Өмірбаяны (Монографиялық зерттеу)


Семейдегі Орыс географиялық қоғамында



Pdf көрінісі
бет9/29
Дата10.01.2017
өлшемі1,63 Mb.
#1586
түріӨмірбаяны
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29

Семейдегі Орыс географиялық қоғамында 

 
80 
      
Ізденгіш  Шәкерім  1903  жылы  Орыс  география  (ескіше  жағрафия) 
қоғамының Семей қаласындағы  бөлiмшесiне мүше болып кіреді.  Аталмыш 
бөлімше  1902  жылы  31  наурызда  ашылғанда  оған  жүзге  тарта  адам 
мүшелікке  тартылған  болатын.  Қоғамның  архивтік  құжатында:  “Семей 
уезiнiң  Бұғылы  болысының  қазағы  Шәкерiм  Құдайбердин  1903  жылы 
мүшелiкке  алынып,  1907  жылы  қоғам  құрамынан  шықты”  делiнген.  Айта 
кетелік, Семейдегі Абай мүше болған Статистикалық Комитет пен География 
қоғамның  атқаратын  қызметі  бір-біріне  жақын  туыс,    басты  айырма:  бірі  – 
қазыналық  мекеме,  бірі  –  қоғамдық  ұйым  еді.  Соңғысы  тек  мүшелік 
жарнамен ғана күнін көретін. Осыған қарамай, бір қызығы, Орыс география 
қоғамы  бөлімшесін  ашуға  Статистикалық  Комитеттің  басшылары  мен 
мүшелері  мұрындық болады. Атап айтқанда, Е. Михаэлис, А. Леонтьев, Н. 
Долгополов,  С.  Гросс,  П.  Лобановский,  А.  Блек,  Н.  Коншин,  Б.  Герасимов, 
ағайынды  Белослюдов  сынды  орыс  зиялылары.  Осылайша  олар  ғылыми 
жұмыстарды  биліктен  тәуелсіз,  өз  бетінше  атқаруды  жөн  көрген.  Өз 
білуімізше,  Шәкерім  ғылыми  қоғам  жұмысына  араласа  жүріп,  аталған 
адамдармен таныс-біліс болған.  
      
Семей қаласында екі кітапхана болған: бірі - Гоголь атындағы қоғамдық 
кітапхана,  бірі  -  Статикалық  Комитет  жанындағы.  Соңғының  ерекшелігі 
сөрелерінде негізінен ғылыми кітаптар мен журналдар топталғандығында еді. 
Осы  шағынырақ  ғылыми  кітапхана  1902  жылы  География  қоғамының 
бөлімшесі  ашылғанда  соның  меншігіне  өтеді.  Тарихшы  Ж.Қасымбаевтың 
жазуынша:  “Статистикалық  комитеттің  кітапханасы  осы  ұйымға  сыйға 
берілді” (История города Семипалатинска. – Алматы. –1998. – 187 б.).  
     
Тарихшының дерегінше, жаңа ашылған Географиялық қоғамға дәлдісінде 
250  ғылыми  кітаптар  мен  200  тарта  журналдар  сыйға  беріліпті.  Журналдар 
демекші,  Статистикалық  комитет,  онан  соң  Географиялық  қоғам  Ресейде 
шығатын  мерзімді  басылымдарды,  соның  ішінде  1890-1916  жылдары 
Петербор  қаласында  жылына  төрт  рет  шығып  тұрған  “Живая  старина” 
журналын  жаздыртып  алып  отырған.  Аталмыш  журналдың  айта  қаларлық 
ерекшелігі  –  оның  бетінде  алуан  жұрттардың,  әсiресе,  Ресей  империясы 
құрамындағы бұратана ұлт пен ұлыстардың тарихы мен этнографиясы жайлы 
материалдарды үзбей жарияланып келген-ді.  
      
Бұл  арада  айтпағым  -  қыр  қазағы  Шәкерімді  мүшелік  жарнамен  ғана 
күнін көретін Географиялық қоғам құрамына итермелеген екі жәйттің бірі - 
осы  қоғамның  бай  ғылыми  кітапханасы,  енді  бірі  орыс  ғалымдарымен 
сұхбаттасып,  пікір  алысу  мүмкіндігі  болған  сияқты.  Сондай-ақ,  Шәкерімге 
бұл қоғамға кіруге Ә.Бөкейханов кеңес берді деген топшылау айтамыз (бұл 
екі адамның достық қарым-қатынасына кейініректе келеміз). 
     
“Шежіре” кіріспесінде басты дерек көздерін атай келе, Шәкәрім бұлардан 
өзге:  “Дүниедегі  әр  түрлi  жұрттың  шежiрелерiнен  орысшаға  көшiрген 
сөздерiн  оқыдым”  дейді.  Ендеше  жаңа  аталған  “Живая  старина”  журналы 
Географиялық  қоғам  кітапханасынан  ақын  оқыған  дерек  көзінің  бірі. 
Өйткені,  оның  бетінде  Радлов,  Аристов,  Левшин  және  Березин  сияқты 
танымал  түркiтанушылар  ғана  емес,  жалпақ  жұртқа  беймәлiм  Спасский, 

 
81 
Маевский, Балкашин, Галкин деген орыс зерттеушілері де түркі нәсілі жайлы 
өз  ізденістерін  жария  қылғаны  растық.  Ал,  соңғыларды  Шәкәрiм  өзінің 
шежiресiнде атап өтеді. 
      
Сайып  келгенде,  ақынның  бөтен  тілдерді  меңгеруі,  әлемдік  әдебиетті 
жете  білуге  талпынысы  мен  “перевод  малтасын  ездім”  деп  өзі  айтқандай, 
одан тәржімалар жасауы, онан соң ғылымның сара жолына біржола бұруы – 
бәрі-бәрі өз түсінігін табатын бір жоғары мақсат бар. Ол ақиқатқа, өз сөзінше 
“аныққа” жету мақсаты. Өзгені Шәкерім жаны місе тұтпай, жаңағы көп өнер 
мен  ғылымды  тек  философия  шыңына  апарар  баспалдақтар  яки  “қару”  деп 
біледі: 
                                       
Алақтап іздедім қару, 
                                       
Бекілген артыма бару, 
                                       
Керек боп көп ғылым табу, 
                                       
Болып  тұр  күн  қараң-ай,  һай!  (“Жылым-  қой, 
жұлдызым-июль”). 
      
Ал, “Мұтылғанның өмірі” жырында қажылық сапарға дейінгі алаң көңілін 
ақын: 
                                        
Жұмылдым Мекке бармаққа 
                                         
Алаң боп шай іше алмай, - 
деп сипаттай отырып, өзінің түпкі мақсаты - анықтарға жету болғанын тағы 
бір ескертеді.   
     
Сондықтан  кемеңгердің  ой  әлеміндегі  ізденісі  мен  жаңашылдығы  бөлек 
әңгіме.  Әзірге  біз  ғалым  Шәкерімнің  тарих  ғылымы  саласына  қосқан  еселі 
еңбегін ғана сөз етпекпіз. 
   
“Шежіре” деректерін жинастыру кезеңі 
        
Шәкерім тарих ғылымы мен шежірені жасынан жанындай сүйген адам. 
Ол бір әңгімесінде: “Абай қазақ шежіресін жаз деп, он тоғыз жасымнан қазақ 
шежіресін жинай бастадым”, - дейді. Ал, арындаған 25 жаста қолына түскен 
тарихи  кітаптарды  оқып  “Қазақтың  түп  атасы”  деген  тарихи  туындысын 
өлеңмен жазған. Бір ғажабы, бозбала шағынан басталған тарих пен шежіреге 
сүйіспеншілігі  ақырғы  демі  таусылғанша  бәсеңсімеген.  Мысалы,  өмірінің 
соңында,  1931  жылы  С.Мұқановқа  жолдаған  хатында:  “Шежіренің  бір 
жыртылып  қалғаны  табылып,  бұрынғы  басылғанында  қате  бар,  һәм 
қосылмаған сөздер бар болғандықтан, көшіріп жатырмын түзетіп” дейді.  
      
(Осы  орайында,  астрология  ғылымының  он  екі  айдың  ішінде  шілде 
жұлдызында  туылғандар  табиғаты  тарихқа  әуес,  ерекше  бейім  болады  деп 
атап  көрсететін  жорамалы  еріксіз  еске  түседі.  Шәкерімнің  өзі:  “Жылым-ой, 
жұлдызым-июль” деген. Ендеше адамзатпен бірге жасасып келе жатқан кәрі 
ілім  жұлдыз-жорамалдың  түбінде  бір  шындық  бар-ау  сірә,  деген  ойға 
келесіз).  
      
“Түрік,  қырғыз-қазақ  һәм  хандар  шежіресі”,  қысқаша  “Шежіре”  - 
Шәкерімнің  тұңғыш  жарық  көрген  еңбегі.  Бұл  кітап  1911  жылы  Орынбор 
қаласында  бір  мың  данамен  басылып  шығады.  Өкінішке  қарай  аталмыш 
еңбектің  жазылу  уақыты  мәлімсіз.  Әдетте  бұл  автордың  еңбекті  бірер  жыл 

 
82 
көлемінде  емес,  ұзақ  даярлықпен,  кезең-кезеңде  жазған  жайынан  хабардар 
етер белгі. Шәкәрімнің өзі де шежіренің жазылу уақыты белгіленбеу себебі 
тарихтың  мәселесімен  көп  жылдар  айналысқандығында  екенін  сездіргісі 
келгендей, “Шежіренің”  кіріспесінде   былай дейді: “Қазақтың түп атасының 
жайын білмек болып, көп уақыттан бері сол туралы естіген, білгенімді жазып 
алып және әр түрлі жұрттың шежіре кітаптарын оқыдым”. 
     
Абай  мен  Шәкерімге  дейін  қалың  қазақ  жұрты  өзінің  артқы  жағы:  ру-
тайпалық дәуіріне қатысты ғылыми мағлұматтардан, мысалы, ғұн және түркі 
тайпалары тарихынан мүлде дерлік хабарсыз қараңғыда қалып келгені өтірік 
емес.  Сондай-ақ,  халық  арасында  құймақұлақ  шежіре  кісілер  таңды  таңға 
асырып,  жатқа  айтатын  ата-тек  шежіре  мұрамыздың  жайы  да  (орыс  тілінде 
баспа  бетін  көрген  зәредей  бөлігін  айтпағанда)  оңып  тұрғаны  шамалы  еді, 
өйткені,  жарық  көріп,  хатталғаны  атақты  хан-сұлтандар  шежіресі  ғана 
болатын. Әрине, мұның өзіндік себептері баршылық.  
      
Қысқасы,  сол  кездегі  ғылымнан  сырт  жатқан  сахара  хәлінде, 
Ә.Бөкейханов  айтқандай,  “кітап  жиған  жері  жоқ,  көшпелі  далада  жүріп” 
біліми  көзқараспен  арнаулы  зерттеу  еңбек  жазуды  қолға  алу  айтуға  ғана 
оңай.  Тілдерді  меңгеру  қажеттігі  тұра  тұрсын,  дерек  көздерін  -  кітап, 
журналдарды іздеп табудың өзі неге тұрады десеңізші!  
     
Бізше  Шәкерімнің  “Шежіре”  кітабының  жазылуы  ұзаққа  созылуына 
себепкер де осы жайлар. Кітап соңында ақын “Мақсұт” (қазіргі лексикамызда 
– 
мақсат деп жазылады) деген арнау өлеңін беріп, онда мақсатым - қазақты 
ағарту, халқыма ғылым дәнін таттыру дей келе, тағы бір мақсатын былайша 
жеткізеді: 
                                       
Жазғанда мақсатым көп менің тағы, 
                                       
Қазақтың қараңғы еді артқы жағы. 
                                       
Мұны оқып ата жөнін білген қазақ, 
                                       
Артымнан дұға қылсын дедімдағы. 
                                       
Құр шежіре демеңіз мұның өзін, 
                                       
Ойлаңыз ғибрат алып әрбір сөзін. 
      
Өзі мәлімдеп отырғандай, “Шежіре”, сөз жоқ, Шәкерімнің ағартушылық 
арнадағы толымды туындысының бірі.  
       
Зерттеуші  ғалымдардың  пайымдауынша,  ұлы  Абай  өзінің  “Біраз  сөз 
қазақтың  қайдан  шыққаны  туралы”  деген  тарихи  еңбегін  1890  жылы 
аяқтаған.  Бірақ  бұл  осы  жылдан  соң  ұлы  ақын  қазақ  тарихы  мәселелерінен 
қол үзді деген сөз емес. Керісінше, ұлт көсемі тарихи өрістің аясын  кеңейте 
түседі.  
      
Шамасы  осы  жылы  ұстаздың  өз  айналасына  талапты  жастарды  жиып, 
Көкбай  мен  Шәкерімге  тарихи  тақырыпта  сюжетті  дастандар  жазуға  кеңес 
бергені  белгілі.  Абайдың  аталған  еңбегі  арғы  қазақ  тарихын,  яғни  ХУ 
ғасырда  Қазақ  хандығы  құрылу  қарсаңына  дейінгі  кезеңді  ғана  қамтиды. 
Демек,  оны  дамыта  жалғастыру,  істі  аяғына  жеткізу  Абай  мектебінің  күн 
тәртібінде  тұрған.  Сондықтан  ұстаз  ақынның  қазақтың  қайдан  шыққанын 
ғылымдық  жолмен  тексеруді  тарихқа  ерекше  ықыласты  Шәкерімге  арнайы 
тапсырып,  бұл  мәселені  үнемі  назарында  ұстауы  ұғынықты  жәйт.  Баласы 

 
83 
Ахатқа  Шәкерім  былай  деген  екен:  “Абай  маған  “Мұсылмандық”,  “Түрік-
қырғыз” шежіресін (астын сызған – біз), “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебекті” 
жазуыма көп көмек берді”.  
       
Шежіре  кестелеріне  қатысты  мағлұматтарды  жинастыру  жайлы 
Шәкерімнің өзі: “Абайдың ұқтыруымен және сол кісінің ел-елге жіберіп, хат 
жазып жинақтаған  мағлұматтары да  шежіреде бар” деп жазады.  Бұл сөзден 
шежіре деректерінің ел-елге кісі жіберіліп, кейде алыстағы ағайынға хат жазу 
тәсілімен жинақталғаны ұғылады. 
       
Осы ретте атап айтар жай – “Шежіренің” жазылып жатқанынан көп жұрт 
құлағдар  болған.  Абыралы  өңірінің  тумасы,  зерделі  ақсақал  С. 
Мейірхановтың білуінше, Бөрлі болысының болысы Шыныбай деген атақты 
адам Абай мен Шәкерімге білген шежіре деректерімен бірге арнайы кісіден: 
“Егерде  біздің  рудың  шежіресін  жақсылап  жазар  болса,  ат-шапан  сыйымыз 
даяр”  деген  дұғай  сәлемін  де  жолдаған  көрінеді.  “Исі  Жалықбас  руында 
өткен ғасырда есімі жұрт аузына ілініп, жақсы атағымен мадақталған жан - 
Шыныбай  Танашұлы  Тоқсанбай  тегі  болса  керек,  -  дейді  бұл  адам  туралы 
жазушы  М.Сәрсеке  өзінің  шежіре  кітабында.  –  Ол  тез  айтқыштығымен  де, 
ақылымен  де,  заман  ауқымын  аңғарғыш  сұңғыла  ойымен  де  өз 
тұрғыластарының  алдына  шығыпты.  Жас  жөнінен,  сірә,  Абай 
Құнанбайұлымен шамалас, бәлкім сәл үлкендеу болса керек” (Тарақты және 
қаракесек шежіресі. -Алматы, 1995. –247 б.). 
       
Осындай  екінші  деректі  Қытайдың  Алтай  қаласында  тұратын  Мидхат 
Разданұлы  жазған  материалдан  кездестірдік.  ХІХ  ғасырдың  соңында  Мәми 
есімді  атақты  бай  Алтай  қазақтарының  алды  болып  ауылынан  “Абақия” 
деген  мектеп  ашып,  ауылды  керейдің  әкімшілік  орталығы  ғана  емес, 
мәдениет  орталығына  айналдырған  екен.  М.Разданұлы  “Шәкәрімнің  өр 
Алтайда  ізі  бар”  деген  мақаласында  Шәкәрім  Мәми  Жұртбайұлына  екі  рет 
хат жазып, жақсы байланыс жасаған деп мәлімдейді. “Біріншісі, - дейді ол, - 
Шәкәрімнің шежіре жазуға дайындалып жүріп жазған хаты. Шәкәрімнің өзі 
де  айтады  ғой,  Абай  марқұм  тірі  кезінде  жер-жерге,  ел-елге  адам  жіберіп 
шежіре деректерін жинатқан еді, - деп. Сол ретте Абақ керейге тән шежірені 
Мәмиден  сұратқан  болуы  әбден  мүмкін.  …Екіншісі  –  Шәкәрімнің  Мәмиге 
өлеңмен жазған хаты бар екен, оны біздің Алтай жақта естіген адамдар болса 
да, айтып бере алмады. 1947 жылы күзде Ыбырайымбай  деген әскери адам 
Мәми ауылына әдейі амандаса келіп отырып, сол өлеңді жатқа айтып беріпті. 
Руы Суан. Ол 1959 жылы Қазақстанға кетіпті. Оның адресі табылса әлгі өлең 
де табылып қала ма деген ой ғой” (Жұлдыз. – 1995. - №4. – 207 б.).   
      
Міне, Абай мен Шәкерім Орта жүздің басқа да ру-тайпалары деректерін 
әр рудың бас көтерер белді адамдарына арқа сүйеп, жинастырса керек.      
      
Сөйтіп,  ру-тайпа  шежірелері,  атап  айтқанда,  Шәкерім  кітабының  “Орта 
жүздегі арғынның рулары” деген тарауы  90-шы жылдардың ортасына қарай 
бір ізге түсіп, өз жүйесін тапқан болар. 
      
Алаш  ру-тайпалары  шежірелерін  жинастыруда  Абай  мен  Шәкерім  күш 
біріктірген  деген  жайға  ғалым  М.Мырзахметұлы  да  көңіл  бөліп,  жаңағы 

 
84 
сөзінде:  “Шәкәрім  шежіресі  –  Абай  тұсында-ақ  жинастырылып,  келе-келе 
жүйеленген” деп салиқалы ой түйеді. 
     
Келе-келе  жүйеленген  демекші,  Орта  жүз  руларының  шежіре  кестелерін 
жинақтау  мен  жүйелеу  90-шы  жылдардың  соңына  таман  аяқталған  тегі. 
Өйткені, семейлiк өлкетанушы Н. Коншин Абайдан Орта жүз қазақтарының 
ру-тайпалық  кестесiн  жазып  алып,  оны  1900  жылы  “Заметка  о 
происхождении  родов  Средней  Киргизской  Орды”  деген  атпен  “Памятные 
книжки  Семипалатинской  области  на  1900  год”  деген  кiтапта  жариялаған 
болатын. Анығы, Орта жүз руларының Коншинге Абай берген және Шәкәрім 
өз кітабында келтірген шежіре кестеде айта қаларлық айырма жоқ. 
      
Сонымен,  қай  қырынан  келгенде  де,  Шәкерім  шежіресінің  алғашқы 
қолжазба нұсқасы ХІХ ғасырдың соңы мен  ХХ ғасырдың алғашқы кезеңінде 
жазылған деген пікір расталып отыр. 
 
Ұлы ұстаздың қазасы 
      
Жасы елуден асқаннан кейінгі тұрмысында Абайдың күндізгі әдетін теріп 
айтып,  онан  соң,  ақынның  кешкі  және  түнгі  әдеті  жайлы  Әрхам  Ысқақұлы 
былайша  жазады:  “Шам  жаға  кіріп,  шай  ішіп  болған  соң  үйдегілерді 
шығарып  жіберіп,  оңаша  қалып  кітап  оқуға  кіріседі.  Анда-санда  қағазға 
жазып қойып отырады. Содан түндегі ет піскенде 4-5 жапырақтай ет жеп, бір 
тостағандай  сорпа  ішеді.  Кей  уақыттарда  бізді  де  өз  үйіне  төсек  салғызып 
беріп  төрдің  алдына  жатқызады.  Сонда  көргеніміз:  Абай  түнде  көп 
ұйықтамайды,  шамды  сөндіріп,  төсекте  жатып  қалады  да  бір  сағаттай 
уақытта шамды қайта жағып, кітап оқып отырады, не қағаз жазып отырады. 
Аздан кейін шамды өшіріп жатып қалады, бір уақытта шамды қайта жағып 
кітап оқып отырады” (Ұлы Абайға адалдық // Әрхамның естелігі. – Семей. – 
2005. – 
209 б.). 
       
Соңғы  он  жыл  ішіндегі  Абайдың  әдеті  қыр  жуандары  әдетінен  мүлде 
басқа. Өмірін тек шығармашылыққа бағыттағанын көріп отырмыз. 1895–1904 
жылдар  арасында  “Талып  ұйқтап,  көзіңді  ашысымен,  Талпынып  тағы  да 
ойлап зор қылады” деп өзі айтқандай, ұлы ақынның дүние сырына үңілуге, 
діни философия тұңғиығын аршуға көп күш-қажыр жұмсағаны сөзсіз. Құрғақ 
сөз  болмауы  үшін  осы  аралықта  жазылған  ең  көлемді  де  күрделі  шығарма 

Ғақлиат-тасдиқат” (қазіргі отыз сегізінші қарасөзі) пен “Алланың өзі де рас, 
сөзі де рас” өлеңін атасақ та жеткілікті. Әрхам да осы хәлді жеткізіп отыр. 
      
Шығармашылықтың ауыр жүгіне қоса, ұлы ақынның жүйкесін жұқартып, 
қан  қысымын  көтерген  беймаза  сыртқы  жәйттер  де  қайшы  алысып  жатты. 
Абайды көп мазалап қажытқан ескі жара - шала жанған оттың шоғындай әлі 
де  бықси  жанған  ескі  жаулықтар  еді.  Мысалға  Абай  сабалған  1898  жылғы 
Мұқыр оқиғасы мен 1899 жылы інісі Ысқақтың істі болып, сотқа тартылуын 
айтуға  болады.  Бұл  аздай,  қарсы  жақтың  адамын  өз  жағына  шырғалап 
тартатын  Оразбай  уысына  басқа  тұра  тұрсын,  Абайдың  жақын  туыстары 
Тәкежан мен Әзімбай да түскені белгілі. 
       
Қалай  десек  те,  ұлы  ақынның  соңғы  өлеңдерінен  көп  тартысқа  түсіп, 
шебі тұтасқан жаулықтан мейлінше қажыған көңілі анық сезіледі. 1898 жылы 

 
85 
әйгілі  “Өлсем,  орным  қара  жер  сыз  болмай  ма?”  деген  өлеңін  жазып,  онда 
“Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!” және “Етекбасты көп көрдім елден 
бірақ” деп мәлімдейді. Ал, 1901 жылы жас толқын жеткіншектерге арнаған 
“Қуанбаңдар  жастыққа”  деген  өлеңінде:  “Елу  бесте  біз-дағы,  Сенісер  адам 
таптық па?” десе, осы жылғы келесі өлеңінде: 
                                   
Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған, 
                                   
Бұл не деген заманға күнім түсті, - 
деп қапалана күңіренеді.  
     
1902 жылдың 11 мамырында  бүкіл ғұмыры қайнаған өмірдің ортасында 
күреспен  өткен  Құнанбайдың  Абайдан  кейінгі  баласы  Ысқақ  дүние  салды. 
Ал, келесі 1903 жылы “ағайын ішінде Абайдың өсиетінен, мінездерінен көп 
үлгі алам дейтін жақынның бірі” (М.Әуезов) Шәкәрімнің тете ағасы Шәке де 
көз жұмды. Шәке өлгенде Шәкеріммен бірге Абай да сол ауылда қона жатып, 
зиратын қырқына дейін қалатып береді.  
      
“1903  жылы  жазғытұрым,  -  деп  жазады  Әрхам  ақсақал,  -  Кәкітай  өзінің 
бір жұмысымен Семейге кеткен еді, жер қарайып кепкен соң қорадан аулақ 
киіз  үй  тігіп,  соған  үй  ішін  шығарып  жатқан  мезгіл  түс  кезінде  Семейге 
Кәкітайға еріп кеткен атшы көтібақ Бекдәлі деген ауылға шауып келді. Жұрт 
үрпиісіп  “неге  шаптың”  дегенде,  Бекдәлі:  “Ойбай,  Семейден  тергеуші 
шықты,  Абайдың  ауылын,  үйін  тінткелі  келеді,  соған  хабар  айт”,  -  деп 
Кәкітай жіберді деп ентігіп аттан түсті” (Ұлы Абайға адалдық // Әрхамның 
естелігі. – Семей, 2005. – 210 б.). 
      
Бұл  Ақмоланың  қазағы  Ш.Қосшығұлов  жолдаған  хатқа  байланысты 
Жидебайдағы  Абай  ауылына  тінту  жүргізіліп,  елдің  үрейін  алған  белгілі 
оқиға. Қысқасы, Құнанбай ұрпағының бағы тайып, сағы сына бастағаны жаңа 
ХХ ғасырдың басынан-ақ белгі бергендей болады. 
      
Айта  кетер  тағы  бір  жәйт,  ХХ  ғасырдың  басында  Абайға,  Ысқаққа 
қараған  ауылдар  саны  жиырма  шақты  болған.  Осы  ауылдардарға  ие  болу, 
бағындыру, билік айтуды 1896 жылдардан бастап, немере інісі Кәкітай мен 
сүйікті  ұлы  Мағауия  өздеріне  алып,  Абайдың  алдын  кісіден,  өзін  сөзден  
босатқан  екен.  Дей  тұрғанменен,  қаймана  қазақтың  қоғамдық  ой-санасы 
өсуіне,  әдебиеті  мен  мәдениеті  жетілуіне  орасан  ықпал  еткен  санаткердің 
өмірі  тыныш,  бірқалыпты  өтуі  мүмкін  емес  нәрсе,  “Абайға  сәлем  беріп, 
амандасуға келдік” деп алыстан ат арылтып жеткен ағайын қарамы, әсіресе,  
жазғы жайлау төсінде жылдан жылға көбея түспесе, азаймаған.  
     
Осы жайларды ұлы ақын өмірінің соңғы он жылдай бөлігін елестету үшін 
айттық. 
      
Әділіне жүгінсек, ұлы Абай жүрегінің қазақ арасын кеулеген қырсықтар 
мен  келеңсіздіктерден  құсалана  торыққаны,  өз  тұрғыластары  ішінен  елу 
беске  дейін  сенісер  адамын  таба  алмай  күйзелгені  қандай  шындық  болса, 
Еркежан бәйбішенің жақсы күтімінде, өзін шын сүйген, сенісер жандар - өз 
балалары мен шәкірттері ортасында болғаны да сондай шындық.  
     1895-
96  жылдан  былайғы  уақытта  Абайдың  аса  бір  ыстық  көретін  дос-
бауыры, ақындық қана емес, философиялық мектебінен өткен қадірлі шәкірті 
болғанына  сеніміміз  кәміл.  Ол  -  Шәкерім.  Ғұлама    М.Әуезов  өзінің  “Абай 

 
86 
жолы” романында шыншыл мінезді ақын Дәрмен бейнесін былайша суреттеп 
өтеді: “Жылтыр қара қасты, үлкен көзді, кесек мұрынды Дәрмен анық сұлу 
жігіт.  …Ашық  маңдайында,  кесек  мұрнының  жотасында  және  екі  бетінің 
ұшында жылтырап білінген сүйкімді шұғыла бар” (“Қақтығыста” тарауынан). 
Зейін сала қарағанда, Мұхаңның осы бейнені өзіне жақын таныс Шәкерімнен 
алғанын аңдасақ керек. Роман-эпопеядағы өмірде болмаған жалғыз кейіпкер 
– 
Дәрмен. Оны Абайдың адал шәкірті һәм ізбасары ретінде романға енгізуді 
неліктен қажет болды? Себеп біреу – жазушы әділетке қия баспаған. 
      
«Шәкәрім  ұлы  ағасының  жан  азабын  жүрегімен  сезінді,  -  деп  жазады 
белгілі  қаламгер  ғалым  Тұрсын  Жұртбай  өзінің  «Құнанбай»  атты  зерттеу 
еңбегінде.  –  Абай  күйінсе  –  күйінді,  сүйінсе  –  сүйінді.  Әрі  іні,  әрі  шәкірті 
есебінде келешек күндердің көшінен көріп, көңіліне дәрмен берген Дәрмені 
де – осы Шәкәрім болатын» (Құнанбай. – Алматы, 2004. – 223 б.). 
       
Бірақ,  Абай  мен  Шәкерімнің  қарым-қатынасы  ә  дегеннен  көлеңкесіз, 
бірыңғай  шұғылалы  болды  деу  де  ағат.  Бұл  ретте  Абай  марқұм  болған  соң 
жазған жырында: “Өлместей оны көруші ең, Соған да қарсы келуші ең”, - деп 
ақынның  өзін  өзі  сөккенін  еске  алсақ  та  жеткілікті.  Сондықтан  шынайы 
рухани қатынас, жаңағы Тұрсын Жұртбай көрсетіп отырған  бірі - аға, бірі - 
іні  қос  өркештей  ақындар  арасындағы  әдемі  силастық,  айнымас  достық 
сезімнің бастауы 1890 жылдар және, бұл рухани қатынас алдағы он төрт он 
бес жыл ішінде жылдан жылға тереңдеп, беки түсті деп білсек бек дұрыс. 
        
Өйткені, тұрмыс-тіршіліктің тұтқасын баласы Мағауияға сенгені сияқты, 
жаралыс  сырларына  қатысты  терең  философиялық  ой-толғамдарын  ұғына 
алатын, тең пікірлесуге даяр жалғыз адам - Шәкерім болған. Бір ғана мысал. 
“Шежіре” кітабында ол  ұстазына “данышпан, хакім философ кісі” деп баға 
береді.  Осының  өзінен-ақ  қиын  сырлы  еңбегі  –  отыз  сегізінші  қарасөзінде 
көтерілген  тақырыптар  бойынша  Абайдың  қасындағы  даярлығы  мол 
Шәкерімге  сыр  ашып,  ой  бөліскендігі  аңдалса  керек-ті.  Даярлығы  мол 
дейтініміз, орыс тілін жете меңгерген Шәкерім 1902-03 жылдары тарих және 
философия  ғылымдарына  құлаш  сермейді,  өз  сөзінше  “бас  бұрады”.  Бір 
сөзбен айтқанда, ол Абай айналасындағы шәкірттер ішінде алысты орағыта 
болжау, шынды тану сияқты қасиеттердің иесі болған. 
      
Өз  кезегінде  Шәкерім  Абайдың  ұлылығын  1886-88  жылғы  бастапқы  
өлеңдерін-ақ тани алған, мойындаған. Ақылың таң қалар нәрсе: 30 жасында 
жазған  “Жастарға”  өлеңінде  ол  Абайға  “данышпан”  деп  баға  береді  (бұл 
сөздің  төркіні  “дана”  -  парсы  сөзі,  мағынасы  асқан  ақыл  иесі,    кемеңгер 
ойшыл). Ал, жасы 50-ден асқанда “Түрік-қырғыз” шежіре-кітабында ұстазы 
Абай  жайында  “мұсылманша  һәм  орысша  ғылымға  жүйрiк,  һәм  Алланың 
берген  ақылы  да  бұл  қазақтан  бөлек  дана  кiсi  едi”  дей  келе,  сөзiн:  “Абай 
данышпан,  хакiм,  философ  кiсi  едi”  деп  сабақтағанын  жоғарыда  айттық. 
Сөйтіп,  Абайды  “данышпан”  деп  (1889  жылы)  тұңғыш  атаған  әрі  ең  алғаш 
“хакiм” деп (1909 жылы) айтқан қазақ - Шәкәрiм болғанына көзіміз жетеді. 
      
Енді  ұлы  ұстаздың  қазасына  қатысты  мән-жайды  шәкіртінің  өз  аузынан 
естійік.  Адамы  өлген  ауыл  қазақтың  байырғы  дәстүрінде  үш  жыл  қаралы 
болған. Осыған байланысты ағасы Шәке өлген соң, Шәкерімнің Абайға уағда 

 
87 
еткен білім іздеу сапары кейінге шегеріліп қалған екен. “Осы өлімнің үстіне 
мен өте жақсы көретін Мағаш 1904 жылы қайтыс болып, Абайдың да, менің 
де  сорым  қайнап  қалды,  -  деп  әңгімелеген  Шәкәрім  баласы  Ахатқа.  –  Біз 
Мағаштың жетісіне дайындалып жаттық. Ауылдың қасындағы дөң басында  
Абайды күтіп, елдің қадірлі көп адамдары отырып қалды. Мен Абайға келіп: 
“Сіз ”өзінің айтқанын істеген – анық адам және қайғыға қайғыра біліп, оны 
тоқтата алар қайраты да болуы керек” – деп, бізге үйретіп, соны істемегеніңіз 
қалай?” – дегенімде, “Е, мен не деп едім?” – деді. Мен сіз: 
                                   
“Көзіме жас бер, жылайын, 
                                     
Шыдам бер, қайрат қылайын. 
                                     
Жаралы болған жүрекке 
                                     
Дауа  бер,  жамап,  сынайын”,  -  деген  жоқсыз  ба?  – 
дегенімде: “Мен әлсірейін деген екенмін ғой. Киіндір, тысқа шығар”, - деді. 
Мен шапанын, бөркін кигізіп, қолтықтап көптің ортасына әкеп отырғыздым. 
Абай көппен амандасып болған соң, тез бойын жинап: “Мағаш тек менің ғана 
балам  емес  екен,  көптің,  сіздердің  де  балаларыңыз  екен!  Мен  сіздерді 
ойламаған екенмін, ғафу етіңіздер!”, - деп, сөзге араласып кетті. Бір мезетте, 
мені  қолымен  нұсқап:  “Мынау  Шәкерім  де,  мен  де  сорлы  екенбіз.  Бұдан 
бұрынғы  жылда  Шәкерімге  ойымды  айтып,  уағда  бергенім  естеріңізде 
шығар. Мына екі туысқанның қазасы қабат келіп, мұны білім іздеу жолынан 
қалдырды,  менің  Шәкерімге  білім  қуғызсам  деген  мақсатым  орындалмай 
қалды. Шәкерім де, мен де сорлы екенбіз дегенім осы?!” - деді. Мен Абайға: 
“Ол тілегіңізді орындаймын, айтқан жерлеріңізге барамын!” – дедім. Абай аз 
күлімсіреп: “Қаражат беретін мен өліп қалсам, қайтесің?” – деді. Мен: “Сіз 
өлмеңіз!  Қайтсем  де,  тірі  болсам,  Сізге  берген  сертімді  орындаймын!”  – 
дедім.  Бірақ  “Бір  қайғыңды  бір  қайғың  ұмыттырсын”  деген  оңбаған 
қарғыстай, Мағаштың қырқында Абай қайтыс болып, біржола сорым қайнап 
қалды”. 
      
Шәкәрім  Мағаштың  қырқы  өткенше  Абайдың  қасында  болған.  Көзі 
көргендер,  сондай-ақ,  Мағауия  білімді,  әділ  сондықтан  да  халқынан  көп 
мақтау мен алғыс алған абыройлы азамат болған дейді. Абыройлы болуына 
екінші  әйелі,  өзі  сүйіп  қосылған  жары  Мөржан  да  үлес  қосады:  “Мөржан 
келген  соң  Мағауияның  үйіне,  ауылына  өзгеше  көрік  кірді,  -  деп  жазады 
Әрхам.  –  Ердің  атын  қатын  шығарады  деген  емес  пе.  Жат  та,  жақын  да 
Мағауияға  үйіріле  бастады.  Бұрын  Абайды  босатпайтын  көрші  елдің 
адамдары енді Мағауияға ауысты”.  
      
Тағдырға не шара, көкірек ауруына ертеректе шалдыққан Мағауия, 1904 
жылдың  басынан  төмендеп,  төсек  тартып  жатып  қалып,  мамыр  айының 
ортасында 34 жасында дүниеден өтеді. Абай Жондағы жайлауда Мағауияның 
қырқын берген соң, үш күн ешкіммен тілдеспей, жатпай отырып, ескіше 23 
июнь  күні  59  жасында  дүниеден  қайтты  дейді  ол  кезде  он  тоғыз  жастағы 
Әрхам Ысқақов.  
     
Мағаштың  өлімінен  соң,  Абайдың  көпке  түсініксіздеу  дертті  хәлі  көп 
естеліктерде  бар.  Соның  бірі,  Бейсехан  Сағындықұлы  деген  ақсақалдың 
көргенін келтірейік. Ол сырт Шыңғыс, кең қоныс Байқошқарда отырған Абай 

 
88 
ауылына  Мағаштың  қазасына  көңіл  айтып,  Абайға  бармақ  болған  көршілес 
сыбан  елінің  үлкен  адамы  –  билеуші  болысы,  Абайға  құдандалы  әрі  құрбы  
Өзбақан деген адамға атқосшы жігіт болып еріп барады. “Абай ағаның үйіне 
бардық,  -  дейді  ақсақал.  -  Сәлем  беріп  отырғаннан  кейін  Өзбехан  көңіл 
айтты.  Абай  аға  төсек  үстінде  жатыр  екен,  басын  көтеріп,  жастыққа 
шынтақтап  отырып  “әмин”  деді.  Өзбехан:  “  Әбе,  қалыңыз  қалай?”  дегенде, 
Абай:  “Басым  ауырып,  тынысым  тарыла  береді”,  -  деді.  Біраз  отырғаннан 
кейін қайта жолға шықтық” (Абай. – 2001. №4. –77-82 бб.). 
      
Ұлы  ақынға  өлімінен  екі  күн  бұрын  амандаса  келген  адам  осылай  десе,  
дүниеден көшер күнгі Абайдың хәлі жайында: “Сол күні кешке Абай ауырып 
шықты, - деп жазады Әрхам. – Төсектің үстінде басын көтеріп отырып алды. 
Тамақ  ішпеді,  жатып  ұйықтамады.  Өзі  сөйлемеді,  бірақ  жағдайын  сұраса 
басын шайқады. Мұндай ауруды бұрын көрмеген ел аң-таң болды, не шара 
істерін білмеді”.  
      
Осы қатарлы мағлұматтарды бағамдап қарағанда, соңғы бір жыл бойына 
Абайдың  онсыз  да  жаралы  жүрегін  әлсіретіп,  бойын  көтертпей  қинаған 
кесел, сол заманғы сахара тұрғындары арасында тым сирек, сондықтан емдеу 
шарасы  да  беймәлім  –  жоғары  қан  қысымы  (гипертония)  дерті  деген  жору 
туады. Бұл жәйтке қайран Абай қандай аурудан қайтты деген сұрақ, әлбетте, 
абайсүйер қауым көкейінде жүретіндіктен тоқталдық. 
     
Абайдың  сүйегін  өз  қыстауы  Ақшоқыдағы  үлкен  зиратқа  апарып 
қоймақшы  болған.  Бірақ  Шыңғыс  асуынан  асқанда  Кішкене  молла  елді 
тоқтатып:  “Бұл  сүйекті  Ақшоқыға  апаруға  шыдайтын  емес,  күн  ыстық. 
Сондықтан таяу жердің біріне жерлеу керек” депті. Осымен жүз қаралы ерген 
жұрт  Жидебайдағы  Оспан  зиратына  қою  керек  деген  шешімге  келеді. 
Түнделетіп,  жүріп  отырып,  қаралы  көш  таң  ата  Жидебайға  жетеді.  Осында 
ғұламаның жаназасы шығарылып, түске таман жерлеу рәсімі өтеді. 
      
Ұлы  ақынды  жерлеу,  қырқын,  жылын  өткізу  науқандарын  түгел   
Шәкерімнің  өзі  басқарып  реттеген.  Осы  ретте  жоғарыда  аты  аталған 
Бейсехан  ақсақал  тағы  бір  сөйлесін.  Абайдан  қайтар  жолда  Өзбехан  болыс 
өзінің  бауыздау  құдасы  көкше  Дүтбайдың  ауылына  келіп  қонады.  “Екі 
қондық, - дейді қария. – Сәске уағында Абай аға қайтыс болды деген суық 
хабар  келді.  Жүздеген  адамдармен  бірге  қайта  сол  ауылға  аттандық.  Абай 
ауылына жеттік. Құнекең балаларына көрісіп, көңіл айттық. Халық жиналып 
қалыпты.  Жайлау  үсті,  күн  ыстық.  Шәкерім  де,  басқа  туысқандары  да 
дайындықты  тездетіп  жүр.  Сыйыт  көп  үлестірілді.  Ертеңінде  шаңқай  түсте 
Жидебайға келіп,  Абай ағаны жерледік. Сөйтіп, ұлы ғұламаға өз қолыммен 
топырақ салдым ”.  
      
Ақсақалдың  1973  жылы  жазылып  алынған  естелік  сөзінде  он  арыс 
Құнанбай  ұрпағынан  жалғыз  Шәкерімнің  аты  аталуы  Абай  марқұмның 
жабдығын   басқарушы кім екенін де аңдатады. 
     
Үлкені  Шәкерім  боп,  Ақылбай,  Кәкітай,  Турағұлдар  бастатқан  ет  жақын 
туғандары  Абайдың  қырқын  Семейде  өткізбекші  болып,  ел  Бауырға 
түскенде, қымыз, сойыс алып кейіннен Абайдың музейі болған Бекбай деген 
Мағауияның  досының  үйіне  келген  екен.  “Ертістің  екі  жағындағы  12 

 
89 
мешіттің хазіретін, халфесін жиып, қатым-құран шығартты, - дейді Әрхам өз 
естелігінде. - Сол күні жұрт тарап қайтқан түнде Ақылбай ауырмай-сырқамай 
кенеттен  қайтыс  болды.  Оның  сүйегін  өз  қыстауы  Тышқан  бұлағы  деген 
жерге  апарып  жерледі.  Осылай  жарты  жылдың  ішінде  төрт  (төртіншісі  – 
бөлек  ауыл  болып  отырған  Мағауияның  екінші  әйелі  Мөржан.  Ол  да  өкпе 
ауырынан қайтыс болады. – А.О.) басты адамынан айырылып, Абайдың төрт 
ауылы жетім-жесір болып қалды”.   
      
Абай  Ырғызбайдың  я  Тобықтының  ғана  емес,  қаймана  қазақтың  рухани 
әкесі еді. Сондықтан Абай өлімі таяу уақытта қазақ түңлігін ұшыра соғатын 
қара дауылдың, төнген қара бұлттың алғашқы символ-белгісіндей болды.   
       
Осыны  сезінгендей  Абайға  көп  сүйеніп  өскен  Шәкерім  бір  жылға 
созылған  сүреңсіз  өмір  кешеді.  Осы  кезгі  жырларын  көктей  өтетін  жалғыз 
нәрсе  -  өмірдің  өткінші  жалғандығы.  Бірде    “Баянсыздың  бәрін  қой”  десе, 
бірде “Есіңді жи, ерте ойлан”, - деп өзін өзі қамшылап, іштей бекінеді ақын.  
      
Әсіресе,  ақын  ағаның  дүниеден  озғанына  сегіз  айдай  уақыт  өткенде 
айтқан  48  жолдық  “Өлген  көңіл,  ындынсыз  өмiр”  өлеңі,  ондағы  ақын 
қолданған  жайнаған табиғатты жан әлемiнiң жабырқаулы хәліне қарсы қою 
тәсілі кім кімді де бей-жай қалдырмайды, сезімін тебірентеді. Мысалға бірер 
шумағын ғана алайық:  
                          
…Қатып қалған желіннен 
                               
Қаймағы бар бал шықты. 
                               
Қайғылы біздің көңілден 
                               
Қайғырған сайын қан шықты.   
                                      
…Жанған оттай жалындап, 
                                          
Жайлауға қарай ел көшті. 
                                          
Жанбақ түгіл жабырқап, 
                                          
Жаралы жүрек қайта өшті.   
    
Көріп отырмыз, бір жағында құлпырған табиғат, екінші жағында адамның 
қайғылы, жабырқау көңіл-күйі. Осы қарама-қарсылық ерекше әсерлі суреттеу 
туғызған. Жоқтау сөз сезімнің, көңіл-күйдің нәзік иірімдері өрнегін жаңағы 
қисынның  жөніменен  аса  шебер  жеткізген.  Әсілі,  “Абай  марқұм  өткен  соң 
өзіме айтқан жырларым” деген топтамадағы ұзын ырғасы он екі жырдың қай 
қайсынан да күзгі бұлттай түйдектелген қапырақ ойларды көресіз, бәрінде де 
трагедиялық сарын тұнған: Абайдан  соңғы жалғыздық пен құлазыған көңіл 
“менмұндалап” тұрады.  
     
Қазақ ұлтының ұлы ұстазын оның ұлы шәкірті, міне осылай аза тұтқан. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет