ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Қарға қонбас қара ағаш
Қаз қондырдың Нұрадын,
Құзғын қонбас қу ағаш
Қу қондырды Нұрадын
деп оның өз жұрты үшін еткен еңбегін бейнелеп, астарлап
баяндайды. Көрікті образдар əсіресе өзі туралы сыр шерткен
кейіпкердің аузына жиі оралады. Мысалы:
Еменге айыр біткен бұтақпын,
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын.
Эпостық жырларда екі не одан да көбірек жолдан тұратын
тұрақты тақырыптар (стереотиптер, ұқсас тармақтар)
болатыны мəлім. Оларды бір жырдың емес, өзгелерінде де
қайталанып келіп отыратын поэтикалық блоктар деуге болады.
Мысалы: қорамсақа қол салды, бір салғанда мол салды; кезегендей
кезеді, созағандай созады, буырқанды бұрсанды, мұздай темір
құрсанды...; мінгенде аты ала-ды, қылшық жүнді кара-ды...;
астыңдағы алтын тақ, байлаудағы бедеу ат, я сенікі, я менікі т.т.
Қазақ эпостарының тілдік-көркемдік белгілерінің бірі жəне
өте эмотивтік əсері күштісі – дыбыстық гармонияның орын
алатындығы. Ол үндесім өлең жолдарының басқы сөздеріндегі
дыбыстық біркелкілік – ассонанс пен аллитерация құбылысының
жиі қолданылатындығы. Мысалы, «Едіге» жырының Шоқан
нұсқасындағы:
Еңсесі биік боз орда
Еңкейіп сəлем бермен-ді.
Еңсеме емен болат шоқпар тиген-ді
немесе:
Тоқсан басты ақ орда
Тонамай ие болмасам.
Торылы жылқы тобышақ
Топтан жиып алмасам.
45
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Дыбыстар гармониясы жыр жолының басында ғана емес, жол
бойындағы өзге сөздерге де көшіп отырады:
«Едігеде»:
Төбеге шыққан төртеуі
Төре берер күндер туғай ма?
Сөздің, яғни тіл қолданысының көркемдігінің (əдебилігінің)
қырларын осындай фактілермен көрсете отырып, бұл белгінің
барлық жырда немесе бір жырдың барлық нұсқаларында бірдей
еместігін де айтуға болады. Мысалы жоғарыда біз «Едіге» жырының
Шоқан нұсқасының тілдік көркем бедерін көрсеттік. Жырдың
ертелі-кеш жырланған өзге варианттарына көз салсақ, бұл жырдың
«Мырза Едіге батыр» деген атпен Диваев бастырған нұсқасы
негізінен қара сөзбен, ара-тұра өлеңмен келген жолдарының
тілі тым қарапайым: қаласын қан қылып... деген сияқты. Мұрын
жырау жырлаған нұсқада өлең бөліктері көбірек, оқиға негізінен
өлеңмен баяндалады. Мұнда мен деді, сен деді деген ұйқастар жиі
ұшырайды. Едігенің Тоқтамыс хан жіберген елшілерге берген
жауабын Шоқан нұсқасындағы жауабымен салыстырсақ, Мұрын
жыраудағы жауабы тым қара дүрсін.
Қысқасы, ауыз əдебиетінің оның ішінде үлкен жырлардағы
бейнелі сөз тіркестері, яғни көріктеу құралдарымен келген тұрақты
түзілімдер осы жырлардың өздерінің тілін ғана көркейтіп тұрған
жоқ. Олар ауызша авторлы, авторсыз көркем поэзияның көркемдік
қорын да молайтты. Сөз болып отырған ауыз əдебиеті өзінің белгілі
бір тұстары (сөз қолданыстары) арқылы авторлы ауызша дамыған
əдеби тілдің əрі үлгісі, əрі көшбастары болды деп тану керек.
Əдебиеттер:
1. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. –
66 б.
2. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985.
3. Ыбраев Ш. Эпос əлемі. – Алматы: Ғылым, 1993.
4. Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. – Алматы: Ғылым,
1996.
46
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Лəззат СҮЛЕЙМЕН,
Орталық сайлау комиссиясының
мүшесі, əлеуметтану
ғылымдарының кандидаты
ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА – ҚҰРМЕТ
Қазақ хандығының 550 жылдығы – Отанымыз үшін əрі мерейлі,
əрі тарихымыздың биік мемлекетшілдік белесін зерделететін меже.
Осынау конференция Елбасы ұсынған «Мəңгілік ел» ұлттық идеясын
іске асыру бағытында талай мамандарға жəне жас азаматтарға
ой салады деп есептеймін. Өйткені, ұлт тарихының қай жауапты
кезінде болсын əйел-ана, ару-қыз ерлердің мойнындағы жүкті бірдей
бөлісіп, халыққа – қабырға, жауға – айбар бола білген. Ауызша
жеткен деректерде бізге қаскөй жұрттар «қазақ əйелі қасқыр сынды:
апанын жауға бермейді, бөлтірігін алдыртпайды» дейді екен. Ал,
енді ханның «қырық кісілік ақылын» құрауға себепші асыл сүйекті
ханымдарымыз бен ханшаларымыз, əр кезеңде мың-миллиондардың
ішінде ақылымен, көркімен, батылдығымен жарқ етіп көрінген
аруларымыз туралы неше түрлі аңыз-əпсана, жыр-дастан бар. Біз
осы тұлғаларды жаңғыртып, бүгіннің рухани қажетіне жұмсай
алсақ, «өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілер» еді.
Тəуелсіздік – негізінен бүгінгі мерей, жеткен жетістік болғанымын,
оның бастауы қиын да күрделі кездерде жатқанын ұмытпағанымыз
жөн.
Бүгінгі тату-тəтті өмір сүріп жатқан 17 млн 400 мыңнан асқан
халқымыз Қазақстанның тұтас тарихын, бірлік пен тірлік тарихын
бес саусағындай біліп жатса, бұл да – азаттықтың жемісі дер едік.
Себебі, атам заманнан бүгінге дейін, Елбасымыз айтқандай,
Ұлы Қазақ даласы – бейбітшіліктің бесігі, жасампаздықтың
жазирасы, өрлеу мен дамудың ошағы. Оған күллі түркіге ұран
болған Алтай кезеңін, алғашқы ислам құндылығын қабылдаған
Қарлұқ-Қарахан кезеңін, байырғы Тұранды жаңғыртқан Түркістан
кезеңін алсақ та жеткілікті. Оның сыртында ғаламның ғылым
аспанындағы жұлдыз сынды Фараб-Отырар, Испиджаб-Сайрам,
Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Тараз т.б. шаһарлардың дүркіреген
шағын ұмытуға болмас. Әріден тартсақ, сақ пен ғұн, беріден
тартсақ түркі мен қыпшақ – бəрі де əлем мойындаған ұлттық-
47
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
этногенездік іргетастарымыз. Тағы да Елбасы сөзімен айқындайық:
«Тарихымызда біз ұялатын жер жоқ!».
Әрине, осы толғамалы тарихымыздың ең бір айшықты, əсем,
нəзік тұсы – ханымдар мен арулар тарихы. Тұтастандырып айтсақ,
аналар тарихы!
Түркі дүниесі, соның ішінде қазақ та бар, бір кезде əйелді титулдық
айырымымен «хатун» (Тараздағы «Бабаджа хатун» кесенесін еске
алыңыз) деген. Тарихшылар бұл «кінəз жары» (княгиня) деген
мағына береді дейді. Ал, филологогтер айтатындай, бүгінгі ата
тегімізде сақталып қалған «бек» пен «бай» жұрнақтары да сондай
титулдық деңгейді көрсетсе, мұның тарихын да жете қарастырған
дұрыс сияқты. Тіпті ислам құндылықтарымен сəйкес енген ер азамат
атының соңындағы «құл», əйел заты есіміндегі «күл» жұрнақтары
ешқандай төмендетудің белгісі емес, биік имани ниет, тіпті титулдық
жоғары мəртебе екенін əлі дұрыс айта алмай жүрміз.
Жалпы осы конференция барысында əріптестеріме бұл
тақырыпты жүйелі, ақылмен зерттеуді ұсынар едім. Термин
анықталмай, ұғым анықталмайды; атау нақтыланбай, түсінік
нақтыланбайды. Мұны мұқият ескерсек екен. Бұл да – біле-
білсек, елдік құндылығымыз.
«Ұлт дəстүрі» – біздің генетикалық кодымыз. Осы кодтың
бастаушысы да, сақтаушысы да, келесі ұрпаққа жеткізушісі де –
аналар.
Қазақтың Ұлы даласында саяси истеблишменттегі əйелдер өз
уақытында тұрақтылықтың, рухани өрлеудің, келісімнің жаршысы
əрі негізі бола білді. Ел басқаруға араласқан ханымдардың ерлермен
бірге атқа қонғанып, басын бəйгеге тікті. Ел басқарушылардың
ақылман жары, тірегі ретінде хандық құрылысына, мемлекет
құраушы істерге қатысты. Тіпті аса қиын патша отаршылдығы
заманында байырғы елдік дəстүрдің алтын арқауын жалғастыру
жұмыстарын атқарды.
Міне,
мемлекетшілдік
құндылықты
орнықтыру
мен
жалғастырудағы, ханымдар мен ханшалардың, ел аналары мен
қарапайым əйелдердің тарихи еңбегі осындай.
Біз осы істерді ұмытпауымыз керек. Оны жаңа заман форматында
дамытуымыз қажет. Сондықтан да Тəуелсіздік жылдардың аса
жауапты кезеңінде Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ə.Назарбаев Елбасы бақылауында Əйелдер істері жəне
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия
48
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
құрды. Бұл құрылым сəтті, абыройлы жұмыс істеп келеді.
Аталған комиссия мүшесі ретінде мойнымызда аса ауыр жүктің
барын, ол жүктің аты – елге қызмет екенін жақсы сезінеміз.
Біз – өткенді қадірлеген, жаңаны байыптаған, болашақты
бағдарлаған елміз. Сол себепті Қазақ хандығы тұсындағы
мемлекетшілдік ой-сананы, отансүйгіштік қасиетті, жоғары
адамгершілік парасатты өрістеткен, ұрпағына сіңірген аналарды
тарихи еңбегіне əділ баға беруге тиіспіз. Бұл – əрі елдік құндылықты
қадірлеу, əрі сабақтастықты сақтау болмақ.
Біз елдік түсініктегі əйел-ананың болмыс-бітімін, оның ел басқару
ісіне қатысты түсінік-пайымын, ұрпақ тəрбиелеудегі таным-білігін
қайта қарамаймыз. Өйткені, ол – бас-аяғы жүйелі, ғасырлар бойы
қалыптасқан айрықша төлтума дүниетаным кешені. Оның иесі
– халық, киесі де – халық. Ол – əбден қалыптасқан, орныққан
құндылық. Кейінгі тарихты айтпағанда, ежелгі көшпелілер
петроглифтерінің өзінде əйел-ана бейнесі айрықша орынды иеленген.
Бұл байырғы өркениетімізде əйелдің əлеуметтік мəртебесінің биік
болғандығын, арулардың айрықша құрметтелгенін дəлелдейді.
Ұлт сөзін ұстаған классик-жазушымыз Мұхтар Әуезов: «Адамды
хайуандықтан адамшылыққа енгізген – əйел. Адам баласының
адамшылық жолындағы таппақ тарияқаты əйел халіне жалғасады.
Сол себепті əйелдің басындағы сасық тұман айықпай, халыққа
адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел
болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейім
десең, əйелдің халін түзе»,- деп жазған еді ХХ ғасырдың басында.
Бұл ой əлемді дүр сілкіндірген төңкеріс тұсында айтылды. Бұйырса,
оған енді тура 100 жыл толмақ. Енді қараңыз, Ж.Аймауытұлының
Ақбілегі мен Б.Майлиннің Раушанынан бері оқыған қазақ əйелі
қаншама өсті, жетілді. Сөйте тұра біз əркез халық даналығына,
ел дəстүріне шөлдейміз. Дана жазушы бесікпен бірге тағылым
мəселесін жайдан-жай айтпаса керек.
Қазақстан Республикасы – бүгінгі таңда Орталық Азия аясында
əйел проблемаларын елеулі нəтижемен шешіп келе жатқан табысты
мемлекет. Әлем бізге осындай баға береді. Біз, əлбетте, бұған
тоқмейілсінбей əлі де көп жұмыс атқаруға тиіспіз.
Бүгінгі халқымыздың 52 %-ы – əйелдер. Тəуелсіздік жылдары
елімізде 6 миллионнан астам бала дүниеге келіпті. Соңғы он жылда
Қазақстанда 23. 894 егіз, 277 үшем мен төртем дүние есігін ашыпты.
Отанымызда бақ-береке болмаса, осы табысқа жетер ме едік?
49
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Әйелдер қазіргі уақытта ерлермен тең дəрежеде қоғамның саяси,
əлеуметтік жəне экономикалық өміріне қатыса алады. Олардың
сайлауға белсене қатысуын – қоғамдық жасампаздығының айқын
көрінісі деп қарауға болады. Қазақстан Республикасы Парламенті
Мəжілісі депутаттарының 1995–2004 жылғы сайлауларында əйелер
өкілдігі орташа есеппен 11-12%-ды құраса, 2007 жылы 15,3 %-ға
жетіп, ал 2012 жылы 24,5 %-ға дейін өсті.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінде
28 əйел депутаттық қызмет атқарып, төменгі палата мүшелерінің
26 пайызын құрап отыр. Салыстыру үшін айта кетейік, əлем
парламенттеріндегі əйелдер өкілдігінің орташа көрсеткіші – əлі 20
пайызға да жетпеген. Дамыған елдер бұл көрсеткішті 30 пайызға
жеткізуге талпынып отыр.
Жергілікті өкілді орган – мəслихат депутаттарының мандаттарын
алған əйелдер саны соңғы 15 жыл бойы тұрақты көрсеткішке ие.
1999, 2003, 2007 жылдары əйелдердің үлесі 17%-ға дейін артса,
ал 2012 жылы 18,2 %-ға жетті. Қазір қызметтегі 3.334 мəслихат
депутатының 614-і (18,4 %) – əйелдер.
Еліміздегі ауыл əкімдерін сайлауда да əйелдер белсенділігі
жылдан жылға артып келеді. 2013 жылы сайланған əкімдердің
ішінде əйел-əкімдер 32 адамға көбейіп, жалпы саны 280-ге (11,4 %)
өсті.
Соңғы уақытта əлеуметтік сауалнамаларға қатысқан əйелдердің
70%-ға жуығы өзінің қабілеттеріне сенетінін айтып отыр. Бұл
мəлімет қыздарымыз өзін күшті, дербес тұлға ретінде сезінетіндігін
көрсетеді.
Бүгінде Елбасымыз əйел заты маңызды мемлекеттік жəне саяси
шешімдерді қабылдауды болжайтын биліктің барлық деңгейлерінде
жүру қажеттігін қадап айтып отыр.
Қоғам өмірінде əйелдер қызметтің жаңа аясын жəне мүмкіндігін
ашуға себепші екенін мақтанышпен айтамыз.
Біз заман ағымына сай, елдің инновациялық бағдарламаларының
шеңберінде əйел кəсіпкерлерді, саяси көшбасшыларды, қоғам
қайраткерлерін ірі кəсіпорындар басшыларын жиі кездестіреміз. Бұл
үрдіс, əрине, ең алдымен ел тəуелсіздігін нығайтуға қызмет етпек.
Жалпы, əлімсақтан қазақ əйелінің қайталанбас өзіндік рөлі
қалыптасқаны – тарихи шындық. Қазақстанның Еуразия кіндігінде
орналасуы Шығыс пен Батыс дəстүрлерін бойына қатар сіңірген
қазақ əйелінің болмыс-бейнесін анықтады деуге толық негіз бар.
50
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Кез келген ұлт əйелінің қалыптасқан портреті болады. Мысалы,
«француз əйелі», «италия əйелі», «араб əйелі», «жапон əйелі»
дегенде, əрқайсының өзінше ерекшелігі еске түседі.
Ал қазақ əйелінің портреті ше? Оның басты сипаты –
халық дəстүріне адал, намысты, инабатты, ізетті, сыпайы,
əдепті, қылықты, білімді, талапты қазақ қызы болатыны
сөзсіз. Қазіргі қазақ қызы туған халқының мəдениетімен қатар
əлем мəдениетін меңгерген, білікті, əлеуметтік ортаға бейімді,
қоғамдық өмірде белсенді. Бұл – заман талабы.
Бүгінгі құндылықтың ең маңыздысы – қоғамдық тəрбие. Қазақ
анасы өз қызын отбасы құруға, шаңырағының ұйтқысы болуға,
отбасы мен қоғам берекесін қатар сақтауға, амандық пен табысқа
жауапты етуге бала күнінен баулуы тиіс. Бұл жерде жеке үлгі
маңызды.
Үлкенге сəлемдесу, орын ұсыну, жол беру, кимелеп баса көктеп
өтпеу, қонақтың атын байлатып, есік ашып, төрге шығарып, жақсы
қабақпен қарсы алып, орнымен шығарып салу, ағайынға, жетім-
жесірлерге, мүгедектерге, жора-жолдастарға қайырымды болу
сияқты ата салт-дəстүріміздің бірде-бірі ескірген жоқ. Бұлар –
ешеқашан ескірмейтін құндылықтарымыз.
Дəстүрлі қоғамымызда адамнан адам əрқашан дəметіп тұратын
табиғи-мінез-құлықтың бəрі адамшылыққа негізделген. Дала
өмірінде бұл мінезді қабылдамау немесе қорлау – өзін-өзі қорлаумен
жəне халықты сйыламаумен пара-пар. Ал, енді осы дəстүр ұрпақ
бойына Ана арқылы сіңген, Ана арқылы өркен жайған. Ендеше біз
ұлттық тəрбиені өз балаларымыздың санасына сіңіру арқылы, оны
құрметтету арқылы мыңжылдық отбасы дəстүрімізді жалғастыра
аламыз. Отбасы мəртебесін, құндылығын нығайта отырып,
мемлекетімізді нығайтамыз.
Бүгінгі Қазақстан мəдениеті дамыған, экономикалық тұрғыдан
бəсекеге қабілетті, əлемнің көшбасшы елдері қатарына қосылуға
талабы бар, саяси əлеуеті зор мемлекет екенін ескерсек, осы бағытта
ұлтымыздың басты байлығының бірі – қазақ қыздары мықты,
берік отбасы құру арқылы елдің бүгініне, ертеңіне, болашағына
нақты көмектесетінін түсінеміз. Олай болса, əр сəт мемлекет
баяндылығының мəні мен міндеті есімізде тұрсын.
51
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Берекет КƏРІБАЕВ,
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің профессоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДƏУІРІНДЕГІ ХАНЫМДАР
Өткен жылдың тамыз айының соңында Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ұлытау төрінде
журналистерге берген сұхбатында осы айрықша өңірдің Қазақ
тарихындағы алатын орны туралы кең толғана, тебірене келе,
былай деген болатын: «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы
түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге
жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық
дəуірге ұласып, кейін біртіндеп Тəуелсіздікке келіп тіреледі»
[1]. Елбасының осы төрт сөйлемнен тұратын тарихымызға қатысты
тебіреніспен айтқан терең тұжырымды ойы – қазақ тарихының өте
ежелгі замандардан басталатынын, нақтырақ айтсақ, біздің жыл
санауымызға дейінгі II-I мыңжылдықтар шегінен басталатынын
көрсетеді. Теориялық-методологиялық мəні зор бұл тұжырымның
Қазақ мемлекеттілігінің қайнар бастауларын, қазақ этногенезінің
негіздерін, қазақтың арғы мəдениеті мен рухани өмірінің іздерін,
қазақ халқының арғы ата-бабаларының шаруашылық түрлерін
зерттеуде қоғамтанушыларға, тарихшыларға тигізер көмегі зор.
Үш мың жылдық тарихымызда көптеген оқиғалар болды, өзгерістер
жүрді. Көптеген мемлекеттер мен мемлекеттік құрылымдар пайда
болып, бірін –бірі ауыстырды. Әртүрлі замандар болды, небір ірі
тарихи тұлғалар мен ғұламалар өмір сүрді. Көптеген құндылықтар
ауысты, олардың орнын жаңа құндылықтар басты. Бірақта
өзгермеген, өшпеген бірнеше құнды қасиеттер халқымыздың
бойында мəңгі сақталып қалды. Олардың біріне, əрі бірегейіне –
руханилық тұрғыдан алғанда Анаға деген құрмет жатты.
Анаға деген құрмет қазақ халқының тарихында мемлекеттілік
тарихымен, қазақ халқының этногенезімен, халқымыздың
мəдениетімен, рухани өмірімен қатар дамып, біте қайнасып келеді.
Оның ежелгі замандардағы көрінісін бүкіл түрік тілдес халықтардың
ұрпақ жалғастырушы, береке-молшылық тəңірісі болып саналған –
Ұмай-анаға деген табынуынан көрсек, мың жылдан астам уақытқа
созылған ортағасырларда, əсіресе оның ислам дəуірі кезеңінде
52
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
«Жұмақтың кілті – ананың табанының астында» жəне осындай
сипаттағы қағидалар арқылы берік орнығады. Қазіргі күндерге
дейін жалғасын тауып отырған осы бір асыл қасиет халқымыздың
аналарға арнап шығарған əндерінен кең байқалады. Қазақ халқында
ана тақырыбына арнап өлең жазбаған ақын, əн шығармаған сазгер
жоқ шығар. Егерде əндер тақырыбын арнайы зерттеген маман болса,
онда ол ана тақырыбының алдыңғы қатарлардың бірінде тұратынын
ешбір қиындықсыз дəлелдеп берген болар еді. Ал оған қарсы ешкім де
дау айта алмаған болар еді. Аналарға арнап шығарылған əрбір əннің
сөздері жүректің тереңінен шыққаны белгілі. Дегенменде, белгілі
«Анашым» əніндегі «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды»
деген жолдарды білмейтін қазақ баласы жоқ деп ойлаймын. Бұл
дегеніміз – бірнеше мың жылдардан бері үздіксіз жалғасып келе
жатқан Анаға деген сыйдың, құрметтің қазіргі күндердегі бір ғана
көрінісі.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Анаға деген құрмет қазақ
тарихының барлық дəуірінде сақталынып келді. Біз оны хандық
дəуір деп аталатын – XV-XVIII ғасырлардағы тарихымыздан анық
байқаймыз. 2015 жылы 550 жылдығын атап өтіп отырған Қазақ
елінің тарихында Керей мен Жəнібек хандардың ұлттық сипаттағы
қазақ мемлекетінің шаңырағын көтеруімен жаңа белес басталады.
Үш жарым ғасырдан астам уақытқа созылған хандық дəуірде ел
есінде небір аяулы аналарымыз бен əжелелеріміздің есімдері мəңгіге
сақталып қалды. Тарихымыздың хандық дəуірінде өмір сүрген асыл
Аналарымыздың есімдері тарихи санамызда мəңгіге сақталып, олар
мынадай дерек түрлерінде көріністер береді:
1) жазба дерек мəліметтерінде;
2) ауыз əдебиетінің үлгілерінде;
3) материалдық ескерткіш түрлерінде;
4) ру-тайпа атаулары мен ру-тайпа ұрандарында кездеседі.
Төменде осы көрсетілген тармақтар бойынша аналарымыздың
тарихымыздағы рөлі жөнінде жеке – жеке қарастырып көрелік.
«Батыр да анадан туады» деген халық мəтеліне сай, хандық
дəуірдегі əрбір хан, сұлтан мемлекет басшысы, мемлекет қайраткері
болып қана қоймай, əрі батыр, əрі қолбасшы бола білген. XV-XVII
ғасырлардағы атақты қазақ хандары мен кейбір сұлтандарының
аналарының есімдері жазба дерек мəліметтерінде сақталған. Ол
жөнінде тарихшы Қадырғали би Қосым ұлы Жалайыридың еңбегінде
айтылады. Автор XV-XVII ғасырлардағы қазақтың 6 ханының,
53
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
8 сұлтанының жəне 4 ханымының аналарының есімдерін айтып
өтеді. Олар мыналар:
1) Жаған бикем, ол – қазақ хандығының негізін салушылардың
бірі – Жəнібек ханның əйелі, Қасым ханның анасы;
2) Ханық сұлтан ханым, ол –атақты Қасым ханның əйелі,
Хақназар ханның анасы;
3) Абай-хан-бегім – Шығай ханның, Мəлік сұлтанның анасы;
4) Байым-бике – Сейітқұл сұлтанның, Ондан сұлтанның, Алтын-
ханымның анасы;
5) Жақсым-бике (Яхшым-бике) – Тəуекел ханның, Есім
ханның, Сабыр бике ханымның анасы;
6) Дадам ханым – Әли сұлтанның, Сулум сұлтанның, Ибрагим
сұлтанның, Шахим сұлтанның анасы;
7) Алтын ханым – Оразмұхаммед ханның жəне Тəтті ханымның
анасы;
8) Сүйім ханым – Тəуекел ханның əскер басшысы Көжек
сұлтанның анасы [2, 258-260].
Дерек мəліметінде айтылған сегіз ханымнан туған мемлекет
басшылары: Қасым хан, Хақназар хан, Шығай хан, Тəуекел хан,
Есім хандар – 1511 жылдан 1628 жылға дейін Қазақ хандығын
билеген тарихта белгілі тұлғалар. Бұл хандардың билігі тұсында
Қазақ хандығы негізінен күшею, өрлеу кезеңдерін басынан
өткергені белгілі. Олардың осындай тұлға балып тарихта қалуында
аналарының рөлі болғандығын ешкім де жоққа шығара алмайды.
XVI ғасырдың 20-30 –шы жылдары Қазақ хандығы үшін
өте ауыр болғаны белгілі. Тахир ханның билігі тұсында Қазақ
хандығының Ноғай ордасымен, Шығыс Түркістан аумағындағы
Могулия мемлекетімен қарым-қатынастары күрделі болып,
ол қатты шиеленіседі. Осындай жағдайда қазақ-моғол қарым-
қатынасын жақсартуға Жүніс ханның қызы, Әдік сұлтанның, одан
кейін Қасым ханның əйелі болған– Сұлтан-Нигар ханым белсене
араласып, үлкен нəтижелерге қол жеткізеді. Сөйтіп, ақылды
ханымның арқасында Қазақ хандығы мен Могулия мемлекеттерінің
арасындағы шиеленісті қатынастар бейбіт жағдайға ауысады [3, 413-
414]. Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегінде Сұлтан–Нигар ханымның
парасаттылығын айта келе, Тахир ханның оған туған анасындай
құрмет көрсеткенін ерекше айтып өтеді [3].
XVIII ғасырдағы тарихымызда Кіші Жүздегі Әбілқайыр ханның
əйелі – Бопай ханымның ақылдылығы мен парасаттылығы жөнінде
|