Микркезз алматы



Pdf көрінісі
бет21/24
Дата02.01.2017
өлшемі22,67 Mb.
#1002
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

211

артта  калуынан  туындаған  қиыншылыктар,  әлі  де  күшті  рулык 
байланыстар  қазак  ауылдары  мен  болыстарында  Кеңес  өкіметінің 
органдарын  ұйымдастыру  женіндегі  жұмыстарын  қиындатты.
ала
билік  Кеңес  атқару  комитеттері  қолына  алына  бастады.  Сонда  да 
болса,  ауыл-селоларда  әлі  Кеңестер  күш  ала  алмай  жатты.  Кеңес 
екіметінің  нұсқау,  жарлықтарын  іске  асыруға  қарсылық  күшті  бол- 
ды. Х алық азық-түлік тапшылығынан зардап шекті. Кеңес өкіметіне 
қарсы  күштер  бас  көтерді.  Кеңеске  қарсы  күштердің  карсылығын 
басу үшін, жергілікті жерлерде екімет билігін нығайту қажет болды. 
Кеңес  екіметін  нығайту  жолындағы  күресте  облыстық жэне  уездік 
кеңестер  съездері  кеп  рел  атқарды.  Облыстық,  уездік,  болыстық 
кеңестерде  жер,  азық-түлік,  шаруашылық,  сот,  бақылау,  қаржы 
белімдерінің  жүмысын  жолға  қоюға  бағытталған  шаралар  іске 
асырылды.  Кеңестердін  жанынан  еңбек,  ағарту,  денсаулық  сақтау 
т.б.  белімдері  ашылды.  Кеңес  қызметкерлерін  даярлайтын  курстар 
жұмыс  істей  бастады.  Осындай  теңкерістік  шараларды  іске  асыру 
барысында,  асыра  сілтеушілік,  солақайлық,  теріс  әрекеттер  орын
алып,  Кеңес  екіметіне деген сенімсіздік күшейді.
Әсіресе,  Қазан  теңкерісінің  жеңісінен  кейін  ұлттық,  ең  алды- 
мен  ұлттық-мемлекеттік  құрылыс  мәселелері  еткір  сипат  алып, 
талкылана  бастады.  Кеңес  екіметінің  ұлттық  саясатының  негізгі 
принциптері  маңызды екі  қ ұ ж а т т а —   1917  ж.  2  қарашада қабылдан- 
ған  “Ресей халықтары  құқықтарының Деклараңиясында  жэне  1917 
ж.  20  қарашада  жарияланған  Кеңес  екіметінің  “Барлық  Ресей  жэне 
Шығыс  мұсылман  еңбекшілеріне”  үндеуінде  керініс  тапты.  1918 
ж.  қаңтарда  кеңестердің  Бүкілресейлік  3-съезінде  В.И.Лениннің
дайындаған
күкықтары
Декларациясы”  кабылданды.  Бұл  кұжатта  Коммунистік  партияның 
кеңес  республикасының  мемлекеттік  кұрылымы  түріндегі  кеңестік 
федерацияны  ымырасыз  жактайтыны  айқын  көрсетілді.  Декла- 
рацияда  “Кеңестік  Ресей  Республикасы  еркін  ұлттар  одағының 
негізіндегі кеңестік ұлттықреспубликалардың федерациясы түрінде
құрылады” делінген.
РКФСР кұрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономиялық
республикаларды  құруға  дайындық  жүмыстары  басталды.  Бо-
льшевиктік  үйымдар,  Қазақстан  жэне  Түркістанның  Кеңестері
кеңестік бүкілқазақ, бүкілтүркістандық съездерін  шақыруға дайын-
дала  бастады.  1918  ж.  кектемінде  еліміздің  шығысында  Түркістан
автономиялық Кеңестік  социалистік республикасы  құрылды.  Оның
212

кұрылуы 1918ж. сэуірдің20-нан  1  мамырғадейінТашкенткаласында 
өткен  Түркістан  өлкесі  Кеңестерінін  V  съезінде  іске  асты.  Қазіргі 
Қазакстанның оңтүстік аймагы (бүрынғы Сырдария жэне Жетісу об- 
лыстары)  Түркістан  автономиясының  күрамына  кірді.  Бірақта  1918 
ж.  каңтарда кеңестердің 3 —  Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған 
“Еңбекшілер  мен  каналушы  халыктар  күкыктарының  Декларация- 
сында” өзге ұлттардың өзін-езі билеу күкы жокка шығарылды. Осы- 
лайша, эуелі  1918 ж.  5 каңтарында Бүкілресейлік күрылтай жиналы- 
сы,  одан  кейін  5  акпанда Ташкент  кеңесі  шешімімен  Қоканд  каласы 
шабуылмен  алынып,  Түркістан  автономиясы  күшпен  таратылды. 
Қазакстанның калған жерінде —  Торғай, Орал, Акмола, Семей облы- 
старында  жэне Маңғыстауда  казак кеңестік мемлекеттілігін күруға
даиындык  жөнш деп  күрделі  жүмыс  одан  эрі  жалғастырылды. 
Қазан  төңкерісінен  бүрын-ақ  қазақ  либералдық-демократиялык 
козғалысының  жетекшілері  Қазақстанда  кеңестердің  бүкілқазақ
съезш  шақыруға  даиындык  жүмыстары  кеңес  өкіметш  нығаиту 
процесімен  катар  жүргізілді.  Мүның  өзі  шын  мэнінде  кеңестік 
мемлекеттікті  күру  жэне  оны  бекіту  үшін  күрес  екендігін  керсетті. 
Қазақ  зиялылары  мемлекет  күру  процесінің  кеңестік  жолмен 
шешілуімен  келісе  алмады.  Мүндай  карсылықтың  себептері  мы- 
нада  еді:  бірінші  —   қазақ  зиялылары  эуел  бастан  тэуелсіз  үлттық 
автономия  күруды  жоспарласа,  екінші  —   олар  Қазан  теңкерісін 
кабылдамады,  сөйтіп  Қеңес  үкіметін  мойындамады,  оны  заңсыз
орнағанүкіметдепесептеді. Сондықтанда„Алаш” зиялыларыүлттық
мемлекет  күру  үшін  күрес  жүргізді.  Ә.Бөкейханов,  А.Байтүрсынов, 
М.Дулатов,  Е.Ғүмаров,  Е.Түрмухамедов,  Ғ.Жүндібаев,  Ғ.Бірімжанов 
қүрастырған  бағдарламаның  жобасы  “Қазақ”  газетінің  1917  ж. 
21  қарашадағы  санында  жарияланды.  Бағдарламаның  жобасы  он 
тармақтан түрды.  Осы бағдарлама Қүрылтай жиналысына сайлауда 
“Алаш”  партиясының ірі  табысқа жетуін  қамтамасыз етті жэне  1917 
ж.  5— 12  желтоқсанда  Орынборда  еткен  Екінші  жалпыказақтық 
съезде  қазақ халқының  эртүрлі  топтарының  екілдерін  біріктірді. 
Тералка  төрағасы 
Бактыгерей  Қүлманов  жэне  орынбасарлары 
Әлихан  Бекейханов, Әзімхан  Қенесарин, Халел Досмүхамедов жэне 
Омар  Қарашев  басқарған  съезд  Қазан  теңкерісіне  байланысты  тез 
өзгеріп жаткан саяси жағдайдағы “Алаш” партиясының міндеттерін, 
казақ  автономиясын  күру  жэне  оның  үкіметін  қалыптастыру 
мэселелеріне  бірінші  кезекте  кеңіл беле отырып, қарастырды.
Съезде 
казак  автономиясы 
қүрамына  Бекей  ордасы,  Орал, 
Торғай,  Ақмола,  Семей,  Жетісу  облыстары  жэне  Закаспий  облысы
213

мен  Алтай  губерниясының  қазақтар  мекендеген  аудандары  ену- 
ге  тиіс  деп  шешті.  Съезд  Уақытша  үкімет  құлатылғаннан  кейін 
калалар  мен селоларда, далада қазақтардың өмір сүруіне қауіп-қатер 
туғызған  бей-берекеттік  күннен-күнге  күшейіп  бара  жатқандығын 
атап  көрсетті.  Сондықтан  съезд  казақ  халқын  “аман  алып  қалу 
мақсатымен”  “Уақытша  Халық  Кеңесі”  түріндегі  билік  құру,  оған 
Алаш-Орда  (алаш  автономиясының  үкіметі)  деген  ат  беру  жөнінде 
шешім  қабылдап  жэне  бүкіл  қазақ  халқына  “бағынатын  үкіметіміз 
осы деп сеніп...  басқа үкіметті мойындамай, өз үкіметінің әмірін екі 
қылмай  орындау  керектігі”  баса  ескертілді.  Съезд  қазақ  милиция- 
сын құру жоспарын жасады. Оның әрбір облыс бойынша белгілі бір 
сандық  құрамы,  уездер  бойынша үйрету  мен  жабдықтау  шаралары 
белгіленді.  М илицияны  қару-жарақпен  қамтамасыз  етуді  орталық 
әкімшілік  салық  салу  арқылы  алынатын  қаржы  есебінен  жүзеге
асыруға тиіс  болды.
¥лттарды ң  өзін-өзі  билеу  құқығын  талап  етуін  заңды  процесс
ретінде  түсінген  ‘А л аш ”  азаматтары  Кеңес  өкіметімен  келіссөздер
жүргізіп,  ұлттық  автономия  мәселесін  шешуді  қолға  алды.  Осы
мақсатта  1918  ж.  наурызында  Алашорда  үкіметінің  тапсыруымен
Халел  жэне  Жаһанша  Досмұхамедовтер  Оралдан  Мәскеуге  барып,
Халық  Комиссары  Кеңесінің  терағасы  В.И.  Ленинмен  жэне  ¥ л т
істері  женіндегі  халық  комиссары  И.В.Сталинмен  кездесіп,  оларға
1917  ж.  желтоқсанда  еткен  екінші  қазақ-қырғыз  съезінің  қаулысын
табыс  етті.  И.В.  Сталин  қаулымен  танысқаннан  кейін  19-20 наурыз-
да  Семейдегі  Ә.Бекейханов  жэне  X.  Ғаббасовпен  телефон  арқылы
сейлесті.  Сез  Алашорда  автономиясының  мәртебесі  туралы  бол-
Телефон
“Сарыарқа”
газетінің  беттерінде  қазак  тіліне  аударылып  жарияланды.  Газетте: 
“Ресейдегі  халықтардың  құқықтары  туралы  халық  комиссарлары 
шығарған  белгілі  ережесі  бұл  күнге үлт  мэселесі  тақырыбын  кеңес 
екіметінің негізгі қызмет жобасы етіп келеді. Үшінші советтер съезі 
осы  ережені  жалғастыруға  қаулы  қылды.  Өзінің  бізге  тапсырып 
отырған  жалпықазақ  съезінің  қаулысы  түгелімен  жоғарғы  жобаға 
сай келеді. Бірақ жалғыз-ақ шарт қоямыз: егер сіздің съездің қаулысы 
өкілдеріңіздің совет өкіметің тануға қарсы болмаса болғаны. Үшінші 
советтер  съезі  советтік  федерация  жобасын  жасап,  бұл  жоба  Со- 
веттер  съезінің  бекітуіне  салынсын  деп  қаулы  қабылданды.  Бұған 
қарағанда енді сөзді  қойып, іске кірісу керек, яғни тұрмысы бір, сал- 
ты басқа халықтар жергілікті советтермен қосылып, автономия, фе- 
дерациялау,  тегінде  басыбайлы  белініп  кету  секілді  үлт  ниеттерін
214

жарықка  шығаруға  съезд  шақыратын  комиссия  құруға  тырысу  ке- 
рек.  Біз  ойлаймыз,  жалпы  қазак-кырғыздың  өкілдері  тез  камданып, 
ыңғайлы уакытты  өткізбей,  жерғілікті  Советтермен  бірігіп, элгідей 
комиссияны  құрар.  Сізден  өтінетініміз,  біздің  осы  жобамызды 
Алашорданың Кеңесіне салып жауап қайтарсаңыздар екен”,—  деген 
мазмұнда болды.
Бұл берілген Сталин сөзіндегі ең елеулі нэрсе оның жалпы қазақ- 
қырғыз съезі қаулысы мен Ресей халықтарының құқығы туралы дек- 
ларацияның өзара үндес екендігін мойындауы еді. Міне, осы үндестік 
Кеңес  өкіметіне  Алашорданы  мойындауға  негіз  болатындығың 
білдіріп, Сталин тек жалғыз ғана шарт қояды. Ол өз ретінде Алашор- 
даның  Кеңес  өкіметін  мойындайтындығын  мәлімдеуі  болатын. 
И.Сталиннің сөзінен тағы бір жағдайды анықаңғаруға болады. Кеңес 
екіметі  “басыбайлы  бөлініп  кету  секілді  ұлт  ниеттерін  жарыққа
шығару  үшш  ең  алдымен  оны  моиындау  қажеттілігін  талап  етті. 
Сонымең  бірге  автономия  алу  мэселесі  орталықта  шешілетіндігін 
ескертті.  Алашордашылар  үшін  мұндай  жағдай  қиындық тудырға- 
нымен  олар  И.Сталиннің  үсынысын  талқылап,  автономияға 
катысты  өз  шешімдерін  мэлімдеді.  Ол  қаулы  төмендегідей  еді:  1918 
жылы  наурыздың  21-інде  Алашорданың  мүшелері  үлт  жүмысын 
басқарушы халық комиссары Сталиннің Алаш автономиясы туралы 
айтқан сөзінен кейін Кеңес  өкіметін Ресейдегі  барлық автономиялы 
халықтардың кіндік екіметі деуге қаулы қылып, төмендегі  өз шарт- 
тарынбілдіріп:“Желтоқсанның  5-нен 13-інедейіңОрынбордаболған 
жалпықазак-қырғыз  съезінің  қаулысы  бойынша  тоқтаусыз  Алаш 
автономиясын  жариялайтындыктарын,  Алаш  автономиясының 
қүрамына:  Семей,  Ақмола,  Торғай,  Орал,  Сырдария,  Ферғана, 
Жетісу,  Бөкей  ордасы,  Закаспий  облысының  Маңғышлақ  уезі, 
Самарканд облысының Жизак уезі, Әмудария энделі (бөлімі), Алтай 
губерниясына  караған  Бийскі,  Барнауыл,  Змеиногор  уездеріндегі 
қазақтар  мекендеген  аудандар  енуге  тиіс-тін,  Алаш  автономиясын- 
да  заң  шығаратын,  ел  билейтін  үкімет  Алашорда  болатындығын, 
Қазақ-қырғыз  істері  туралы  елші  ретінде  совет  өкіметінің  қасында 
болуға  Алашорда  мүшелері  Халел  һэм  Жаһанша  Досмүхамедовтар 
жіберілетіндігін  ескертіп,  жергілікті  Советтердің  бүйрығы  бойын- 
ша  үсталып,  абақтыда  жатқан  Алашорданың  мүшелерін  тоқтаусыз 
босатып,  мүнан  былай  оларды  өтірік  шағым,  жаламен  қуғын-
сүргінге үшыратуды тоқтатуды  талап етті.
Өкінішке 
орай, 
Ұлт 
істері 
жөніндегі 
халық 
комиссары 
Алашорданың  қойған  талап-шарттарына  тікелей  ресми  түрде  жау-
215

ап  бермеді.  Себебі,  алашордалыктардың  автономия  кұру  жөніндегі 
талаптары  Кеңес  өкіметінің  мүддесінв  кайшы  келетін  еді.  Ұлт 
мэселесін  пролетарлык  диктатураның  кұрамдас  бөлігі  ретінде 
карастыратын  кеңес  өкіметіне  алаштыктардың  ұсынысы  керағар 
болғандығын  аңғару  киын  емес.  Сондыктан  да  1918  жылдың  28 
наурызында Мэскеуден  Семейдегі  Қазақ комитетіне И.Сталин  жэне 
мұсылмандар  ісі  бойынша  комиссар  Вахитов  кол  койған  жедел- 
хат  келді.  Жеделхатта  “кырғыз  істері  бойынша  Комиссариат  кұру 
үшін  тез  арада өкілдер жіберу” женінде айтылды.  М ұның өзі  Кеңес 
өкіметінің өлкедегі  барлык істі өз колдарына алғандығын  көрсетті.
Осы  жылдың  29-наурызында  Семейге  Х.Ғаббасовтың  атына 
Мэскеудегі  Алашорда  үкіметінің  екілдері  Халел  жэне  Жаһанша 
Досмұхамедовтерден  жеделхат  келді.  Онда  Кеңес  екіметінің 
тұткынға  алынған  казак  кайраткерлерін  тегіс  босату  туралы 
облыстык  кеңестерге  эмір  бергендігі  жэне  Алашорда  өкіметінің 
койған  талаптарына  таяу  арада  жауап  беруге  уэде  еткендігі  айтыл- 
ды. Жеделхатта ¥ л т  істері  женіндегі халык комиссариаты жанынан 
казак  белімі  ашылып,  оның  кұрамына  қазак  халқының  өкілдерін 
сайлау  құқығы  Алашордаға  берілетіндігі  де  айтылған.  “Сырда-
рия  газетшде  жарияланған  осындаи  мэліметтер  шындыққа  жана- 
сады.  Оған  дэлел  ретінде  Алашорда  атынан  РКФСР-дің  Үлт  істері 
женіндегі  халық  комиссары  И.  Сталинмен  Семейден  тура  теле- 
граф  сымы  арқылы  келіссез  жүргізген  Халел  Ғаббасовтың  1929 
жылғы  қарашаның  10-ында ОҒПУ-дің тергеушісіне берген жауабын 
келтіруге  болады.  Онда  былай  делінген:  “Келіссездерде  мен  Совет
екіметінің  декларациясының  идеяларына  сэикес  казақ  халқының 
езін-езі билеу құкығының кедергісіз жүзеге асырылуын талап еттім. 
Барлығы  есімде  жоқ,  дегенмен  де  мен  он  төрт  тармақтан  тұратын 
талаптар қойдым.  Олардың жадымда қалған негізгілері:  таратылған 
қазақ  мекемелерін  қалпына  келтіру,  Совет  екіметі  жағдайындағы 
ұлттық  автономияны  құру,  қазақ  халкының  тұтқынға  алынған 
қайраткерлерін  босату.  Сталиннің  жауабының  мазмұны  Алашор- 
да  Совет  екіметін  мойындағанда  ғана  Қазақстанның  Құрылтай 
съезін шақыруға  эрекеттер жасалады дегенге сайды...  Біз Сталинге 
телеграф  арқылы  Совет  екіметін  мойындайтынымызды  мэлімдеп, 
сол  кезде  Москвада  жүрген  Досмұхамедовтерге  Орталық  үкімет 
алдында  біздің  мүдделерімізді  қорғауды  тапсырдық...  Осылай- 
ша  Халел  жэне  Жаһанша  Досмұхамедовтердің  Мэскеуге  Кеңес 
үкіметі  басшыларымен  кездесулері  мен  телеграф  арқылы  Сталин-
216

мен  жүргпген  келіссөчдерінде  кеңес  үкіметінің  ұлттык  тұтастык
негпдегі  қазақ  мемлекеттіпн  моиындамаитындыгын,  тек  кеңестік 
негічдегі  автономия беруге даяр екендігін  көрсетіп  берді.  Қыскасы 
Кеңес  үкіметінің  бұл  мэселе  жөніндегі  ұстанымы:  “Өіін-очі  билеу 
принципі социаличм үшін  күрес  құралы болу керек жэне социаличм 
мүдделерінебағындырылуы тиіс”,— дегенгесайды. Кеңесөкіметінің 
мұндай  ұстанымы  Семей  облысынан  езге де  кеңестерге  В.И,  Ленин 
мен И. Сталиннің атынан жолданған жеделхаттардан айқын көрінді. 
Мэселен, Ақмола Кеңесі Мэскеуден келіссөздер жүргізу нэтижесінде 
орталықтан  мынадай  мазмұндағы  жеделхат  алған,  онда:  “Кеңес 
билігі  большевиктердің  қабылданған  бағдарламасына  сэйкес  пат- 
ша  екіметі  кезінде  қаналған  барлық  халықтарға  автономия  береді. 
Қазақ  халқы  өз территориясына  лайық  автономия  құруға  дайында- 
ла берсін”,—  делінген.
Әйтсе  де  іс  жүзінде  Кеңес  өкіметі  Алашорда  үкіметінің  өзін  де, 
талаптарын  да  мойындағысы  келмеді.  Сондықтан  да  Х.Ғаббасов
1918  жылдың  1  сэуірінде  РКФСР  Халық  Комиссарлары  мен  Үлт 
істері  жөніндегі  комиссариатқа  жеделхат  жолдап,  қазақ  халқының 
ұлттық  тұтастық  мүддесін  көздейтін  Алашорда  өкіметін  тез  арада 
ресми  түрде  мойындауын  тағы  да  талап  етті.  Кеңес  өкіметі  мұндай 
талаптарды жауапсыз  қалдырды.  Осылайша алаштықтардың  Кеңес 
үкіметі  шеңберінде  біртұтас  ұлттық  мемлекет  құруға  талпынысы 
нэтижесіз аяқталды.  Большевиктер  Алаш партиясына  ұлттық бур- 
жуазия  мен  феодалдық  топтардың  таптық  мүддесін  қорғайтын, 
пролетарлық революция  жолындағы  кедергі  есебінде қарады.
Алаш  басшыларының  Кеңес  үкіметімен  жүргізілген  келіссез- 
дердің  нэтижесіз  аякталуына  1917  ж.  күзінде  құрылған,  жетекшісі 
Көлбай  Тоғысов  болған,  ездерін  “Қырғыз  (қазақ)  социалистік 
партиясы”  деп  атаған  “Үш  жүз”  партиясы  да  ықпал  жасады.  Бұл 
негізінен  ұсақ-буржуазиялық  социалистік  партия  еді.  Партияның 
саяси  кезқарасы  мен  практикалық  іс-эрекеті  1917  жылдың  күзінен
1918  жылдың  басына  дейін  елеулі  түрде  езгерді.  Әуелгі  кезде 
«үшжүзшілер»  социалист-революционерлер  партиясымен  одақтасу 
бағытын  ұстанса,  1918  жылдың  қаңтарынан  бастап  Кеңес  үкіметін 
жер-жерде  ұйымдастырып,  нығайту  ісіне  белсенді  түрде  араласып 
кетеді.  1918  жылдың  бас  кезінен-ак  «үшжүзшілер»  большевиктер- 
мен одақтасып, Алашордаға қарсы  күресті.
217
198-15

2. Азамат соғысы және социалистік  қ^рылыстың басталуы
Азамат  соғысы  үкімет  үшін  күрестің  жалғасы  болды,  сол 
себепті  де  революция  мен  азамат  соғысы  арасында  ешбір  дэл 
шекара  болған  емес.  Кеңес  үкіметінің  белсенді  эрекеттеріне 
қарамастан,  Қазақстанда  азамат  соғысының  ошақтары  ете  тез  пай- 
да болды:  1917  ж.  қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың 
басшылығымен  ақ гвардия эскерлері  Орынбордағы  Кеңес  күштерін 
шегіндіріп,  билікті  басып  алды.  Сол  айда  Жетісуда  казак  эскерлері 
кеңесінің “эскери үкіметі” жэне революцияға қарсы ошақ Оралда да 
құрылды. Құрылған облыстық эскери үкімет көп ұзамай  жергілікті 
кеңесті таратып,  өкіметті басып алды. Сөйтіп, Верныйда жэне Орал 
қалаларында  ақгвардия  диктатурасы  орнатылды.  Бұл  үш  “эскери 
үкімет” Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қозғалыстың басты күші 
болып  табылды.  Олар  ақгвардиялық  офицерлерге,  ауыл-село  ша-
руаларына  сүйенді  жэне  меньшевиктер  мен  “Алаш  партиясының 
жетекшілерінен  қолдау тапты.
Жоғарыда  атап  көрсегкендей  1918  жылдың  көктемінде  кеңестік 
билік  тарапынан  түсінушілік  пен  қолдау  табудан  күдер  үзген  Ала- 
шорда,  енді  большевиктерге  қарсы  ымырасыз 
күрес  жүргізуге 
ұйғарып,  Сібір  Уақытша  үкіметі  (Омбы)  мен  Бүкілресейлік  Құрыл- 
тай  жиналысы  мүшелерінің  (Комуч)  Самар  комитеті  қолдауына 
сүйеніп,  Алаш  автономиясын  жүзеге  асыруға  кірісті.  Сейтіп,  аза- 
мат  соғысының  бастапқы  кезеңінде  алашордашылар  ақтармен 
одақтасып,  қызылдарға  қарсы  соғысты.  1918  ж.  шілде  мен  тамы- 
зында  Ә.Бекейханов,  Ә.Ермеков  пен  эскери  белім  меңгерушісі  ка- 
питан  Қ.Тоқтамысов  Самар  мен  Омбыда  Комуч  пен  Сібір  уақытша 
үкіметтері  эскери  ведомстволары  екілдерімен  кездесіп,  Алаш 
орданың  қарулы  күштерін  құру  женінде  келіссездер  жүргізді. 
Алашорда  Батыс  белімінің  басшылары  Халел  мен  Жаһанша 
Досмұхамедовтар  Комуч  арқылы  Самарадан  600  винтовка  мен 
пулемет  алды  жэне  таяу  уақытта  2000  адамнан  қазақ  отрядтарын 
ұйымдастыруға уэде  береді.  Торғай тобына  300 берданка  мылтығы, 
20000  патрон,  эскери  киім-кешек  белінді.  Дутовтың  кемегімен  екі 
атты полк:  біріншісі —  Қостанайда, екіншісі —  Ырғызда кұрыла ба- 
стады.  1918  жылы тамызда Семей  қаласында кұрамында  38 офицері 
мен  750  жауынгері  бар  Бірінші  Алаш  атты  эскер  полкі  ұйымдас-
тырылды.  Ак  гвардияшылардың  кемегшен  асығыс  үиретілген 
Алаш  отрядтары  кеп  ұзамай  Қызыл  Армияға  қарсы  шайқастарға
қатысты.
218

1918 
ж.  жазында  азамат  соғысы  өршіп,  кең  етек  алды.  Ак 
гвардияшылармен  бірігіп  алған  империалистік  мемлекеттердің 
белсенділік  көрсетуіне  орай  ең  басты  пэрменді  күш  —   Сібір  мен 
Оралда  шоғырланған  Чехословакия  корпусының  офицерлері  бүлік 
шығаруына байланысты эскери қақтығыстар күшейе түсті.  Бұл кор- 
пус  революцияға дейін  Австро-венғрияның  түткын  солдаттарынан
—  чехтар  мен  словактар  катарынан  кұрылған  еді.  Осы  корпустың 
бөлімдері революцияға карсы ішкі күштермен коян-колтықбірлесіп, 
Акмола,  Петропавл,  Атбасар, Қостанай  қалаларын  басып  алды.
Мамыр 
айының 
аяғында 
В.В. 
Куйбышев 
В.И.Лениннен 
Орынбордағы  Дутов  авантюрасының  тамырын  жою  туралы  кемек 
сұрады,  олай  болмаған  күнде  Торғай  мекенінің  12  мың  тұрғыны 
аштан қырылатындығы туралы ескерткен еді. Осыған орай облысқа 
эскери  көмек  көрсетіліп,  Қызыл  Армияның  белімдері  кұрылды, 
кейін  бұл  бөлім  Ақтөбе  майданының  құрамына  енгізілді.  Ақ 
гвардиялықтар  негізінен  Орынбор  және  Илецкі  аудандарында 
Дутовтың  басшылығымен  әрекет  етіп,  олар  Ташкент  пен  Самара- 
ны  Орталыктан  бөліп  тастады.  1918  ж.  2  шілдеде  Дутов  басқарған 
эскер  Орынборды  екінші  рет  басып  алды  да,  Түркістанды  орталық 
Ресейден бөліп тастады.  Қызыл Армия бөлімі (10 мың адамға жуык) 
Орынбор  қаласын  тастап  2  топқа  бөлінді.  В.Г.  Блюхер  жэне  Н.  Ка- 
ширин  отрядтары  солтүстікке  кетіп,  Шығыс  майданның  негізін 
құрды.  Басқа бөлімдер  Ақтөбе  жэне Орск  қалаларына  шегініп,  1918 
жылы  шілде айында ГВ.  Зиновьевтің басшылығындағы бір армияға 
бірікті.  Қызыл  Армия  күштері  қанды  қақтығыстар жүргізіп  Орскіні 
ұстап тұрды.
1918 
ж.  күзінде,  яғни  қазан  айында  Каспийге  ағылшындардың 
келуіне байланысты  Актөбе майданында киын жағдай  қалыптасты. 
Жоспар  бойынша,  ағылшындарға  Қазақстан  мен  Орта  Азия- 
ны  ішкі  контрреволюциялық  күштер  арқылы  бір  уақытта  ба- 
сып  алу  ұсынылды.  “Орынбор  тетігі”  яғни  стратегиялық  негізгі 
темір  жол  қиылысы  большевиктер  өкіметін  кәдімгідей  ойландыр- 
ды,  сондыктан  В.И.Лениннің  нұсқауымен  1918  ж.  Ә.Жангелдин 
баскарған  600  адамнан  тұратын  Балтық  матростарының  отряды 
қосылған  эскери  экспедиция  орталықтан  бөлініп  қалып,  көптсген 
қиыншылыктарды  көре  жүріп,  7  ай  көлемінде  Актөбе  майдапы- 
на  қару-жарак  пен  ок-дәрі  жеткізді.  Мэскеуден  Ақтөбе  майданына 
ақша  қаражаты  мен  оқ-дэрі,  қару-жарак тасымалдау  үшін  күрылған 
эскери  экспедиция  құрамьпіа  Австро-Венгрия  мен  Гсрманияиыц 
бұрынгы  тұтқындарынан  кұралған  150  шстел  интсрнаииопаллары
214

негізін  құраған  шаруалар  Қазакстанның  барлык  уездеріндегі 
большевиктік  ұйымдарды  құруда  да  ерекше  рөл  атқарды.  1919  ж. 
көктемінде  Шығыс  жэне Ақтөбе  майданының жақындауына  байла- 
нысты  партизандар  қозғалысының белсенділігі  күшейді.  Шаруалар 
жергілікті ақ гвардияшыларды қамауға алып, эскери революциялық 
комитеттер  сайлап,  көптеген  жаңа  отрядтар  жинақтады.  Мәселен, 
Бурабай  поселкесінде  1270  адамдық  отряд  құрылды.  Шаруалар 
көтерілісін  эскери-революциялық штаб  басқарып, сэуірде Қостанай 
қаласы алынды. Қостанайға ақ гвардияшылардың ірі эскери күштері 
мен  32-  Донецк  полкі  аттандырылды.  Кескілескен  үрыстардың
нэтижесіне  партизан  отрядтарының  эскери  даиындығының  нашар- 
лығы  эсер  етсе,  оның  үстіне  қостанайлықтардың  Ақтөбе  майда- 
нына  қосылуына  “Алаш  Орда”  кедергі  жасады.  Партизан  отряды 
Торғайға  қарай  аттанып,  Торғай  атты  эскер  отрядымен  бірігуге 
тырысты,  себебі  Ақтебе  қаласын  Дутовшылардан  қорғау  үшін 
қосымша  эскери  күш  қажет  еді.  1919  ж.  А.Иманов  Торғайдағы  гар- 
низондар мен эскери  ұйымдарды көшіру туралы бұйрық берді. Осы 
уақытта  Қостанайлық  партизандар  штабы  бастығының  кемекшісі 
Л.Таранның отряды  қалаға жақындайды.  А.Иманов жэне Л.Таранды 
жолдастарымен  Алашордашылар  түтқындап,  бір  айдан  кейін  жа- 
залады.  Тірі  калған  Қостанай  партизандары  Ақтөбе  майданының 
құрамына  енгізілді.  Нэтижесінде  Қостанайлық  партизан  отряды 
Ақтөбе  майданының  үлгілі  4-Долбушев  жаяу  эскер  полкіне  айнал-
ды.
Сондай-ақ, Азамат соғысы тарихындағы  партизан қозғалысының 
ірі  ошақтарының 
бірі  —  Черкасск  қорғанысы,  Тарбағатай  мен 
Алтайдың  “Тау  қырандары”  отрядтарының  қозғалысы  Қазақстан- 
дағы  Азамат соғысы  тарихынан  ешпес  орын  алды.  1919  ж.  жазында 
Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйреуі ба- 
тыс, солтүстік, солтүстіқ-шығыс Қазақстан  мен Жетісуды азат етуге 
жағдай жасады.  1919 ж.  аяғында Қазақстанның негізгі аумағы Дутов 
пен  Анненковтың  армияларының  қалдықтарынан  босатылып,  22 
наурызда  кеңес  эскерлері  Қапалды,  28  наурызда  Арасан  станция- 
сын  азат  етті.  22  наурызда  Үржар  станциясын,  27  наурьгзда  Бақты 
станциясын,  25  наурызда  атаман  Анненковтың  ставкасы  тұрған 
Үшаралды,  29  наурызда  Қапал  гарнизонын  тізе  бүктіріп,  атаман 
Анненков  жэне  Дутов  бастаған  ақ  гвардияшылардың  қалдықтарын 
Синьцзянға  қарай  қуды.  1920  ж.  29  наурызында  ең  соңғы  май- 
дан  Солтүстік  Жетісу  майданы  жойылып,  Кеңес  үкіметі  қайтадан
қалпына келтірілді.
222

Соньшен,  1920  жылы  азамат  соғысы  аяқталып,  онда  кызылдар 
актарды  талкандап,  жеңіске  жетті.  Азамат  соғысы  жылдарындағы 
кызылдардың  жеңісінің  себептері;  біріншіден,  Кеңес  өкіметіне 
карсы күштер ұйымдасып, бірлесіп қимыл жасай алмады; екіншіден, 
ак  гвардияшылар  өкіметі  орнаған  жерлерде  бұкара  халыкка  карсы 
бағытталған  шаралар  жүзеге  асырылып,  оған  керісінше  Кеңес 
өкіметі тарапынан ұлттардың өзін-езі билеу кұкығының сөз жүзінде 
болса да мойындалуы; үшіншіден, Кеңес екіметінің орта шаруалар- 
мен  одак  кұруы  жэне  1919  жылы  шілдеде  Казревком  кұрылғанда 
қазақтардың  жерге  мұқтаждығын  етеу  женінде  сөз  болып, 
Қазакстанға  қоныс  аударуды  токтату  мэселесі  койылды.  Түбірлі 
революцияық  сипатта  болмағанмен  бұл  шаралар  большевиктерге 
азамат  соғысы  кезінде  ақтар  мен  қызылдар  арасында  ауытқыған 
казақтардың  кемегіне  сүйенуге  жағдай  жасады;  тертіншіден,  1919 
жылдың  кектемінен  бастап,  А.Байтұрсынов  бастаған  алашорда- 
шылар  кызылдар  жағына  шықты.  Себебі,  олардың  Колчактық орыс 
шовинистік  кезкарастарынан  үміттері  үзілді.  Ақтар  билеушілері 
қазак  халкына  ұлттык  автономия  бергісі  келмеді,  тіпті,  ездерінің 
колдап  жүрген  Алашорда  үкіметін  де  мойындамады.  Сібірдегі 
уакытша Бүкілресейлік үкімет  1918 жылы 22 қазан —  4 қарашадағы 
грамотасымен  Алашорда  Халык  Кеңесі  үкіметін  таратып  жіберді. 
Сонымен  қатар,  Сібір  үкіметі  Алаш  автономиясын  қазақтың 
аумақтык  мемлекеттігі  деп  танудан  бас  тартты.  Оған  қоса,  1919 
жылы  жазға карай ақтар Сібірде жеңіліске ұшырады.
Алаш  кесемдері  қазак  мемлекеттілігін  құрудың  жаңа  жолда- 
рын  іздеуге  мэжбүр  болды.  Қазак  зиялылары  ендігі  жерде  Кеңес 
үкіметімен  ымыраға  келу  жолдарын  қарастырды.  1919  ж.  басын- 
да  Алашордалықтар  Кеңес  үкіметімен  арадағы  келіссездерін 
кайта  жандандыра  бастады.  Келіссездер  Алашорда  атынан  емес, 
А.Байтұрсынов  басқарған  Торғайлық  тобының  атынан  жүргізілді. 
А.Байтұрсынов ең эуелі Ә. Жангелдинмен, одан кейін Мэскеуде Ста- 
линмен келіссездерді жалғастырды.  1919 ж.  наурызда Бүкілресейлік 
Орталық  Атқару  Комитеті  Алашордаға  амнистия  (кешірім)  жа- 
риялады.  Алашорда  басшыларының  бірі  А.Байтұрсынов,  оның 
жақтастарының  үлкен  тобы  Кеңес  үкіметінің  жағына  шықты. 
Желтоқсан  айында  Ә.Бөкейханов  бастаған  Алашорданың  Шығыс 
белімі толығымен  Кеңес үкіметін  мойындады.
Азамат соғысы шет аймақтар халыктарының ұлттық мемлекеттігі 
туралы  идеясымен  санаспауға  болмайтынын  большевиктерге  тағы 
да  керсетті.  Кеңес  үкіметі  кеңестік  негізде  Қазақ  Автономиясын
223

құру  жөнінде  дайындық  жұмысын  жүргізе  бастады.  РКФСР  ХКК- 
нің  1918  ж.  12  мамырдағы  қаулысына  сэйкес,  ҚазАКСР-н  құруға 
дайындық  жұмыстарын  ұйымдастыру  үшін  Ұлттар  ісі  халық  ко- 
миссариаты жанынан алғашқы арнайы саяси орган —  кырғыз (қазак) 
бөлімі  ашылды.  Алайда,  азамат соғысы  басталып  кеткендіктен  бұл 
жұмыстар  кейінге  қалдырылды.  Қазак  съезі  шақырылып,  Қазак 
республикасының  автономиясы  жарияланғанша 
елкені  эскери- 
экімшілік  басқару  үшін  1919  ж.  10-  шілдеде  РКСФР  Х алық  Комис- 
сарлар  Кеңесінің  төрағасы  В.И.  Лениннің  қол  қоюымен  “Қырғыз 
(қазақ)  өлкесін  басқаратын  теңқеріс  комитеті  (Ревком)  туралы
уақытша ереже  жарияланды.
Ереженің 3- бабына сэйкес, Қазақавтономиялы республикасының 
аумағы  Түркістан  республикасымен,  Қырғыз  съезі  жэне  Орталық 
Кеңес үкіметімен келісіліп анықталғанға дейін Қазревком құзырына 
“...Астрахань  губерниясымен  Орал,  Торғай,  Ақмола  жэне  Семей 
облыстарының территориялары  қарайды”  делінген.
Қазревкомның  бірінші  қүрамына; 
С.Пестковский  (төраға), 
А.Байтұрсынов,  В.Лукашев,  Ә.Жангелдин,  М.Тұнғаншин,  С.Мең- 
дешев,  Б.Қаратаев  кірді.  Әртүрлі  уақытта  Қазақ  ревкомының 
мүшесі  болып:  Ә.Әйтиев,  С.Арғыншиев,  А.Авдиев,  Ғ.Әлібеков, 
Б.Қаралдин  еңбек  етті.  Әйтсе  де  Алашордалықтардың  Кеңес  үкі- 
метінің  жағына  шығуы  оңай  болмады.  Алашордаға  жасалған 
кешірімге  қарамастан  оның  басшыларына  деген  сенімсіздік  ұзақ 
уақытқа  сақталды.  Ал  Кеңес  үкіметінің  Қазақстандағы  кейбір 
екілдері  Алашорда  жетекшілеріне  жау  ретінде  қарады.  Мэселен,
1920  ж.  Қазақ  партия  бюросының  есебінде  былай  деп  жазылды; 
„Бұрынғы  алашордалықтардан  тұратын  қырғыз  зиялыларының 
3/4-і  буржуазиялық-шовинистер”.  Сондай-ақ,  кешірім  жасалғанға 
қарамастан Алашорда жетекшілері саяси тұрғыда оқшаулануға тиіс 
болды.  Қазревкомның  1920  жъілғы  5  наурыздағы  “Алашорданың 
батыс  бөлімін  тарату  туралъі”  қаулысъінда  “¥лттъіқ  Алашорда 
үкіметінің батыс  белімінің жауапты жетекшілері  қырғъіз елкесінде 
Кеңес  үкіметі  толық  негізде  орнъіққанша  халық  бұқарасынан 
оқшауландырылсын...”  —   деп  ашъіп  айтылды.  Одан  эрі  аталған 
қаулыда былай делінді;  “Қъірғыз халкъіның Кеңес үкіметіне іш тар- 
татын  бөлігі  мен  қонъіс  аударушылардың  Алашорданың  белсенді 
қъізметкерлеріне  ешпенділікпен  қарайтъіндъіқтары  ескеріле  оты- 
ръіп, олар ревком мүшелігіне жэне басқа да жауапты кеңес қызметіне 
ұсынылмайтъін  болсын”.  Ақырында  жоғаръіда  керсеткеніміздей 
Қазревкомның  1920  ж.  5  науръіздағъі  қаулысына  сэйкес  Алашорда
таратылды.
224

Осылайша  біртұтас  тәуелсіз  ұлттық  мемлекетті  құруға  талпын- 
ған  қазақ  зиялыларының  пэрменді  эрекеті  нэтижесіз  аяқталды. 
Кеңес  үкіметі  мойындамаған  Қазақ  Ұлттық  Автономиясы  қазақ 
зиялыларының  өркениетке,  тэуелсіздікке  қол  созған  эрекеттері 
ретінде тарихта ғана қалды.
Қазревком  Қазақстанда  әскери-азаматтық  билікті  қолға  алып, 
кеңестердің  бүкілқазақстандық  1-  съезін  шақыруды  үйымдастыру, 
Қазақ  автономиясы  туралы  ереже  жобасын  дайындап,  съезд 
талқысына  үсыну,  РКФСР,  Түркістан  Кеңестік  Республикасы  жэне 
Қазақ  өлкесі  арасындағы  қарым-қатынастарды  реттеу,  қазақтың 
байырғы  жерін  бір  қолға  жинау,  яғни  болашақ  қазақ  кеңес 
мемлекетінің аумақтық түтастығын  қамтамасыз  ету міндеттерін  өз 
қолына алды.
Алғашқы  күннен  Қазревком  эрекет-қимылда  жүрген  армияны 
азық-түлікпен  жабдықтау,  астықты  жэне  басқа  тамақ  өнімдерін 
Орталыққа,  Түркістан  АКСР-на  жеткізу,  яғни  “соғыс  коммунизм” 
саясатының басты мэселесін шешу ісімен айналысты. Бүл саясаттың 
мэні  —   өнеркэсіпті  жаппай  национализациялау,  басшылықты 
орталықтандыру,  тіршілік  үшін  маңызды  тауарлардың  бэрін  бөлу, 
азық-түлік  салғыртын,  карточкалық  жабдықтау  жүйесін,  жалпыға 
бірдей  еңбек  міндеткерлігін,  еңбекке  бір  мелшерде  ақы  тәлеуді 
енгізу, тауар-ақша қатынастарын жою болды.
Осының ішінде еңбекші халық эсіресе,  шаруалар үшін ең ауыры 
азық-түлік салғырты болды.  1919 жылы қаңтарда астықты дайындау 
мен  белу  монополиясына  азық-түлік  салғырты  косылды.  Өлкенің 
адам жэне  материал ресурстарын жүмылдыру экономикалық эдіске 
жатпайтын күштеу эдістерімен жүргізілді. Кеңес үкіметі қала халқын 
жэне соғысып  жатқан  қызыл  эскерді  азық-түлікпен  камтамасыз  ету 
үшін астық енімдерін, мал-мүліктерін каруланған азық-түлік отряд- 
тарын  жіберіп,  халықтан  күшпен  тартып  алып  отырды.  Сонымен 
қатар,  “эскери  коммунизм”  саясаты  елкеде  жергілікті  бюджеттерді 
жоюдан,  оларды  бірыңғай  мемлекеттік  бюджетке  қосудан,  біртүтас 
казына  қүрудан,  үсақ  жэне  майда  енеркэсіпті  мемлекет  меншігіне
алудан  керінді.
1920 
ж.  тамызында  Мэскеу  қаласында  қазак  эскери  теңкеріс  ко- 
митеті  жэне Түркістан  майданының эскери-теңкеріс  кеңесі,  РКП(б) 
Түркістан  елкёлік  комитетінің  партия  жэне  кеңестік  үйымдардың 
екілдері  қатысқан  Қазақ  АКСР-н  қүру  туралы  бірнеше  мэжілістер 
еткізді.  Соңғы  мэжіліске  В.И.Лениннің  езі  терағалық  етті.  Нэти- 
жесінде  1920  ж.  17  тамызында  РКФСР  Халық  Комиссарлары  Ке-
225

ңесі  Қазақ  Ресііубликасы  жөніндегі  Декреттің  жобасын  қарап 
қолдады.  1920 ж. 26 тамызында Ленин мен Калинин қол қойған БОАК 
жэне  РКФСР  ХКК-нің  құрамында,  астанасы  Орынбор  қаласында 
болатын  “Қырғыз  (қазақ)  Кеңестік  Автономиялы  Республикасын 
құру туралы ” тарихи Декреті жарияланды.  1920 ж. 4 — 12 қазанында 
Орынбор  қаласында өткен  Қазақстан  Кеңестерінің  Құрылтай  съезі, 
Қырғыз (қазақ)  Кеңестік Автономиялық социалистік  республикасы 
еңбекшілері  құқықтарының  Декларациясын  қабылдады,  ол  Дек- 
ларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін ҚазАКСР- 
нің  құрылуын  жұмысшылардың,  еңбекші  қазақ  халқының,  ша- 
руалар,  қызыл  эскерлер  депутаттары  Кенестерінің  Республикасы 
ретінде  бекітті.  С.Меңдешевті  бас  етіп,  Орталық Атқару Комитетін 
(ОАК)  жэне  В.Радус-Зеньковичті  бас  етіп  Халық  комиссарлары 
Кеңесін (ХКК) сайлады.
1920 
жылдың  көктемінен  Қазақстан  жерінде  азамат  соғысы 
жылдарында 
олкенің  жаудан  азат  етілген 
аудандарында 
ақ 
гвардиялық  аппараттар 
жойылып,  кенестік  мемлекеттік  орган- 
дар  ұйымдастырылып  жатты. 
Революциялық  комитеттер  азат 
етілген  аумақтарда  халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру,  эко- 
номиканы  кетеру,  мемлекеттік  құрылысты  нығайту  жұмыстарын 
жүргізді.  1920  жылдың  көктемінде  партияның  IX  съезі  болды, 
съезд  бейбіт  тыныс  алудың  мүмкіндіктеріне  сүйене  отырып, 
халық  шаруашылығын  қалпына  келтірудің  бірыңғай 
жоспарын 
жасап  бекітті.  1920  жылғы  қаңтар-наурызда  өлкенің  губернияла- 
ры  мен  уездерінде  партия  конференциялары  өтіп,  оларда  халық 
шаруашылығын  қалпына  келтіру  мэселелері  талқыланды.  Өлкенің 
соғыстан  зардап  шекпеген  жері  кемде-кем  еді.  Қиыншылықтар 
мен  ауыртпалықтарға  қарамастан,  Қазақстан  еңбекшілері  күйзелу- 
шілікке  қарсы  күресті.  Басты  шарттардың  бірі  —   отын  ендіруді 
арттыру  және  кэсіпорындарды  жұмыс  күшімен  қамтамасыз  ету, 
енеркэсіп  пен  транспортты  қалпына  келтіру  болды.  Өнеркэсіпке 
отын беру үшін Орал-Ембі мұнай кэсіпшіліктері қалпына келтіріліп, 
Ембі-Атырау  мұнай  құбыры  бірнеше  шақырымға  тартылды.  1920 
жылғы  наурыз-маусым  айларында  Ембі  мұнай  кэсіпшіліктерінен 
көліктің  барлық мүмкіндіктерімен  жэне  су жолы  арқылы  17452  пұт 
мұнай тасылды.  Қарағанды  мен  Екібастұздың  шахталары  қалпына 
келтіріліп,  1920  жылы  Қарағанды  мен  Екібастұздың  шахтерлары
3  млн.  пұттан  астам  көмір  өндірді.  Екібастұз  зауытында,  Риддер 
кенішінде  қорғасын  концентраттарының қорынан  қорғасын  қорыту 
жұмысы  жолға  қойылды.  Семей  жэне  Ақмола  губернияларының
226

кэсіпшіліктерінде  жыл  ішінде  8,5  млн.  пұт  тұз  өндірілді.  Оралда, 
Қостанайда,  Семейде,  Акмолада  электр  станциялары  жұмыс  істей 
бастады.
Ж ылдың аяғына карай республикадағы  59 электр станциясынын 
45-і  калпына  келтіріліп,  пайдаланылуға  берілді.  Шаруалар  ша- 
руашылығын  шойын  жэне  мыс  кұймамен,  арбаға  арналған  металл
бұйымдары  мен  ауылшаруашылык  кұрал-саимандармен  камта- 
масыз ететін  металл еңдейтін  6 зауыт іске косылды.
Тамак,  жеңіл  жэне  колөнер  кәсіпорындары  калпына  келтіріліп 
жатты.  Губерния  орталыктарының  бэрінде  диірмендер,  былғары, 
тері,  сабын  кайнату,  кірпіш  зауыттары,  аяк-киім,  ер-тұрман 
шығаратын  шеберханалардың  жұмысы  қайта  басталды.  Жергілікті 
екімет  органдары  орасан  зор  зиян  шеккен  темір  жол  транспортын 
калпына  келтіруге  айрыкша  көңіл  белді.  1920  жылдың  жазына 
карай  негізгі  магистральдарда  кепірлер,  жол  шаруашылығы,  бай- 
ланыс  желілері  калпына  келтірілді.  1920  жылдың  аяғына таман  ре- 
спублика  өнеркэсібінде  162  кэсіпорын  жұмыс  істеді.  Қазакстанды 
қалпына  келтіру  дэуірінің  басында  1500-ге  тарта  ұсақ  мемлекеттік 
енеркэсіп  кэсіпорындары  болса,  бұлардан  тек  қана  ондаған  зауыт- 
фабрика,  кеніш,  шахта,  мұнай  кэсіпшілігі,  кеміркен  орындары  ғана 
жұмыс  істеді.  Өнеркэсіп  халық  қажеттерін  қанағаттандыра  алма- 
ды.  Еңбек  енімділігі  ете-мөте  темен  болды,  шикізат  пен  отын 
жетіспеді.  Азық-түлік енеркәсіп тапшылығы  қатты байқалды.
Қазақстанның  кеңес  органдары  совхоздар,  артельдер, 
жерді 
бірлесіп  өңдеу  серіктестіктерін  ұйымдастыру  женіндегі  жұмыс- 
тарды  киыншылықтарға  қарамастан  жалғастыра  берді. 
1920 
жылдың  күзіне  қарай  Қазақстанда  Жетісу  облысын  қосканда 
1039  қоллективтіқ  шаруашылық  болды.  Сол  жылдары  алғашқы 
ауылшаруашылық  артельдері,  коммуналар,  совхоздар  пайда  бол- 
ды.  1920  жылдың  аяғында  (Жетісу  мен  Оңтүстік  облыстарды 
қоспағанда)  939  колхоз,  оның  ішінде  132  коммуна,  779  артель,  28 
жерді бірлесіп еңдейтін серіктестік (ТОЗ), 348 тұтыну қоғамы жұмыс 
істеді.  Бірак бұлардың  бэрі  элсіз болып, оларда құрал-сайман, күш- 
келік, тұқымдық астық, айналым  қаржы  жетіспеді.
Азамат  соғысының  қиын-қыстау  жылдарында  кеңес  органдары 
жергілікті  жерлерде  мэдени  құрылысты  да  жүргізіп,  саяси  үгіт 
қатаң  нысаналы  сипатта  болды.  1919  жылы  сэуірде  уездік  және 
губерниялык  Халык  ағарту  бөлімдерініц  жанынан  мэдени-ағарту 
ұйымдары  құрылды.  Оқу  үйлері,  кітапханалар,  сауатсыздықты 
жою  мектептері  жұмыс  істеді.  Сол  жылдары  республикада  199
227

көпшілік  кітапханасы,  196  клуб,  83  халык  үйі,  1478  оқу  уйі  болды, 
үгіт  қызыл  керуендерін,  ал  темір  жол  бойында —   үгіт  вагондарын 
ұйымдастырды.
Қорыта  келгенде,  Қазақстанда  Кеңес  үкіметі  негізінен  жэне 
көпшілігінде  күштеп  орнатылды.  Қазақ  халқы  Қазан  төңкерісінін 
мәнін,  Ленин  бастаған  большевиктер  партиясының  бағдарламасын 
түсінген  де  жоқ,  қабылдаған  да  жоқ.  Әлеуметтік  революцияға 
Қазақстанда  ешқандай  негіз  жок  болатын.  Орта  Азия  мен 
Қазақстанның  жергілікті  халықтары  үшін  Қазан  революциясының 
мэн-мағынасы  орыс  үстемдігі  жойылып,  тартылып  алынған  жер- 
суымыз  өзімізге  қайтарылады деген үмітке ғана сайды.

12-тақырып 
ҚАЗАҚСТАН  КЕҢЕСТІК  ТОТАЛИТАРЛЫҚ 
ЖҮЙЕНІҢ  ҚАЛЫПТАСЫП  НЫҒАЮ 
КЕЗЕҢІНДЕ (1921— 1939 жж.)
Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында 
Қазақстандагы  индустрияландыру саясаты және оның 
қайшылыңтары
Қазақстанда ауыл  шаруашылыгын  ұжы^мдастыру 
Қогамдық-саяси өмір

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет