жж.  реформалардағы  басты  бағыттардың  бірі 
Қазақстанда  күшті  эскери-бюрократиялық  аппарат  қүру  болды.  Ол 
аппарат эртүрлі жеңілдіктерге:  анағүрлым жоғары еңбекақы, екі есе 
төлем,  қызметтен  босаған  кездегі  жоғары  зейнетақыға  қызығатын 
чиновниктерден  қүралды.  Зерттеуші  ғалым  К.А.  Ж иреншин  өз 
еңбегінде;  «Отаршылық 
экімшілік  аппараты  қазақ  даласының 
жағдайынан  бейхабар,  білімі  таяз  адамдардан,  ең  бастысы,  өз 
қызметін  өміріндегі  өтпелі  кезең  деп  санап,  сол  уақыт  ішінде  тез 
ауқаттанып  алуды  көздеген  офицерлерден  жасақталған  болатын. 
Генерал-губернаторлықтардың  басты  басқару  аппаратын  генерал- 
губернатор,  оның  кеңсесі  жэне  тапсырма  орындаушы  чиновник- 
тер  қүрды.  Генерал-губернаторлар  эскери  жэне  азаматтық  билікті 
толығымен  өз  қолдарына  жүмылдырды,  сонымен  қатар  қазақ
166

даласындағы  экімшілік  құрылысының  принципі  —   жаңа  отаршы- 
лық  реформа  бойынша  билікті  толыгымен  эскери  ведомствоның 
қолына  беру  болды»  —   деп,  патшалық  үкіметтің  құйтырқы  сая- 
сатының табиғатын айқын да ашық көрсетіп  береді.
Бұл  тұстағы  генерал-губернаторлардың  билік  шараларын  іске 
асыратын  басқару  жүйесі  мынадай  үш  белікке  белінді;  облыстық 
басқармалар,  уездік  басқармалар  және  жергілікті  басқармалар. 
Облыстық  әкімшіліктің  басқарма  басшылығында  әскери  жэне 
азаматтық  билік  ететін  эскери-губернатор  түрды.  1868  ж.  Ереженің 
22—23-бабында  дала  облыстарының  эскери-губернаторлары  об- 
лыстардағы  эскери  қолбасшыларға  теңестірілетіні  көрсетілген 
және  де  олар  өз  облыстарының  аумағындағы  орналасқан  казак 
эскерлерінің тағайындалған  атамандары  болып  саналатын.
Облыстар  өз  кезегінде  уездерге  бөлінді.  Уездік  басқарманың 
басшылығына  орыс  чиновниктерінің  ішінен  облыстық  эскери- 
губернатордың  үсынысы  бойынша  генерал-губернатор  бекітетін 
уезд  бастығы  тағайындалды.  Жаңа  экімшілік  жүйе  бойынша 
уездегі  барлық  билік  жүйесі  толығымен  уезд  бастығының  қолына 
шоғырландырылды.  Ереженің  42— 65  баптары  бойынша,  уезд 
бастықтарына  мынадай  міндеттер  жүктелді;  жергілікті  басқару 
орындарына  жүктелген  міндеттердің  орындалуын  кадағалау,  уез- 
де  тыныштык  пен  тэртіпті  сақтау,  алым-салықтың  жиналуын 
бакылау  жэне  халықтың  денсаулығын  сактау.  Уезде  орналасқан 
эскери  бөлімшелер,  мекемелер  мен  бекіністер  уезд  бастықтарына
бағынышты болды.
1867— 1868  жж.  реформа  ел  мен  жерді  баскарудағы  патшалық
үкіметтің  алғашқы  буыны  болып табылатын  жергілікті  баскармаға 
көңіл бөлді- Әрбір уезд болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді. 
Е.Г.Федоров «Қазақстан —  патша үкіметінің отары» атты еңбегінде: 
«Патшалык казақ тұрғындарының орталыктарын эдейі бөлшектеді, 
барлық басқару жүйесін бөлшектеу арқылы қазақ халқының мэдени 
дамуын  тежеп,  халыкты  қараңғылықта  ұстауды  көздеді», 
деп
керсетеді.
Уездер  аумактык белгі  бойынша бір болысқа  1000—2000  киіз үй 
жэне бір ауылға  100-ден 200-ге киіз үй  кіретіндей болып  есептелген 
болыстар  мен  ауылдарға  бөлінді.  Болыстар  шаруашылық  жагынан 
біріккен  ауылдардан  тұрды.  Осыған  байланысты  жана  жағдайда 
казактардың  рулық  қатынастар  бойынша  тарихи  белінуі  заңды 
түрде  жойылды.  Ру  басында  ақсақал  тұрғанда,  оның  сөзі  мен  ісі
билік күшке ие жағдайында патша үкіметінің далатыныштығы үшін
167

қоркуы  заңды  нэрсе  болатын.  Граф  Паленнің  Түркістан  аймағын 
тексеру женінде есеп  беруінде:  «Бұл  шараны  іске асырудағы  максат 
рулардың  үлкен  аймақта  бір  қалыпты  орналаспауы  экімшілік 
басқару  жүйесіне  кедергі  туғызды  жэне  көптеген  біріккен  ру  ба- 
сында  ру  ақсақалдары  түрған  жағдайда  дала  тыны ш тығын  үстап 
түруда көп қиындықтар туғызуы мүмкін  еді»,—  деп  ондай  биліктің 
күштілік  себебін  тап  басып  жазуы  осының  айғағы.  Елге  сүйенген 
ру  басы  кей  жағдайда  экімшілік  талаптарды  орындамауы  да  эбден 
мүмкін екені шындық.
1867 
ж.  Ереженің  85-бабына  сэйкес  болыстардың  басында 
қазақтардан  сайланған  болыс  басқарушылары,  ал  ауылдардың  ба- 
сында старш иналарболды. Е реж еде«болы сты қж энеауы лды қстар-
шиналарды халы қ сайлайды» деп нақты керсетілген. Бір қарағанда 
сайлау  демократиялық  негізде  жолға  қойылған  болып  керінуі 
мүмкін, бірақ іс жүзінде патша үкіметі сайлауды өз мақсатына орай 
жүргізіп  отырды.  Сайланған  болыс  басқарушыларын —  облыстық 
эскери  губернаторы,  ал  ауылды қ  старшиналарды  уезд  бастығы 
бекітетін 
еді.  Отаршылар  экімш ілігі  үсынылған  кандидаттар 
кеңіл інен ш ықпаса бекітпей тастап, жаңа сайлау бел гі леуі де м үмкін 
болатын.  Болыс  басқарушыларын  сайлауға —  уезд бастықтары, ал 
ауы лды қ старшиналарды сайлауға болыс басқарушылары міндетті 
түрде  қатысатын.  Болыс  басқарушылары  тікелей  уезд  бастығына 
бағыныш ты  болды  жэне  оның  барлық  бүйрықтарын  орындауға 
міндетті еді, ал ауыл старшиналары болыс басқарушысына тікелей
бағыныш ты  бола  отырып,  болыс  басқарушысына  жүктелетіндей 
міндеттерді  орындады.
Реформаларды  жүзеге  асыруда  патша  үкіметі  саяси-экономи-
калық  іс-шараларымен  қатар  елкені  мэдени  жэне  рухани  жағынан
да  отарлауға  басты  назар  аударған  болатын.  Х алық  ағарту  ісі
патшалықтың  сыртқы  саясатының  үлкен  де  маңызды  саласы  бо-
лып  табылатын.  Бүл  сала  патша  үкіметі  отарлау  саясатының
өзекті  қүралы  десе  де  болады.  Бүл  саясат  Ресейдің  қарамағындағы
үлттарды  біртіндеп  христиан дініне  кіргізу арқылы  орыстандырып,
сөйтіп империяны ңтүтасты ғы н арттыруға арналған еді. Осыған сай,
1867— 68  жж.  реформада  халық  ағарту  ісінде  жүргізілетін  шаралар
жан-жақты  қарастырылды.  Онда;  «Дала  түрғындарына  бастапқы
білім  беру  үшін  алғашқы  кезде  уездік  басқарма  орналасқан  жердің
бэрінде  үлт  айырмашылығына  қарамастан  ортақ  мектеп  ашу  ке-
рек»,—  деп  көрсетілді.  Осыны  негізге  ала  отырып  мектептер,  гим- 
назиялар ашылды.
168

1868 
жылғы  Ереженің  251-бабында  діни  істер  Орынбор  муф- 
тиінің  қарауынан  алынып,  азаматтық  баскарманың  қарамагына 
берілді.  Молдалар  сайланатын  болды.  Оларды  бекіту  тұтқасы  орыс 
экімшілігінің  қолына  тиді.  Бастауыш  мектептерде  мұсылман  дінін 
уағыздаушылардың  қыэметі  шектелді.  Әкімшілік  казақ  мектебіне 
сабақ беретін ұстаздардан  орыс тілін білуді талап етті.
Елде  орын  алып  жатқан  аумақтық-экімшілік  үрдістер  Қазақ-
станның  элеуметтік-экономикалық  дамуына  аитарлықтаи  өзге- 
рістер  экеліп,  отарлык  саясаттың  жаңа  салық  жүйесін  енгізді. 
Қазақстанда  отырықшылық  пен  жер  шаруашылығының  көлемінің 
ұлғайғандығына  қарамастан  салық  төлеушілердің  басым  бөлігін 
көшпенділер  құрады.  Мәселен,  1880  жылы  90,5  %  құраса,  1897 
жылы  82,0 %-ға жетті.
1867— 1868  жылдардағы  әкімшілік  реформалар  қазақтардың 
жаңа көтерілісін туғызды.  XIX ғасырдың 60- жылдарының алғашқы 
жартысында Қазақстанда,  эсіресе  Кіші  жүзде отаргшылдықка қарсы 
жаппай  халық  наразылықтары  өріс  алды.  Көшпелі  халықтың  ашу- 
ызасын  туғызған  патша  үкіметінің  салық  саясатының  күшеюі  бол- 
ды.  Оның  үстіне  қатардағы  көшпенділер  мен  ауқатты  отбасылар 
бірдей  міндеткерлік атқарды.  Сондай-ақ, жаңа экімшілік бөліністер 
ғасырлар  бойы  пайдаланып  келген  көшпелі  халықтың  маусымдық 
жайылымдарды  пайдалану  үрдісіне  нұқсан  келтірді.  Салықтар 
мен  міңдеткерліктердің  күрт  көбейтілуі  мен  экімшілік-аумақтык 
беліністердің  дұрыс  жүргізілмеуі  1868  жылғы  Орал  мен  Торғай 
облыстарында  орын  алған  ұлттьгқ  бас  көтерулердің  басталуына 
түрткі  болды.  1868  жылдың  желтоқсан  айында  стихиялық  түрде 
басталған  көтеріліс  1869  жылдың  қазан  айына  дейін  созылды.  На- 
шар  қаруланған,  бірақ  жер  жағдайын  жаксы  білетін  көтерілісшілер 
өздеріне  қарсы  қимылдаған  патша  үкіметінің  жазалау  топтарын 
«карақшылық»  шабуылдарға  ұшыратты.  1868  жылы  6  мамырда 
құрамында  200  қылышты  жэне  жаяу  эскері  бар  Штемпель  отряды 
Орынбор бағытындағы Жамансай көлі маңында қазақ жасақтарымен 
кездеседі.  Жазалау  тобы  көтерілісшілерге  тегеурін  бере  алмай, 
жетінші  қүні  азық-түлігінің таусылуына байланысты  кері  қайтады.
1869 
жылдың наурызы мен маусым айының арал ығында бол ыс, би, 
сұлтан жэне старшиндарға қарсы 41  рет шабуыл ұйымдастырылады. 
Оған 3  мыңға тарта жасақ қатысты.  Торғай мен Орал облыстарында 
көтеріліс  өртінің  ұлғаюына  байланысты  жергілікті  үкімет  орында- 
рымен  қатар  орталық  үкімет  те  көтерілісшілерді  жазалауға  отряд 
топтарын  жөнелтті.  Орал  облысы  аймағына  подполковник  Рукин,
169
198-12

граф  Комаровский  отрядымен  бірге,  генерал-губернатор  Веревкин 
басшылығындағы  отряд  аттандырылды.  Көтеріліс  ұйымдаспаған, 
өзара  келіспеушіліктер  мен  соғыс  тактикасының  нашар  болуына
орай басылып,  жанышталды.
Сол  сияқты  1870  жылғы  Маңғыстаудағы  шаруалар  кетерілісі
де  осындай  сипатта  болды.  Жаңа  жүйе  бойынша  енгізілген  салық
жүйесі Маңғыстау халқының үкіметке қарсы наразылығын туғызды.
Маңғыстау  приставы  подполковник  Рукин  дала  түрғындарының
қиын  жағдайымен  санаспай,  адайлардан  1869— 1870  жылдар  үшін
шаңырақ  алымын  жаңа  салық  жүйесіне  сәйкес  дереу  енгізуді  та-
лап  етті.  Көптеген  жергілікті  түрғындар,  соның  ішінде  Бозашы
түбегінің балықшылары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты.
Адайлардың жайлауға көшуін күштеп тоқтатқан Рукиннің ойланбай
жасалған  эрекеттері  жер-жерде  көтерілістің шығуына себеп  болды.
1870 жылдың наурызында Рукиннің отряды көтерілісшілердің үлкен
тобымен  кездесіп,  қоршауда  қалады.  25  наурызда  аш ық  қақтығыс
кезінде  20-ға ж уы қ жазалаушы  қаза тауып,  отряд командирі  Рукин
ез-өзіне  қол  жүмсайды.  Жеңіс  жігерлендірген  көтерілісшілер  сэуір
айының  басында  Николаев  станциясына,  Александровск  фортына
шабуыл жасады, алайда,  олар сэтсіздікке ұшырады.  Кетерілісшілер
саны  10  мыңға  жетті.  Патшалық  өкімет  орындары  қазақтардың
батылдығынан  қорқып, 
қосымша  әскери  кемек  сүрауға  мэжбүр
болды.  Кавказдан  тың  күштердің  келуі  күштердің  арақатынасын
езгертіп,  кетерілісшілер  Үстірттің  баруға  қиын  аудандарына
шегінді.
Осы  түста  Англия  үкіметінің  Иранға  деген  ықпалы  арта  түседі. 
Патша  үкіметі  ендігі  кезекте  Хиуа  хандығына  қарсы  шаралар 
үйымдастырды.  Маңғыстау  аймағына  Хиуа  билеушілері  адайлар 
қозғалысын қолдау үшін 4  зеңбірегі  бар  6  мыңдық жасақпен  қимыл 
жасауды  үйғарды.  Бірақ  шектес  аудандарда  Хиуаның  эскери  қыр 
керсетуі  нақты  нэтижелер  бермеді,  дегенмен  аймақтағы  жағдайды
едэуір  шиеленістірді.
Маңғыстау  аймағы  3  айға  ж уы қ  патша  эскерінің  қол  астына
қарады.  Патша  үкіметі  кетерілісшілерді  жаппай  жазалайды.  Осы 
түста  генерал-губернатор  Н.А.  Крыжановский  эскери  министр 
М илютиннің  «көтерілісшілерді  жазалау»  туралы  нүсқауын  жібе- 
реді.  1870 жылы желтоқсанда кетеріліс жеңіліс тапқан соң, көтеріліс 
басшылары  И.  Тіленбаев,  Д.  Тэжиев,  Е.  Қүлов  жэне  олардың  серік- 
тері  3  мың  шаңырақпен  Хиуа хандығының  шегіне етіп кетеді.
Сейтіп,  бүқаралық  сипатына  қарамастан,  көтерілістің  негізгі 
қозғаушы  күші —  қазақ шаруалары  ез  қатарларын  берік біріктіруге
170

кол  жеткізе  алмай,  Маңғыстау  облысындагы  халыктық-азаттык 
күрес жеңіліске ұшырады. Көтеріліс аяусыз жанышталып, адайларга 
соғыс  шығыны  ретінде  90  мың  кой  салык  салынды.  Маңғыстау
• 
ё
көтерілісі  өз  кезегиіде  патша  укіметңпң  отарлау  саясатына  казақ 
халқының қарсылығының айқын көрінісі  болды.
Жалпы  XIX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  реформалардың 
болмысы  туралы,  корыта  айтқанда,  мынандай  түйін  жасауға  бо- 
лады.  Патша  үкіметі  Қазақстанға  енгізғен  экімшілік  реформалары 
негізінде  оның  саяси  дербестігін  толығымен  жойып,  қазақ  жерінде 
империя  құрамындағы  экімшілік  басқару  жүйесін  орнатты.
2.  Қазақстанға  орыс  шаруаларынын, ұйғырлар 
мен дүнгендердің  қоныс аударуы
Патша  үкіметінің  XIX  ғасырдың  екінші  жартысыңдағы  Қазак- 
станда  жүзеге  асырған  экімшілік  реформалары  қазақ  елінің  саяси 
тэуелсіздігін  біржола  жойғанымен,  бұл  реформалар  кеп  ұзамай-ак 
патшалық  экімшіліктің  казақ  қоғамының  ішкі  өміріне  тереңдеп 
еніп,  оны  игеріп  алып  кетуге  элі  де  болса  элсіз  екендігін  көрсетіп 
берді.  Мұны  жақсы  түсінген  патшалык  экімшілік  XIX  ғасырдың 
60-жылдарының орта тұсынан  бастап  Қазакстанды  отарлаудың  «ең 
сенімді»  жолына  түсті.  Ол  Орталык  Ресейден  орыс  шаруаларын 
қазак  жеріне  қоныс  аударту  еді.  Патшалык  Ресейдің  қоныс  аудару 
саясаты  бірнеше  кезең  арқылы  жүзеге  асырылды.  Қазақстан  та- 
рихнамасында  бұл  қоныс  аудару  саясаты  үш  кезең  бойынша  бөліп
қарастырылады.
I  кезең  XIX  ғасырдың  70— 80  жылдар  аралығын  камтиды,  ол 
1889 жылғы  13  шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды.
II кезең XIX ғасырдың 90-жылдарынан  1905 жылға дейінгі уақыт
аралығын  қамтиды.
III кезең  1906 жылдан  1916 жылдар аралығын  қамтиды. 
Казакстанға  орыс  жэне  украин  шаруаларын  коныстандыру
XIX  ғасырдың  70-жылдарының  соңы  80-жылдардан  бастап  кар- 
қынды  жүргізілді.  Қоныс  аударудың  алғашқы  кезеңі  өз  еркімен 
коныс  аударған  шаруалар  қозғалысымен  анықталып,  патша үкіметі 
өз еркімен  қоныс аударғандар жағдайын реттеу мақсатына  бірқатар 
жеке  заң-актілермен,  нұсқаулар  қабылдады.  Онда  көзделген  мақсат 
коныс аударуды үкімет өз қадағалауына алып, оған көмек көрсету
болды. Оған алдын ала дайындық шаралары жасалды. Мэселен, Же-
171

тісу облысы эскери  губернаторы Колпаковский бастамасы бойынша 
Жетісуға  шаруалардың  қоныс  аударуы  туралы  «Уақытша  ереже» 
эзірленді.  Бұл  құжат  1868  жылдан  бастап  1883  жылға  дейін  күшін 
сақтады.  «Уақытша  ереже»  бойынша  орыс  қоныс  аударушыларына 
(ерлерге)  30  десятина  жер  беру,  15  жылға  алым-салық  жэне  турлі 
міндеткерліктерден  босату,  100  сом  мөлшерінде  кемек  беру  жэне 
басқа жеңілдіктер анықталып, көрсетілді. Қоныс аударған шаруалар 
жағдайына қатысты оларға жасалатын жеңілдіктер туралы жаңа ере- 
желер  XIX ғасырдың  80-жылдарынан  дайындалды.  Оларда да жаңа 
келіп  қоныс  тебушілер  үшін  берілетін  жеңілдіктер  сақталды,  тек 
жер  мөлшері  аздап  төмендеді.  Айталық,  1886  жылғы  дайындалған: 
«Түркістан генерал-губернаторын басқару туралы Ереже» бойынша 
10 десятина  (ерлерге)  жер  беру,  қоныс  аударушыларды  алым-салық 
жэне міндеткерліктен  5 жылға дейін босату, кейінгі жылдары алым- 
ды тек жартылай төлеу жеңілдіктері сақталды.
Арнайыереже 1889жылғы ІЗш ілдедеқабы лданды .О ндаконы сау- 
дару тек Ішкі істер министрлігі жэне Мемлекеттік мүлік министрлігі 
арқылы  алдын  ала  шешілуі  қажет делінген.  Тиісті  үлестік  мөлшері 
жергілікті  өкімет  қүзырына  берілді.  М үнда  үлкен  астар  жатқаны 
ешқандай  қүпия  еместі.  «Ережеде»  шаруалардың  қоныс  аударып, 
түрақтайтын  аудандары  нақты  анықталып  керсетіледі:  Жетісу, 
Ақмола  жэне  Семей  облыстарының  аумағына  орыс-украин  шаруа- 
лары  көптеп  қоныстануы  белгіленді.  Атамекенінен  қоныс  аударған 
шаруаларға  қажетінше  жерді  үлестіру  кеңінен  жүргізілді.  Тек  1885 
жылды  қоса алғанда,  Ақмола облысы  қазақтары  жерінен  251779 де- 
сятина  мөлшерінде  тартып  алынды.  Онда  10  940  ер  адамы  бар  24 
қоныс аударушылар болімшесі (учаскелері) қүрылған еді. Семей об- 
лысы  бойынша  33  064  десятина  егістік  жер  жергілікті  түрғындар
Жетісу
1880  жж.)
3324 отбасы қоныс аударып, оның 2099 селолық қүрылымға  біріксе, 
1225  отбасы қалаларда түрақтанды.
1889  жылғы  Заң  күші  Торғай  жэне  Орал  облыстарына  да  тарал- 
ды.  Заң қоныс аудару мэселесін үкімет қүзырында қалдырды, қоныс 
аударушылар  үшін  арнайы  рүқсат  қағаз  қажет  болды.  Түйіндеп 
айтсақ, патша өкіметі орыс шаруаларының еркінше қоныс аударуын 
қадағалап, реттеуді  көздеді.  Алайда шаруалардың өз еркінше қоныс 
аударуы  ретсіз қозғалыс болып  қала берді.
Патша үкіметі өзінің қоныс аудару саясатын қарқынды жүргізуді 
көздеп,  1892— 93  жж.  ¥ л ы   Сібір  темір  жол  қүрылысын  бастады. 
Қазақтар  жерін  экономикалық  игеру  мақсатында  «артық»,  «бос»
172

жаткан  жерді  анықтайтын  түрлі  экспедиция  құрылып,  жедел 
жұмысқа  кіріскен  еді.  Комиссиялар  алдында  қойылған  талап  біреу
—  барынша  көп  мөлшерде  қазақтар  жерінен  «бос»,  «артық»  деген 
жерді анықтау арқылы қоныстанушылар «қорын» толықтыру болды. 
Сондай-ақ,  жергілікті  экімшілік  басқару  жүйесін  қалыптастыруға 
үлкен  назар  аударылды.  Нэтижесінде  XIX  ғасыр  соңына  қоныс  ау- 
дарушылар  баскармасынын  орталықтандырылған  біртұтас  жүйесі 
қүрылды.  Транссібір  темір  жолы  қазақ  жерінің  солтүстік  өлкесі 
арқылы жүргізілді. Ақмола облысы экімшілігіне қараған осы өңірде 
күрылған  5  уездің  3  уезінен  160  мың  келімсек  орыс-украин  шаруа- 
ларын  қоныстандыру  үшін  2241503  десятина  жер  белінді.  Мүнда, 
экономист Ф.А.Щербина басшылығымен «қоныстанушылар қорын» 
жасау  үшін  арнайы  статистикалық  экспедиция  жасақталды.  Ар- 
найы экспедиция  1896— 1902 жылдарда Ақмола, Торғай жэне Семей
мал
1  
*  
-  
-  
қажетті  пайдаланатын  «нормасын»  «187  десятина  жер  24  мал  ба-
сына  жеткілікті»  —   деп  анықтады.  Зерттелген  8  уездін  жергілікті 
қазактарға  тиесілі  жер  мөлшері  —   51  %,  қалған  49 
%
  жері  «қоныс 
аударушылар  қорында»  қалды.  Экспедиция  жұмысы  нәтижесімен 
канағаттанбаған  патшалық  әкімшілік  қазақтар  пайдалануындағы 
жер  «нормасын»  азайтып,  «артық»  деген  жерді  қосымша  анықтау 
аркылы  жоғарыда  аталған  уездер  бойынша  «қоныстанушылар 
қорын»  63%  дейін  көбейтті.  Қоныс  аударушылар  қатары  жылма- 
жыл  артып,  олар  тұрақтанған  жерлерде  мыңдаған  қоныстар  пайда 
болды.  Қазақстанның солтүстік, батыс және шығысында жаңа келіп 
коныстанған орыс және украин  шаруаларымен қоса, орыс-казак ста- 
ницалары  салынды.  Мәселен,  Ақмола,  Торғай  және  Орал  облыста- 
рында тұрғын  қазақтармен  салыстырғанда,  келімсек  орыс-казактар 
жэне  орыс,  украин  шаруалар  есебінен  жалпы халық саны  өсті.  1897 
жылғы  жалпы ресейлік халық санағы  бойынша, тек  бір  Ақмола об- 
лысында орыс тұрғындарының көрсеткіші  33  % жеткен.
Қазақстанның оңтүстігінде  14  мыңдай орыс, украин және әскери 
адам коныстанды. XIX ғасырдың 80-жылдарында мұнда 5 уезд жэне 
80-нен  астам  елді  мекендер  пайда  болды.  Патшалық  үкіметтің  же- 
дел қарқында жүргізген  қоныс аудару саясаты нэтижесінде келімсек
орыс,  украин  шаруаларына  ең  шұрайлы  жаиылымдық,  егістік,  су 
көздеріне  бай,  орманды  жерлер  берілді.  Тұрғылыкты  қазактар  бол- 
са,  сусыз,  малға тиімсіз  аймақтарға  зорлықпен,  түрлі  амал-айламен 
коныстарынан  көтеріле  көшуге  мэжбүр  болды.  Қоныс  аудару  сал- 
дарынан  жергілікті  тұрғын  саны  азайып,  демографиялык  ахуал
173

күрделене  түсті.  Қазақтар  сан  жағынан  1897  ж.  санак  бойынша  87 
%-ке  дейін  азайды.  Келімсек  орыс  жэне  украиндардың  саны  532,7 
мынға, татарлар —  55,4 мыңға, өзбектер —  73,5  мыңға, үйғырлар 
56  мыңға артқан.  Бұл  сандық көрсеткіштер жаңа XX ғасырда ұлғая
түсті.
Патша үкіметі  1901 жылы Ж арлық шығарды, онда жеке адамдарға 
қазыналық  жерлерден  үлестік  жер  беліп  беруге  рүқсат  етілді. 
Қазақтар  жері  казыналық  деп  есептелді  жэне  1867— 68  жылдар  ре- 
формасына  сэйкес  мемлекеттік  меншік  болып  жарияланған  бола- 
тын.  1904  жылы  Қоныс  аудару  басқармасы  қүрылып,  оған  орталық 
Ресейден  шаруаларды  қоныс  аударту  ісін  қадағалау  толығымен 
жүктелген  еді.
1904 жылы  6 маусымда шыққан  енді бір заңда «село түрғындары 
мен  мещан-егіншілердің  өз  еркімен  қоныс  аударуы  туралы» 
делінген.  Бүл  аталған заңдық күші бар  қүжаттардың барлығы  қазақ 
халқын 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет