Өмірбаяны (Монографиялық зерттеу)


Әулиелік пен шолақбелсенділіктің табиғаты



Pdf көрінісі
бет26/29
Дата10.01.2017
өлшемі1,63 Mb.
#1586
түріӨмірбаяны
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Әулиелік пен шолақбелсенділіктің табиғаты 
Әулиелік қазаққа әлімсақтан мәлім құбылыс. Ескі дүние, бағзы заманда 
Сақ  даласында  Заратуштра,  Анарыс  (Анахарсис)  деген  әулие  адамдар  өмір 
сүрген деседі. Қызылорда, Атырау облыстарында жүздеген қасиетті әулиелер 
қорымы  сақталып,  бүгінгі  күнге  жетіп  отыр.  Тәңіріге  қатысты  ұғымдардан 
ат-тонымызды  ала  қашқан  кеңес  заманында  «әулие»  сөзіне  берілген 
түсініктер «діни ұғым», «діни мистик» дегеннен аса алмады. Әйтеуір, әулие 
көрегендігі бар сәуегей кісі, адам  тағдырына ықпал жасай алатын қасиетті, 
киелі жан екенін ғана біліп өстік.  
Қазақ  әдебиетінен  бірер  мысал.  «Әулие  болса.  Соншама  мықты  болса. 
Қасым  Кенжехан  әулие  болса  да,  Жәмеш  әрі  қатын  үстіне,  әрі  шалға 
бармайды  деп  үй  ішіне  ұрыс  салып,  бермеу  жағына  ашық  шығып  еді» 
(«Қараш-Қараш»). «Кімнен әулие едің? Тең көрмей тұрмысың әлде, бекзада 
неме?  –  дейді  Жүзтайлақ  бастырмалатып»  (М.  Әуезов).    «Бұл  арада  қазір 
аттың  әулиесі  отыз-қырық  сом.  Көкшетауда  одан  да  арзан  болуы  мүмкін» 
(С.Мұқанов. «Есею жылдары»).  «Әулие тұтты. Қадірлеп қастерледі, бас иді. 
Оқымыстыны  көрмеген  қыз  ғалым  деген  атты  әулие  тұтатын»  (Т.Ахтанов. 
«Қаһарлы күн»). 

 
225 
Сонымен,  әулие  сөзінің  түп  тамыры  не?  Біздіңше,  оны  Жаратушыға 
деген  шексіз  сенімнен  іздеген  жөн.  Парсы  тілінде  бұл  сөздің  «Құдайдың 
досы»  деген  мағынаны  білдіретіні  содан.  Шәкәрім  әулиеліктің  табиғатын 
жақсы білген.  
                       
Жүрегі таза адамдар, 
                      
Зұлымдықтан амандар, 
                      
Қиянатсыз надандар – 
                      
Әулиеден кем емес!, - 
дейді  ақын.    Көріп  отырмыз,  осы  жолдарда  әулиеліктің  басты  үш  шарты 
(жүрегі таза, зұлымдықтан аман һәм қиянатсыз әділ адам болу) көрсетілген. 
Яғни әулиелік аспаннан түскендей бірден пайда болатын қасиет емес (онда 
ол бақсылыққа я сиқырлыққа жақын туыс құбылыс болар еді). Оның шарты – 
Тәңірінің заңымен ғана әділетке жақ, қиянатқа қас болып тақуалық санамен 
өмір сүру. Сондықтан әулиелік деген ұғымға адамның саналы түрде таңдап 
алынған  бағытпен  табандылық  пен  жанкештіліктің  арқасында  аса  қиын 
сынақтан  өтіп  қана  жетуі  мүмкін  рухани  биіктік  деп  анықтама  берген 
дұрыстық  сияқты.  Ал,  әулие  осы  биікке  шыққан  тұтастық  сана  иесі.  Осы 
себепті  Жаратушының  хикметін  жүрегімен  сезіне  бастаған  адам.  Бұл  ретте 
Шәкәрім қажы Ясауи әулие сияқты нәпсіні сындырып, бек қиын, бек шетін 
жолмен жүріп өткен адам деп нық айтамыз. Өйткені, ол әулиелік дегеннің де, 
әулие дегеннің де шартына толық сәйкес кемелдіктің иесі. Сөзіміздің куәсі - 
төл шығармалары.  
       
Әсіресе, әулие ақынның «Мұтылғанның жыры» атты жырымен сарындас  
«Көңіл» (1919) деген (бұл арада «көңіл» сөзі қазіргі лексикада «сана-сезім» 
деген  мағынаны  білдіреді)  өлеңі  ерекше.  Алдыңғыда  ақын  өзінің  сыртқы 
өмірін  баяндаса,  соңғыда  ішкі  рухани  өресінің  даму,  жетілу  жайынан  сыр 
шертеді.      
       
Мәселен, ондағы: 
                               
Тазалыққа тағы кеттім, 
                               
Балалықты қуып жеттім. 
                               
Жоғары ғаршыдан өттім, 
                                      
Осыны шындаған, көңіл!, - 
деген секілді әр шумақ рухани жолдағы адамның жүрегі мен ой-санасының 
ақ  қағаздай  тазару  белдері  болып  табылады.  Сөйтіп,  бұл  жырымен  ақын 
әулиелік биікке қадам басқанын паш етеді. 
       
Осы  1919  жылы  жазылған  «Жас  алпыстан  асқан  соң»  деп  басталатын  
келесі жырында: 
                        
Жас алпыстан асқан соң, 
                        
Өлімге аяқ басқан соң. 
                        
Тіршіліктен оянып, 
                         
Көзімді анық ашқан соң. 
   
                            
Хақиқаттың қымызын  
                            
Ішіп, бүгін мас едім, 
                            
Тазалап жүрек ындызын, 

 
226 
                            
Нәрестедей жас едім, - 
деуімен  ішкі  әлемінде  өткен  үлкен  бір  өзгерісті  тағы  бір  діттеп  айтады. 
Егерде 60 жасында ақын «көзімді анық ашқан соң» десе, онда алдағы он екі 
жылдың ішінде қаншама хақиқат биіктеріне шыққанын шамалай беріңіз! 
        
Яғни  он  жылдай  уақыт  өткенде  керемет  иесіне  айналған  әулиенің,  пір 
Шәкәрімнің өзі туралы мынадай сырлы сөздерді қағаз бетіне түсіруі заңды: 
                                      
Шын асықтың әрбірі 
                                      
Өліп топырақ болды да, 
                                      
Жаралыстың тағдыры  
                                      
Жаратты мені орнына. 
                                                 
Бәрінің нұры қосылған 
                                                 
Мол керемет менде бар. 
                                                 
Жалғыз жарға шоқынған 
                                                 
Қайда мендей пенде бар? 
        
Осы  жолдардан  Шақпақ  тауының  биігіне  шығып,  өзінің  жерін,  ұлтын 
ғана емес, әлемді түгел көріп отырған әулие бейнені көзге елестете аламыз. 
Әулие  ақын  «мол  керемет  менде  бар»  деуімен  осы  қасиетті  айтты  ма,  әлде 
жанның  басқадай  сырына  меңзеді  ме  екен?  Әрине,  мұндай  түпсіз  дарияға 
беттеу өз алдына бөлек жұмыс.                                    
        
Әулиеліктің ішкі мазмұны мен табиғаты туралы сөз әзірге осы.  
       
Енді  шолақбелсенділікке  келейік.  Бұл  «шолақ  ойлау»  деген  мағынаны 
білдіретін  халықтық  термин.  Әрекетшіл,  бірақ  таяз  ойдың  құлы  болған 
немесе  қате  бағытқа  түскен,  жалпақ  тілмен  айтқанда,  сайтанның  жетегіне 
ерген адамдар, мейлі ғылымда болсын, мейлі билікке келсін, қоғамға үлкен 
қауіп төндіре алады.  
      
Сөздің  қысқасы,  шын  әулие  мен  шолақбелсенді  арасындағы  ұқсастық  – 
екеуі  де  сенімнің  адамы.  Бірақ  екі  сенімнің  арасында  жер  мен  көктей 
айырмашылық  бар.  Біріншісі  пендені  –  адам  баласына  деген  сүйіспеншілік 
пен мейірімділікке тәрбиелесе, екіншісі – жақсылықпен қатар жалған мақсат 
қою  арқылы  қатыгездік  пен  зұлымдыққа  да  жетелеуі  мүмкін.  Айырма 
осында. 
      1929-
30 жылдары қоғамдық сананың улануы мен адами мінез-қылықтың 
өзгеруі өзінің шырқау шегіне жетті. Қарама-қарсы полюс болып табылатын 
әулие мен шолақбелсенді түсініктерін талдап өткеніміз де сол. 
Аза мен азапқа толы соңғы жылдардың сықпыты ғазиз ақын Шәкәрімді 
шындап шошындыра бастаған. Өйткені, оқыған зиялылар мен жастар жағы, 
әрине,  еріксіз  бөтен  дүниетаным  жетегіне  ерген-ді.  Бірсыпыра  жұртты 
ақынның  шыққан  тегі  үрейлендірді.  Ал,  өшіккен  жаулары  «алжыған  шал», 
«жынды шал» десе, молдалар «шоқынды» деп атап сандарын шапалақтады. 
«Мұтылғанның  өмірі»  атты  өз  өмірі  туралы  үлкен  жыр-дастан  жазуды 
ақын  міне  осындай  ахуалда  ойға  алады.  Онда  автор  өз  өмірі  туралы  бар 
шындықты  бүкпесіз  айтқан.  Болашақ  ұрпаққа  арнаған  осынау  арнау 
аманатын жаны жаралы ойшыл былайша аяқтайды: 
                          
Дұспаным жоқ, досым жоқ, 
                          
Қайғыдан да шошу жоқ, 

 
227 
                          
Рахат іздеп тосу жоқ,  
                                  
Бір жындымын құтырған. 
                           
Жаралы жаным  шықсын деп, 
                           
Қара жер мені жұтсын деп, 
                           
Өлген соң елім мұтсын деп, 
                                 
Атымды қойдым: «Мұтылған». 
 
Оптимист  деген  адамның  көкесі  Шәкәрімдей-ақ  болар.  Бірақ  ол,  көріп 
отырмыз,  «Мұтылған»  деген  терминді  таңдаған.  Неге?  Мұны  мәні  терең. 
Қанды  қанау  ортада  жүріп,  өле-өлгенше  қаламы  қолынан  түспеген  ойшыл 
ақын  расында  да  мұтылуды  көксеген  екен  деген  ой  тумауға  тиіс.  Бұл  сол 
кезгі заман ағымына орайлас  айтылған нәрсе. Алда дәл 30 жылға созыларын 
білмесе  де,  әйтеуір,    «үнсіздік»  боларын  көре  білген  сияқтанады.  Сөйтіп, 
кемеңгердің  аңсары  менің  жеке  басым  мен  сүрген  өмірім  ұмытылса 
ұмытылар, бірақ қалдырған мұрам ұмытылмас дегенге саяды. Яғни ерте ме, 
кеш  пе  заман  өзгергеріне  сенімі  кәміл  болған.  Бәйге  аларын  да  білген… 
(әйтпегенде аманат жырды жазып әуре болудың қажеті не).   
       
Өзіне мәңгі хақиқаттардың түңлігі түрілгенін түйсінген сирек кемеңгер, 
өзінің ұлт ұстазы ғана емес, әлемдік ой алыбы екенін де жақсы білген. Бірақ 
істерге лажың қайсы?   
       
«Әттең,  дүние,  осыны  құр  қазақша  ғана  басып  қоймай,  орысшаға  да 
жақсы  переводпен  (смыслен.)  переводтап,  ғылымды  азаматтың  бірі  еңбек 
етіп,  переводын  өзіме  көрсетер  ме  еді?  Қазақшасы  тез  басылып  шығар  ма 
еді?  Тірі  күнімде  не  қарсы  айтылған  дәлелді  сындарын,  не  білімді 
ойшылдардың  қабыл  алғанын  біліп  өлсем  армансыз  болар  едім».  Сәбеңе 
жазылған хаттың осы жанайғайымен аяқталуы сөзімізге дәлел. 
Қысқасы, өмірінің соңында әулие Шәкәрім өзінің бұл қоғамға жат, бөтен 
екенін әр қырынан сездірген тосын құбылыстар қоршауында қалғандай еді.  
«Кеңес өкіметі тұсында Құдайға сенудің орнына идеяға сену басталды, - 
деп  жазады  Ғарифолла  Есім.  –  Діни  салт-сана,  дәстүр  орнына  коммунистік 
идеяға, моральға негізделген коммунистік тәртіп орнады. Сөйтіп, социализм 
жағдайында жаңа дін пайда болды» (Саяси философия. – Алматы, 2006. – 7 
б.). 
Осыны  философ  Н.А.Бердяев  көре  білген.  Ол  аталған  кітабының  125-
бетінде  жазады:  «Коммунизм  идеясындағы  дұрыстық:  христиан  дініндегі 
сияқты әр пенденің құдіретті күшке бағынып, жоғарғы мақсатқа қызмет етуі 
көзделді.    Бұл  коммунизм  мен  христиандық  діннің  ұқсастығы.  Бірақ  осы 
дұрыс  идея  әрбір  адамның  ар-ожданы,  оның  рухының  еркіндігі,  жеке 
басының  бостандығы  дегенге  келгенде  өте  өрескел  бұрмаланды…  Яғни 
адамды  құралға,  әсіресе  өкініштісі,  революция  құралына  айналдырып 
жіберді».    
Жә  деп,  қаралы  жыл  31-дің  оқиғаларына  оралайық.  Осы  жылдың 
жазында Шәкәрім ел ішінде болады. Бұл кезгі жұртшылықтың жайы белгілі: 
елді  зорлықпен  күштеп,  қорқыту  арқылы  жаппай  колхозға  тарту, 
коллективтендіру  нәтижесінде  мал-мүлкінен  айырылған  шаруалар  аштыққа 
іліне  бастаған.  Жер-жердегі  басшылыққа  таңдалғандар  көбіне  «екі  көзі 

 
228 
аспанда, жынды кісіше шаба беруді ғана білетін» (Абай) есер кісілер болып, 
Әрхам,  Ахат  сияқты  есті  азаматтарға  қырғидай  тиді.  «Бидай  салығын» 
айтпағанда, адамның ойына симас «ит салығы», «сүйек салығы» деген небір 
естілмеген салықтар шыққан. Сөйтіп, налогтерді төлей алмадың деп кім кімді 
де қара тізімге іліндіріп, абақтыға кесу қиын емес-ті. 
«1930 жылы жаз айында ауылдан Семейге оқуға кеткенімде, - деп есіне 
алады  Нығмет  Мағауияұлы  деген  азамат,  -  халық  қолында  мал  дегенің 
баршылық  еді.  Бір  жылдан  кейін  ауылға  қайта  оралсам,  қолда  мал  түгілі, 
үрерге  ит  те  қалмапты.  Жекеменшік  енді  болмайды  деп  елдің  малдарын 
зорлап  алып,  мұны  атқамінерлер  «қарызсерік»  деп  атапты.  Енді  ет,  астық, 
ақша налогі деп міндеттеме беріп, қарызды төлей алмағандарды соттап, мұны 
«нық міндет» деп атап заң шығарыпты.  
Сөйтіп,  халықты  бүрістіріп  әкеп  бір  жерге  орналастырып,  еңбек 
ұйымдастырып,  мұны  «мойынсерік»  депті.  Халық  елден  безіп,  әр  тарапқа 
жаяу кетсе, кейбіреуі тау ішін пана етті, мұны «банда» деп атады. Босқындар 
ішінде  мені  де  ұстап  әкеп,  ГПУ-ге  тапсырды.  Осынау  лаңды  басқарып, 
ұйымдастырушы  -  Абзал  Қарасартов  болатын-ды.  Ол  осы  кезде  ГПУ 
бастығы» (Жұлдыз. – 1993. - №4. – 196-197 бб.).. 
Куәнің сөзінен небары бір жыл ішінде елдің ойран-топыры шыққанын, 
оның  себебі,  «игі  жақсылардың»  мойынсерік,  нықміндет,  қарызсерік,  банда 
сияқты  «жаңалықтарды»  енгізу  арқылы  қалыпты  өмірді  астан-кестен 
еткендігінде екенін көріп отырмыз. 
 
 
х       х       х 
Шәкәрімнің  қақ-соқпен  ісі  жоқ  баласының  ішіндегі  ең  момыны  Ғафур 
1930 жылы февральде тұтқынға алынып, Семей абақтысына қамалды. Сонда 
бес ай өткенде июльдің алтысы күні өзіне-өзі қол салады.  
     
Таяп  қалған  ауыр  трагедияны  сезгендей  ақын  жүрегі  қыс  бойы  беймаза 
хәлді  кешеді.  Айталық,  «Қорқыттың  сарыны»  деген  ұзақ  толғауында  мына 
шумақтар бар: 
                             
Отырмын таудың басында, 
                             
Жетпістен асқан шағымда. 
                             
Жапанды жалғыз кезетін, 
                             
Жолдасым жоқ жанымда. 
                             
Жаһанда қалған мен бір шал, 
                             
Қар басқан дала, қалың қар, 
                             
Ішімде қайғы, зарым бар, 
                             
Артым бір тұман, алдым жар, 
                             
Көз жетпес бұлдыр жолым тар, 
                             
Ұққаның сөзге құлақ сал, - 
дей келе, ақын ел жайына ауысып жырын былайша сабақтайды: 
                                    
Жалған емес, анық сөзім, 
                                    
Айтам, көрген соң ауыр хәлін елдің. 

 
229 
      
Яғни, ақын «Қорқыттың сарыны» жеке қарақан басының ғана зары емесін 
мәлімдеген. 
Жаңа айтылғандай Семейде бес ай тергеусіз жатқан Ғафурдың алтыншы 
июльде өзін-өзі бауыздап өлтіргеніне дәл бір жыл болғанда, яғни 1931 жылғы 
шілденің  алтысы  күні  қарт  ақын  түс  көреді.  Ертеңінде  «Мың  тоғыз  жүз 
отызыншы..»  деп  басталатын  өлеңін  жазып,  онда  шерлі  ақын:  «Әкеткенге 
міне бүгін толып бір жыл, жетінші күн, Өте шықты өмір желдей. Сен өткенге 
жеті  ай  болды,  соны  ойлап,  сабырым  өлді,  Жаман  тамым  болып  көрдей» 
дейді  (осы  сөзінен  өлеңнің  1931  жылы  ақпанның  10-ы  күні  жазылғаны 
тоқылады). Баласын елжірей есіне алған зарлы толғауын: 
                       
Құлыным қош, бақытты бол
                       
Жаңа февраль, алтыншы июль 
                       
Мұтылмайды мені көмбей! 
                       
Ол ай келсе, осы жырым, 
                       
Түсірер ойға әр бірін, 
                       
Құсайын, Кербала шөлдей!,   - 
деуімен тәмамдайды.   
     
Соңғы жолға түсінік берейік. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-нің қызы 
Фатимадан  туған  жиендері  (Әзіреті  Әлінің  балалары)  Хасан  (Асан)  мен 
Хұсайын  (Үсен).  Бұл  екеуінің  де  Иран  мен  Тұран  елдерін  жаулап  алған 
атақты  халифтер  болғаны  белгілі.  Қос  халифтің  дәуірінде  бір  жағынан  көп 
елдер мұсылмандықты қабылдаса, екінші жағынан, біртұтас мұсылман әлемі 
алғаш  шиит  пен  сүннит  делініп  екіге  жарылған  болатын.  Осы  бөлініс 
салдарынан  Құсайын  680  жылы  Кербала  шөлінде  дұшпандары  тарапынан 
өлтірілген  еді.  Содан  беріде  «Құсайын,  Кербала  шөлдей»  деген  теңеу 
мұсылман  жамағаты  үшін  ең  ауыр  қайғы  мен  күйінішті  білдіреді.  Оны  
исламның  білгірі  шежіре  Шәкәрімнің  өз  жүрегін  мәңгі  жаралаған  қазаның 
ауырлығын жеткізе айтуға лайық көруі сондықтан.                
 
Иә, 1931 жылдың жазында саяси репрессияның қанды шеңгелі тынысты 
тарылтып,  тырнағын  аяусыз  батыра  түскені  сондай,  бұл  кезде  алапат 
аштықтың азабы – геноцид кең байтақ қазақ сахарасын жайлап та үлгерген 
еді. Оның қай пұшпағы болмасын Кербала шөлге ұқсаған хәлде-тұғын.  
  
Шәкәрім және Елтай 
Шебер  тағдырдың  қиылыстыруын  қойсаңызшы,  жаңа  сөз  болған 
қысылтаяңда,  яғни  1931  жылдың  жазында,  замана  толқыны  тудырған 
аттанбайлар  мен  шолақ  белсенділердің  «ең  үлкені»  Қазақстан  Орталық 
атқару комитетінің төрағасы Елтай Ерназаров, құдай айдап, Шыңғыстауға ат 
басын тіреген ғой. Азан шақырып қойған атын ақтай алмаған бұл пақырың 
Шәкәріммен  жүздеседі.  Қысқасы,  драмаға  ма,  әлде    киносценарийге  ме  өзі 
сұранып тұрған сирек оқиғаның куәсі боламыз. 
Әулие  Шәкәрім  мен  шолақ  белсенді  Елтайдың  кездесуі  жайлы 
мағлұматты  Қ.Мұхаметхановтың    «Шаһкәрім»  атты  мақаласынан  алайық. 
Онда  Шәкәрім  мен  Елтайдың  Шыңғыстаудағы  кездесуін  өз  көзімен  көрген 
Аюбай Кенесарин (1906 жылы туған) мынадай естелік айтады: «Осы ауданға 

 
230 
Қазақ  үкіметінің  бастығы  Елтай  Ерназаров  келгенде  (1931)  Шәкәрім  сол 
кісіге  кіріп,  ұзақ  әңгімелесіп,  шығып  тұрғанда  көрдім.  Жаздыкүні  болатын. 
Елтайға  арналып,  Қарауыл  өзенінің  жағасына  бірнеше  қазақ  үйі  тігілген-ді. 
Елтай отырған үйді милиция адамдары күзетіп тұрды.  Арыз айта келгендер 
өте көп еді. Бірқатары кіруге рұқсат ала алмай күнұзақ тосумен болды. Сол 
күні атақты өнер иесі, әнші Ағашаяқ ретін тауып кіріп, сиырымды қайтарып 
беретін  болды  деп  қуанып  шықты.  Басқалары  арызымыз  шешілмеді  деп 
ренжіп шығып жатты.  
Бір кезде Елтай отырған үйден Шәкәрім де шығып келіп, тұрған халыққа: 
«Малдан  айырылған  елдің  ашыға  бастағанын  айтып,  тәуір-ақ  сөйлестім. 
Көнбеді.  Мәселе  шешетін  басшыға  ұқсамайды.  Босқа  әуре  боп  кірмей-ақ 
қойыңдар», - деп атына мініп, жүріп кетті».  
Осы кездесудің белгісіндей мынадай өлең жолдары бүгінге жетті: 
                                
…Қазақтың басшы баласын 
                                   
Сөйлестім, көріп шамасын. 
                                   
Қалайша қалап қойған ел 
                                   
Сезімсіз, ойсыз шаласын, 
                                   
Түк келмейтін қолынан?!          
                                    
Ел мұңын ондай ұға алмас, 
                                    
Бастық та болып тұра алмас. 
                                    
Мансапқа өзің мақтансаң, 
                                    
Еліңнің басы құралмас, 
                                    
Адасар айқын жолынан…  
Бірінің  білімі  теңіздей  терең,  бірінің  ой-сауаты  шұқанақтай  ғана  екі 
адамның тілдесуі мен пікірлесуі қалай өтті екен? Ой жүгіртелік. 
Шәкәрім сәлем беріп кіріп келгенде, түскі асты асықпай ішкен Елтайдың 
енді қарынын сипалай қазақы үстелдің төріне жантая түскені сол еді. Үлкен 
ақын,  дана  адам  дегенді  естіп  жүрсе  де,  қатты  шаршап  жүрген  адамның 
кейпімен  ақсақалдың  сәлемін  алған  соң  қайта  жантайды.  Кәнігі  шешен 
Шәкәрім  сөзін  жайлап  өрбітіп,  былайша  түйді:  «Өзің  де  білесің,  қарағым, 
өзегін өртеп тұрған аштыққа ұшыраған адамда да, елде де ақыл-ес қалмайды. 
Сол аштық құрғырың, соғып кетпесе игі... Қазақта я егін, я өндіріс жоқ қой, 
қолдағы  азын-аулақ  малы  кетсе  не  болады?».  Дуалы  ауыздан  шыққан  сөз 
шымбайына бата бастаған мезетте басын көтеріп алған Елтай кителін иығына 
іліп, малдас құрып отырды. Сұхбат құрғанда кімге де болса   аса кішіпейіл, 
лепіріп лағуды білмей, сөзді әдеппен тосып сөйлеу Шәкәрімнің дағдысы еді. 
Ол  тебіренте  сөйлейтін,  пікірін  салмақпен  құйылтып,  ой  қозғайтын 
толғаулармен,  түйінді  термелермен  адамды  еріксіз  өзіне  тартып  отыратын 
айтулы шешен адам болған. Осыған қоса, сөз арасында атақты ойшылдардан 
мысал келтіріп отыруды ұнататын-ды. 
Бұл  жолы  да  отырғандарды  иіріп  алған  еді,  кенет  Елтай  жын  ұрғандай 
атып тұрып: «Сендер түкте түсінбейсіңдер! Мәселе әлемдік революцияда, иә, 
иә  нақ  солай.  Мына  Сізді  халықшыл,  кедей  табының  сойылын  соға  ма 
десем... Жоқ, бұл елдің үлкені де, кішісі де контра!» деп айғайға басқанын өзі 
де аңдамаған сықылды. 

 
231 
Шәкәрім  әуелде  үкімет  басшысының  мына  қылығына  асықпайтын, 
орнықты  Олжабай  Шалабаев  және  жаңадан  келген  иықтары  қозғалақтап, 
көздері  ойнақшыған  сабырсыз  жас  нәшәндік  Абзал  Қарасартовпен  бірге 
аңыра  қарап  қалып,  сәлден  соң  көк  етігінің  қонышы  түңліктен  түскен 
сәуледен  жылт-жылт  ете,  галифесінің  екі  балағы  елбеңдеп,  аты-шулы 
көсемдерге  еліктей  қолын  кеудесіне  қойып  ерсілі-қарсылы  кезген  үкімет 
басшысы  езуіне  күлкі  үйірді.  Бұл  оның  кім  екенін  танып  қалғаны  еді,  енді 
жағдайды ушықтырмау үшін ғана күйбең тіршілік әңгімесіне ауысып, сабаз 
сабасына түскен тұста «ал амандық болсын» қысқа қайырып сыртқа шыққан. 
Бұл, әрине, біздің қиялымыз. Әйтсе де әлденеше сағатта көп жайлардың 
қозғалғаны  анық.  Егер  Шәкәрім  әнші  Ағашаяқ  сияқты  тек  жеке  басының 
шаруасымен кірсе, оны шешуге сүт пысырым уақыт та жеткілікті болар еді. 
Сыртта  тосқан  көпшілік  «Ау,  мұнша  уақыт  не  сөйлестіңіздер?  Сөз 
саптасы  қалай?»  деп  қаумалағанда  қажының  не  дегені  үстідегі  Аюбай 
естелігінің  соңында  келтірілген  еді.  Бұған  қосымша  «Былғары  ерін,  құр 
қарын, әлі-ақ ертең көрерсің, бұл қарынның былғарын» депті-міс. 
Иә,  ұлт  данасы  Шәкәрім  мен  шолақбелсендінің  көкесі  Елтай  бірін  бірі 
қайдан түсіне алсын.  Бірақ үкімет басында Елтай емес, ел мұңын ұғатын өзге 
біреу  отырса  аштықтың  алдын  алу  мүмкін  бе  еді,  әлде  жоқ  па  еді.  Кесіп 
айтуға  қиын,  өйткені,  гәп  аярлықпен  қазақтың  бөркі  мен  шапанын  киген 
шала  сауаттылау  адамды  қасына  отырғызып  қойып,  соның  атынан  ақсүйек 
аштықты  қолдан  жасаған  құдайы  жоқ  кәпір  Қужақ-Голощекиннің 
«Қазақстанда  кіші  Октябрь  жасамақ»  жоспарына  тірелгені  қазір  ешкімге 
құпия емес.  
Сонымен,  мемлекет  басшысын  да  көріп,  әділет  ауылы  алыстығына 
бұрынғыдан  да  бетер  көзі  жеткен  Шәкәрімге  Қоңыр  аттың  басын  қайтадан 
жапандағы жалғыз тамына түзеуден өзге не қалсын. Ондағы мақсатын ашық 
айтып: 
                                  
Мен кеттім, сендер елде қойдың қалып, 
                                  
Ешкімнің кеткенім жоқ малын алып. 
                                  
Елу бес жинаған қазынамды, 
                                  
Оңашада қорытам ойға салып, - 
дейді. 
 
Ақын мен арамза 
1984  жылы  Жайық  Бектұров  деген  әрі  ақын,  әрі  қайраткер  азамат 
«Орталық  Қазақстан»  газетіне  «Ақын  мен  арамза»  деген  400  жолдық 
поэмасын  жариялап  жіберді.  Бұл  поэма  Қарағанды  ғана  емес,  республика 
бойынша  сенсацияға  айналып,  Шәкәрімге  үлкен  қозғау  болды.  Міне,  Абай 
ауданын  ұзақ  жылдар  басқарған  ардагер  ақсақал  Хафиз  Матаев  өзінің 
«Шәкәрім есімінің жаңғыру тарихы» атты мақаласында (Семей таңы. – 2004. 
– 
16 қаңтар) осылай дейді. 
Сенсация  десе  дегендей,  аталмыш  дастан  жүздеген  мың  адамдарды 
толғандырып,  көптеген  белгілі  азаматтарды  ақиқатты  ашуға  ширықтырған 
болатын.  Соның  бірі  –  Қарағандыдағы  әйгілі  ғалым  Евней  Букетов.  «Евней 

 
232 
Букетов  1984  жылы  өзінің  кабинетіне  келген  Қарасартов  Абзалмен 
Шәкерімнің  өлімі  туралы  жасырын  сырласып,  сұхбат  өткізді,  -  деп  жазады 
Х.Матаев.  –  Бірақ  жазу  столының  астында  магнитофон  қосылып  тұрғанын 
Қарасартов  білмейді.  Ол  ағынан  жарылып,  18  минут  сөйлеп,  Шәкерімді 
өлтіргенін мойындады, сөзі таспаға жазылып қалды». 
Таспаға  жазылып  қалған  осынау  сұхбат  «Білмедім,  Шәкәрімді  кім 
атқанын…»  деген  тақырыппен  1989  жылы  «Қазақ  әдебиеті»  газетінің  үш 
нөмірде (10, 17 және 24 ақпанда) жария етілген-ді. Көлемді сұхбатты баспаға 
әзірлеген  жазушы  Бейбіт  Сапаралин  өзінің  соңғы  сөзіне  «Тарих  алдындағы 
сот» деген тақырып қойып, тапқырлық танытқан екен. 
Төменде 1984 жылы өткен «тарихтың сотынан» үзінділер алайық.    
Евней  Арыстанұлы  Букетов:  …Сонда  бардым  деп  айта  беріңіз. 
Қызметке барғаныңыздан бастап, 1931 жылдан. 
Абзал Қарасартов: 1931 жылы мен Бесқарағай ауданында милицияның 
райотделі  болып  істеп  тұрдым.  Ертеңгі  сағат  9-да  Семейде  болсын  деп 
приказ  келді.  Облотделде  …  «Сізді  Шыңғыстау  ауданына  жіберейін  деп 
отырмын.  Онда  жағдай  жақсы  емес.  Бандылар  шығып  әр  жерден,  соған 
елеңдеп елдің көтеріліске ыңғайланатын түрі бар. Ол Абайдың немере інісі 
Құдайбергенов  Шәкәрімнің  туған  жері.  Шәкәрім  деген  кісі  тек  қана 
Қазақстан  емес,  бүкіл  жер  жүзіне  атағы  шыққан  адам  деуге  болады. 
Шәкәрім авторитет, беделді де. Сондықтан сені жібергендегі мақсат, сол 
кісіге барғаннан кейін, сол кісіні тауып алып, әңгімелесу керек. Пікірін білу 
керек…», - деп маған қатты тапсырма берді. Сонымен мен Шыңғыстауға 
келдім. 
Букетов: Мынау, орыс жігіті мен начальнигі кім еді? ОблГПУ-дің сізді 
жіберіп отырған? 
Қарасартов: Панов деген орыс жігіті. Менен үлкен орта жастан асып 
кеткен адам. 
Букетов: Сақа адам ғой тегі? 
Қарасартов: Заместителі Волков деген. Ол да орыс. Осылай жағдайды 
түсіндіріп  жібергенсін  Шыңғыстауға  келсем,  менен  бұрын  Юдин  деген 
қызмет  істейді  екен,  райотделдің  начальнигі  болып.  Ол  барлық  жұмысты 
маған тапсырды.  
Букетов: Бұл июнь айы ғой, 1931 жылғы? 
Қарасартов: Сол июнь айы.  
Осы  арада  азғана  түсінік  қажет.  Семей  облысы  басшылығының  
Шәкәрімді  жақсы  білгенін  оған  ғалымдар  мен  ғылыми  экспедицияны  әркез 
бағыттап отырғанынан аңдаймыз. Мысалы, неміс ғалымы Макс Кушинский 
(1921  ж.),  онан  соң  Шығыс  Қазақстанда  болған  КСРО  Ғылым  академиясы 
экспедициясының  (1927  ж.)  этнография  жағын  басқарған  ғалым  Ф.А. 
Фиельструп  (Ахат  өз  естелігінде  Филистратов  деп  жазады)  Шыңғыстауға 
арнайы келіп, Шәкәрімнен маңызды мағлұматтар алғаны мәлім. Ең бастысы, 
осы  аталған  екі  ғалымның  да  сахара  тұрмысы  туралы  кітабы  жарық  көрген 
болатын.  ОблГПУ  басшылығының  Қарасартовқа  Шәкәрімді  «Тек  қана 

 
233 
Қазақстанға емес, бүкіл жер жүзіне атағы шыққан адам» деп таныстыруының 
бір себебі осы болар деген ойдамыз.    
ОблГПУ «барғаннан кейін сол кісіні тауып алып, әңгімелесу керек» деп 
шегелеп  жібергесін,  осы  тапсырмаға  сәйкес  Қарасартовтың  Шәкәрімге 
жолығуы  заңды.  Қандай  жағдайда?  Милиция  начальнигінің  өз  сөзінше,  
Шәкәріммен ол алғаш  Шыңғыстаудың бір сай-саласында кездейсоқ кезігеді. 
Отрядын ертіп, бандыны іздеп жүргенде…  
Қарасартов: …Әлгі тапсырма да бар шығар, бірақтағы ол кісіні мен бір 
көруге  құмармын.  Сондықтан  Шәкәрім  дегенде  аттан  секіріп  түсіп  сәлем 
бергем.  Бұрынғы  атағына  қарай  және  үлкен  кісі.  Жеңіл  киінген,  басында 
бөрік  бар.  Төгілген  сақалы  бар,  денелі,  үлкен  қарагер  аты  бар.  Қарагер 
аттың  бір  жағында  саба  көрініп  тұр,  қоржынның  бір  басында  сүйретпе 
(қымыз сақтайтын үлкен тері қап – А.О.) бар. Бір басы тағы толық. Сосын, 
мен  сізді  бір  көруге  құмар  едім,  іздеп  бара  алмай  жатырмын,  қызметке 
келгеніме де көп болған жоқ деп… 
Букетов: Өзіңізді таныстырып тұрсыз ғой енді? 
Қарасартов: Таныстырып тұрмын. «Қарауылдан алыс кеткен жоқсыз. 
Үйіме жүріңіз», - дедім. 
Букетов: Бойы сізден бойшаң ғой жобасы? 
Қарасартов:  Бойшаң!  «Оған  рахмет!  Мен  қазір  қанжығама  қоржын 
байлап жүріп барғанымнан гөрі, әдепкі қалпымда баруым керек қой?! Және 
сізге  еріп  барған  соң  ұстап  әкелді  дейді  ғой»,  -  деді.  «Мына  Шыңғыстың 
бөктерінде, ары жағында жайлауда отырмын. Келіңіз, сол жерде менімен 
әңгімелескіңіз  келсе»,  -  деді.  Мен:  «Мұныңыз  да  дұрыс  екен.  …Ана  бір 
таудың астында отрядым бар…». 
Букетов:  Сіз бар шынын айтып жатырсыз ғой? 
Қарасартов:  «Менен  көмек  болмаса,  басқа  жағдай  болмайды  деп, 
осыған сенсеңіз болады», - дедім. Сосын «жақсы» деді ол. Бірақ «қарағым, 
шырағым», - деп лыпылдап тұрмайды. 
Букетов: Ондай жақсы сөз шықпайды деңіз? 
Қарасартов:  Ол  кісі  өтірік  айтса  да,  «қарағым,  шырағым»,  -  деуге 
болады ғой. Жоқ, ойын бірқалыпты ұстайды ол кісі. Сонымен тарастық, ол 
жөніне, еліне кетті. Сонымен бірталай уақыт өткен соң мен кісі жіберіп 
шақырттым оны. 
Букетов: Бұл июль айының іші ме? 
Қарасартов:  Бұл  июль  айы  болар  шамасы.  Қашан  аттанғанша  мен  ол 
кісінің  қасынан  ешқайда  шыққам  жоқ.  Қандай  қызмет  болса  да  сырттай 
жауап бердім. 
Букетов: Қондырдыңыз ғой? 
Қарасартов:  Кеңсеге  қондырдым.  Қонып,  шайын  ішіп  жайланып: 
«Жағдайыңыз  қалай,  менен  жасырмай  айтыңыз?  Не  айтасыз»,  -  дегенде, 
«Бір  кезде  төрде  тұрып  лақтырған  сүйегіміз  аузымызға  тимей,  көзімізге 
тиіп қалушы еді. Бұл күнде біздің хәліміз осындай хәлге ұшырады…». Ол кісі 
кәмпескеленген ғой. Сол жылдың басында Елтай Ерназаров келген екен, оны 
ұстауға. Сол келгенінде 16 бас малын қайтарып беріпті.  

 
234 
Букетов:  Жақсылығын  онша  білмей  отыр  ғой,  малын  қайтарып 
бергенін? 
Қарасартов: Ырзашылық ондай сөзді айтқан жоқ.  
Букетов: Бұл кісі колхозда бар ма екен, Шәкәрім? 
Қарасартов:  Дәл  колхоздың  өзінде  тұрмаған.  Осылай  бір  күн,  бір  түн 
сөйлескенде  менің  бетіме  тура  қарап  бір  сөйлемеді  ғой.  Ал,  енді  маған 
қараса күллі денесімен бұрылып, «қасқырша» қарайды да. қайтадан қалпына 
отырып сөйлейді. Бір күн, бір түн сөйлескенде езу тартып бір күлмеді! 
Букетов: «Қарағым» деу жоқ баяғы… 
Қарасартов: «Қарағым-шырағым» деген сөзді далада да, үйімде де, еш 
жерде естігем жоқ! 
Букетов: Сізге Абзал дей ме, Әбеке дей ме? 
Қарасартов: Әбеке де демейді, Абзал да демейді.  
Букетов: Қызық екен?! 
Қарасартов:  Ал  енді  ертеңінде  «Енді  рұқсат  болса  қайтайын.  Сый-
құрметке  рахмет!»  деді.  Сосын  пар  атты  жеккізіп,  ұн-шайын,  керек-
жарағын бір әбдіреге салғыздым. Міне көргенім осы! 
Букетов:  Бұл  енді  екінші  рет  қой.  Бірінші  рет  таудың  ішінде 
амандастыңыз? 
Қарасартов:  Ал  түрін  әлі  ұмытқаным  жоқ.  Менің  ұмытпайтыным 
сондай,  бірталай  жыл  болып  кетті.  Менің  өзім  міне  жетпіске  келіп 
отырмын. Менің ешқандай жүрегімде…  
Букетов:  Енді  сіздің  сол  шығармаларымен,  жазғандарымен  жүгінуіңіз 
қалды ғой, сол. Өзінің сол әңгімесі салқын болса да? 
Қарасартов:  Солай  қалдым…  сосын  өзінің  отырыс,  жүріс-тұрысы… 
Мен  ондай  адамды  сирек  көрген  нәрсем.  Соның  өзі  ол  кісінің…  бір  ғалым 
сияқты еді.     
Букетов: Нағыз ақсүйек қой? 
Қарасартов:  Алаштың  ақсақалы  болып  бірінші  сьезде  сөз  сөйлеген. 
Сосын дәулетті, бай болған кісі. 
Букетов: Сізді бала деп менсіңкіремей отыруы да мүмкін ғой! Сақа кісі 
ғой әбден, көпті көрген?! 
Қарасартов:  Ол  кісіге  мен  қолына  су  құйып,  құшағымды  жайып,  өзім 
дәмімді  аузына  шайнап  бергем  жоқ,  өзгесін  –  жақсылықтың  бәрін  істеп 
жатырмын. Сонда ол маған сенімін күшейтсе екен деп отырмын. Осындай 
жағдайдың  бәріне  көнбей,  ақыры,  сентябрьдің  3  күні  7-8  ауылнай  елді 
Шыңғыстың  ана  шеті  мен  мына  шетіне  сыртынан,  елдің  күллісін  әкеліп 
ауданға жауып, шабуыл жасады ғой. 
ЕСКЕРТПЕ:  үстідегі  материалдың  тек  Шәкәрім  мен  Қарасартов 
екеуінің кездесуі жайлы бөлігі ғана. Және, жауапкердің жауаптары таспаға 
жазылған стенографиялық түрінен сәл-пәл ықшамдалып алынды. 
Ал,  енді  көрнекті  қазақ  ғалымы  май  ішінен  қылшық  тартқандай 
суыртпақтап  алған  жауаптарды  тексеріп,  бұрынғылардың  сөзінше  «қағып» 
көрелік.  Милиция  начальнигі  ақынды  «қонақ  қылған»  июль  айы  Ғафурдың 
қайғылы  қазасы  өткен,  ал  Ахат  түрмеде,  Зият  қашқын  болып  жүрген  кез. 

 
235 
Сондықтан ақынның жабырқаған көңіл-күйі түсінікті сияқтанады. Әйтсе де, 
Қарасартов, өз айтуынша, бұл елге жаңадан ғана келген, былайша айтқанда, 
әлі дәнеңені бүлдіріп үлгермеген мемлекеттік жас қызметкер емес пе.  
Орайы  келген  соң  айтайық,  Шәкәрім  кеңестік  қызметкерге,  комсомол, 
партия  мүшесіне  теріс  көзқарастан  аман  болған.  Мәселен,  шамасы  1928 
жылы болған ел қыстаудан Жонға бет алған шақтағы кездесуді бір комсомол-
сабаз былай деп есіне алады: «Буылған тең, тартылған шомадан шешілмеген 
түйелер  қомдарымен  жүр,  бірлі-жарым  арбалар  жүктерімен  тұр.  Тек  түскі 
ыстық  кезінде  түйе  белін  босатып,  дамылдап  алып  қайта  көшкелі  отырған 
ауыл. Дулаттың Кенжебегі тоңқайма үй (уақытша жабу) тігіп алыпты. Атты 
қалмақша байлай салып, үш жігіт сол үйге сәлем беріп кіріп келдік. Үй толы 
адам,  орталарында  –  дастархан,  қымыз  сапырып  ішіп  отыр  екен.  Біздің 
сәлемімізді самарқау ғана қабылдады. Ешкім тізесін бұрып орын бермеді. Ол 
кезде  менің  барып  тұрған  белсенді  комсомол  кезім.  Орысша  киінем,  өне-
бойым  қару-жарақ,  аз  кідіріп  қалдым  да,  тері  плащымның  етегін  қымқыра, 
қылышымды  қырынан  қымтай  ұстап,  дастархандағы  дәмнің  үстінен  бір-ақ 
аттадым.  
Ең төрде отырған екі адамның бірі – Шәкерім, бірі – Махмұд молла екен, 
еріксіздеу  араларын  аша  берді.  Мен  отыра  салып,  Шәкеңе  қол  беріп 
амандастым, өзгелері тым-тырыс тына қалды. Қымыз сапырып отырған зор 
денелі Кенжебек көпіріп ала жөнелді:  

Дастарханнан аттау, аруақтан аттау, бұл қай ясинге тең?! Бір ауылдың 
иті  бөтен  ауылға  келгенде  үрмес  болар,  -  деді.  Неге  екенін  білмеймін, 
Шәкерімді  көрген  соң  мен  өзім  де  қысылыңқырап  қалдым  да,  жарыса 
сөйлеуден азырақ бөгеліп қалдым. Сонда Шәкерім Кенжебекке қарап: 

Бүлінген ешнәрсе жоқ, өзіміздің баламыз өз үйіне кірмей ме? Еркелеп 
еркін  жүрмей  ме?    Үй  толы  адам  отырып,  бір  кісі  тізесін  бұрмады,  ол  не? 
Күндестік, күншілдік дегеннен жаман әдет жоқ, сөзді тоқтат, қайтадан қымыз 
сапыр онан да, - деп Кенжебекті тоқтатып тастады».    
Бұл әңгімеден Шәкәрімнің барша пендеге махаббатпен қарағанына тағы 
бір көз жеткіземіз. Олай болса, асты-үстіне түскен жас чекист Қарасартовқа 
келгенде өтірік те болса тым құрыса бір рет «қарағым-шырағым» деп жылы 
шырай көрсетіп, оң қабақ таныта алмағаны несі? Гуманист қартқа не болған? 
Әлде  ажалы  осы  кісінің  қолынан  екенін  іштей  сезді  ме  екен?  Бір  гәп  бар 
мұнда. 
 
1931  жылы  Шәкәрімнен  Семейден  бе  (кейбір  дерек  көзінде  Балқаш 
жақтан),  әйтеуір,  жоғарғы  жақтан  келген  ОГПУ-дің  командирі  жауап 
алғанда,  ақынды  Бақанасқа  жеткізушінің  бірі  Қарасартовтың  өзі  болған. 
Жолда  Миғраждың (Байқошқардың тұрғыны) тоқтылы қойының кез болуы 
осыған дәлел. Соңғы өлеңінің бірінде қажы болған оқиғаны былай айтады: 
                     
Гепеудің солдаттары келіп қалып, 
                    
Қашқынмен хабарласып жүрсің ғой деп, 
                   
Әкетті Байқошқарға ұстап алып, - 
өзін ұстап алып, тергеуге әкеле жатқан чекистер жолда: 
                         
Арқар деп қараңғыда бір қойды атып, 

 
236 
                         
Тимеді ешбір оғы тоқтысына, 
                        
Солдаттар төрт атса да тарсылдатып. 
                       
Қойы екен Миғраждың ессіз кеткен, 
                       
Оқ тиіп саулығына қаза жеткен. 
        
Бақсақ, осы оқиға Қарасартовтың Букетовке берген жауабында бар! Ол 
былай  дейді:  «Сол  Байқошқардағы  ауылға  келе  жатқанда,  тастың  басында 
секіріп  бір  екі-үш  қой  шыға  келді.  Ауылдың  жанында.  Сосын  қасымдағы 
жолдастарым аттан түсе салып, атуға ыңғайланып еді «Атпаңдар, бұл арқар 
емес, бұл қой!», - дедім. Дегенмен соның біреуі атып жіберіп, бір көк тоқты 
қалпақтай түсті». 
       
Демек,  сол  Миғраждың  қойы  оққа  ұшқанда  Шәкәрім  мен  Қарасартов 
бірге  болған.  Өйткені,  Шәкәрім  төрт  рет  атты  десе,  Қарасартов  бір  ғана  оқ 
аттық дейді. Дәлсіздік осы ғана. Айтайын дегенім – «қонақ болған» кезінде 
қажының чекистке оң шырай бере алмау сыры, сірә да, осы арада. Яғни со 
жолы  қажы  Қарасартовтың  қандай  адам    екенін  анық  байқаған.  Әлденеден 
қатты көңілі қалған.  
       
Мәселе  сонда,  Қарасартов  осы  кездесуді  жасырып  қалып  отыр,  ол 
жөнінде  ләм-мим  демейді.  Демек,  бұл  фактіден  біз  жауапкердің  шындықты 
түгел ашпай, әрнені бүгіп қалып отырғанына көз жеткіземіз.  
Арамзаның  жауабынан  айқындалып  отырған  келесі  бір  жай  -  қажы 
онымен ешқандай пікірлес те, сырлас та болмаған. Мұны шегелеп отырғаным 
– 
Шәкәрім мен Қарасартов бірін-бірі жақсы білген, пікірлескен, сырласқан-
мыс деген сөздер бар. Олар шындыққа жанаспайды. Жалған сөз.  
Болған уақиғаны көзімен көрмеген, тек әкесінен я таныс-туыстан  естіп 
жазған  кейбір  естеліктерді  тексере  келгенде,  Қарасартовты  Олжабай 
Шалабаев  деген  коммунистпен  шатастырып  алғаны  байқалды.  Себебі,  сол 
кездегі қарапайым  көптің түсінігінде Шалабаев та, Қарасартов та «ГПУ-дің 
бастығы» еді.    
        
Бұл  орайда  ақынның  өзі  көмекке  келіп,  күдігімізді  сейілтеді.  Ол  1931 
жылдың қаралы жазында жазылған «Кейбіреу безді дейді елден мені» деген 
зарлы өлеңінде мынадай дәлді дерек береді: 
                             
Арамнан адалды ақтап ала алмадым, 
                             
Жанғанның жанын сақтап қала алмадым.  
                             
Елді зарлатқан арсыздың қылығынан, 
                             
Жанына жаным шошып бара алмадым. 
       
Соңғы жолды ақын абстрактілі, жалпылама емес, нақты адамға айтқаны 
сезіледі. Басқалар тұрсын, өз кіндігінен тараған ұл-қызға сүйеніш бола алмай, 
оларды  ажал  тырнағынан  алып  қалуға,  арашалауға  дәрменсіз  хәлді  кешкен 
сорлы әкенің күйігі, жанайғайы емес пе. 
       
«Қазақ  әдебиеті»  газетінде  үстідегі  Қарасартовтың  «Мен  білмеймін…» 
деген  жауабы  жария  болған  соң,  іле-шала  осы  газет  бетінде  1963  жылғы 
тексеру  комиссиясының  бастығы  Хамит  Ерғалиевтың  «Біз  білеміз  ақынды 
кім  атқанын»  атты  материалы  жарық  көрген  болатын.  Онда  мақала  авторы 
Қарасартовтың  мен  білмеймін  деп  бұлталақтатқан  естелігі  «шындықпен 
мүлде  жанаспайды»  дей  отырып,  өз  ой-пікірін  былайша  түйеді:  «Советке 

 
237 
қарсы бір ауыз сөзі де жоқ, қылдай қиянаты да жоқ адамды сотсыз-дәнеңесіз 
атқызғаннан  кейін  Қарасартовтың  қорықпасқа,  бар  пәлені  өлген  адамның 
үстіне үйіп-төкпеске шарасы қайсы?». 
Көреген  ақын  ажалын  өзі  «қарағым-шырағым»  дей  алмаған  чекистің 
қолынан  тапты  деп  кесіп  айтуға  да  болар  еді.  Әйтсе  де  «презумция 
невиновности»  деген  алтын  қағида  бар.  Әрі  біреудің  ақтығы  туралы  сөзде 
екінші біреуге нақақтан жала жабу болмауы үшін Шәкәрімді кім атқан деген 
мәселені төменде әрі қарай нақтылай түспекпіз. Әзірге Қарасартовқа қатысты 
мынадай қосымша мәліметтерге көз тігелік.   
Шәкәрімге  жапқан  жала,  жаққан  күйе  ішінде  Рамазан  деген  мұғалімді 
өлтірткен деген кінә үнемі қылаң береді. Сондықтан осы фактіге тоқталмай 
болмайды. 
Бақсақ, Рамазанның мұғалім аталуының өзінде бір шикілік бар. Бұл адам 
Қарасартовтың  Бесқарағайдағы  әріптесі  екен.  Оны  Қарасартов  арнайы 
шақыртып  алып,  Бақанас  жұртшылығына  мұғалім  деп  таныстырған.  Бірақ 
«мұғалім»  балаларды  бір  күнде  жинамаған,  сабақ  оқытпаған.  Өйткені,  ол 
келген  тамыз  айының  басы  балалар  оқу  оқитын  кез  емес.  Екіншіден, 
Бақанаста  бұл  кезде  білікті  мұғалімдер  жеткілікті  болған.  Мәселен,  
М.Әуезовтың  өзі  жіберген  ұстаз  Құсыман  Райымханұлы  Семей  өңіріндегі 
мұғалімдердің  ішінде  алғашқы  болып  Ленин  орденімен  марапатталған  еді. 
Сондықтан чекист-мұғалімге үлкендерді «саужой»-ға жиып көз қыла тұруға 
тура келеді.   
Жас  жігіт  Рамазан  «тыңшы»  деген  сөзіміз  расталуы  үшін  Бақанастың 
байырғы  тұрғыны  Көзбаева  Ұқыш  әжейдің  естелігін  келтірейік.  «Бір  күні 
кешке  салым  Байқошқар  жақтан  келген  он-он  бес  шақты  салт  аттылар 
Бақанасты  басты,  ішінде  Қасымбек,  Зият  секілді  танитындар  да  жүр  екен. 
Олар  ерлі-зайыпты  Рамазан-Рәпіш  деген  жастарды  ұстап  әкетті.  Екі  үйіміз 
көрші  едік.  Рәпіш  сондай  инабатты,  іші-бауырға  кіріп  тұратын  ізгі  жан 
болатын. 
Рамазаннан  саужой  (сауатсыздықты  жою)  оқыдық,  марқұм  жеңілтектеу 
бала  болды.  Қайда  баратынын  білмеймін,  түнделетіп  жүреді.  Сұрасам 
«екінші  қызметім  де  бар  ғой»  дейтін  қалжыңға  сайып.  Ақбиік  деген  жерде 
егін  бар,  кейде  содан  масақ  теріп,  үгітіп  бидай  қуырамын.  Рәпіш:  -  Тәте, 
қуырма, мына Рамазан атамды (Жетібай ақсақалды) ұстатып жібереді, - деп 
отыратын. Сормаңдай бейбақтарды ауданға апара жатып, жолда атыпты».  
Көріп  отырмыз,  Рәпіш  күйеуінің  бүлікке  қатысқандарды  ұстап  беріп 
жүрген тыңшы екенін жақсы білген. Екіқабат Рәпішті обал ғой деп босатуға 
ыңғайланған кісілер де болған, бірақ «бізді танып алды, енді болмайды!» деп 
басшылар  еркісіз  оны  да  атқызған.    Сөйтіп,  бақытсыз  бейбақтың  «екінші 
қызметі» өзінің ғана емес, отбасының да түбіне жетті. 
Семей облыстық «Қазақ тілі» қоғамының үні болған «Үш анық» газетінің 
1991  жылғы  №3  санында  «Шәкерім  қажы    қалай  атылды?»  атты  мақала 
жарияланған  еді.  Онда  куәгер  Бердеш  Әзімбайұлы  Құнанбаев  Рамазан 
жайында былай дейді: «Біз ауданды шаппақ болып жиналып жатқанда маған 
«Аққойтас» колхозының бастығы деп бір жігітті ұстап әкелді. Тінттіргенімде 

 
238 
қонышынан  Рамазанның  «Әзімбайдың  Бердеші  500  адаммен  ауданды 
шапқалы  жатыр»  деп  Қарасартовқа  жазған  хаты  шықты.  Рамазанның 
атылуына сол себеп болды». 
Бұл дәйек Рамазан мен Рәпіштің оққа ұшуына Шәкерімнің ешқандай да 
қатысы болмағанына көзімізді жеткізсе керек. 
Француз  жазушысы  Виктор  Гюгоның  «93  жыл»  деген  романында  екі 
революционер  бейнесі  кестеленген.  Оның  бірі  жас  офицер,  революционер 
Говэн  былай  дейді:  «Қазіргі  революцияның  мәні  құпия.  …Белгілі  жағы  – 
қатігездік, белгісіз жағы – ұлылық. Мен мұны бүгін айқын түсінемін. Бұл таң 
қалатын, әрі тамаша іс. …Құрылыс жүріп жатыр. Тағылық сатылары үстінен 
өркениет салтанат құратын болады» (В. Гюго. «93 жыл». – М., 1973. – С. 35.).    
Қарасартовтың  ойлау  жүйесі  осы  Говэндікіне  ұқсас  болғанға  ұқсайды. 
Өйткені, ол да таза қиял үшін қатігездіктің қандай түріне болмасын ойланбай 
барған.  Және,  кейінірек  те,  көрген  адамдардың  айтуынша,  «мен  байырғы 
революционермін!» деп кеуде қаққанды ұнатқан екен. 
1932  жылы  қаһарлы  Қарасартов  Шыңғыстаудан  Жарма  ауданына 
қызметке  ауысады.  Бірақ  адам  аулаған  «ерлік»  істерден  ол  жақта  да  аман 
болмаған. 
Белгілі  жазушы  Әзілхан  Нұршайықов  1989  жылы  «Арай»  журналының 
№5 санында берген сұхбатында былай айтады: «Ол кездегі біздің аудандық 
ОГПУ-дің бастығы Қарасартов деген біреу болды. Қарасартов қаһарлылығы 
сондай,  ол  келе  жатыр  десең  ауданның  жылаған  баласы  уанып,  үлкендері 
жердің тесігі болса, соған кіріп кететіндей болады екен. 
Жаңылмасам,  1934  жылдың  басында  сол  Қарасартов  тірәшмөңкеге 
шолақ  құйрық  үш  ат  жегіп,  соңында  келте  құйрық  екі  атқа  салт  мінген  екі 
солдат қақақтап, талтүсте біздің колхозға жетіп келді. Ол колхоздың он екі 
адамын қаздай тізіп алдына салып, кешке таман ауданға қарай айдап әкетті. 
Айдағандардың әйелдері мен балалары ұлардай шулап қала берді. Бірақ, еш 
қылмысы жоқ ол адамдар бір айдың ар жақ, бер жағында арып-ашып, аман-
есен ауылға қайтып келді. 
Мінекей, сол Қарасартов есімін бұл оқиғадан көп кейін Абай ауданына 
барғанымда және естідім. Қазақтың атақты ақыны Шәкәрім Құдайбердиевті 
аңда  жүргенде  атып,  жазықсыздан  жазықсыз  өлтірген  сол  Қарасартов  деп 
Абай елінің адамдары шетінен шулап айтысып отырысты».   
Айтқандайын,  осы  Жармада  атақты  әнші  Әбдіғали  Алдажарұлы 
Қарасартовтың  құрығына  ілінеді.  Семейлік  ардагер  ақсақал  Орымбаев 
Мағжанның  айтуынша,  ол  Шәкәрім  атылғаннан  кейін  Жарма  ауданының 
Белтерек  колхозына  келіп,  паналаған  екен.  Ол  белгілі  ұстаз  Қажыгелдінің 
көмегімен  ауылдың  қызыл  отауына  орналасса  керек.  Бірде  Қарасартов 
«Мәссаған, Шәкәрімнің құйыршығын, қара?» деп танып қалып, Әбдіғалиды 
қамауға  алады.  «Халық  жауы»  аталып  кете  барған  есіл  әншіні  осыдан  соң 
ешкім көрмеген. 
Соңғы бір дерек. «НКВД-ның екі жылдық мектебін бітірген соң, Семей 
қаласындағы  №3  ішкі  істер  бөлімінде  (қаланың  Жаңасемей  бөлігі  –  А.О.) 
қызмет істеп жүргем, - дейді жоғары бір тұста аты аталған Ғылымбаев Мақту 

 
239 
(әкесі Ғылымбай мен Шәкерім кітаптар салынған сандықты жерге көмгенде 
бірге  болған  бала).  -  Ұмытпасам,  1948  жыл  ғой  деймін.  Бірде  базарда  май 
сатып  жүрген  көсе  қара  шалды  ұстадық.  Созылмалы  сырқаты  бар  ма,  жоқ 
суық  тиген  бе,  әйтеуір  кеудесі  сыр-сыр  етеді.  Ұсталған  кісіміз  Қу  жақта 
маслопромның бастығы болып істейтін Абзал Қарасартов болып шықты. Үш 
кәткедей  майы  бар  екен.  Олай  тергейміз,  былай  тергейміз.  Адал 
коммуниспін,  байырғы  революционермін  босатыңдар,  өздеріңе  жаман 
болады дейді. Айтқанындай бір-екі күннен кейін босанып шықты. Босатқан 
КГБ-нің полковнигі Арыстанбеков деген «құдай». Әкең бір кезде Шәкерімнің 
досы болыпты деп менің өзімді әуре-сарсаңға салды».   
Ақын мен арамзаның біз білетін үш кездесуі туралы сөз осымен тәмам. 
Ал, ең соңғы қас-қағымдағы «кездесудің» әңгімесі алда.   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет