97
отырған әкем әлгi байдың ұлы, Тәтiкеннiң төрт көк жалының
бiрi екенi есіме түскен кезде ғана ойланып қалатынмын. Бай бiр
жұттық, батыр бiр оқтық екенiне иланбасқа шара не!
Қақпыш қара қонақ ителi Биқажының ұлы Ырымхан екен.
Алты бiрдей аты Ертiс бойына қашып кетiптi де, қойшы мiнiп
жүрген торы байталмен iзiн сабақтап қуып жеткен жерi осы
болыпты.
Әй әттеген–ай! Машан құмның тұсынан кеше бiрекi
жылқының қарасы көрiнiп қалып едi, балық жеймiн деп сұқсиып
отырмай сен соған жоғал! – дедi Шәпем.
Жезде деп албаты қалжыңдай бередi екенсiң, балам,
күйленiп, есiн жиып алсын да бұл пақыр, оның үстiне, жаман
байталмен судан қалай өтедi, Қыранның басы жақын ғой, түстен
кейiнақ тасқын келетiн шығар. Суға кетсе құдайға, әруаққа не
бетiмiздi айтамыз?! дедi шешем.
Әкем де осы сөздi дұрыс көрдi. Қадымға төрт ат пен қоса
шабдар жиренді де ұстап алып келудi тапсырды. Бануға тамақ
түсiрудi бұйырды.
Әйгiлi Биқажының ұлы, бiздiң қақпыш қара жездемiз
Ырымхан сұры балықтың етiн қомағайлана асап, Шәпеме
қалжыңдаған болып жатыр:
Ей, күжбен қара сенiң тiсiң сарғайып болыпты ғой, шетiрек
отырсаңшы, табаққа өңмеңдемей, дейдi.
Оған ағам да есесiн жiбере қоятын емес:
Ау, қалөкпе, Биқажының малынан шыр бiтпеген саган,
бұл үйдiң балығы қонады деймiсiң? Көздi тарс жұмып таусай
бермей, байқап же өзiң, балықтың қылтаны болады, суға ағып
өлсең құдай, әруақ бiзден сұрайды екен, қақалып өлсең тiпті пәле
арқалатарсың.
Қау атам мырс ете түстi де, Нүкетай ағам екеумiз
шарқылдап тұрып күлдiк. Әкем мен шешем ғана естiмеген кiсi
болып, өз алдынан тамақтанып жатыр. Ат ерттетiп болған соң,
әкем Ырымханның бетiне тура қарады:
Сен өткелден жалғыз өте алмайсың және өткенмен де атты
таба алатыныңа сене алмай отырмын. Мынау Шарап екеуiң
Машан құмынан iз кесiп, ар жағындағы кең түкпiрдi, Боздақ
қыстауының маңын арылтасың, одан шықпаса, аттарың Бiтеуге
тартып берген. Онда бiздi қамамай, қайтып келесiң де, басқа бiр
жөнімен асықпай iздейсiң, бiздiң көшiп бара жатқан ел екенiмiздi
көрiп отырсың, отырықшы күйiмiз болса тағы бір сәрi едi! – дедi.
Алла разы болсын пейiлiңiзге, Қанаға, Машаннан
табылмаса, бүгiн ақ қайтып келемiн, тәңiр жарылқасын, құдағи
мен аттанайын, деп орнынан тұра бердi Ырымхан. Оның әкемдi
“Хан аға” деп, шешемдi “құдағи” деп атағанына мен таңғалдым.
Бiздің ауылдардан қыз алғаны рас болса, былай атамаса керек едi,
ителi мен қазыбектiң сары сүйектiгi қанына сiңiп кеткендiктен
солай дей ме, онысын кiм бiлсiн, өзi айтқандай жолы болған ды.
Ырымхан далаға шығып кеткен соң:
Әйтеуiр исi жантекейден сүйек тiстеген бiр қу, жылын жұтқа
санап жүрген түрiн көрмеймiсiң, ниетiңдi ит жегiрдiң, дедi тағы
да Қадым.
Албаты сөйлемей, тек отыр балам, естiп қалса, ұяты бiзге
тимей ме? – дедi шешем.
Даладан әкемнің су жағдайын ескерткен мейрiмдi үнi естiлiп
тұр.
Шарап, мынау жалпақ өткелден өтесiңдер ғой. Аңғалданбай,
аптықпай, алдымен судың арнасына, түсiне қараңдар. Ағынға
қара топырақ араласқан болса, бүгiн өтпей, таңертең–ақ
өтесiңдер. Суға, отқа, көшкiнге нар тауекел ата кеудесi жүрмейдi,
балам, ол су қоғамы, сенiң ел жұртың емес, дүлей табиғат!
“Сақтықта қорлық жоқ” деген тәмсіл сөздің тарихы сондайдан
туған болса керек.
Шiркiн әкем, шiркiн шешем! Мен өзiмнiң жанымда күндiз
түнi бiрге жүрген аяулы ұстаздарымның қадiрқасиетiн бұрын
бiлмеппiнғой, тым жай, тым кеш сезiнiп отырмын. Кешiрiңдер,
мен бейбақты. Кешiрiңдер, тiрi кездерiңде екеуіңдi төбеме
тiк көтерiп, меккенi үш емес, жетi айналсам болады екен! Өз
жастарына келгенде ғана, осылай ойлауға үлгiре алғаныма опық
жеймiн!
***
Шәпем мен Ырымхан ел орынға отыра алты атты айдап жетiп
келдi. Шекесiнен шертіп таңдағандай өңшең құр аттар алқам
салқам ауылымыздан қорыққандай қорсқорс етiп, бiр шетке
ауаша шығып тұрды.
Өздерiңнен аттарың жiнтiктi екен, бiр екеуiн ұстап бекiтiп
қоймасаң, таңертен тағы ұлып отырасың ғой, деді Шәпем.
Бұл хайуан мынау жайып қойған балықтардың исiнен үркiп
тұр, балықтан деймiнау, бағанадан берi аттың үстiнде отырған
сенi адам деп қалса керек қой. Ендi сол адамы аю болып түссе
үрiкпей қайтедi.
Осындай бiр қорс ете қалмасаң ат екеш, аттан да ұят болатын
едi.
Екеуi қалжыңдаса, қақтығыса үйге кiрдi. Шәпем есiк алдына
салып ұрып таяп келгенде, Ырымхан есiк аша қалды.
Үй, қара қайыс, күн қақтаған қара көн, менiң өз үйiме есiк
ашқаны несi бұның, сыйың болса, үйiңе барғанда көрсет, деп
Шәпем өз сөзі ағатын қалжынға бой ұрды да, Ырымханға жол
берді.
Үй iшiне от жағылып, сүт пiсiрiлiп жатқан ды. Жоқ
қараушылар төр алдына келiп орналасқан сон, әкем:
Қадым, сен жылқыны күзетіп қайт, Ырымханның аттарында
қосып ал. Ел арылған шақта, бұл төңiректе күшiктеп қалган ит
құс қатты болады. Абай бол әйтеуiр, түнгi күзетке Ырымхан
барар, дедi.
Ойбай, әкеау, мынаның қай түрiне сенiп, айтып отырсыз.
«Құтты қонақ қонса қой егіз табады, құтсыз қонақ қонса қораға
қасқыр шабады» дегендей осының өзі бір қасқыр емес пе.
Күзетке мен барайын, керек болады десем мұны да ерте барып,
бiр шетiне қарақшы орнына шаншып қоямын дедi Шәпем.
Хай, хай, Шарап нағыз құтты қонақ осы Ырымхан екен, деп
қалды әкем. Егiзден емес, тоғыздан туып бермедi ме, бағана ғана
Қыран. Әуелi ең семiзiн, маңдайға басар бiреуiн осыған тартпай
көр, қане! Тiлеуi дұрыс екен, әруақты атаның, дедi әкем.
Билiгiңiзге құлдық. Хан аға, мына Шарап мылжыңдап
есiмдi шығарған едi, осындай бұрап соғып табанымның астына
бiр жығып берiңiзшi өзiн. Әй, қоңыр аю, мен құтты қонақ па
екенмiн, құтсыз қонақ па екенмiн, дуалы ауыз не дедi? Аққа
құдай жақ деген осы да.
Сен – жығылған мен тығылғанға құмайдай мiне түсетiн
“құтсың”, ал қара таяқтан хал кеткенде, ешкiнi апа дейтiн
“жұттың” дал өзi екенiңдi де көрiп келдiм ғой дедi Шапем.
***
Бiз Қыран өзенінің жағасында және де төрт күн аялдап қалдык.
Ондағы себеп кәрi апамның тұла бойы күйiп, жанып ауырды да,
төсек тартып жатып қалды. Күннiң шұғыл ысып, малдың тауға
қарай сырғақтай беруi, балашағаны қамалып, қаталай бастауы
ашық тұрған iргеден тiлiн салақтатып көлеңкелеп жатқан ит пен
оқыра қысқан тайыншаторпақтың тулауы кәрi апамның көңiлiн
одан әрмен жүдеткен болса керек.
Неде болса көшсеңдершi, дедi бiр күнi.
Атқа отырып шыдай алармысың деген әкеме:
Шыдай алмасам, жеткен жерiмде қалайын, екi ұлым мен
сенен топырақ бұйырса болды ғой маған! Ұрпағымды қинап,
мың жасамайақ қойдым! деп көзiне жас алды. Жарықтықтың
тiсi ерте түскенi болмаса, ретi қайтпаған мейрiмдi, қара торы кiсi
едi. Бала жандылығында баға жоқ. Салым, Кәлім, Жанiмхан,
Қайбар, Тiлеубайлар сол кiсiнiң етегiн оранып жүрiп қатарға
қосылған.
Кәрi апамның “көшейiк” дегенi бұйрық болды да, ертеңiнде
таң атпай үйдi жығып, Тараланға жете қонбақ болып тартып
бердiк.
«Ат үстi – әулие» деп ыңыранып аттанған сырқат жан аздан
кейiнақ толқып, тынышсыздана бастады. Жайлауға қарай
зузамен (науқас адамды салып көтеретін ағаш) алып жүру ел
жұрттан ұят, шешесiн бiр екi дүркiн аттан түсiрiп, демалдырған
Ашау ақыры жолдас қоңырға бөктерiншек салды да, артынан
өзi мiнiп сырқатты құшақтап отырды. Осыдан кейiн ғана кәрi
апам сәл тынышталғандай сезiлдi. Қау атам алдыңғы күнi Алтай
қаласына жүрiп кеткен, артқы машиналар сайырды бөктерлеп
құлдыраңдаған күйi көз ұшындағы тастақ төбеден асып, ғайып
болды. Күркiреген, ызыңдаған дауысы ғана жаңғырып қайта
шалқып келiп тұр. Желқұйын болып жылдам жүретiн нәрсе екен
98
ғой, Буыршынға жетiп қалған болса керек деп ойлаймын. Машина
жолдың бойын қуалап Сайыр тауымен жарысқандай ұзыннан
ұзаққа созылған телефон бағанасы зыңзың етедi. Бiз аттан түсе
қалып бағананың басын ала қаз қатар сымның тиегiндей болып
тұрған ақ шыныларды дәлдеп тас лақтыра бастап едiк.
Ай, ол нелерiңдi алды? Керектi нәрсенi қирату есi дұрыс
кiсiнiң iстейтiн iсi емес, Алла тағала балшықтан алғашқы адам
нұсқасын жасаған кезде сиыр сүзiп құлатып жiберiптi дейтiн
аңыз бар, сиырмысың екеуiң, бол тез аттарына мiнiңдер! дедi
әкем .
Сулы Сайырдың кiре берiс аузы құмдау қағыр болады
екен де, өрлеген сайын бұтабүргенi молайып, арғы басы
сыңсыған қайың, терекке ұласып кетедi екен. Екi қапталдан
басекелескендей жарысқан қызылала жартастар мен шегiр
шыңдар бiрiнен бiрi әдемi, бiрiнен бiрi биiк болып көк торғын
аспанға тұтасады. Сол жартас үңгiрiне ұя салған сары ала қаз,
итала қаздар тау жаңғырта қырылдап, бiр түрлi зарлы әуенмен
сұңқсұңқ етiп, бiздiң көштен қауiп күткендей айнала ұшып жүр.
Сулы Сайырдың басына жақындай берген жердегi топ теректiң
саясында үш үйлi қоңырқай ауыл отыр екен. Көш өте берген
кезде, бiрнеше әйел сусын көтерiп, көлденеңдей бастады. Әкеме,
шешеме сәлем етiп, сусындарын iзетпен ұсынып жатыр.
Бұл жерде не ғып отырсындар, Жәмiш? Бие байлап, үй
сайлап бiздi тосып отырғаннан саусыңдар ма? деген әкеме, ақ
сары әйел Жәмiш сартылдап толық жауап қайырды.
Иә, бiр тайлы биеге қосып екi құлынды байлап отырған
жәйіміз бар. Жылқыны қолда тұрғызудың амалы. Әйтпесе, қай
жетiскендiктен байлады дейсiз? Үйге түсiп, аттаныңыздар! дедi.
Жәмiш кәрi апама алысырақ туыс Құрман дегеннiң әйелi
екен, әкем оған ықылас бiлдiрiп, алып шыққан сусынынан бiр
саптаяқ жұтты да:
Кәрi әпкең сырқаттанып келе жатқаны. Тараланға үй тiгiп,
қайтып келгенiмiзше, өзiңнiң күтiмiнде қала тұрсын дедi.
Ойбай ау, апай ауырып келе жатыр екен ғой, үйiңiз, ұялы
елiңiз мiне! Қанеки, үйге кiрiп дем алыңыз. Кәрi күйеудi ғана
танып, өз сүйегiмдi танымаған айыбымды кешiрiңiз деп Жәмiш
жолдас қоңырдың шылбырынан жетелей жөнелдi.
Аз да болса аяққа тұсау болған ауру кісі қалған соң, көш тез
жүрiп кеттi. Буырыл гүлдi тобылғы, долана, сарғыш гүлдi рауағаш,
мойыл, жасыл түстi жер бедерiмен құлпырған Таралаң аты солай
аталғаны болмаса, әжептәуір кең алқап едi. Желке жағында
қарағай, қайыңы, мiнбелеген қара сұр шыңы бар. Түстiгiндегi
сары жоңды Мошқа дейдi. Сол сарықырат оңтүстiкке қарай
салмалаған теректi, қайыңды сайларды Қарабұлақ, Талдыбұлақ,
Ақбұлақ дейдi. Түстiктен терiстiкке қарай сұлап жатқан
сайлардың басын Таңбалы терек, Өртең бұлақ, Белашы дейдi де,
осы қалың бұлақ бастау өзеншелердi өзiне құйып алып жатқан
өзендi Таралаң дейдi. Белашының шағылы мен шырымталына
араласып жаткан алты қырлы, сегiз қырлы жақұттай қызыл
қоныр тасы болушы едi. Тоғыз құмалақ ойнау үшiн әкем сондай
тасты көп тергiзетiн. Үлкендiгi таспиықтай, ылғый бiркелкi,
мөлдiреген тас, бүгiн оны тергiзуге зауқы соқпады.
2
Көш Таралаң өзенiнiң бойындағы қалың, нар талдың саясына
келiп қонды. Көктемде, күзде қона беретiн жұртымыздың өзi
де осы. Отынсуы жанында, ат арқаны қасында, шұрқыраған
тiршiлiктiң ортасындағы мұндай жұрт бәрiмiзге ұнады. Зерiгiп
бара жатсаң, қызыл құрт шаншып өзенге қармақ салып кетуге
де қолайлы. Таралаң өзенiнiң иірiмдерi көп, екi қарыс шығатын
қызыл балығы болады. Kөлеңкенiң астынан жайқақтап шыға
келiп, қармағыңды бас салғанда қуаныштан жүрегiң аузыңа
тығылады. Жұлқымай ақырын серпiп ғана лақтырып қаласың.
Жұлқысаң езуi жырылып, суға қайта түсiп кетедi де, екiншi
қаппай дат дегiзедi. Ертiс пен Қыраннан артып келе жатқан үлкен
үлкен балықтарымыз көп бола тұрса да, пенде қанағат қылған
ба тәйiрi! Алайда, қармақ салу қызығым тығырыққа тiрелдi.
Әкемнiң көкейiн тесiп жүрген бiр жаңа еңбек түрi бар екен,
бiздiң жұрттың желкесiндегi жазық ол жылдан бұл жылға дейiн
соқа тимей тусып жатыпты. Бар шығатыны боз көде, аласа изен,
жусан, тырбақ тобылғы, аламыш шағын ғана. Сүйекбай, Рахат
дейтiн бiр қазақ, бiр ұйғыр былтыр аздап жер жыртып, қыстық
азықтарын айырып алыпты. Шәріпхан Алтайдың дутыңы (әкімі)
болып тұрған кезде егiн егудi, Шойғатыға, Таралаңға қала салып,
мәденилесудi дәрiптептi. Бiрақ ел құрғыр көшкенiн қоймаған.
Әкем сол Сүйекбай мен Рахатқа көрші қонуды армандай беретiн.
Ата әруағы бiзге мәңгiлiк қорек бола алмайды, балаларым,
табан ет, маңдай терiмiз ғана өзiмiздi асырайды, сақтайды.
Малайлықтан құтқарын, ел жұрттықа тең орынға шығарады.
Mынау Таралаң басына бұлт, бауырына құт жиған жайлы
мекен. Құт деп отырғаным – егiн, төс қайыңнан бергi жазықты
аударып тары салсаң, екi айда піседі. Арпа ексең мол талқан
болады. Талдыбұлақтың суы мен жаз жаңбыры сенiң тiршiлiгiңдi
кенде етпейдi. Ғылым үйренсең, өнербiлiм алып, өрең жетiп
жатса тақтай тiлiп, тас қазып, алтын сүзiп, Алтай қаласына сат,
мал борлап, сауда жаса, былғары зауытын аш. Мен байлықты
көргенмiн, бақытты көргенiм жоқ, құдай сендерге бақыт, ырыс
жазсын! Армандағыдай тiршiлiк берсiн деп ғана тiлеймiн! дедi.
Әкемнiң ой шанағынан бойлай алмасақ та, еңбегiмiзбен еңсе
көтеру бәрiмiздi де шалқытып тастады.
Алтай қарағайы мен қара құлақ шөбiнiң бояуы қандай?
Рауғаш, жоса дегендер үйiлiп жатпай ма?
Өңдей алсақ, бермеймiн деп тұрған жер жоқ қой дейдi
Ашау мен Шәпем.
Менiң көз алдымнан сәулеттi сарай, тас бұрғылап, ұн тартып,
ағаш тiлiп жатқан машиналар кетпедi. Әкем арман еткен кәсiбiн
тастап кеттi. Сүйекбайдың соқасын, Рахаттың бұлығын сұрап әкелдi
де, Талдыбұлақтың Таралаңға құятын сағасындағы кең қонысты
аудара бастады. Шабдар ат пен Ашаудың жолдас қоныры әу баста
шаптыққаны бoлмаса, аздан соң бораздаға жатылып, топырақты
бауырдай тiлдi. Iстеп жатқан жұмсының бағдары айқын болған соң
орыннан тайып, шаршау шалдығу дегендi сезбейдi екенсiң. Тәттi
арман ғана көз алдымыздан бұлаң қағып, өзiне қызықтыра түседi.
Тамырымен суырылған тобылғы, тасты терiп Сәлiм, Қалiм үшеумiз
тықақ қағамыз. Шаң қауып, қара терге малшынған Ашау, Шәпем
ғана емес, басқарып жүрген әкем де көңiлдi.
Сүйекбайдың темiр баранасын алып кел. Тобылғы, бүргендi
тарап, қаттықұттыны ұсатуға сол ыңғайлы. Ырғай тырманы ұрық
сiңiрген соң саларсың, дейдi әкем Қадымға. Жанымханның
мiндетi сұйытылған айран, ашыған көже тасып еңбекшiлердi
тақылтақыл сусындатып тұру. Сәлiм екеумiздi олардың алдында
тобылғы, тас терiп, үлкендер қатарына қосылғанымызға мәз
боламыз.
Әй қаптесер, сусыныңды әкел берi! деп күдiретсiп қоямын
мен Жанымханға. Ол торсығын сүйрете, күлiмсiреп маған қарай
аяңдайды.
Сен, қара тышқан, ата жолын бiлемiсiң өзi? Алдымен аға
баласы маған ұсынуың керек! деп Сәлiм жолдан килiге кетедi.
Осы соққанмен айтысаайтыса жағым тозғандықтан, мұндай
кезде мен өңдiршектеп кетпеймiн, оның үстiне, кеше Сайырдың
аузында боқтағанымды әкеме айтпады ғой. Кеңпейiлдiлiгi де,
даңғырлаған ақкөңiлдiгi де бар өзiнiң.
Өткен күзде Қабадан әкелiнген ақ бүйрек қара тары мен
Моридан әкелiнген әдемi қызыл тары ұрықтық үшiн сақталған
екен ғой. Надан елдiң молдасы көп дегендей Рахат бiзге ұстаз
болып шыға келдi де, екi түстi тарыны екi бөлек шашты.
Ұрықтың топыраққа түсуi он бес күн жай болғанымен, жер
ендi ғана қызып келе жатыр. Ырғай тырманы бүгiн сүйретпей,
ұрық бiр таң басылған соң сүйреп, су қоя берсеңiздер екiақ
күнде бөртiп шыға келедi. Ұрық та ауыспайды. Шығатын көктiң
бауыры да дым сақтап қалады дейдi Рахат.
Кәсiбiне шөгелдiгi үшiн бе, әлде, сөйлесе болды алдымен өзi
мәзмейрам болатын ақ едiлдiгi үшiн бе, қазақ қызынан туған
жиен болғандығы үшiн бе, жұрт осы бiр ұйғыр азаматты жақсы
көрiп, шырмауықтай айқасып жүрушi едi.
Рахат атан түйедей торы қасқа аты мен торы биесiн жаздай
қарап берудi бiзге тапсырды да, бiздiң егiннiң соңғы суларын өзi
мойнына алып кеудесiн қақты.
Жиырмаотыз аршын тың жер ашып, Омар қажының
кәсiбiнен басқа кәсiпке бет алған әкем майса топырақ бетiн
жасырғанша айналсоқтап, егiн маңайына тiкен қоршатып, тас
жиып, қырман орнын түйгiзумен болды.
99
Сүйекбай, Рахаттарға қайтақайта кезiгiп бiр тең балық
қалдырып, соңғы жұмыстарын тапсырды. Еркiне салса
Таралаңның желкесiндегi Қаратаудағы қарағайды азаздан тасып,
өзен бойынан сарай салар ма едi, қайтер едi?!
Әкемнiң есiл арманын бiздiң қанымызға сiңген көшпендiлiк
дағдысы жеңдi де, ертеңiнде көше жөнелдiк. Таңбалы теректен
өрлеген соңақ ауа, жер бедерi тiптi құлпыра түстi. Терiстiк
жағымыздан ну орманға құрсанған Қарашоқы, Ақтасты қyыс,
Шұбар деп аталатын қоныстар ұзын аққан өзенi, жыныс
орманымен көзге ұрып, баяу бұлқынып қояды. Қиыс шығыстан
Күрті, Арағаш, Аңсаты, Жорғаты деп аталатын өңкей қарағайлы,
балқашты сай жамырайды. Жол үстiнiң ұшқат, тасжарған,
ырғайының өзi талдан биiк, бетегелi, көделi белбелестер баяу
толқып, бiр түрлi хош иiс, саумал самалын аңқыткандай болады.
Әтiр құйынған келiншек пе, теңгемоншақ тағынған жас қыз ба,
Баян, Жібек, Құртқа, Салиханың мекенi ме, әйтеуiр бейiштей
бiр өмiр. Тазығыр тасты жер деп аталған өңiрдi арша бүркеген.
Кейбiреуi алып айдағардай иiрiлiп, көштiң жолын көлденеңдеп
өтедi. Әлгi жұпар аңқыған ауаның iшiнде осы арша исi де бар
сияқты. Бiз Шібелен деп аталатын өзеннiң бойына келiп аз
дамылдадық та, көлiктердiң арқасын суытып тағы да iлгерлей
бердiк. Шібелеңнiң ұзынұзын ақ талы мен қайыңнан құрық
ала алмағанымызға өкiнудемiз. Өзеннiң бойында жалаң аяқ
асыр салып, балақтарын сусу қылып қайтпағандарына Қайбар,
Тiлеубай, Манатай өкiнетiн болса керек, үлкендердiң ойы
Шойғатының Талдыбұлағына жете тыныс алу.
Төр жайлауға өтетiн ел кеуделеп кеткен екен. Бiз Шойғатыға
таяған кезде ғана, соңғы ауылдардың шетi көрiндi. Көшiмiздi
алыстан бейнелеп, сол шеткi ауылдан қайтқан қаздай шұбырып
шыға келген Ақан күре жолға бiзбен деңгейлес жақындады.
Сары ала айғырды мiнiп алыпты, екi сары ала құлын мен екi құла
бие артынан қалмайды екен. Үш сары сиыр да мұндай жүрiске
дағды алып алған. Балапанын шұбыртқан сары ала қаз үйiрiндей
болып далаға тағы да бiр айшық, алтын тұрман секiлдi көрiк
берiп келедi.
Ақан көшке жақындай бере тау даланы жаңғыртып әкеме
сәлем бердi. Бiз де қарсы маңырап, ол кiсiге жабырласа сәлем
берiп жатырмыз.
Оғалайкумассалам, оғалайкумассалам ! Бұл қайсы ауылдың
көшi?
Қанапияның! дедi Қадым әдейi.
Аузыңа қан толсын, каяр шоқыншық! Шыбыншiркей,
құртқоңыз терген Қанапия да ауыл болған ба екен ?!
Омар қажының, дедiм мен шақ етiп.
Оһ, айналайын! Қажының әруағына бас! Өзiң кiмнің
баласысың қарағым?
Құртқоңыз терген Қанапияның, дедiм мен.
Қой, олай деме, “Жақсы лебiз, жарым ырыс” дейдi , жөндеп
сөйле балам! Қанапияның әкесi кiм ?
Өкең қажы.
Өкең қажының әкесi кiм?
Тәтiкең.
Тәтiкеңнiң әкесi кiм?
Құнияз!
А, бапан ауылының көшi екен ғой! дедi Ақан.
Мен мәз болып күлдiм. Ашау, Шәпемдер де күлдi. Әкем мен
шешем ғана салқын езу тартты. Ақан балаларға қалтасындағы
құрт, iрiмшiк, тәттiсiн үлестiрiп, Шойғатының ар жақ, бер
жағында сайсалада отырған ауылдарды бiрден тарата бастады.
Шойғаты сайсаласы мол, бұлақбастауы көп, қарағай
самырсыны қалың, шөбi шүйгiн тынысты өлке. Бұлқынып
ағатын әжептәуір өзен; суы, сонау бастағы апай төс Саршоқының
салаларын өрлеп, қар, жаңбыр суын құрап келетiн сияқтанады.
Саршоқы Алтай тауының осы тұстағы басынан бұлт асырмайтын
дара биiгi тәрiзденгенмен, жүйрiк төбесiне дейiн жарысып ағаш
өседi. Қызыл қарағай, самырсын, аққарағай, балқарағай бес
алты шақырымнан мен мұндалап, ереуілдеп тұрады. Шоқының
бауырына таман ұйыса өскен қара самырсын, аққайың, бозтал,
қызыл қоныр шетен самалмен тербеліп, осы бiр жайлы мекенге
бақыт, рахат шақырғандай болады.
Көш Шойғаты өзенiнiң өткелiне таяп келгенде жол шетiнен
қалың ағаш зират көрiндi. Денi қашалып, күмбез үлгісінде
салынған ағаштары ақ сөңке болып қураған ерте заманның
зираттары. Әкем, шешем, Ақан, Ашау, Шәпем секiлдi естияр
кiсiлер аттарынан түсiп, зират басындағы көгалға қоралана
жүгiнiп отыра қалды да, “Ясыннан” бастап ылғи бiр “инмен”
аяқталатын сөрелердi ұзақ оқыды. Бiз де ат үстiнде әкемнiң қоңыр
дауысына ұйып тұрмыз. Бар тiлегiмiз әруақтарға ол дүниенiң
жайлы мекенiн сыйлап, ұрпақтық мiндетiмiздi өтеу, сүре ақыры
аяқталып, «әумин», «иллахи әумин» деген тiлек жамырай қалды,
бәрiмiз қол жайдық. Бата да тым ұзақ болды. Жетпiс жетi атамыз
бiрақ терiлген болса керек. “Қалдыкөз, Қарамойын, Омар қажы”
деген сөз ғана құлағыма айқын естiлiп қалды. “Е, мынау зират
атамның зираты екен ғой, бөгенайы қандай қорқынышты едi
жарықтықтың!” деген ой келдi басыма. Ақан сау сыңар алақанын
тiзесiне сүйкеп, үнсiз отырған, дұға аяқталған соң бетiн сипады да:
Жаның жәннатта болсын, қажы атам! деп бiр сығым
топырақты зираттың терезесiнен iшке қарай шашты. Өлiлер
үшiн iстелетiн парызқарызымыз осымен өтелгендей бәрiмiз де
жеңiлдеп, бытырап көшiмiзге оралдық.
Талдыбұлақтың бойына көп үйлi қоңырқай ауыл орнап
қалған екен.
Татанайдың ауылы бiрер күнде Аралға көшкелi қамдалып
отыр дедi Ақан жылқының түп құйрығындай қайратты қара
мұртын ауылға қарай тiкiрейтiп. Tатанайдың аталуы менiң
көңiлiме Асқар ақынды түсiрдi. Өзiн әлi көрмеген кiсiм. Қау
атам да осы кiсiмен жақсы араласқан екен. Бiлерi мол ғұлама
ақын деп мақтайды. Әсiресе азаматтығын, қоғамдық пiкiрiн зор
бағалайды. Шәріпханмен iстес болған кезде сiңiрген еңбегiн,
мәдениет тұрғысын қастерлейдi. Асқар Татанай жазған өлең
дастандарды қойын дәптерлерiне көшiрiп алып, бiзге оқып
беретiн. «Жаман келсе, аман келедi» «Қала жiгiтi мен қыр
жiгiтiнiң айтысы», «Майлыбайдың ауылы» деген өлеңдерiн
естiген соң әкем:
Жарайды, жарайдыақ Tатанай Асқар деп атын тауып қойған
екенау. Асқар, десе Асқар ғой мынау, деп айрықша сүйiнгендi.
Өлеңнiң өрелi қойын, тапқыр тiлiн, қазақ болмысы мен мiнезiн
ауызға алатын. Ақынның «Алтай», «Өтiрiкшi шал», «Адасқан
аю», «Бикенiң өмiрi» деген шығармаларын оқытқаннан кейiн
тiптi желпiнiп, ықылымды ақтара жөнелетiн.
Ау, балаларымау, мына Асқар өлеңсөздiң жаңа бiр
тұрғысын, тынысын меңзеп, биiктеп бара жатырау! Заман
заманмен үзеңгi соғыстырған ойөресі, тiл қамалаты қандай
күштi өзiнiң! Ел жазғанды жатқа айтып тақылдағаннан басқа
не келiп едi бiздiң қолымыздан? Қазіреті Қали анадай күштi,
баба Құмар мынадай жүйрік, Салсал ең құдiреттi, пәлен әулие,
түген әулие, тәуiп, батыл болған деп қисындыру да өлең болып
па, мынаның жанында? Асқар Татанай Алтайдың асқар биiгi
екен ғой. Өз өмiрiмiздiң шындығын көз алдымыздан қайта
тамылжытып өткiзiп отыр ғой, жай ғана ақыл, нақыл емес,
кесеккесек ой ұсынады! Қандай ел болғаныңды, қандай ел
болу керек екенiңдi форымдайды, өз маңайымыздағы тұрғыдан
бағдарымызды көздей алмасақ, жоғымызды iздеп таба алмасақ
ел болғанымыз қайсы?!
Расау, жаңа заманның үнi деген осы ғой дейдi Ашау.
Әкеме, ағаларыма зор тiлек, үмiт арқалаткан Асқар
Татанайдың ауылы дәл қасымызда отыр дегенде, “Қандай кiсi
екен, бiр көрiп, лебiзiн естiп қалсам. шiркiн” деп армандадым.
Бiрақ біздің үй Татанай ауылына қосылмай Талдыбұлақтың
Шойғатыға құйған жерiндегi жүрекшеге қона салды. Татанай
ауылы үлкен, отаулары мен шағын көршiқолаңнан ғана құралған,
малы аз, берекесi, мәдениетi мол ауыл секiлдi. Шеткi үйлерiнен
акардеон үнi естiлiп қалады. Асқардың отауы мұнда емес, Алтай
қаласында болып шықты.
Ымырт жабылды. Қойнауқойнау, сайсалада отырған елдiң
жер ошағынан, iргесiнен от жарығы бадырайып, қой иiрiп, қозы
бөлген дауыстар молайды. Жаз туған қозылақтың дыбысы,
шар саулықтың мекiренгенi, топырақ шашып, жар сүзген бұқа,
азбандардың дауысы тауды басына көшiредi. Шатаңдардан
күмбiркүмбiр кiсiнеген жылқының әлде неге айғайлаған
адамның үнi естiлiп қалады. Бұл даланың түнгi тыныштыққа
оралар алдындағы тынысы едi. Байғыз, үкi, жапалақтың
|