Шахман нағЫМҰлы нағымов


ҮІІІ. Ауыз әдебиеті және билер мен жыраулардың



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата03.01.2017
өлшемі0,77 Mb.
#1097
1   2   3   4   5   6   7   8

ҮІІІ. Ауыз әдебиеті және билер мен жыраулардың  
                         рухани мұрасы 
 
 
 
Қазақтардың  ауыз  әдебиеті.  Қазақтың    ауыз  әдебиетінің  қазынасы 
ұшан-теңіз. Ол қазынаның құрамына ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауыз 
екі  жеткізіліп  отырған  батырлар  жырлары,  аңыздар,  әпсаналар,  ертегілер, 
шешендік  сөздер,  нақылдар,  мақалдар,  мәтелдер,  махаббат  жырлары, 
салттық әндер, жарапазандар, қоштасу жырлары т.б. кіреді. Бұлардан басқа 
әртүрлі  эпикалық,  лирикалық  толғаулар,  дастандар,  тарихи  әндер  біздің 
заманымызға  дейін  жетті.  Әсіресе,  қазақ  халқының  жат-жұрттық 
басқыншыларға  қарсы  ғасырлар  бойы  ерлік  күресін  бейнелейтін  батырлар 
жырлары  кең  тарады.  Қазақ  халқының  ауыз  әдебиетінің  аса  жоғары 
дәрежеде  болғанын  ғасырлар  бойы  олардың  төл  жазуынан  айрылып 
қалуымен түсіндіруге болады. ХҮ-ХҮІІ ғасырларда, одан кейінгі кезеңдерде 
халық  арасында  ауыз  әдебиетінің  аса  көрнекті  өкілдері  жыршылар, 
жыраулар, ақындар, шешендер, ертекшілер, т.б.  жемісті еңбек етті. Олар өз 
шығармашылығын  дамытумен  қатар,  өздерінің  арттарынан  өнерін 
жалғастыратын  шәкірттер  дайындауға  ерекше  мән  берді.  Соның 
нәтижесінде  ауыз  әдебиетінің  асыл  мұралары  біздің  заманымызға  шашау 
шықпастан,  жоғалмастан,  қаймағы  бұзылмаған  күйінде  жетті.  Батырлар 
жырлары бір ауыздан екінші ауызға, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізіліп 
отырды.  Халықтың  арасына  кең  тараған  бұл  жырлар  уақыт  өткен  сайын 
өзгерістерге  ұшырап,  бірнеше  түрге  айналып,  кейде  біреуі,  екіншісіне 
мазмұны  жағынан  ұқсамайтындай  күйде  жеткен.  Ондай  жырларға 
«Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр» жырлары жатады. 
 
Қазақ  эпосының  кейіпкерлері  әртүрлі  рулардың  өкілдері  болған. 
Мысалы, Қобыланды – қарақыпшақ, Алпамыс – қоңырат, Қамбар – ноғайлы 
руының өкілі болатын. 
 
Қазақ  батырлар  жырларының  екінші  ерекшелігі  –  халықтығы. 

 
63 
Халықтың  күші  бірлікте  екендігі  батырлар  жырларынан  мол  орын  алған. 
Тіпті,  ел  басқарушылар  тарапынан  зәбір  көріп,  қудаланған  Қамбар,  ел 
басына  күн  туған  кезде,  сүйген  қызы  Назымның  ауылын  қоршаған 
қалмақтарға  қарсы  ойланбастан  соғысқа  аттанды.  Ер  Тарғын  ханның  өзіне 
жасаған  озбырлығына  қарамастан,  жауға  қарсы  соғысып,  оған  күйрете 
соққы  береді.  Батырлар  жыры  көбінесе  Отанын  сыртқы  жаулардан  қорғау, 
өз елін басқаларға тәуелді етпеу тілегін қамтиды, сол идеяны берік ұстайды. 
Бұл  жырлардың  көпшілігінде,  қазақтардың  жерін  қалмақтардың  жаулап 
алмақшы  болуына  байланысты,  ел  намысын  қорғауға  байланысты  үлкен 
оқиғалар суреттеліп отырады. Мысалы, Қобыландының бар өмірі тек қалың 
қыпшақ қамы үшін қалың шайқаста өтеді. Қобыландыны да, Алпамысты да, 
Тарғынды  да,  Қамбарды  да  елі  сол  үшін  ардақтаған.  Жас  ұрпақтарды  өз 
Отанын  шын  сүйетін  патриот  етіп  тәрбиелеуде  батырлар  жырының  күні 
бүгін де мәні зор. 
 
Осы  кезеңде  ауыз  әдебиетінің  жауһары  –  лиро-эпостық  жыр  «Қозы 
Көрпеш-Баян  сұлу»  жыры  дүниеге  келген.  Ең  алғаш  бұл  жырды 
зерттеушілердің бірі Шоқан Уәлиханов болды. Г.И.Потанин оны: «Бұл – жер 
жүзіндегі  ең  қымбат  әдебиет  мұраларына  жататын  шығарма»,  -  деп 
бағалаған. Бұдан басқа қазақтар арасында ғашықтық жырлар «Қыз Жібек», 
«Айман-Шолпан» кең тарады.   
 
Жазба деректер ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық және 
этникалық-саяси  процестердің  нәтижесінде  қазақ  хандығының  құрылғанын 
хабарлайды.  Қазақ  хандығының  құрылуын  Мұхаммед  Хайдар  Дулати 
хижраның  870  жылына  –  1465-1466  жылдарға  сәйкестендіреді.  Міне,  осы 
шамада тарих сахнасына шыққан қазақ хандығының түркі тілдес тайпалары 
өзінен  бұрынғы  ноғайлы  –  қазақ  мәдениетін  жалғастырушы  болды.  Осы 
кезде  халық  арасында  Жиембет,  Марқасқа,  Бұқар,  Ақтамберді,  Тәтіқара, 
Үмбетей,  Көтеш,  Шал,  Жанкісі  жыраулардың  шығармалары  кең  тарады. 
Аталмыш 
жыраулар 
толғаулары 
ноғайлы-қазақ 
жырауларының 

 
64 
шығармаларымен  астасып,  үндесіп  жатты.  Елін,  жерін  сүю  идеясы, 
жауынгерлік рух әдебиет өкілдерінің шиыршықтай, барынша шарықтата, иін 
қандыра жырлаған тақырыбы болды. 
 
«Бөгенбай  батыр»,  «Қаракерей  Қабанбай»,  «Олжаш  батыр»,  «Өтеген 
батыр», «Жалаңтөс батыр», «Райымбек», «Абылай», «Олжабай батыр» жыр-
дастандарда  қаһармандар  жат-жұрттық  басқыншыларға  қарсы  ерлікпен 
күреседі.  
 
Бұл  дәуірдегі  ақын,  жыраулар  батырлық  жыр  шығарып,  жыр, 
толғаулар  айтумен  ғана  қанағат  тұтпаған.  Олар  сонымен  бірге  ауыз 
әдебиетінің  алуан  жанрын  дамытуға  күш  салды.  Соның  ішінде  тұрмыс-
салтқа  байланысты  жырлар,  мақал-мәтелдер,  ертегілер,  ғашықтық  жырлар 
шығарды,  әрі  оларды  мазмұн,  көркемдік  жағынан  жетілдіріп,  толықтырып 
отырды.  
 
ХҮ-ХҮІІІ  ғасырлардағы  елдің  әлеуметтік  тіршілігі,  халық  тағдыры, 
арман-мұраты  Асанқайғы,  Қазтуған,  Шалкиіз,  Доспамбет,  Жиембет, 
Ақтамберді,  Үмбетей,  Бұқар  жырлаулардың  поэзиясынан  көрініс  тапты. 
Асан  -  өз  заманының  асқан  ақылгөйі.  Асан  қайғы  туралы  халық  аңыздары 
оның  желмаяға  мініп,  еліне  шұрайлы,  жайлы  қоныс,  шүйгін  жер  «жер 
ұйықты» іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танытады. 
 
«Қарға  бойлы  Қазтуған  жырау  (ХҮғ.)  өзін  «Айдаса  қойдың  көсемі, 
сөйлесе  қызыл  тілдің  шешені»,  «Буыршынның  бұта  шайнар  азуы», 
«Бидайықтың көл жайқалған жалғызы», деп таныстырады. «Қайранда менің, 
Еділім»  деп  жырлаған  жыраудың  жырларының  арқауы  –  туған  елі,  кіндік 
кескен, кір жуған жері. Оны ақын тебірене жырға қосады. Ел бірлігі, туған 
жерді  жатжұрттық  басқыншылардан  қорғау  –  ХҮ-ХҮІ  ғасырларда  өмір 
сүрген  әйгілі  жыраулар  Доспамбет,  Шалкиіз,  Жиембет,  Ақтамберді 
жырларының  басты  тақырыбы  және  арқауы.  Бұл  жыраулар  өз  Отанын 
қорғауға  тек  уытты  жырларымен  ғана  емес,  білектерінің  күшімен,  ақ 
найзаның ұшымен үлес қосқан.  

 
65 
 
ХҮІІІ  ғасырда  өмір  сүрген  әйгілі  жыраулар  Үмбетей  мен  Бұқар 
шығармалары  ғибрат,  үлгі-өнегеге  толы.  Үмбетей  жырау  «Бәкеге», 
«Жауқашарға» өлеңдерінде жаман қылықтан сақтандырған, жақсы қылыққа, 
адамгершілікке, адалдыққа үндеген. «Бөгенбай өлімінде», «Бөгенбай өлімін 
Абылай  ханға  естірту»  атты  толғауларында  ол  Бөгенбай  бастаған  халық 
батырларын  дәріптеген.  Халық  ауыз  әдебиетінің  аса  көрнекті  өкілі  Бұқар 
жырау 
Қалқаманұлының 
шығармашылығы 
тақырыбының 
сан 
алуандылығымен ерекшеленеді. Солардың ішінде қазақ халқын жауға қарсы 
жұмылдыру,  елдің  бірлігін  сақтау,  жердің  тұтастығын  қамтамасыз  ету, 
қаһарлы  жаулардан  қорғау  жолында  қисапсыз  еңбек  сіңірген  Абылай  хан 
туралы жырлары мен толғаулары тек соңғы кезеңде ғана өзінің әділ бағасын 
ала бастады.  
 
Қазақ  ауыз  әдебиетінің  құнарлы  саласының  бірі  –  тұрмыс-салтқа 
байланысты шығармалар. Бұл жанрға жататындар, әдебиет зерттеушілердің 
жүйелеуіне қарағанда өз ішінен: а) Төрт түлік мал туралы шығармалар; ә) 
Үйлену салтына байланысты шығармалар; б) Діни ұғымдарға байланысты 
шығармалар  және  көңіл-күйін  білдіретін  жырлар  болып  бөлінеді.  Қазақ 
халқының  көне  заманнан  бергі  шаруашылығының  негізгі  төрт  түлік  мал 
өсіру  болғандықтан,  ол  туралы  ертек,  өлең,  жыр,  мақал-мәтел  шығарып, 
малдың қоғамдағы ролін дәріптеуге, оны мадақтауға аса маңыз беріп келген. 
Ауыз әдебиетінде: 
 
 
 
 
Өңкей мама бие бер,  
 
 
 
 
Сауған сайын иіген. 
 
 
 
 
Биесі бұтын жимасын 
 
 
 
 
Көнекке сүті симасын. 
 
 
 
 
Қотанға сыймас түйе бер, 
 
 
 
 
Түйе берсең, үйе бер. 
 
 
 
 
Қаршылдаған бурасы, 
 
 
 
 
Жалбыраған шудасы. 
 
 
 
 
Көзі жарық жұлдыздай, 
 
 
 
 
Мойны иір қобыздай. 
деп,  басқа  түліктер  туралы  да  осындай  өлеңдер  шығарып,  оған  еңбекші 

 
66 
халық өз сүйіспеншілігін, мейірін білдіріп отырған.  
 
Қазақ халқының тұрмыс-салтында, бұлармен қатар қоштасу, естірту, 
көңіл айту, жоқтау, аруақпен айтысу делінетін көңіл-күйді білдіретін өлең-
жырлар да мол болған. Айшуақ би өлгенде: «өз атаң сенің Айшуақ, - жайма 
шуақ, жай шуақ, алтын тақтан тайыпты, естірте алмай отырған, көп жамағат 
айыпты»  деп  естіртсе,  «қанаты  бүтін  сұңқар  жоқ,  тұяғы  бүтін  тұлпар  жоқ, 
тозбасты  ұста  соқпайды,  өлместі  тәңірі  жаратпайды,  топырағы  торқа 
болсын»,  деп  көңіл  айтқан.  Жоқтауда  өлген  адамның  тірліктегі  істері  еске 
алынып:  «Алыстан  дұшпан  аттанса,  қар-жаңбырдай  бораған,  жақыннан 
дұшпан аттанса, қарт бурадай жараған»,  - деп мадақ айтылған. Жоқтаудың 
ең көне түріне Білге, Күлтегін қағандар басына қойылған құлпытастардағы 
сөздер де жатады. Бұл тастағы жазуларда түркі бектерінің ерлік істері ғана 
емес, болашақ ұрпаққа өсиеті  де айтылады. Ал «аруақпен айтыста» қапыда, 
арманда  кеткен  күйеуімен  келіншектің,  баласымен  ата-ананың  араздасуы, 
бірде  өлген  адам  атынан,  бірде  тірі  қалған  туысы  атынан  баяндалады,  оны 
жақындары  зар-мұңын  тарқату  үшін  зират  басына  барып,  дауыс  шығарып 
жылап  айтатын  болған.  Қоштасуда  ел-жұртын,  туған-туыстарын  ең  соңғы 
рет  еске  алып,  «Есіл-Нұра  –  екісу,  еңкейіп  одан  бетің  жу,  қош  бол,  туған 
жер,  кіндік  кірім  жуған  жер»,  деп  өзінің  сағынышын,  ыстық  ықыласын 
білдірген. 
 
Ауыз  әдебиетінің  бір  тарауы  болып  табылатын  мақал-мәтелді  де 
еңбекші халық жасаған. Мақалда ғасырлар бойы екшелген, қырланған, алуан 
мазмұнды  сөз  мәйегі  беріледі.  Ол  көбіне  екі  тармақтан  тұрады  да, 
алдыңғысында  тұспалдау,  пайымдау,  шарт  қою,  меңзеу  білдірілсе, 
соңғысында  қорытынды,  түйін  шығарылады.  Мысалы,  «Кілемге  бергісіз 
алаша  бар,  ханға  бергісіз  қараша  бар»,  «Қойды  құртаң,  елді  сұлтан 
бүлдіреді»,  «Бітісі  жаман  қамысты,  көл  ішінен  өрт  шалар,  жүрісі  жаман 
жігітті,  ел  ішінде  жау  шабар»,  «Шебердің  қолы  алтын,  шешеннің  сөзі 
алтын»,  т.б.  кейбір  мақалдарды  салыстырып  қарағанда  ерте  заманнан 

 
67 
халықпен бірге жасасып келе жатқаны көрінеді. 
 
Мәтелде  түйін,  қорытынды  туралай  айтылмайды,  теңестірілмейді, 
тұжырымы тұспалдау түрінде келеді, көбінесе, ауыспалы, астарлы мағынада 
айтылады.  Мысалы,  «құрыққа  сырық  жалғап»,  «түймедейді  түйедей  етіп», 
«ханнан қазық, биден тоқпақ», «қыз көрелік, қыз көретін жігітті біз көрелік», 
т.б. 
 
Жұмбақта  ойға  алған  нәрсенің  өзін  айтпай,  оның  сырт  көріністерін, 
сыртқы  белгілерін  қысқаша  сипаттауды,  сол  арқылы  жұмбақ  етілген  затты 
табу  шарты  қойылады.  Ауыз  әдебиетінің  бұл  жанры  балаларды,  жастарды 
тапқырлыққа,  сезімталдыққа,  байқағыштыққа  баулиды,  тәрбиелейді. 
Айталық,  «Тақия  толған  сөк,  ертеңгісі  дым  да  жоқ»  (Жұлдыз),  «Жабық 
астында жарты күлше» (Ай), «Зер, зер, зер кілем, көтерейін десем зор кілем» 
(Жер),  «Жылт-жылт  еткен,  жырадан  өткен»  (Су),  «Кішкене  ғана  тостаған, 
көтеріп  мені  тастаған»  (Үзеңгі),  «Алдын  айпар,  жанын  жайпар»  (Шалғы), 
т.б. 
 
Бұлармен  бірге  халық  әдебиетінің  ең  бір  құнарлы,  бай  саласы 
ертегілер  екені  мәлім.  Ертегі:  а)  қиял-ғажайып,  ә)  хайуанаттар  туралы,  б) 
тұрмыс-салттық болып бөлінеді, қазақ ертегілері де батырлар жыры сияқты 
бір  ғасырдың  емес,  өте  көне  дәуірден  бері  халықтың  рухани  азығы  болып 
келе  жатқан  әдеби  мұра.  Оны  өткінші  дәуірлер  қоспасынан  аршып  қараса, 
қиял-ғажайып  ертегілерінің  сонау  қола  дәуірі,  әуелгі  темір  дәуірі  –  сақ-
массагет,  үйсін,  қаңлы,  ғұн  тайпалары  кезінде  шығып,  аңшылық, 
бақташылық  тіршілік  қамын  баяндайтын  туынды  болғаны  көрінеді.  «Ер 
Төстік»,  «Жыланқатын»,  «Қара  мерген»,  «Керқұла  атты  Кендебай», 
«Жезтырнақ  пері»,  «Күн  астындағы  Күнікей»,  т.б.  ертегілер  ерте  дүние 
адамдарының  көзқарасын,  тұрмысын,  наным-сенімін,  табиғатпен  күресін, 
ақыл-айласын баяндайды.  
 
Хайуанаттар 
туралы 
ертегілер 
көбіне 
балаларға 
арналып 
шығарылатын  болған.  Бұл  ертегілерде  ең  біріншіден,  хайуанаттардың 

 
68 
болмысын  таныстыру,  екіншіден,  хайуанаттардың  іс-әрекеті  (түлкінің 
қулығы,  аюдың  дөрекілігі,  қасқырдың  ашкөз,  қомағайлығы,  қойдың 
момындығы,  т.б.)  арқылы  балаға  адамдар  арасында  да  сондай  мінез-
қылықты  типтердің  болатынын  көрсету.  Баланы  болашаққа  тартыс, 
қайшылығы  көп  қоғам  додасына  әзірлеу  мақсаты  қойылған.  «Түлкі,  түйе, 
қасқыр,  арыстан»,  «Түлкі  мен  арыстан»,  «Қотыр  торғай»,  «Бақа  мен 
үйректер»,  «Тырна  мен  түлкі»,  тағы  басқаларда  халық  тұрмысының  алуан 
жақтары хайуанаттар тіршілігіне шендестіріле суреттеледі.  
 
Қазақ ауыз әдебиетінде тұрмыс-салттық ертегілер мен аңыз-әңгімелер 
де  едәуір.  «Алдаркөсе»,  «Асан  қайғы»,  «Аязби»,  «Толыбай  сыншы» 
қатарлылары  тарихта  бір  кезде  болған  адамдарға  байланысты  баяндалады. 
Айталық, «Ханның кесір қызы мен тазша», «Жаманқұл мен Қарабай», «Хан 
мен  Ахмет»,  т.б.  көшпелілер  өмірінің  қиял-ғажапсыз,  жай  болмысын 
суреттейтін ертегілер екені айқын. 
 
Халықтың    рухани-мәдени  өміріндегі  ең  бір  аяулы,  ең  бір  ардақты 
өнердің  бірі  –  шешендік  өнер.  Осынау  қасиетті  өнердің  туын  асқақтата 
желбіреткен  жүйрік  ойлы,  тапқыр  тілді,  сұңқар  үнді  ділмар  шешен-билер 
қазақ сахарасында темірдей берік тәртіптің, имандылықтың, ізгіліктің  қанат 
жаюына ықпал етті.  
 
Сандаған ғасырлар мен замандарды шолар болсақ, сонау Шыңғыс хан 
тұсында  жасаған  Майқы  би  Төбейұлынан  (1105-1225  жылдар  шамасы) 
бастап,  ойымызға  Аяз  би  Жаманұлы  (ХІ-ХІІ  ғғ.),  Мөңке  би  (1207-1259), 
Едіге би (1354-1419), Бәйдібек би (1356-1419 жылдар шамасы), Әз-Жәнібек 
(1406-1473),  Жиренше  шешен,  Шоған  би  (1584-1642),  Әнет  би  (1626-1723), 
Қадырғали би  (1530-1605), Досай,  Балпақ, Есей, Бекболат, Тайжан, Тоқсан, 
Жанкісі, Ақтайлақ, Бөлтірік,  Сары, Сырлыбек, Қарауыл Қонай би, Мәтжан, 
Бапан,  Шоң,  Байдалы,  Қараменде,  Зілқара,  Алшынбай,  Жанқұтты, 
Байкөкше, Бала би, Ноғайбай, Бөгембай батырдың ұрпақтары Саққұлақ пен 
Бапан  сияқты  «талғанда  тіреу,  сасқанда  сүйеу»  болған  шешен-билер 

 
69 
есімдері  оралады.  Олар  қазақ  жерінде  әділдіктің  салтанат  құруына  һәм 
қиянат-зұлымдықтың арам шөптей қаптап кетуіне қарсы ұшан-теңіз қажыр-
қайрат  жұмсаған.  Кемеңгерлікке,  кісілікке  құрылған    билік  шешімдері  ел 
жадында.  
 
Сонымен,  қазақ  халқының  ауыз  әдебиеті  дегеніміз  –  шығу  тегін  ғұн, 
сақ,  үйсін  дәуірлерінен  бастайтын,  түркі  және  монғол  үстемдігі  кезінің 
идеологиясы  ықпалында  болған,  ХІҮ-ХҮІІІ  ғасырларда  ерекше  мазмұн, 
сипатына ие болған рухани мұра.  
 
 Негізгі терминдер мен ұғымдар 
 
Қазақ ауыз әдебиетінің жанрлары  
Жыршылар, жыраулар, ақындар, шешендер, ертекшілер  
Батырлар жырлары  
Ноғайлы заманының жыраулары  
Тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар  
Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар  
Шешендік өнер 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
 
1. Қазақ ауыз әдебиетінің қандай жанрларын білесіз?  
2. Лиро-эпостық жырларға қандай жырлар жатады?  
3. Мақалдардың мәтелдерден қандай айырмашылығы бар? Мысал келтіріңіз.  
4. Қазақ халқының атышулы шешендері туралы әңгімелеңіз. 
5. Қазақтың қандай батырлар жырларын білесіз? 

 
70 
IXЖаңа кезеңдегі қазақ мәдениетінің  
     рухани-идеологиялық негіздері 
 
   
XYIII  ғасырдың  ІІ-жартысынан  бастап  қазақ  жерін  Ресей  
империясының  отарлау  үрдісі  басталды.  Бұл  кезең  ислам  өркениетінің 
құлдырауы мен көшпелілік құндылықтардың дағдарысымен тұспа-тұс келді. 
Бұрын  қазақ  даласында  жұмыс  істеген  мұсылмандық  “қадим”  мектептері 
ғылым  мен  білімге  ұмтылған  халықтың  талабын  қанағаттандыра  алмады. 
Себебі  “қадим”  мектептерінде  оқу  қазақтар  үшін  түсініксіз  араб  тілінде 
жүргізілді.  Шала  сауатты  молдалар  мектептегі  оқуды    4  жыл  бойы 
шәкірттерге  құрғақ    жаттау  әдісімен  жүргізді.  Осындай  жағдайды  шебер 
пайдаланған  орыстың  отарлық  үкіметі  қазақ  далаларында  XYIII  ғасырдан 
бастап  орыс  тілінде  білім  беретін  азаматтық  мектептерді  аша  бастады. 
Ондағы  мақсаты-қазақ  елін  отарлауды  күшейту  үшін  қажетті  ұсақ 
шенеуліктерді,  тілмаштарды  дайындау  болатын.  Дегенмен,  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  діни  жүйенің  өзіне  тән  құндылықтары  мен  артықшылықтары 
болғанын жоққа шығаруға болмайды. 
   Діни мектептер мен медреселерде құран қағидалары мен қатар, шығыс 
ойшылары  мен  ақындарының  шығармалары  терең  оқытылды.  Қазақ 
даласының  ұлы  ойшылары  Әл-Фараби,  Ж.Баласұғын,  М.Қашқари, 
А.Игүнеки  және  басқалары    медресе  түлектері  болатын.  Қазақ  халқының 
XIX  ғасырда  өмір  сүрген  Т.Ізтелеуов,  Ш.Жәңгіров,  Ж.Ж.Көпеев,  Ғ.Қараш 
және  басқа  ағартушылары,  ойшылдары  имандылық,  ізгілік,  парасаттылық 
мәселелерін  насихаттады.  Мысалы,  Ғ.Қараштың  “Ойға  келген  пікірлерім”, 
“Өркен”,  “Көксілдер”  т.б.  еңбектерінде  адамгершілік,  ел  бірлігі,  мұғалім 
тұлғасы т.б. мәселелер қозғалды. 
Ұлы  Абайдың  өзі  де  алғашқы  сауатын  ауыл  молдасынан  ашқаннан 
кейін, шығыстың озық үлгілік білімін 3 жыл бойы Семей қаласында “Ахмет-
Риза”  медресесінде  алған  еді.  Абай  медресе  қабырғасында  оқып  жүргенде, 

 
71 
шығыстың  ұлы  ақындары    Ә.Фердауси,  Ә.Науаи,  Саади  т.б. 
шығармаларымен танысқан. 
   Алайда дәстүрлі діни білімнің жағымсыз жақтары да болды.  “Қадым” 
мектептерінің  оқу  мазмұнында  догматизм  мен  схоластика  басым  болды. 
Мұсылман ағартушылары зайырлы білімді медреселерге енгізуге қарсылық 
білдіріп,  ескілікті  көкседі.  Бірақ  уақыттың  бір  жерде  тұрмайтыны  сияқты, 
еуропалық  білім  де  қазақ  жеріне  XYIII  ғасырдың  алдынан  бастап  ене 
бастады. 
1786  жылы  Омбы  қаласында  Азияттық  мектеп,  1789  жылы  Орынбор 
қаласында  үкіметтік  мектеп  ашылды.  Бұл  оқу  орындары  қазақ  балаларын 
тілмәштік, песірлік мамандықтарға үйретті. 
Мектеп  оқушылары  орыс  тілін,  математиканы,  географияны,  әлемдік 
тілдерді, сондай-ақ ислам діндерін оқып үйренді. 
Қазақ жеріндегі келесі азаматтық мектеп 1841 жылы Бөкей ордасында 
Жәңгір  ханның  өз  қаражатына  ашылды.  Ағарту  ісінде  патша  өкіметі 
қазақтарды  христиандандыру  бағытын  ұстанды.  Оны  белгілі  миссионер-
ағартушылар Н.И.Ильминский, А.Е.Алекторов, Н.П.Остроумовтар жүргізді. 
Н.Ильминский  және  оның  жақтастары  қазақтарды  орыстандыру  саясатын 
айлакерлікпен,  жергілікті  халықтың  салт-дәстүрлерін  ескере  отырып, 
“түсінікпен”  жүргізуге  тырысты.  Ағарту  саласында  патша  шенеуніктері 
орыс-қазақ  (түземділік)  учаскелік  мектептер  жүйесін  құрды,  қазақ-  араб 
әліпбиін жойып, оның орнына кириллицаны енгізді. XIX ғасырдың аяғы мен 
XX 
ғасырдың  басында  Қырымда,  Поволжьеде  қалыптасқан  И. 
Гаспринскийдің  “жаңа  әдістік”  жәдид  мектептерін  Қазақстанға  жібермеуге 
тырысты.  Себебі,  жәдид  мектептерінде  дін  қағидаларымен  қатар, 
жекеленген  ғылыми  білімдер  берілді.  Патша  үкіметі  осы  мектептердің 
мұсылман  халықтарына  білім  беру  бағытындағы  игі  ықпалынан  қорқып, 
қарсы шаралар қолданып бақты.  

 
72 
Қазақстан  Ресей  империясына  қосылғаннан  кейін,  өлкені  ғылыми 
тұрғыдан зерттеу ісіне кең құлаш жайды. 
Орыс  ғалымдары  геологиялық,  климаттық  карталарды,  сондай-ақ 
Каспий  және  Арал  теңіздерінің  карталарын  жасады.  XYIII  ғасырда 
Қазақстанды  зерттеген  ғалымдардың  арасынан  қазақ  халқының  тұрмысын, 
тарихын  өз  шығармаларында  дәл,  толық  суреттей  білген  П.И.Рычковты 
ерекше  атауға  болады.  18  ғасырда  қазақ  өлкесін  П.С.Паллас,  В.Гладышев, 
И.Муравин, К.Миллер, М.Арапов, И.Кириллов, И.Ураков, т.б. зерттеді. XIX 
ғасырдың ортасында Қазақстанға аса ірі экспедицияларды Е.П.Ковалевский, 
Н.А.Северцев,  В.П.Васильев,  Н.В.Халыков,  Г.И.Даниловский,  М.Поспелов, 
В.И.Даль  басқарды.  Бұл  саяхатшылар  Қазақстанның  табиғатын,  халқының  
мәдениетін,  тұрмысын  зерттеп,  географиялық  түсірулермен  және 
картографиялармен айналысты, өлкенің экономикалық жағдайын барлады. 
1833 жылы А.С.Пушкин Пугачев қозғалысы болған жерлермен жүріп 
өтті.  Ол  қазақ  ауылдарында  болып,  оның  тұрғындарымен,  тұрмысымен 
танысты. 
Сол  жылы  ақын  қазақ  дастаны  “Қозы-Көрпеш  және  Баян  сұлуды” 
жазып алады. А.С.Пушкиннің ықпалымен бірқатар орыс ақын-жазушылары, 
олардың  ішінде  көрнекті  жазушы-этнограф    В.И.Даль  Қазақстанға  саяхат 
жасады.  В.И.Даль  -  қазақтар  өмірін  суреттейтін  “Бекей  және  Мәулена” 
повесінің  авторы.  Бұл  бағытта  П.П.Семенов-Тянь-Шаньский,  А.И.Левшин, 
А.Алекторов,  Харузин,  Мушкетов  т.б.  ғалымдар  көп  еңбек  сіңірді.  Қазақ 
халқының тілін, ауыз әдебиетін зерттеу ісінде көрнекті шығыс зерттеушілері 
А.Диваевтың, В.В.Радловтың (1837-1918 ж.ж.) ролі зор болды. Қазақстанда 
1847 жылдан 1857 жылға дейін украин ақыны Т.Г.Шевченко айдауда болды. 
Оның  “Қазақ  жанұясы”,  “Ат  үстіндегі  қазақ”,  “Қазақ  қызы-Катя”, 
“Байғұстар” суреттері сол кездегі қазақ өмірінің шынайы бейнесін берді. 
Қазақстанның  мәдениет  тарихы  мен  қоғамдық  өмірін  зерттеуде 
құрметті  орын    қазақтың  көрнекті  ғалымы,  этнографы  Шоқан  Шыңғысұлы 

 
73 
Уәлихановқа 
(1835-1865ж.ж.) 
тиесілі. 
Қазақтың 
ұлы 
ғалымы  
Ш.Уәлихановтың өлке тарихын, этнографиясын көрнекті зерттеуші ретінде 
қалыптасуына  орыс  зиялы  қауымның  ықпалы  мол  болды.  Ол 
Ф.М.Достоевскиймен,  Т.П  Семеновпен,  А.Н.Майковпен  және  басқалармен 
достық қарым-қатынаста болды. 
Ғалым  өзінің  ғылыми  зерттеулері  нәтижесінде  “Абылай”,  “Манас”, 
“Ыстықкөл  сапарының  күнделігі”,  “Қырғыздар  туралы  жазбалар”,  “Қытай 
империясының  батыс  шет  аймағы  және  Құлжа  қаласы”,  “Алтышардың 
немесе  Қытайдың  Нан  Лу  провинциясының  шығыстық  алты  қаласының 
жағдайы туралы” атты әйгілі шығармаларын жазып қалдырды. 
         
Негізгі терминдер мен ұжымдар
 
Ислам өркениетінің құлдырауы. 
“Қадим” мектептері 
Азаматтық мектептер 
Ислам дінінің артықшылықтары және жаңа заман талабымен  
қайшылықтары. 
Қазақ өлкесін зерттеушілер 
Ш.Уәлиханов-қазақ елінің тарихын, этнографиясын зерттеуші.  
 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар
 
1. Патшалық Ресей әкімшілігі Қазақстанда халық ағарту саласын дамытуда қандай 
мақсаттарды көздеді? 
2. Мұсылман мектептері оқуының қандай ерекшеліктері болды? 
3.  Ресей  империясы  Қазақстанда  қандай  ғылыми  зерттеулер  жүргізді  және  ол 
зерттеулер арқылы қандай мақсаттар көзделді? 
4.  Қазақстанда  ғылыми  зерттеулер  жүргізген  орыс  ғалымдарының  еңбегіне 
сипаттама беріңіз, 
5.  Ш.Уәлиханов  қандай  ғылым  салалары  бойынша  еңбек  етіп,  қандай  нәтижелерге 
жетті?  

 
74 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет