Жапбаров Амангелді Оқушылардың орфографиялық икемділіктері мен дағдысын қалыптастыра оқытудың ғылыми



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата08.01.2017
өлшемі0,69 Mb.
#1463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Қабылдау.  Қабылдауды   ұйымдастыру   заттың   бастағы   бейнесін,
мағлұматтарды   тұтастығымен   бейнелеу.   Кез   келген   таным   үдерісі
қабылдаудан басталады. Оқу материалын қабылдаудың маңызды көрсеткіші-
ұғыну.   Оқу   үдерісінде   қабылдау   ойлану   мен   түсіну   ұғымымен   тығыз
байланысты жүргізіледі. Таныс затты қабылдау оны тануға саяды. Затты тану
арқылы   оқушы   оның   мән-мағынасына   игереді,   оны   белгілі   бір   топқа
жатқызады.   Мысалы,   қос   сөздердің,   қысқарған   сөздердің   емлесі   оқушыға
таныс,   тыныс   белгісі   қалыптасқан,   сондықтан   оқушы   одан   қателеспейді.
Таныс емес затты қабылдауда оқушы алдымен оның өзіне таныс жақтарын
іздейді. Қандай ерекшелігі бар екенін іздестіре бастайды. Мысалы, сөздерді
біріктіріп жазу үшін соған қажетті деректерді іздейді, салыстыралы, белгілі
бір ережеге негіздейді. Бұл жерде түсініп қабылдау үдерісі жүреді. Оқушы
43

материал   бойынша   негізгі   мәселені   түсіну   үшін,   қабылдауды   дұрыс
ұйымдастыру керек, яғни оқушылардың түсінуіне бір арнаға бағыттау қажет.
Ол   үшін   мұғалім   кіріспе   сөз   және   соған   сәйкес   нұсқауды   пайдалануына
болады. Мысалы, күрделі сөздердің емлесін оқушы түсінуі үшін, ең алдымен,
бірігіп жазылатын сөздерді (біріккен сөздердің түрін) еске түсіріп, қысқаша
шолу   жасап   барып,   оқушыларға   ережені   қайталату   тиімді.   Қабылдауды
ұйымдастырудың   тиімді   бір   жолы   –   жекелеген   фактілерді   талдау,
көрнекілікке айрықша мән беру, мақал-мәтелдер келтіре отырып нақтылау,
ғылыми терминнің мағыналық мәнін ашу. Мысалы, ғылымның әр саласының
атауы,   терминдері   екі-үш   сөзден   құралса   да,   бірге   жазылатын   ерекше
түсіндіру оқушының жете түсінуіне мүмкіндік береді. Материалды қабылдау
– бұл оқушының шамасына қарай оны түсінуі. Сондықтан материалды дұрыс
қабылдау   оны   дұрыс   түсіндірумен   байланысты.   Түсініп   қабылдау   бейне
тұтастығымен   бірлікте   қаралады.   Бейне   тұтастығы   білімді   жалпылау,
қайталау, қорытудан құралады. Соның нәтижесінде пән туралы тұтас білім
қалыптасады.
Зейінді   ұйымдастыру.  Оқушылардың   материалды   толық   нақты
қабылдау және  оны  түсінуі  зейіннің  жинақтылығымен   тығыз   байланысты.
Сабақта оқушылардың зейінін ұйымдастыру – олардың санасын, ақыл-ойын
оқу материалының мазмұнына, әрекетке бағыттау, ойлануды талап ету. Жаңа
материалды   түсіндіру   оқушылардың   зейінінің   тұрақтылығы   кезіндегі
мұғалімнің әрекетімен байланысты. Мұғалім материалды айтып ғана қоймай,
ойланады, оқушылардың өз ойына ілестіреді, бір мәселеден екіншіге ойша
жылжиды. Бұл не? Ол немен байланысты? Неліктен? Одан қандай қортынды
жасауға   болады?   Оны   қалай   дәлелдейміз?   Сияқты   сұрақтардың   көмегімен
оқушылардың   жүйелі   ойлауға,   анализ   жасауға,   дәлелдеуге,   бағалауға,
қорытуға жаттықтырылады.
Сабақ   үдерісінде   оқушылардың   зейінін   екінші   мәселеге   аудару
қажеттілігі   туады.   Ол   үшін   орындалған   жұмысты   қорытып,   оқушылардың
ережеге   көзін   жеткізіп,   көңілін   орнықтырып   барып,   екінші   тапсырмаға
оқушының   зейінін   аударуға   болады.   Мысалы,   алдымен   біріккен   сөздерге
орфографиялық   сөздіктен   мысал   тергезіп,   одан   кейін,   оның   бірігіп  тұрған
себебін   анықтап,   ережені   еске   түсіріп,   тапсырманы   қорытып,   екінші
тапсырмаға ауысуға болады. Зейін оқушылардың жұмысқа қызығушылығы
негізінде ұйымдастырылады. 
Жадыда сақтауды ұйымдастыру. Адам негізгі ақпаратты: көзбен көру
(визуальды   қабылдау),   құлақпен   есту,  түсіну(сезіну)   арқылы   қабылдайды.
Бұл құбылысты психология ғылымында репрезенетативті жүйе деп атайды.
Психологтардың тұжырымдауы бойынша жеткіншек жасындағылардың есту
арқылы   есте   сақтау  қабілеті   басым.   Осыған   орай   әңгіме,   мұғалімнің   сөзі,
баяндау әдістері әр сабақта қолданылып отырады.
Оқушының   ақыл-ой   деңгейінің   дамуын   көрсететін   оның   жадындағы
игерген   білімі.   Есте   сақтаудың   құрылымы:   ақпаратты   қабылдау,   ойында
сақтап   қалу,   еске   түсіру   және   пайдалану.   Бұл   құрылымның   сапасы   есте
сақталатын   материалдың   оқушы   үшін   мәніне,   оқытушының   сүйенген
44

нұсқауына,   әдіс,   тәсіліне  тығыз   байланысты.   Сабақта   мұғалім   материалды
сөзбе-сөз жаттап және еске түсіруді немес жалпы мағынасын еске сақтауды
нұсқайды   (ескертеді).   Сабақта   оқу   материалын   есте   сақтау   мұғалімнің
басшылығымен   іске   асырылады.   Мұғалім   оқушылардың   белсенді   әрекетін
туғызады, материалдың мәнін ашады, арнайы нұсқау береді. Ол үшін әр түрлі
жаттығулар   орындатады.   Есте   сақтаудың   көлемі   ақпараттың   санымен
анықталады.   Мұғалім   материалды   саралап,   есте   сақтайтын   жерін   ерекше
нұсқайды.   Ақпарат   аз   болса,   есте   сақтау   жеңіл   болады.   Сондықтан
оқушылардың   оқу   әрекетін   ұйымдастыруда,   біріншіден,   бұрынғы
білетіндерін, екіншіден, жаңа мағлұматтарды, олардың ішінен есте сақтауды
қажет ететіндерін анықтауы тиіс.
Есте сақтаудың 4 түрі  ажыратылады:
- жылдам есте қалдыру;
- қысқа уақытқа есте қалдыру;
- өтпелі есте сақтау;
- ұзақ есте сақтау; 
Орфографияны   оқыту   үдерісінің   мақсаты-оқушылардың   ұзақ   есте
сақтауын   дамыту.   Мысалы,   сөздің   бірге,   бөлек   жазылу   фактісін
салыстырмалы түрде мынадай кестелермен беруге болады.
2-кесте – Сөздердің бірігіп жазылуының негіздері
Негізгі
ұстаным
1-себебі
2-себебі
3-себебі
4-себебі
Сөздер 
бірігіп 
жазылады 
(итмұрын)
Бір ұғымды 
білдіреді 
өсімдіктің 
аты
Бір ғана 
сұраққа 
жауап береді 
(бұл негізгі 
емес)
Термин, бір 
ұғымның 
атауы (биол. 
термин)
Сөйлемнің 
бір ғана 
мүшесі 
болады
3-кесте – Сөздердің бөлек жазылуының негіздері
Негізгі
ұстаным
1-себебі
2-себебі
3-себебі
4-себебі
Бөлек 
жазылады 
(ағаш 
қасық)
Анықтауыштық
қатынасқа 
негізделген
Құрамындағы
сөздер жеке-
жеке сұраққа 
жауап береді
Әр сөз 
сөйлем 
мүшесінің 
қызметін 
атқара 
алады.
Сабақтаса 
байланысады.
Ақпараттың ең негізгі белгілерін ерекше бөліп көрсету арқылы түсіндіру
оқушының есінде ұзақ сақталады. Ақпаратты толық айтып, тезис, аннотация
түрінде жинақтауға, тезистен толық талдауға көшу де тиімді болмақ.
Жас баланың есі логикалық құрылымға емес есте сақтауға негізделеді.
45

Сондықтан   орфографиялық   дағдының   психологиялық   қалыптасу
ерекшеліктерін қарастырайық. 
«Дағды – бұл ойлаудың қабілеті барысында қалыптасатын, сана-сезімнің
автоматтандырылған құрамдық бөлігі». «Автоматтандырылған» термині мен
«автоматты» терминін дұрыс ажырату қажет. Автоматтандырылған термині
дағдының,   бастапқыда   белгілі   бір   ережелер   негізінде,   содан   кейін   барып
автоматтандыру үдерісіне бейімдейтін іс-әрекет арқылы дағдының қалыптасу
тәсілін білдіреді [85]. 
Мұндай   дағды   табиғатын   психологиялық   түсіну,   жоғарыда
қарастырылған XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы  кейбір  шетелдік
психологтар мен әдіскерлерге тән механистикалық теориямен ерекшелінеді.
Олардың ойынша, (Торндайк, Удтсон, Лаи, Мейман т.б.) педагогтың міндеті –
оқушы сөзді дұрыс түсініп, бұл сөз бейнесін қолдың дұрыс қозғалысымен
байланыстыру   деп   есептеген.   Мұндай   ассоциацияның     қалыптасуы     сөзді
ұғынуды,  қабылдауды және оның жазылуын қайталау жиілігіне байланысты
дейді. Дағды табиғатын бұлайша түсіну барысында оқушының ойлау, талдап
қорытынды жасау қабілеті толығымен теріске шығарылды.
Қазіргі   уақыттағы   «автоматтандырудың»   психологиялық   теориясы-
осы   сияқты   механистикалық   көзқарастарға   қарама-қарсы   көзқарас.  
Шындығында  Томсон  атап өткендей, сауатты адам «қайда қай әріпті
қою керектігін» ойламайды. Әрине, бұл білім берудің соңғы нәтижесі, бірақ
бұл дағдыны қалыптастыру жолы санасыз болуы керек дегенді білдірмейді.
Әрине,   дағдыны   қалыптастыруды   механикалық   жолмен   жүзеге   асыруға
болады.   Оны   К.Д.Ушинский:   «Грамматикалық   ережелерді   пайдаланбай,
бірден   дұрыс   сауатты   жазуға   дағды   алу   үшін,   ондаған   жылдар   тоқтаусыз
дайын үлгіден көшіруі қажет, бірақ мұндай «промотейді»   кез-келген жаңа
сөз тығырыққа  тірей алады», -  дейді [68]. 
Механикалық   жолмен қалыптасқан дағды, емле ережесін қамтымай,
әрбір сөздің  орфографиясын есте  сақтау арқылы қалыптасады.  Сондықтан
мұндай   «промотей»-дің   жаңа   сөзді   кездестіруі,   оны   есте   сақтаудан   талап
етеді. Яғни, мұндай сананың   механикалық жұмысы орфографияны үйреніп
білуде балаға тән емес [68]. 
Психологиялық зерттеулер көрсеткендей, жасы ең кіші оқушылардың
өзі жазу барысында, емле ережесінің үйлес жағдайларын жинақтап қорыта
келіп, өзі жасаған бақылауға сүйене отырып, жаңа сөздер жазады. Сонымен
бірге, егер  оқушыға кейбір ережелерді ескертпеген күннің өзінде, олар оны
өздері  құрып алатынын атап өтуге болады. Әрине, мұндай «ережелер» көбіне
қате болмайды және де көбіне балалар не үшін бұлай жазатынына, басқаша
жаза алмайтынына есеп бере алмайды. Сондықтан да, жазушы жұмысын өте
мұқият зерттеу арқылы осындай «саналы гарамматиканы» байқауға болады
[69].
Осылайша,   орфографияны   механикалық   жолмен   игеру   әдістері
педагогикаға  қарсы және тиімсіз және адамзат санасының  табиғатына  тән
емес.   Орфографиялық   материалдар   ойлау   жұмыстарына   келесідей
мүмкіндіктер береді: ойлау, жүйелеу және талдап қорыту арқылы есте сақтау
46

жұмыстарын жеңілдетеді.
Орфографияны   саналы   түрде   оқу,   үйрену   механикалық   жолмен
игеруге   қарағанда   келесідей   артықшылықтарға   ие   болады.   Мәселен,
«автоматтандырылған» үйренумен   ілесе жүретін дағды әрбір басқан қадам
сайын,   көбінесе   қиындықтарда,   санаға   қайта   қалыптасады,   қалыптасу
барысында    алынған    дағды,     көбінесе     қиындықтарда,     санаға   қайта
қалыптасады,  қалыптасу барысында   алынған  дағды,  автоматты  ғана емес
саналы түрде бола алады, автоматтылықпен саналылықтың бірлігі қандай да
бір   көлемде   соның   өзінде   болады.   Мұнымен   мұғалім   әрбір   қадам   басқан
сайын   кездесетіндіктен   ешқандай   экспериментсіз-ақ   орфографиялық
дағдының   саналық   табиғаты   туралы   айтуға   болады.   Сөз   орфографиясын
қарапайым   жаттауға   негізделген   дағды   мұндай   мүмкіндіктерге   ие   бола
алмайды.
Дағдының саналы қалыптасатынын теріске шығарушы механикалық
теориялар, сол арқылы грамматиканы да теріске шығарды. Дағдының саналы
қалыптасу   теориясы   негізгі   орфографияның   грамматикалық   және
орфографиялық ережелерін игеруде дағдының саналы даму негізінің қүралы
екенін   көрсетеді.   Бұл   қалыпты   жағдай.   Өйткені   грамматика   белгілі   бір
жүйеде тілдің біріңғай көрінісі, грамматикалық категориялар арасында өзара
ара қатынасын бекітеді, оларды жазуда шартты белгілерін, қазақ тілінің емле
ережелерінің   ерекшеліктерін   белгілейді.   Басқаша   айтқанда,   грамматиканы
игеру   оқушыға   адамзат   дамуымен   қалыптасқан   ғылыми   тәжірибені
пайдалануға мүмкіндік береді. Емле ережесінің мұндай заңдылықтарын білу
орфографиялық   дағдының   саналы   қалыптасуының   негізін   көрсетеді.   Бұл
дағдыға   жалпылама   сипат   береді.   Ол   әрбір   жеке   сөз   орфографиясын
жаттаудан ерекшеленіп, әрбір оқушы әрбір сөз алдында тығырыққа тірелмей,
ол сөзді ережеге теңдестіру және орфографиялық ережелерге сәйкес жазуда
мүмкіндік   туғызады.   Мұндай   саналылық   негізінде   қалыптасқан   дағды   өте
үлкен нәтижеге ие болады. Оқушы  ережені игеріп, сол арқылы барлық сөздің
дұрыс жазылу мәселесін шешеді және   әрбір сөз грамматикасын жаттауды
қажет етпейді. Бұдан келіп осындай жалпылама дағдылар негізгі табиғаты
жалпылаудың   ойлау   амалдарына   және   бұл   жалпылау   негізі   болып
грамматикалық ереже не анықтама екендігін көруге болады.
Жатталынатын әр материал кейбір ортақ ережелерін игеру арқылы есте
сақтау   жұмыстарын   жеңілдетуге   мүмкіндік   береді.   Бұл   сирек   кездесетін,
олардың арасында ешқандай ішкі мағыналық байланыс жоқ, дерек немесе
құбылыстар болып табылады. Мысалы: телефон номерін есте сақтау, тарихи
оқиғалар күні, уақыты, адамдар аты-жөні, ботаникалық және георграфиялық
терминдер. Бірақ бұл жағдайда дағды туралы емес, қарапайым есте сақтау
бірыңғай   деректерін   игереді.   Мұндай   кұбылыстарды   орфографиядан   да
көруге   болады.   Яғни     орфография   туралы   сөз   болғанда,   дағдылану
қалыптасуын тек қана теоретикалық ережелерге ғана емес орфографиялық
деректер   сипатына   тәуелді   етіп   дағдылану   қалыптасуының   психологиялық
ерекшеліктері   мен     лингвистикалық   ерекшеліктерін     ескере   отырып,
дифференциалды  әдістер қолданылады.
47

Дағдыланудың   қалыптасу   механизмі   -   автоматтандырылған   іс   әрекет.
Бұл   үшін   саналы   іс   әрекеттің   автоматтандыруға     қажетті     мәселелері
анықталады.   Мысалы,   саналы     іс   әрекет   деп,   саналы   түрде   меңгерілетін
мақсатқа  жетуге бағытталған  іс әрекетті айтуға болады. Егер, мысалы, біз
қандай   да   бір   орфографиялық   жаттығуларды   саналы   түрде   орындағымыз
келсе,   оқушылар   алдына,   тек   орфографиялық   мақсат   қою   арқылы
орындайды. Ал саналы іс әрекеттің екінші белгісі болып, біз қандай жолмен
алға   қойылған   мақсатқа   қол   жеткіземіз   дегенге     мүмкіндік   береді.   Яғни,
орфографияны оқытуда мұғалім оқушыдан нақты орфография туралы ойлап,
неліктен     бұл   емлені     басқаша   емес,   дәл   осылай   жазғанын   түсіндірілетін
кезең болып табылады.
Орфографиялық  дағды – бұл күрделі  дағды. Ол жазу дағдысын, сөздің
дыбыс құрылымын талдауды, грамматикалық білім негізінде орфограмманы
танып білу, оған қажетті ережені қолдану және орфограмманы дұрыс жазуды
қамтиды.   Сондықтан   бұл     шеберлік   пен   дағды,   орфограммалар   сипатына
тәуелді, және жеке орфограммаларға негізделеді. 
Бірақ орфографиялық дағдының қалыптасуы үшін бұл жеке амалдарды
орындай білу жеткіліксіз. Дағды табиғатына көптеген жылдар бойы зерттеу
жүргізген Е.В.Гурьянов бұл туралы былай деді: «Жеке іс әрекеттерді жеке
бөліктерге   бөлу   жеке   іс   әрекеттерді   орындауда   қандай   да   бір   бөлшегін
жетілдіру ғана емес, ең алдымен және ең бастысы сәйкестендіру үшін, одан
кейін   жеке   іс   әрекеттердің   барынша   күрделі   іс   әрекеттің   орнын   басуды
қамтамасыз ету  үшін қажет» [70].
Педагогика үшін дағды табиғатын бұлай түсінуден келіп,   аса маңызды
нәтиже келіп шығады: егер оқу барысында барынша күрделі іс әрекеттерді
дағдыға  айналдыру қажет болса, жеке іс-әрекеттерді  туындатып жекелеген
жаттығулармен қанағаттануға болмайды. Егер, мысалы, біз  бастауыш сынып
оқушыларына буын құраудағы дауыстыларды үйрету үшін, алдымен сөздегі
дауысты дыбысты жекелеп табуға, содан соң бір тектес сөздерді теріп жазуға
үйретеміз, олай   болмаған   жағдайда оқушылар бұдан кейін буын құрайтын
дауыстылар   ережесін   бірден   қолдануға,   немесе   осы   екі   ептілік   дауысты
дыбыс,   буын   құрау   немесе   шеберлікті   біріктіру   қажет   болғандықтан
қиналады. 
Өз   бетінше   жазуға   көшу   барысында,   оқушылардың   жазба
жұмыстарында   орфографиялық   қателердің   көптігін   байқауға   болады.
Мәселен,   өз   ойын   жазба   түрінде   білдіруде     орфографиялық   ережені
сақтамағандықтан,   орфографиялық     нормалар     бұзылады.   Өйткені,     мұны
бірте-бірте игеру қажет, яғни   әрбір   жеке орфографиялық ережелер немесе
анықтамалар   оқушылардың   шығармашылық   жұмыстарында  қолданылатын
жаттығуларды ұсыну арқылы бірте-бірте игертіледі.
  Мұндай   сәйкестендіру   барысында   жүретін   өзгерістерді   кейбір
психологтар былайша түсіндіреді. Жекелеген іс-әрекеттер ойлану барысында
оқушылардың іс-әрекетінің    мақсаты    болып    табылады:    осы    мақсатқа
қол жеткізу  үшін олардың бар  назары шоғырланады. Егер баланың санасы
басқа жаңа мақсатқа қол жеткізу бағыттамасы (мысалы өз ойын жеткізу) ол
48

да баладан шығармашылық күшті қажет етеді. Онда бірінші әрекет  қосалқы
іс-әрекетке  көшіп, бірте-бірте     оқушылардың     назарын     жаңа     мақсаттан
аудару   және  автоматтану әрекеті қалыптасады. Мәселен, оқушы  дағдыға ие
болу үшін А.Н.Леонтьев мынадай пікір айтады:
«Оқушының   алдына   мұндай   жаңа   мақсатты   қою,   дәл   мұндай   нақты
жағдайда ол әрекет басқа іс-әрекеттің орындалу әдісі болып кетеді. Басқаша
айтқанда,  нақты осы іс-әрекеттің мақсаты, жаңа мақсатқа талап етілген іс-
әрекет шартына айналуы қажет ретінде анықталады» [69]. Ал біздің келтірген
мысалымызда   қосалқы  әрекет  түрі  орфография   болса,  ал  бастапқы  мақсат
болып  шығармашылық  жазу  болып табылады.
Дағды қалыптасу үшін ереже бойынша барлық іс-әрекет қандай да бір
жаңа мақсатқа қол жеткізуде тек қосалқы рөл  атқаруы тиіс. Егер осындай
жағдайларда   дағды   бұзылмайтын   болса,   оның   беріктігіне   сенім   арта   беру
қажет;   егер   мұндай  сынға   шыдай  алмаса,   онда   санаға   қайта   әрекет   еткізу
керек, яғни  жекелеген орфографиялық іс-әрекеттермен жұмыс істеу арқылы
білім   алуды   ары   қарай   жалғастыру   қажет.   Осы   бағытта   орфографиялық
сауаттылықтың   әдістері   туралы   әдістемелік   мәселелерді   шешуге   болады.
Мысалы, диктант – бұл оқушылар алдына ешқандай жаңа мақсат қоймайтын,
таза   орфографиялық   жұмыс.   Шығарма   –   өз   ойын   жеткізу   сияқты   жаңа
мақсат қояды.  Мұнда  оқушылардың орфографиялық    әрекеттері,    қосалқы
әрекеттер   болып   қалады.   Сондықтан     шығарма   (өзіндік   шығармашылық
жазудың   кез   келген   түрі)   орфографиялық   дағдының   қаншалықты
қалыптасқанын көрсете алады.
Қазіргі кезде мектептерде оқушылардың сауаттылығы диктант бойынша
есептелінеді. Әрине бұл диктанттың қолайлығынан, яғни диктантқа тексеруді
қажет   ететін   орфограммаларды   енгізе   алуынан   келіп   шығады.   Бірақ
психологиялық     көзқараспен     мұндай   сынақ   орфографиялық   дағдының
беріктігін дұрыс бақылауға,  өлшеуге  кепіл бола алмайды. 
Жаттығулар үдерісінде ережелерді пайдалану бойынша әрекеттің саналы
түрде орындалуы жүріп жатады. Оның барысында осы іс-әрекеттің орындалу
әдістері   мен   тәсілдері   жетіліп   отырады.   Бұл   жетілу   әдіс   -   тәсілдердің
қайсысы тиімді, икемді екенін ұғынуға алып келеді. Бұл тәсілдер белгілі бір
пікірдің   қалыптасуына   әкеледі.   Қандай   да   бір   тәжірибелік   іс   әрекетке
негізделетін     қозғалтқыш     ақыл-ой   әрекеті   болып     табылады.   Осылайша
интеллектуалды дағды мен ептілік қалыптасады.
Е.В.Гурьянов  бұл үдерістің келесідей кезеңдерін көрсетті:
1.Алғашқысы   оқушыны   басқарудың   барлық   күрделі   әрекеттерімен
жалпы таныстыруды,   жеке   әрекеттердің пайда болуының алғы шарттарын
игереді.
2.Қажетті жеке әрекеттерді ажырата білу.
З.Осы әрекеттерді жүйелеу, барынша айқын белгілерді іріктеу.
4.Жеке   белгілердің     негізгісін,   яғни   жалпылаушы   үдерісіне   біріктіру,
мұнда   бірінші   барынша   қарапайым   әрекеттер,   одан   кейін   күрделілер
біріктірледі. Мұның барысында әрекеттер автоматтандырылады [70].
П.А.Шеварева   жүргізіген   жұмыстарда,   әрекеттердің   нақты
49

ерекшеліктерін анықтайды.  Ол  ойлаудың екі түрін айырады:
1) әрекетке негізделген ойлау;
2)  қалай әрекет қажеттілігін белгілейтін белсенді ойлау [71]. 
Тұжырымдағанда,   бұл   пікірлер   ойлаудың   автоматтандыру   жолында
негізгі өзгеру сызығын белгілеуге мүмкіндік береді. Біріншіден, өз іс-әрекетін
сезіну   ролінің   бірте-бірте   жойылуы.   Екіншіден,   негізделген   одан   кейін
оперативті   ойлау   есебінен   ойлау   операцияларының   көбеюі.   Үшіншіден,
жеке, ұсақ әрекеттерді өзінің көлемі бойынша барынша үлкен  іс-әрекеттерге
біріктіру,  соның   есебінен   тасымалдау  шекарасы   кеңейеді.   Төртіншіден,   іс-
әрекеттердің   орындалу   әдістерін   жетілдіру,   орфографиялық   мәселелерді
шешуде барынша тиімді әдістерін іріктеу, соңында   автоматтандырылған іс-
әрекеттер,   мұнда   оқушы   ережені   ойламай,   дағды   негізінде   жазуға
жаттықтыру.
Автоматтандырудың физиологиялық механизмін И.П.Павлов және оның
қызметтері автоматтандыру үдерісі туралы психологиялық тұжырымдардың
дұрыстығын   растайды,   қолдайды.   Бізге   белгілі   болғандай   И.П.Павлов
психологияда   саналы   деп   танылатын,   мидың   кейбір   бөлігінде   қозушы
әрекеттерді   физиологиялық   механизмге   жатқызады.   Ол   бұл   бөліктерді
шығармашылық   деп   атады.   Онда   жаңа   байланыстардың   тұйықталуы   және
олардың   топталуы   жүріп   отырады.   Ал   ми   сыңары   бұл   уақытта   төмен
деңгейде   қозушылыққа   ие   болады.   Павлов:   «Олардың     функцияларын
ертеректе қалыптасқан рефлекстер құрайды. Бұл бөлім іс-әрекеті болып, біз
субъективті түрде санасыз, автоматты деп атайтын әрекет болып табылады»
-деп   көрсетеді   [72].   Автоматизация     физиологиялық   табиғатын   бұлай
түсінуден   келіп,   еліктеменің   бастапқы   кезеңі,   орфографиялық   дағдының
қалыптасуына  сәйкес  келіп, бас  миының бізге белгілі бір бөліктерінің  өте
жоғары   қозушылығы   негізінде   жүзеге   асырылады,   ал   соңғы   нәтижесінде
орфографиялық   іс   әрекеттер   дәл   осы   уақытта   тежеліп   тұрған   бөліктерде
орындалады,   ал   оған   сәйкес   мидың   келесі   сыңары   И.П.Павловтың   айтуы
бойынша   «біздің   басты   ісіміз»   дегендей     белсенді   түрде   қызмет   атқарып
жатады [72].
И.П.Павловтың   көзқарасы   бойынша   түсіндіру   дегеніміз   келесі
динамикалық   еліктеу     мынадай   бейнелеуден   көрінеді:   «Ішкі   және   сыртқы
қоздырушы   әсерлердің   нәтижесінен   белгілі   бір   мерзім   ішіндегі   ми
сыңарының   қабатында   болып   жататын   барлық   тарату   мен   қондырғылар,
бірыңғай   қайталана   беруші   ортада   автоматты   түрден   де   жеңіл   жүзеге
асырылып   отырады.   Осылайша,   ми   қабатында   барынша   нерв   еңбегі   бола
алатын   динамикалық   еліктеу   қалыптасады»   [72].   Бұл   үдерісті:   «жүйке
еңбегінің   төмендеуі,   ми   белсенділігінің   төмендеуі,   сәйкесінше   ми   қабаты
бөліктерінің   қозғыштығының   төмендеуі,   содан   кейін   іс-әрекеттің
автоматтандыруға  әкеледі» деп түсіндіреді.
Автоматизациялаудың   физиологиялық
  табиғатынан   келіп,
орфографиялық   дағдының   қалыптасуының   алғашқы   кезеңі   мидың   кейбір
бөліктерінің   жоғарғы   деңгейде   қозғыштығынан   келіп   шығады.   Бұл   ми
қабының   мұндай   жағдайы   сананың   белсенді   қызмет   етуіне   әкеліп   соғады.
50

Автоматтандыру   барысында   орфографиялық   әрекеттер   ми   қабының   сол
уақытта   тежеліп,   тоқтап   тұрған   бөлігінде   жүзеге   асырылады,   ал   мидың
белсенділігі ми қабының басқа бөлігінде жүзеге асырылады.
И.П.Павлов   айтқандай,     «жүйке   энергиясын   жұмсауды»   төмендету
екінші сигналды жүйеге жатқызуға болады,  ол  Павловтың айтуы бойынша
«адамзат жүріс-тұрысының негізгі реттеушісі»   болып табылады деді. Осы
арқылы ойлау үдерісінің қоюлануы түсіндіріледі.
Біз   жазғанда   сөздің   мағыналық   жағдайын   түсінеміз   және   олардың
мағынасына   байланысты   жеке   құрылымдық   элементтерін   қолданамыз,   біз
оның   графикалық   формасы   туралы   ойламаймыз,   бірақ   біз   ол   жазудың
семантикалық     жағдайын   ары   қарай   игере   береміз.   Мәселен,
автоматтандырылған     жазуда   тілдің   семантикалық     жағының   сақталуы
омонимдік дыбыс формаларын ажыратуға мүмкіндік береді, мысалы е мен и
арасындағы қандай да бір дыбыс зат есімнің әртүрлі септіктерінде кездесетін
дыбысты е немесе и арқылы жазу қажет (оның септелу мағынасына қарай).
Бірақ   сауатты   адам   оны   жазу   барысында   сәйкесінше   ережелерді   есіне
түсірмейді,   септіктің   грамматикалық   категориялары   туралы   ойламайды   да,
бірақ ол тіл мәнін түсіне береді.
Автоматизация   үдерісін   бұлай   түсіну   тілдің   «сезімі»   және   «тіл
ерекшеліктер»   мәселесіне   қайта   әкеліп   соғады,   бұлар   Буслаев,   Ушинский,
Пешковский  еңбектерінде қарастырылып өтілген. 
Қабылданған   материалдарды ұғыну, бірінші   кезекте есте сақталынған
бұрынғы   тәжірибенің   әсері,   қайталау  үдерісінен   барынша  тиімді   әдістерін
орфографиялық мәселелерді шешуде талдап жинақтау, яғни мұның барлығы
қандай да бір орфограмманың «қоздырғыш» ретіндегі қайталау барысында
жүзеге асырылады.
Жаттығу мен дұрыс  түсірілген  және  ұйымдастырылған  машықтану –
бұл қандай да бір алғашында  келтірілген  әрекет  пен  қозғалысты қайталау
емес,   ол   қандай   да   бір   мәселені   қайталап   шешу,   бұл   үдеріс   барысында
бастапқы  іс-әрекет жетілдірімді және сапалық түрде өзгергіш болады.
Егер ережелермен реттелетін, орфография туралы айтатын болсақ, онда
мұндай мәселелер жазба тәжірибесінде ережелерді қолдануды үйретеді және
мұнда қандай да бір сөздің қайталануы емес,  қандайда  бір ереженің әртүрлі
сөз бен сөйлемге қолданылуы қайталанады. Сондықтан мұнда орфографияны
қайталау, негізінде теориялық білімді жазба тәжірибесінде   қолдану болып
табылады. Сондықтан, психологиялық жағынан алғанда жаттығу үдерісіндегі
қайталау   бастапқы   іс-әрекет   нәтижесін   білу,   қайталауды   бұрынғы   іс-
әрекетпен салыстыру, олардың дұрыстығын бағалау, мәселені нақтылау, міне
осылардың барлығы орфографияны игеруге негіз болады. 
Ережені қолданудағы жаттығулар адам санасында тек сөз жазылу үлгісін
сақтаумен   ғана   емес,   жалпылама   сипаттағы   орфографиялық   дағдыны
қалыптастыруда   аса   қажет   болатын   ойлау,   есте   сақтау   әдістері,   ойлау
амалдарын жетілдіреді.
Осы   жағдайды   ескеретін   оқу,  үйрету   оқушының   білмей   қалуына   жол
бермейтін,   өзінің   механикалық   сипатын   жоғалтады,   орфографияны   үйрену
51

оқушының белсенді, саналы түрде жұмыстарына негізделген ойлаудың даму
деңгейін жоғарылатады.
Сонымен   дағдының   қалыптасуының   аса   маңызды   шарттары   болып
келесілер   табылады:   1)   Ережені   білу.  2)   Ережені   қолдану   тәсілдерін   және
оларды   шеберлікпен   қолдана   алу.   3)   Осы   шеберлік   пен   дағдыны
қалыптастыратын жаттығулар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет