Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына



Pdf көрінісі
бет28/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

103
деп  басын  шайқаған,  ­  деп    шығармадан  шын  өмiрге  ауыса 
жiнiгедi.
Отыз  күн  ораза  ақыры  аяқталды.  Маған  тамаша  сезiлгенi 
оның  басқа  парыз­қарызы  емес,  жарапазаны  болды.  Былай 
қарасаң  ол  да  бiр  ел  ақтап,  қайыр  сақауат  сұраған  iс  сияқты. 
Ал  мәнi  мүлде  басқа.  Шешендiктi,  шеберлiктi,  жомарттық  пен 
сараңдықты сынайтын халық төрелiгi сияқты. Ел жатқан соң­ақ 
ауыл­ауылды аралап, үй басын қалдырмай жарапазан айтады. 
    Айтқанмен жарапазан тоямыз ба, 
    Санатын бұрынғының қоямыз ба? 
    Санатын бұрынғының қойып кетсек,
    Барғанда ақиретке оңамыз ба? 
    Мұхамет үмбетi айтқан жарапазан,
    Ораза қабыл болсын ұстаған жан!.. 
Ел iшiнде өнеге, үлгi болған жанұяларды мақтап, жаман аты 
шыққан  қарау,  қараңғы  отбасын  сынайды.  Әсiресе,  үш  аймақ 
төңкерiсiне  ұстаған  мәмiлесi  көзделiп  айтылады.  Құдай  жолы 
дегенiмiз халықтың тiлегi дегендей болады. Үй иесi жарапазанды 
әбден тыңдап болып, табаққа салған құрт­iрiмшiгiн, немесе бiрер 
шаршы  кездемесiн алып шығады. 
Жыл  сайын  ел  Көлдіайрыққа  келген  кезде  ерулiк  малын 
немесе  қыстан сақтаған сыбағасын алып бiздiң үйiмiзге жетiп 
келетiн бiр қариямыз бар. Әкем «жиен» деп сыйлағаны үшiн бе, 
мұкым  ауыл  Тоқтамұрат  жиен  жолдас­жорасымен  бiздiң  үйге 
келiп  түскеннен  кейiн­ақ,  жас  кезiндегi  еркелiгiн  бастайтын. 
Сойылып  жатқан  мал,  асылып  жатқан  қазан,  құйылып  жатқан 
қымызға қарамай жиен келiп қалады  деп жинаған шешемнiң сар 
қаймағын, анасының омырауын емгендей терлеп­тепшiп жейдi. 
­ Па, шiркiн­ай, жетiм емес екенмiн ғой! ­ дейтiн сонан соң 
көзі жасаурап.  Жетпiске келiп, балаларының өзi балалы болып 
кеткен шалдың әке шешесiн ойлауы менi қайран қалдырған едi. 
Әкем  айтқан  бiр  әңгіме  есіме  түседі;  өрен  жүйрiк  туа  беретiн 
бурыл  биенiң  бiр  жылғы  көк  қасқа жабағысы жоғалып  кетiптi. 
Төрт  жылдан  кейiн  Баркөлдегі  ақбоз  жүйріктен  қүманданған 
Омар қажы бурыл биені жетелетіп апарып санына бұрау салған 
екен.  Сонда  енесiнiң  шыңғырған  дауысына  шыдамаған    ақбоз 
ат  керменi  үзiп,  бурыл  биенiң  жанына  оқырана  шауып  келiптi.  
Мынау жиенде сол тәрiздi болғаны ғой. Әйтпесе, ауылынан қаймақ 
табылмады деймiсiн? Алайда, осы жиен биыл Көлдіайрыққа келе 
алмады. Айттың бiрiншi күнi таңертенгi шайда әкем:
­  Жиеннiң  үйiне  барып  қайтайық,  атыңды  ертте,  Рашит!  ­ 
дедi.  Мен  де  жабыса  қалдым.  Үш  атты  кiсiнiң  келе  жатқанын 
көрген жолдағы үлкен ақ боз үйдiң сыртында еңгезердей болып 
тұрған сұсты, қара торы өңдi бай Қамза: 
­ Шағыбай­ау, Шағыбай, Батидың атын ұста ­ деп дауыстады.  
Сұлу,  қызылсары  жiгiт  үйден  жүгiре  шығып,  ат  байлайтын 
сыңаймен  дереге қарай қырындады .
­  Түспей  өтуiмiзге  болмай  қалды­ау,  ә  ­  дедi  әкем 
лажысыздығын  бiлдiре  бұрылып.  Бай  туысымыз  Қамза  далада 
күтiп  тұрған  бойы  әкеме  сәлем  берiп,  ықыласты  амандасты. 
Тумысынан ауыр мiнездi кiсi болса керек, үйге бастап есiк ашқан 
кезде  оны  сұры  бәлендей  жылы  ұшыраған  жоқ.  Ақанның  бұл 
ағасына “Қахар” деп ат қоюы да осы себептi болса керек. Кiлем­
кiлше,  торғын­торқасы  жайнаған  үлкен  үйге  кiрген  кезiмiзде, 
бет­аузы бiр уыс, қолы тоқпақтай, сар кiдiр бiр әйел мен қызыл 
бөрте жаулық жамылған ақ келiншек тiзелерiн басып, үлкен иба 
мен сәлем еттi. 
­ Тәңiр жарылқасын, тәңір жарылқағыр! Бишан, бала­шағаң 
аман ба,  қарғам, айтың қабыл болсын! ­ дедi әкем. Ашау да айт 
қабыл  болсын    айтып  жатыр,  жас  келiн  әлi  де  бүгiлiп  құрмет, 
iлтипат бiлдiрiп тұр. Менiң сабақтасым Шағылбайдың келiншегi 
Мақи  сұлу  осы.  Дарынхан,  Тоғызхан,  Едағам,  Қабылахат, 
Қабылбай,  Танкiнiң  бәрiнде  келiншек  бар.  Маған  десе 
қатындарын класқа жетелеп барып оқысын, онда менiң шатағым 
не?  Дегенмен,  ылғи  озат  оқитындар  да  осылар.  Шағылбайдың 
жазуы мынау Мәликең де сұлу. Әлде кiсiнiң келiншегi болса жыны 
басылып, миы өткiрленiп кетеме екен?! Менiң жұлымырлығым 
қатын   алмағандығымнан болып жүрмегей?!
Қүс­күс  балтырымды  Мәликеге  көрсетпеуге  тырысып 
қымтандым. Шағылбай менiң қасыма жанбастап отырып алып, 
қызғаныш  сезiмдерiмдi  көсемек  болғандай,  Мәликеге  көзiнiң 
астымен қарап, жымың­жымың етiп қояды. 
­Ары  отыршы­  ей  жымыңдамай!  ­  дедiм  мен  оны  иығынан 
итерiп. Шайға тұз салып жатқан Мақи мырс ете түстi. Күлкiсi де 
өңiңдей уылжып тұр екен. 
­  Қамзеке,  ағамның  қара  шаңырағы  Ақшал  мен  Жапай 
отырған үйге түсе алмаймын. Мынау көк жотаға түсiп қайтуды 
ниет еттiм. Өзге ағайын туысқа осыны өзiң ұқтыр. Алалады деп 
ренжіп  қалмасын,  ­  дедi  әкем.  Ақаң  мына  отырған  Бишанды 
“таскене”, Ақшалды “тойтық”, Рамазанды “дырылдақ” дегенмен 
Жапай, Сара шешелерiмiздi алқап отыратын. Әкем сол ықыласты 
еске алған болса кере.
  Бiз  Қамзаның  үйiнен  аттанып,  Шоқпар  тастың  желкесiнде 
отырған екi үйдiң тұсынан өте берген кезiмiзде, Аймек ағам жолға 
көлденеңдеп келiп, әкеме сәлем бердi. Әкем сәлемдi ықыласымен 
алған  соң,  Омар  қажыға,  Түскей,  Жанәбiл,  Қожыраққа,  шеше­
жеңгелерiне арнаған құранын үлкен үйде оқығанын айтып, бара 
жатқан жолының жөн­жайын бiлдiрдi. 
­  Бiздiң  қазақ  аталық  қауымды  ғана  санайды,  әйелдердi 
көбiнесе  елеусiз  қалдырады.  Абақ,  Мұрын,  Қызай,  Тасбике 
деген  кiсiлер  өздерiнен  туған  ұлдың  береке­бiрлiгiмен  ғана  ел 
атанып  жүр.  Апайымыздан  туған  Тоқтамұратты  iздеп,  бiрiншi 
айт ­ ғарапаның есiгi ашылған күнi сол кiсiнiң әруағына құран 
оқымасам құдайға шет болармын, сонда кетiп  барамын ­ дедi. 
Әйкен томырықтау болғанмен, әкемнiң пиғылына шек, шүбә 
келтiрмейтiн.
­  Е,  е,  дұрыс  қой,  мен  де  қажы  атамның  орнына  аят  оқып, 
Қазездiң  үйiне  кiрiп  шығайын  ­  дедi  Әйкең.  Өткен  жылы 
жайлауда Қамзаның үйiнде осы Әйкең Қазезбен төбелесiп қалған 
­ ды. «Сен ­ жалғыз мен ­ көппiн. Артыңды қысып жүр, тегiнде»,­ 
дейдi ғой Әйкең. Мұны тыңдап отырған Ақбақан:
­ Оһ, қисық мұрын, қанiшер! Қане көп болғаныңды көрейiн 
мен, ­ деп қайрақты қолына алады да, Әйкеңе жiберiп қалады. 
Өзiнiң кенже әкесiнен таяқ жеп, басы жарылған Әйкең үндемей 
шығып кетедi. Кейiн Сiләм қажының кенжесiн қорлаған айыбы  
үшiн  әкемнiң  тергеуiн  де  естiдiм.  Бүгiн  сол  Қазезден  кешiрiм 
сұрап бармақшы секiлдi. 
«Осы  жеңгемнiң  ақылдылығы  ма,  әлде,  бiздiң  Әйкеңге  елу 
жастан  өткенде  ақыл  қона  бастаған  ба  ?!  Көрiм  ғой  өзi,  ­  дедi 
әкем былай шыға берiп.
­  Өткен­кеткен  шешелерiмiздi  кiм  бiледi;  кейiнгi  әйелдердi 
көрiп жүрмiз ғой, Озипа ­ қажы әруағына лайық кiсi! ­ дедi Ашау. 
Әкем де осы сөздi құптайтын секiлдi. 
­ Балалары сол келiнге тартса екен­ау, ­ деп қалды. Шоқпар 
тастың шығыс жағын ала орманның қалқасында көкпеңбек жал 
созылып жататын. Жалдың ар жақ–бер жағын астырттап ағатын 
шағын  өзен, аяқ жағы кең қойнау, сай­сала болып барып, Қом, 
Шом өзендерiне  құйып, Қанас, Қалутаңға тартып кететiн сияқты. 
Емегептi,  Үштас  делiнетiн    әйгiлi  жайлаулар  осы  жақта  болса 
керек. Құмқалутаңда 1918 жылы Ресейден қашып келген кержақ 
орыстардың поселкесi бар. Жалаңаш арпа,  дабара, бидай, тары 
егiп,  сиыр  бағып,  ұн­май  тартады.  Омарта  ашып,  жемiс,  дәрi 
жинайды. Күзде тоязы­тоязы балымен, қарағай шекiлдеуiк, дәрi­
дәрмегiн Алтай қаласына апарып сатып, керектi нәрселерiн үйіп 
алады.  Қысы­жазы  жоңышқа  арасынан  шықпайтын  қарабайыр 
аттарға    мiнiп,  жуан­жуан  былғары  қоржындарын  бөктерiп,  ел 
арасына да  шығып кетедi. Балға, ұнға, жемі­жидектен жасаған 
консервілеріне  мал  айырбастап  алады.  Кейде  Совет  жерiнiң 
кездеме,  шай,  атбас  қант    дегендерiн  де  ала  келедi.  Қазақ  өз 
топырағынан төгiлiп жатқан нәрсенi, орыстан сатып ала отырып, 
“Орыстан досың болса, белiңде айбалтаң болсын!” деп сақтанған 
болады.  Баққан  шошқаларына  қамшы  сiлтеп,  тас  лақтырады. 
Бiрақ сол орыстың егiнiн орып, пiшенiн шауып, сары майы мен 
бөлкесін  асаған  кезде,  аппақ  күрке  тауығына,  әсiресе  балтасы 
мен шалғы, орағына қолы жеткен кезде:
­  Осылардың  таппайтыны  жоқ!”  ­  деп  әкем  бiзге  әңгiме 
шертiп бередi.
Бiрiнен­бiрiнiң  жиренуi  адамзаттың  мәдениеттiлiгi  емес, 
надандығы екендiгiн мен әкемнiң осы әңгiмесiнен кейiн барып, 
бiртiндеп түсiнгендей болдым.
(Жалғасы келесі санда)

104
кіріспе
Өркениетті  мемлекеттердің  бәрі  ежелден  сырт  жерлердегі 
өз  диаспорасына  айрықша  көңіл  бөледі,  оларға  ұлттық­
мәдени,  саяси­әлеуметтік  жағынан  қолдау  көрсетеді.  Бұл 
біздің тәуелсіз Қазақстанға да тікелей қатысты жағдай.  Қазіргі 
кезде  Қазақстаннан  тыс  жерлерде    5  миллионға  жуық  қазақ 
диаспорасының өкілдері тұрады. Бұл – жер бетіндегі бүкіл қазақ 
халқының    үштен  бірі.  Осы  сан  миллион  қандастарымыздың   
ұлттық  ерекшеліктерін  сақтап,  қазақ  халқының    құрамдас  бір 
бөлігі  ретінде  өмір  сүре  беруі  Қазақстан  Республикасының 
диаспораны  қолдау  жөніндегі  мемлекеттік  саясатына  тікелей 
байланысты.    Мұндай  қолдау  мен  қамқорлық,    негізінен,  екі 
бағытта жүргізілуге тиіс:
бірінші  –  сырт  жерлердегі  қазақ  диаспорасының  оралман 
ретінде атамекенге біржолата көшіп келуіне  жағдай жасау.
екінші  –  Сырт  жерлердегі  қазақ  диаспорасының  ұлттық 
ерекшілігін,  ана  тілін,  мәдениеті  мен  салт­дәстүрін  сақтап, 
дамыта  беру  үшін  оларға  бұрынан  тұрып  жатқан  жерлерінде 
қамқорлық көрсету.
Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде Қазақстан Республикасы 
өз  диаспорасын  қолдау  жөніндегі  осы  екі    шарт­талаптың 
біріншісіне,  яғни  шетелдегі  ағайындарды  атажұртқа  көшіріп 
әкелуге  байланысты  өзгелерге    үлгі  боларлық  үлкен  жұмыстар 
жүргізді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  ел тізгінін  қолына ұстаған 
алғашқы күннен бастап әлемнің  әр түкпірінде шашырап жүрген 
ағайындардың басын қосып, атажұртқа көшіріп әкелуге айрықша 
көңіл бөлді. Осыған орай, «Көші­қон туралы» заң қабылданып, 
этникалық  қазақтарды,  яғни  оралмандарды  қабылдауға  арнайы 
қаржы бөлініп, көптеген нақты жұмыстар қолға алынды. Соның 
нәтижесінде,  2011  жылғы  есеп  бойынша  1991  жылдан  бері 
Қазақстанға 221,3 мың отбасы немесе 860,4 мың қандастарымыз 
қоныс аударған. Олардың 60,5 пайызы Өзбекстаннан (520 мың), 
10,4  пайызы  Моңғолиядан  (86  мың),  12,4  пайызы  Қытайдан 
(106  мың),  7,8  пайызы  Түркіменстаннан  (67,5  мың),  5  пайызы 
Ресейден (45,5) ал қалғандары (35 мың) Ауғанстан, Түркия, Сауд 
Арабиясы, Қырғызстан және басқа елден келгендер. 
Оралман  ағайындардың  24,3  пайызы  (206  мың)  Оңтүстік 
Қазақстан облысына, 18,2 пайызы (154,8 мың) Алматы облысына, 
13,3 пайызы (114 мың) Маңғыстау облысына, 7 пайызы (60 мың) 
Жамбыл облысына қоныстанған. 
Ал қазақ диаспорасына қатысты екінші мәселеге, яғни алыс­
жақын  мемлекеттердегі  ағайындарға  сол  тұрған  жерлерінде 
мәдени­рухани,  оқу­білім  саласынан  қолдау  көрсетуге 
келсек,  бұл  жөнінде    де  біраз  игілікті  істер  жүзеге  асырылды.  
Қазақстан  Республикасы  да  тәуелсіз  ел  болғаннан  кейін 
шетелдердегі  қазақтармен  тұрақты  байланыс  орнатуды  жүзеге 
асыра  бастады.  Мұның  ең  алғашқы  жарқын  көрінісі  –  1992 
жылы  өткен  әлем  қазақтарының  тұңғыш  Құрылтайы  еді.  Бұл 
Құрылтайда  жер  жүзінің  түпкір­түпкірінде  шашырап  жүрген 
қазақтардың  өкілдері  тұңғыш  рет  бас  қосты.  Алқалы  жиында 
қазақ  халқының  ұлттық  өсіп­өркендеуі  жан­жақты  сөз  болды. 
Құрылтайда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, 
оның Төрағасы болып Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә. Назарбаев сайланды. Осыдан кейін де Әлем қазақтарының 
және үш Құрылтайы өтті. 1996 жылдан кейін екі рет «Шетелдегі 
отандастарды 
қолдаудың 
мемлекеттік 
бағдарламасы» 
қабылданды.  Шетелдегі  қазақ  жастарын  Қазақстанға  әкеліп 
дайындық  бөлімдерінде  оқыту  мен  жоғарғы  оқу  орындарына 
қабылдау  жөнінде  де  айтарлықтай  жақсы  істер  жүзеге  асты.. 
Мысалы,  жоғары  оқу  орындарына  арналған  мемлекеттік 
гранттың екі пайызы шетелдердегі ұлты қазақ жастарға беріледі. 
Дайындық бөлімдеріне 1400 талапкер қабылданады.
Бұл  жұмыстарға  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы 
да  айтарлықтай    өз  үлесін  қосты.  Яғни,  Қауымдастық  сырт 
елдерде  тұратын  қазақтармен  жан­жақты  байланыс  жасап, 
олардың  ұлттық­мәдени,  саяси­әлеуметтік  жағдайын  үнемі 
зерттеп,  назарда  ұстап  келеді.  Бұл  ретте  Қауымдастыық  жыл 
сайын  шетелдерде  қазақтардың  Кіші  құрылтайларын,  басқа  да 
мәдени­рухани  іс  шараларды  өткізуге  айрықша  көңіл  бөледі. 
Қауымдастықтың  мұндай  іс­шараларына  ҚР  Мәдениет  және 
спорт министрлігі мен «Самұрық­ Қазына» әл­ауқат қоры үнемі 
қолдау жасап келеді. Мұндай іс­шаралар мен түрлі басқосуларда 
шетелдердегі  қазақ  диаспорасының  өзекті  мәселелерін    бір 
жүйеге  түсіріп,  зерделеуге  айрықша  көңіл  бөлінеді.  Және  ол 
іс­шаралардың  нәтижелері  Қауымдастықтың  «Алтын  бесік» 
журналы мен «Туған тіл» альманағында, басқа да респубдикалық 
басылымдарда үнемі жарияланып тұрады.
Сондай­ақ, Қауымдастықтың жанында шетел қазақтарының 
кешегі  тарихы  мен  бүгінгі  жағдайын  зерттеумен  айналысатын 
арнайы Талдау орталығы бар.  Бұл Талдау орталығы шетелдердегі 
қазақтар тығыз орналасқан өңірлерге үнемі арнайы экспедициялар 
ұйымдастырып  тұрады.  Талдау  орталығы  соңғы  уақытта  қазақ 
диаспорасы  мәселелеріне  арналған  түрлі  ғылыми­тәжірибелік 
конференциялар өткізуді де  жақсы дәстүрге айналдырды.  
Шетелдегі ағайындармен байланыс жасауда Қауымдастықтың 
жанындағы www.qazaq­aIemi.kz веб­сайты да  ойдағыдай жұмыс 
істеуде. 
Дегенмен, бұл салада алаңдататын  мәселелелер де аз емес. 
Яғни,  шетел  қазақтарының  мәдени­рухани,  оқу­білім  жөнінен 
жөнінен біраз қиындықтарға кездесіп отырғаны да анық. Міне, 
осындай  жағдайда  алыс­жақындағы  ағайындарға  қайтіп  қол 
ұшын  береміз,  қалай  көмектесеміз?  Бұл  сұрақ  кімді  де  болса 
ойландыратыны даусыз. Соған орай, өткен жылы ҚР Президент 
Әкімшілігінде  шетелдердегі  қазақ  диаспорасымен  байланыс 
жасауды  және  оларға  қолдау  көрсетуді  жетілдіру  мәселелеріне 
арналған  кеңес  өткізілді.  Кеңеске  ҚР  Президенті  Әкімішілігі 
Басшысының  орынбасары  Бағлан  Майлыбаев  төрағалық 
етіп,  жүргізіп  отырды.  Қауымдастық  төрағасының  бірінші 
орынбасары  Т.  Мамашев  шетел  қазақтарының  қазіргі  жағдайы 
 ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ 
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

105
және оларға қолдау мен қамқорлық жасаудың өзекті мәселелері 
жөнінде арнайы баяндама жасады. 
Сөз реті келгенде, диаспора мәселесі  тек қазақ халқында ғана  
емес, барлық елдерде бар екендігін айта кеткен жөн. Осыған орай, 
өркениетті  мемлекеттердің  бәрі    шетелдердегі  өз  диаспорасын 
қолдауға  айрықша  көңіл  бөліп,  бұған  қажетті  мәселелерді  дер 
кезінде шешіп отырады.
Мысалы,  өзімізбен  көрші  Ресей  1999  жылы  «Ресей 
Федерациясының 
шетелдегі 
отандастарға 
байланысты 
мемлекеттік саясаты туралы» Заң қабылдап, арнайы ұшан­теңіз 
қаржы  бөліп,  алыс­жақын  шетелдердегі  отандастарына  қолдау 
жасауды жан­жақты жүзеге асыра бастады.
Израиль  да  шетелдегі  еврей  мәдени  орталықтарына  жан­
жақты  көмек көрсетеді.
Оңтүстік  Корея  Алматыдан  бір  мәдениет  сарайын  сатып 
алып Корей мәдени орталығына айналдырды.
Германия    Қазақстандағы  және  басқа  да  елдердегі  неміс 
мәдени орталықтарына нақты көмек беруде.
Түрік республикасында да диаспораға қатысты барлық мәселе 
мемлекеттік деңгейде шешілген. Яғни, Түркияның диаспорамен 
айналысатын  мекемесінің  жылдық  бюджеті  ­  100  миллион 
АҚШ доллары, қызметкерлер саны – 170 адам. Ал Әзербайжан 
мемлекетінде  диаспора  жөнінде  тікелей  Президентке  қарайтын 
мемлекеттік комитет бар. Бұл комитетте жүзге жуық қызметкер 
жұмыс істейді. Және бұған  қажетті қаржы да толық  бөлінеді. 
Мысалы,    олардың    шетелдердегі  азербайжан  жастарымен 
байланыс орнатуға ғана 5 миллион евро бөліп отырғанын анық 
білеміз.
Қытай  Халық  Республикасы  да  мұндай  мәселеге  айрықша 
көңіл бөлуде. Мысалы, соңғы кезде Қазақстанның өзінде бірнеше 
қытай мәдени орталықтары ашылды.
Демек,  Қазақстан  Республикасы  да  шетелдердегі  өз 
диаспорасына жан­жақты, нақты қолдау жасауға тиіс. 
қазақ дИаспорасының  қалыптасуы
Сан  ғасырларға  созылған  әр  түрлі  тарихи  жағдайлардың 
себептерінен  бүгінгі  таңда  қазақ  халқының  үштен  бірі  өз 
республикасының жерінен сырт қалып қойған. Зерттеушілердің 
дәлелдеулеріне  сүйенсек,  шетелдегі  қазақ  диаспорасының 
қалыптасуы  XVII­XVIII  ғасырдан  басталады.  Осы  кезеңдегі 
жоңғар  шапқыншылығынан  қазақтардан  1  миллионнан  астам 
адам  қырылып,  біраз  бөлігі  атажұртын  тастап  шет  өлкелерге 
барып  бас  сауғалаған.  Қазақтардың  түрлі  қуғын­сүргіннен 
атамекенін  тастап  шетелдерге  жаппай  қоныс  аударуы  XX 
ғасырдың  30  жылдарына  дейін  әлденеше  рет  қайталанған. 
Бұл  ретте  патшалық  Ресейдің  отарлау  саясатының  және  Кеңес 
Одағының жаппай ұжымдастыру, тәркілеу науқанының айрықша 
зардапты болғанын атап айта кеткені жөн. Мысалы, қазақтардың 
Ауғанстан  мен  Түркияға  алғаш  рет  көптеп  өтуі  XIX  ғасырдың 
ортасында, Кенесары ханның көтерілісі кезінде болған. Өкінішке 
қарай Ауғанстан мен Түркияға алғаш барған бұл қазақтар, қазір 
сол  жердегі  халықтарға  сіңіп,  өздерінің  ұлттық  ерекшіліктерін 
түгелдей дерлік жоғалтқан.
XX  ғасырдың  20­30  жылдарындағы  тәркілеу  мен 
ұжымдастырудың зорлық­зомбылығына ұшыраған қазақтар осы 
жолды екінші рет қайталап, Ауғанстан мен Иранға  дейін барған. 
Ал  Түркиядағы    қазақтар,  негізінен,    өткен  ғасырдың  40­
50  жылдары  Қытайдан  әртүрлы  қиын  жағдайдың  салдарынан 
Үндістан  мен  Пакистанға  кетіп,  олан  кейін  Түркияға  қоныс 
аударған ағайындар. Өткен ғасырдың 80­ жылдары Түркиядағы 
қазақтардың қатары Ауғанстан мен Ираннан келген қазақтармен 
толыға түскен. 
Қазіргі  кезде  Еуропада    қазақ  диаспорасы  айтарлықтай  
қалыптасқан. Бұл ретте Еуропаға алғаш барған қазақтардың бірі 
­ көрнекті қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай екені баршаға мәлім. 
Бұдан кейін Екінші дүниежүзілік соғыста тұтқынға түскен біраз 
қазақтың да Еуропаның әртүрлі елдерінде қалып қойғаны белгілі. 
Дегенмен  Еуропадағы  қазақ  диаспорасының  негізін  түркиялық 
қазақтар құрайтыны анық. 1960 жылдардың басында Германия 
мен  Түркияның  арасында  «Еңбек  көші­қоны  туралы»  келісім­
шартқа  қол  қойылған.  Осының  нәтижесінде  Түркия  қазақтары 
Еуропаның түрлі елдеріне тұрақты қоныс аудара бастаған. Кейін 
оларға Ауғанстан мен Иран қазақтары да қосылған.
Иран  қазақтары  да  ­    Қазақстанның  Маңғыстау  өңірінен 
өткен  ғасырдың  30  жылдардағы  әртүрлі  қуғын­сүргіндердің 
салдарынан атажұртты тастап кетуге мәжбүр болғандар. 
Қырғызстандағы  қазақтардың  да  біраз  бөлігі  1930 
жылдардағы ашаршылық кезінде осы елге күн көру үшін барған.
Сондай­ақ  ТМД  елдерінің  бірқатарында  қазақтар  ­  Кеңес 
Одағының тұсында түрлі жұмыс бабымен, немесе оқуға түсуге 
байланысты өз еріктерімен қоныс аударып барғандар. 
Ал  Ресей,  Өзбекстан  қазақтары  негізінен  өздерінің  ата­
бабаларының ежелгі қонысында отыр. 
Қытайдағы қазақтар туралы да осыны айтуға болады. Яғни, 
Қытай  қазақтары  XIX  Қытай  мен  Ресейдің  шекараны  қайта  
бөлісуінің салдарынан өздерінің ежелгі ата мекендерінде отырса 
да қазақ жерініңі шекарасынан сырт қалып қойған. 
Моңғолия  қазақтары  ­  ХIХ  ғасырдың      алпысыншы 
жылдарында Қытайдың Алтай өңіріндегі атамекендерінен қоныс 
аударғандар.
Шетелдердегі қазақ диаспорасының  қалыптасуы туралы сөз 
болғанда  мынадай  бір  мәселені  де  айта  кетуге  тиіспіз.  Қазіргі 
ғылыми ортада «диаспора» деген атау, негізінен, әртүрлі себеппен 
атажұртын  тастап,  басқа  елдерге  барып  орналасқандарға 
арналып  айтылады.  Ал  шет  мемлекеттерде  тұрса  да  өздерінің 
ежелгі  атамекендерінде  отырған  ұлт  өкілдері  «ирридент»  деп 
аталады.  Соған  байланысты,  Ресей,  Қытай  және  Өзбекстан 
сияқты  елдерде  тұратын  ағайындарды  «диаспора»  деп  атауға 
келіспейтіндер де бар. Әрине, ғылми тұрғыдан келгенде мұндай 
пікірге біздің ешқандай таласымыз жоқ. Ал күнделікті жағдайда, 
яғни  шетелдердегі  ағайындарға  қолдау  көрсету  жұмыстарын 
ұйымдастырғанда  оларды  «сен  –  диаспорасың»,  ал  «сен  – 
ирридентсің»  деп  бөліп­жармай,  бұл  саладағы  жұмыстарды 
біртұтас  жүйемен,  бір  бағыт­бағдарламен  іске  асырғанымыз 
дұрыс. Соған орай біз бұл талдауымызды шетелдегі ағайындарды 
бөліп­жармай,  барша  жұртқа  түсінікті  диаспора  деген  атаумен 
атағанды дұрыс көрдік.        
Осыған  орай,  және  бір  маңызды  мәселені  айта  кеткіміз 
келеді.  Өткен  ғасырдың  сексенінші­тоқсаныншы  жылдарынан 
бастап,  яғни  соңғы  жиырма­отыз  жылда  шетелдердегі  қазақ 
диаспорасының қалыптасуының жаңа бір кезеңі  
көрініс  берді.  Бұлар  –  негізінен,  қазіргі  Қазақстаннан  тікелей 
сыртқа  кеткен  отандастарымыз.  Олардың  арасында  шетелдік 

106
азаматтарға  тұрмысқа  шыққан  қазақ  қыздары  біраз  баршылық.  
Шетелдерге барып, жұмысқа орналасып, сол елдің азаматтығын 
алып,  тұрақты  тұрып  қалып  жатқан  қазақтар  да  біршама 
көбейген. Шетелдерде уақытша жұмыс істеп, немесе түрлі оқу 
орындарында  білім  алып  жүрген  қазақ  жастарының  да    саны 
жыл  өткен  сайын  арта  түсуде.  Бұл  қандастарымыздың  басым 
көпшілігі  өздерін  шетел  қазақтары  емес,  шетелдегі  қазақтар, 
нақтырақ  айтқанда,    шетелдегі  қазақстандықтар  деп  есептейді.
Олар бастарын қосып,  қоғамдық ұйымдар құрып, түрлі мәдени 
іс­шаралар  да  өткізіп  тұрады.  Қазақстанның  сол  елдердегі 
Елшіліктерімен де байланыстары ойдағыдай.
Болашақта  шетелдердегі  қазақ  диаспорасымен  байланыс 
жасау жөнінде түрлі іс­шаралар қолға алынғанда  шетелдердегі 
қазақтардың  осы  жаңа  қазақстандық    толқынына  да  айрықша 
назар аудару керек.Өйткені, шетелдердегі қазақ диаспорасының 
бұл  жаңа  толқынының  әлеуеті,  мүмкіндігі  мен  күш­қуаты  жыл 
өткен сайын айрықша артып, күшейе түсетіні анық.
Міне,  осы  сан  миллиондаған  қандастарымыздың  қазіргі 
жағдайлары  қандай,  болашақтағы  ұлттық  өсіп­өркендеуі  қай 
бағытқа бет алады, оларға қандай қолдау, қамқорлық керек ­ енді 
осы жөнінде жан­жақты сөз қозғайық. 
 шетелдегі қазақтардың қазіргі жағдайы
және Өзекті мәселелері
Өзбекстандағы қазақтар
Қазақтар  ең  көп  орналасқан  елдердің  бірі  –  Өзбекстан 
Республикасы.  2011  жылғы  ресми  мәлімет  бойынша  бұл  елде 
831 мыңнан астам қазақ  бар. Яғни, Ташкент облысында ­ 340 
мың, Қарақалпақстанда ­ 307 мың, Науаи облысында ­ 50 мың, 
Ташкент қаласында ­ 46 мың, Жызақ облысында ­ 31 мың, Бұқара 
облысында  ­  20  мың,  Сырдария  облысында  ­  15  мың,  Хорезм 
облысында ­ 11 мың, Самарқандта ­ 5 мың, Сұрхандарияда ­ 2 
мың,  Қашқадарияда  ­  2  мың,  Ферғана,  Наманган,  Андижан 
облыстарының  әрқайыссында  1  мыңдай  қазақ  тұрады.  Бұл 
ағайындардың  қазіргі  кезде  ұлттық  рухани­мәдени  жағдайы 
біршама жақсы. Өзбекстанда қазақ мектептері әзірге баршылық. 
«Нұрлы жол» атты қазақ тілінде республикалық газет шығады. 
Өзбек  теледидарынан  «Замандас»  атты  қазақша  хабар  соңғы 
уақытта  тұрақты  көрсетіле  бастады.  «Асыл  мұра»  атты 
қазақша  кітаптар  шығаратын  арнайы  редакция  бар.  Бірнеше 
педагогикалық  институтта  қазақ  тілі  мен  әдебиетінің  бөлімі 
шәкірттер тәрбиелейді. 
Жыл сайын Өзбекстан қындарының айтысы да жүйелі түрде 
өткізіліп тұрады.
Бұл 
жұмыстардың 
негізгі 
ұйтқыларының  бірі  –  Өзбекстандағы 
Республикалық Қазақ мәдени орталығы. 
Қазір  бұл  орталықтың  Өзбекстандағы 
қазақтар тұратын барлық облыстарында 
бөлімшелер  бар.  Мәдени  орталық 
Өзбекстан 
Республикасы 
Әділет 
министрлігінің  тіркеуінен  өтіп,  заңды 
ұйым құқығын иеленген. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет