Ханымдар мен арулар


к  еще  более  глубинному



Pdf көрінісі
бет2/30
Дата11.01.2017
өлшемі3,21 Mb.
#1667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

к  еще  более  глубинному  анализу  роли  выдающихся  женщин  в 
истории Казахстана.
У  казахской  государственности  долгая  и  яркая  история,  однако 
я уверена, что у казахстанцев не менее замечательное настоящее и 
светлое будущее. Сегодня у Казахстана есть 100 конкретных шагов
которые  гармонично  образуют  основу  для  5  институциональных 
реформ, а эти реформы – основа для успеха «Нұрлы жол». В свою 
очередь, «Нұрлы жол» это своевременная и верная политика в рамках 
Стратегии-2050. Однако, самым главным ориентиром устойчивого 
и долгосрочного развития является идея – «Мəңгілік ел», которая 
является  лейтмотивом  всех  стратегий  и  политик  Республики 
Казахстан.
Расширение  прав  и  возможностей  женщин  в  равной  степени 
и  их  эффективное  участие  в  жизни  общества  является  одним 
из  крупнейших  инвестиций  Казахстана  и  любой  страны  для 
достижения устойчивого развития государства. Также важно больше 
поддерживать участие женщин на всех уровнях принятия решений 
– от стен парламента, государственного управления  и до местных 
советов. 
Вовлечение  женщин  в  принятие  решений  является  не  только 
данью  социальной  справедливости,  но  это  и  качественно  иной 

13
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
взгляд на вещи, которые ранее обсуждались без должного внимания 
и могли иметь огромное воздействие как в жизни женщин и детей, 
так и всего развития общества. 
Например,  широкая  представленность  женщин  политиков  в 
Парламенте  Швеции  также,  стало  одним  из  ключевых  факторов 
принятия плана по демографическому развитию, достойно оценив 
роль женщины не только как матери и члена семьи, но и активного 
члена  общества  в  различных  областях  государственного  развития. 
Женская  половина  шведского  Парламента  добилась  отмены 
«патерналистского»  подхода  к  женщинам  со  стороны  государства, 
что все еще являлось абсолютной парадигмой во многих соседних с 
ней странах. Примечательно, что утвержденная данным парламентом 
демографическая  политика  на  сегодняшний  день  является 
самой  эффективной  в  Европе  по  обеспечению  гармоничного 
воспроизводства населения и развития человеческого капитала
Простота и жизнеспособность данной политики, сегодня признается 
Германией,  которая  традиционно  не  жалела  средств  и  усилий  в 
вопросах  социального  развития,  но  все  же  оказалась  бессильной 
к  таким  вызовам  как  низкая  рождаемость,  старение  населения  и 
прочих тенденции. 
Данный тезис иллюстрирует что женщины являются не только 
бенефициарами  развития,  а  скорее  женщины  представляют 
движущую  силу  перемен,  способствующей  и  стимулирующей 
экономическое развитие.
За  последние  15-20  лет  мировое  сообщество  значительно 
продвинулось  в  деле  достижения  равноправия  мужчин  и  женщин, 
однако  на  сегодняшний  день  ни  одна  страна  в  мире  не  может 
заявить с уверенностью, что абсолютные цели в данной области 
достигнуты.
Понимая  важность  всестороннего  характера  развития, 
Программа  развития  Организации  Объединенных  Наций 
сотрудничает с представителями всех слоев общества, оказывая 
помощь  в  государственном  строительстве  стран,  с  тем  чтобы  они 
могли противостоять кризису, поощряя и поддерживая рост, ведущий 
к улучшению качества жизни каждого человека. Работая на местах 
в 177 странах и территориях, ПРООН предлагает странам, включая 
Казахстан  глобальное  видение  и  локальные  решения  по  разным 
вопросам,  содействующие  более  полноценной  и  полноправной 
жизни людей и повышающие жизнестойкость государства.

14
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Разрешите  пожелать,  чтобы  представленная  на  сегодняшней 
конференции  тематика  получила  широкий  резонанс  в  обществе  и 
дала дальнейший импульс в продвижении роли женщин в развитии. 
ПРООН  готова  и  желает  поддержать  Ваши  усилия  в  данном 
направлении.
Столь  ощутимое  у  казахов  уважение  к  женщине  хорошо 
иллюстрируется  в  известной  казахской  пословице:  «Әйел  бір 
қолымен бесік тербетсе,  екінші қолымен əлемді тербетеді».
Барлығыңызға сəттілік пен табыс тілеймін!
Қуатжан УƏЛИЕВ, 
ҚР Мəдениет жəне спорт 
министрлігінің жауапты хатшысы 
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН 
АТАП ӨТУДІҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Бүгінде  Қазақ  хандығының  тарихын  зерттеу  мен  насихаттау 
қазақстандық  патриотизмді  нығайтуда  маңызды  рөл  атқарады, 
сондай-ақ  ол  халықаралық  сахнада  Қазақстанның  оң  имиджінің 
қалыптасуына жəне нығаюына ықпал етеді. 
Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге Қазақстан халқы 
ассамблеясы, қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми 
қауым,  жастар  өкілдерінің,  Қазақстанның  барлық  өңірлерінің 
қатысуы аса өзекті жəне бұл мəселе бірлік пен тұтастық дəстүрінің 
сабақтастығын ерекшелей түседі.
Осы ретте мерейтойды мерекелеудің мынадай негізгі міндеттері 
алға қойылып отыр: 
-  Қазақ  хандығының  550  жылдығын  жалпыұлттық  деңгейде 
мерекелеу;
-  Қазақстан  халқының  бірлігін  нығайту  жəне  қоғамды 
тəуелсіздік,  тұрақтылық,  бейбітшілік  жəне  келісімге 
негізделген басты құндылықтар төңірегіне топтастыру;
-  Ел  тарихына,  қаһармандық  өткеніне,  дəстүріне,  мəдениетіне 
жəне мұрасына құрметпен қарауға тəрбиелеу;
-  Қазақстандықтардың патриоттық сезімдерін нығайту;
-  Азаматтардың  бойында  мақтаныш  сезімін  қалыптастыру 
жəне  жаңа  мемлекетті  құруға  ортақтығын  түсіндіру,  елдің 

15
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
жəне  болашақ  ұрпақтың  тағдырына  бірлесіп  жауапты  болу 
сезімдерін қалыптастыру;
-  Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге жəне оларға 
белсенді қатысуға еліміздің барлық азаматтарын тарту.   
Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Нұрсұлтан 
Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында қазақ тарихына қатысты 
«Біздің тарихымыз – бұл бірлік пен тұтастық тарихы», «Өткеннің 
өнегесі – бүгіннің баға жетпес байлығы», «Қазақ хандығының 
тарихы  –  халықтың  күш-қуаты  мен  рухының  үлгісі»  деген 
ойларын айтады.
Жалпы,  Қазақ  хандығының  550  жылдығын  мерекелеу  бірнеше 
бағытта жүргізіледі.
Патриоттық  бағыт.  Халықты  отанына  деген  сүйіспеншілікке, 
бірлікке,  табысқа  жəне  гүлденуге  бастайды.  Қазақ  хандығының 
құрылуы  біздің  халқымыздың  тəуелсіздікті  алуға  деген  табанды 
ұмтылысының жəне шынайы патриотизмнің көрінісі болды. 
Ғылыми бағыт.  Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу 
жылы  Қазақ  хандығының  құрылу  тарихын  зерттеу  мəселелері 
бойынша  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  күшейтуге  басымдық 
беріледі. Ол үшін  келесі шараларды жүзеге асырылады:
XV–XX ғасырларда Қазақ хандығын зерттеген саяхатшылардың, 
зерттеушілердің  жəне  кəсіби  тарихшылардың  еңбектерін 
тыңғылықты зерттеу; 
Қазақ  хандығының  қалыптасу  тарихы  бойынша  шетелдік 
мамандарды, соның ішінде тарихшы, шығыстанушы, лингвисттерді 
қатыстыра отырып халықаралық ғылыми конференциялар өткізу; 
Қазақ  хандығы  бойынша  анықталған  жəне  зерттелген 
материалдарды жүйелеу.
Медиялық бағыт – Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу 
аясында барлық шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен 
жария  етілетін  болады.  Бұл  –  жетекші  орталық  телеарналардан 
ғылыми-көпшілік  бағдарламаларды,  Қазақ  хандығының  құрылуы, 
дамуы  жəне  нығаюы  туралы  деректі,  көркем  фильмдерді  əзірлеу 
жəне  көрсету,  Қазақ  хандығының  550  жылдығын  мерекелеу 
тақырыбы  бойынша  интернет-сайттар  мен  əлеуметтік  желілерде 
материалдарды орналастыру жəне ілгерілету.  
Қазақ  хандығының  550  жылдығын  мерекелеу  өскелең  ұрпақты 
патриоттыққа тəрбиелеуге, азаматтардың өз тарихын зерттеуге деген 
қызығушылығын  арттыруға,  қоғамның  рухани-мəдени  жағынан 

16
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
біріге  түсуіне,  қазақстандықтардың  бойында  мемлекеттілік  пен 
тəуелсіздік құндылықтарының нығаюына, олардың жасампаздыққа 
жəне жаңа биіктерге ұмтылуына ықпал етеді. 
Елбасының тапсырмасына сəйкес 2015 жылы Қазақ хандығының 
550  жылдық  мерейтойы  аясында  елімізде  көптеген  шаралар 
атқарылуда.  Мысалы,  жыл  басынан  бері  мерейтой  аясында 
республика  көлемінде  100-ден  аса  мəдени  шара,  40-тан  аса 
ғылыми шара, сондай-ақ шет елдерде Қазақстан Елшіліктерінің 
ұйымдастыруымен бірқатар шаралар өткізілуде.   
Солардың ішіндегі ең негізгілері мыналар: 
Астана,  Алматы,  Түркістан,  Қызылорда,  Қостанай,  Тараз, 
Петропавл, Қарағанды жəне т.б. қалаларда Қазақ хандығының 550 
жылдығына  арналған  ғылыми-практикалық  конференциялар  өтті. 
Аталған  шараларға  белгілі  тарихшылар,  зиялы  қауым  өкілдері, 
қоғам қайраткерлері, жастар көптеп қатысты.
Сонымен  қатар,  Астана,  Алматы  Өскемен,  Семей,  Павлодар 
қалаларында, Ақтөбе,  Солтүстік Қазақстан,  Қарағанды,  Қостанай, 
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында мерейтойына арналған 
музыкалық,  əдеби  кештер  жəне  концерттер,  Жамбыл,  Алматы, 
Павлодар,  Қызылорда  облыстарында  «Мəңгілік  Ел»  жалпыұлттық 
идеясына арналған ақындар айтысы өтті.
2  сəуірде  Астанада  Қазақстан  Республикасының  Премьер-
Министрі  К.  Мəсімов  пен  Мажарстан  Премьер-Министрі  В. 
Орбанның  қатысуымен  «Алтайдан  Дунайға»  Халықаралық 
мажар-қазақстандық экспедициясының ашылу салтанаты болды
2-3  сəуірде  Ғ.  Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік 
академиялық 
балалар 
мен 
жасөспірімдер 
театрында 
Т. Ахтановтың «Ант» («Қазақ елі») спектаклінің тұсаукесері өтті.
Алдағы  уақытта,  яғни  маусым  айында  Қарағанды  облысы 
Ұлытау ауданында «Ұлытау – ұлт ұясы» атты ғылыми-практикалық 
конференция өткізу, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи 
қорық-мұражайы сапар-орталығының құрылысы аумағында тас қою, 
Бұланты шайқасы  болған жерде стеланы салтанатты түрде ашу, тамыз 
айында Шығыс Қазақстан облысында «Алтай-түркі əлемінің алтын 
бесігі»  халықаралық  форумын  өткізу,  «Мəңгілік  Ел»  картинасын 
салу,  ұлт  тарихына  арналған  деректі,  көркем  жəне  анимациялық 
фильмдерді  түсіру,  тарихи  кесенелер  мен  ескерткіштерге  (Қожа 
Ахмет Яссауи, Жошы хан, Алаша хан кесенелерін, Ежелгі Сауран, 
Отырар оазисі ескерткіштері, Ақыртас, Баласағұн сарай кешендерін) 

17
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
реставрациялау жəне консервациялау бойынша жұмыстар жүргізіліп 
жатыр.  
Мəдениет  жəне  спорт  министрлігі  Қазақ    хандығының    550 
жылдық  мерейтойы  аясында  Ілияс  Есенберлиннің  «Көшпенділер» 
кітабын  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерінде,  Сатай  Сыздықовтың 
«Қарлық  Қарахан  мемлекеті:  саяси,  тарихи  жəне  мəдени 
мұралары»,  Мұхамед  Хайдар  Дулатидің  (құрастырған  Қазақстан 
тарихшыларының 
қауымдастығы» 
ҚБ, 
аудармашылары 
Ислам  Жеменей,  Қанат  Сыздықов,  Ұлан  Еркінбаев)  «Тарих-и 
Рашиди»  кітабын  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерінде,  Маргарита 
Өмірбекованың «Көшпенділер мəдениеті қазақ халқының дəстүрлі 
өнерінің  мəдени  рəміздік  негіздері»,  Берекет  Кəрібаевтің  «Қазақ 
хандары»,  Бигелді  Ғабдуллиннің  «Великое  кочевье»  жəне  т.  б. 
кітаптарын шығарады.  
Мерейтойлық  негізгі  шараларды  Елбасының  қатысуымен  2015 
жылғы  қыркүйекте  Астана,  Тараз  қалаларында  өтеді.  Мəдени-
спорттық жəне бұқаралық іс-шаралар Тараз қаласында, салтанатты 
жиналыс, мерекелік концерт пен ғылыми-практикалық конференция 
Астана  қаласында  өткізіледі.  Бүгінде  осы  шараларды  өткізу  үшін 
жан-жақты  дайындық  жұмыстары  жүргізілуде.  Мысалы,  «Қазақ 
хандығына 550 жыл» монументінің үздік жобасына республикалық 
конкурс  жарияланып,  оның  ең  үздік  жобасы  таңдалды.  Қазіргі 
уақытта  монумент  орнатылатын  жерге  құрылыс  жұмыстары 
жүргізілуде. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар тарих жəне 
мəдениет ескерткіші болып табылатын «Көне Тараз» қалашығында 
археологиялық  зерттеулер,  реставрация  жəне  консервация 
жұмыстарын жүргізу басталып кетті.
Сонымен қатар, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына 
арналған іс-шараларды қаржыландыруға демеушілерді жұмылдыру 
бойынша Мəдениет жəне спорт министрлігі, Жамбыл облысының 
əкімдігі  жəне  т.б.  мемлекеттік  органдар  жұмыстар  жүргізуде. 
Осы  бағытта  демеушілермен  жұмыстарды  үйлестіру  жəне 
тиiмдi  жүргiзу  мақсатында  арнайы  «Мəңгілік  ел»  қоғамдық 
қоры  құрылып  отыр.  Қоғамдық  қордың  қызметін  Мырзатай 
Жолдасбеков,  Өмірбек  Байгелді,  Анатолий  Башмаков  тəрізді 
көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткерлерінен, танымал спорт 
жəне өнер қайраткерлерінен жəне т.б. құралған құрылтайшы кеңес 
бақылауда. 

18
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
ҚуатАмлон  Мұнай»  ЖШС,  «КазЦинк»  ЖШС,  «Каспий  нефть 
ТМЭ»,  «Кумколь  Транс  Сервис»,  «СП  «КазГерМунай»  ЖШС.  Бұл 
компаниялар мерейтой шараларына  демеушілік көрсетті.
Тағы 50 шақты компаниялар осы бағыттағы   ұсыныстарымызды  
қарастыру үстінде.

19
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
ЕЛ МҮДДЕСІ ЖƏНЕ ƏЙЕЛ ТҰЛҒАСЫ
Сейіт ҚАСҚАБАСОВ,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Қазақ əдебиеті кафедрасының 
меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі
ҚАРАШАШ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Бүгінгі конференциямыз аса көкейкесті мəселеге арналып отыр.  
Былай қарағанда, «Қазақ ханымдары мен арулары» деген тақырып 
бүгінгі күнде соншалықты өзекті емес сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, 
олай емес. Қазақ тарихында, өмірінде əйелдердің атқарған ролі жай 
ғана əңгіме емес. Біздің ханымдар мен аруларымыз жайында айта 
отырып,  қазақ  мемлекетінің  өткенін,  ол  қандай  болғанын,  кімдер 
қандай  іс  тындырғанын,  қандай  қайраткер  болғанын  біле  аламыз. 
Сонау Томиристен бастап, кешегі Әлия, Мəншүк, Хиуаз, я болмаса 
білім  мен  ғылым,  медицина  мен  педагогика  салаларында  орасан 
қызмет  еткен  ХХ  ғасырдағыжəне  қазіргі  кездегі  апа-қарындастар, 
қыз-келіншектер – бəрі  ұлтымыздың дамуына аянбай қызмет етті, 
етіп келе жатыр.
Біздің  алдымызда  үлкен  проблема  тұр:  қазақты  сақтай  аламыз 
ба, жоқ па? Қазақты сақтау ғана емес, халқымызды келер ұрпаққа 
өркениетті, өзіндік келбеті  бар ұлт ретінде аманат ете аламыз ба? 
Мəңгілік ел бола аламыз ба? 
Ол үшін не істеу керек? Саяси-əлеуметтік, экономикалық тұрғыда 
не істеу керектігін Президентіміз Н.Ә.Назарбаев анықтап, айқындап 
берді. Бұл салада жаһандануды өз дəрежесінде ұтымды пайдаланып 
жүрген елміз.  Ал, рухани тұрғыда, ұлттық менталитет тұрғысында 
қаншалықты пəрменді жұмыс істеліп жатыр? Мемлекет тарапынан 
ресми түрде айтылып, жасалып жатқан іс-əрекет аз емес. Бірақ бұл 
салада  біздің  жетістіктеріміз  экономика  мен  саясаттағыдай  емес. 
Бұл – ащы шындық.
Менің баяндамам 2 бөлімнен тұрады. Алғашқысы – Қарашаштың 
фольклордағы  бейнесін  талдау  жəне  оның  бейнесі  арқылы  Қазақ 
хандығы тұсындағы рухани, отбасылық, қоғамдық құндылықтарды 
сипаттау. 

20
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Ал, екінші бөлімі – Қарашаш  бейнесінің тəлімдік, тағылымдық 
мəні  неде,  соны  пайымдау.  Яғни  қазіргі  қоғамдағы  əйелдер  мен 
рухани  һəм  отбасылық  құндылықтар  туралы  айтып,  өзіміздің 
түсінік-пайымымызды ортаға салу мен пікірлесу. 
Қарашаш  деген  адам  өмірде  болған  ба,  жоқ  па?  –  ол  жағы 
беймəлім. Бірақ оның аңыздарда көрсетілетін тұрмыс-тіршілігі, іс-
əрекеттері,  оның  кездесетін,  ұшырасатын,  араласатын  адамдары  – 
бəрі Қазақ хандығы заманын еске түсіреді. 
Аңыздар мен əңгімелерде Қарашаш өмірінің əр кезеңі суреттеледі, 
яғни оның өмір жолы, өсуі туралы біршама мəлімет беріледі. Бірде 
ол тезек теріп жүрген, отын арқалап жүрген жасөспірім қыз, бірде 
үлкен  кісілермен  ақылды  əңгіме-дүкен  құратын  бойжеткен,  енді 
бірде  ол  Жиреншемен  отау  тіккен  келіншек  болып  көрінеді.  Тіпті 
оның дүниеден өткені туралы да əңгімеленеді. Олай болса, ол өмірде 
болмаса да, хандық заманында, дəлірек айтқанда əз Жəнібек ханның 
кезіндегі қарапайым да қатардағы қазақ əйелінің символдық сипаты 
бар, жиынтық бейнесі деуге болады. 
Қарашаш  –  қазақ  фольклорында  ерекше  бейне.  Ол  –  Қарлыға 
құсап  майданға  араласпайды,  Құртқа  секілді  алдағыны  біліп 
отыратын көріпкел емес, Ақжүніс сияқты батырмен бірге қашпайды, 
Гүлбаршын  тəрізді  басқа  түскенді  көрермін  деп  отырмайды.  Ол 
тіпті Баяннан да, Жібектен де, Айманнан да өзгеше. Бұл арулардың 
бəрі  –  эпикалық  кейіпкерлер,  олар  эпосқа  тəн  сарында  əсіреленіп 
көрсетіледі, олардың шыққан тегі де, тірлік еткен ортасы да басқа, 
атқарып  жүрген  іс-қимылдары  кесек,  яғни  олар  –  романтикалық 
кейіпкерлер. 
Қарашаш  –  кедейден  шыққан  адам,  кəрі  кемпір  мен  шалдың 
жалғыз  қызы.  Ол  үлде  мен  бүлдеге  оранған,  арманшыл  қыз  емес. 
Кəдуілгі қарапайым қазақтың күнделікті жұмысын атқарып жүрген 
жасөспірім  бала.  Отын  жинап,  тезек  теріп,  мал  қайырып  жүрген, 
үйде кəрі ата-анасына қамқор болып жүрген, оларға уақытымен ас-
суын беріп, асырап жүрген бойжеткен. Солай бола тұрса да, Құдай 
дарытқан ақылы мен инабаттылығы арқасында ханға да, қараға да, 
бүкіл елге де қадірлі болып шығады. Оның өмірі – түгел сынақ пен 
жауаптан тұрады. Оны жас кезінде Жиренше де сынайды, Жəнібек 
хан  да  сынайды.  Қарашаш  барлық  сынақтан  сүрінбей  өтеді,  небір 
қиын да күрделі  сұрақтар мен жұмбақтарды ұтқыр шешеді. 
Қарашаш  –  ақылды  əйел,  үнемі  шаруа  тірлігінде  жүреді,  əр 
нəрсені,  қандай  шаруа  болса  да  тыңғылықты  істейді,  алдын-

21
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
ала  ойлап,  істің  немен  бітетінін  ескеріп  отырады.  Әр  жұмысты 
сабырлықпен атқарады. 
Күйеуіне  берген  ханның  орындалмайтын  тапсырмаларын 
ақылмен, тапқырлықпен шешеді. Мəселен, хан оның күйеуіне 100 
еркек  қойды  көктемге  қоздатып  бер  деген  шарт  қояды.  Әйтпесе, 
басыңды  алам  дейді.  Қарашаш  ақылдылығы  мен  тапқырлығының 
арқасында  Жиреншені  ажалдан  алып  қалады.  Сол  сияқты  бір  топ 
сиырды соймай, ішін тазартып бер деген ханның  Жиреншеге берген 
тапсырмасын да тапқырлықпен ұтымды орындап шығады. 
Жалпы,  Жəнібек  ханның  Жиреншеге  берген  тапсырмалары 
тəрізді  сарындар  əлем  фольклорында  да  кездеседі.  Ол  «Трудные 
поручения» деп аталады. 
Қарашаш – өте қайырымды, тəрбиелі, əдепті жас. Жолаушылап 
келе жатқан адамдарға жөнімен сөйлесіп, дұрыс жолды көрсетеді. 
Үйіне  клеген    қонақтарды  əдеппен  қарсы  алып,  қазақ  дəстүрі 
бойынша оларға барлық жағдайды жасап, риза етіп аттандырады. 
Сондай-ақ үйіне келген адамдармен өте əдепті сөйлесіп, олардың 
қойған сауалдарына сабырмен жауап береді, салиқалы əңгіме-дүкен 
құрып, өзінің ақылдылығы мен тапқырлығын көрсетеді. 
Қарашаш  –  Жиренше  мен  Жəнібек  хан  тұсында  өмір  сүрген 
аңыздық  кейіпкер.  Оның  бүкіл  тіршілігі  қазақ  хандығы  заманын 
сипаттайды. Оның атқарған, есте қалған іс-əрекеттері Жəнібекпен, 
Жиреншемен тікелей байланысты. 
Қарашаш туралы аңыздардан сол кездегі мемлекеттің болмысын, 
тəртібін,  ханның  құзіретін,  уəзірлер  мен  қарашалардың  тыныс-
тіршілігін аңдауға болады.  Хан – бүкіл билікті қолына алған басшы, 
мемлекеттің күллі мəселесін өзі шешеді, ақ дегені – алғыс, қара дегені 
– қарғыс. Соғыс кезінде қол бастайды, шайқасқа жасақтармен бірге 
кіреді. Бұл аңыздардан тағы көретініміз: елде, мемлекетте – көбінесе 
тыныш өмір, бір қалыпты өтіп жатқан тіршілік. Кəдімгі ауыл, мал 
бағып жүрген адамдар, міндеттерін атқарып,  хан маңайында жүрген 
шабармандар,  сапардағы  жолаушылар,  тезек  теріп,  отын  жинап 
жүрген өспірім қыздар, бие сауған келіншектер, т.б.
Қарашаш  туралы  əңгімелер  мен  аңыздар  əлем  халықтарының 
фольклорында  кездесетін  «Ақылды  жауап»  («Умные  ответы») 
деген диалог түрінде баяндалатын оқиғаларға құрылады. Әлбетте, 
бұл аңыз-əңгімелер əр халықтың өмір салтына байланысты болып 
келеді,  сол  елдің  тұрмыс-салтын,  тыныс-тіршілігін,  кəсібін,  т.б. 
ерекшеліктерін көрсетеді. 

22
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Біздің де Қарашашқа  қатысты аңыздар Қазақ хандығы тұсындағы 
елдің    тұрмыс-тіршілігінен,  болмысынан,  салт-санасы  мен  əдет-
ғұрпынан  мол  мəлімет  береді.  Мұнда  қоғамдық  та,  əлеуметтік  те, 
рухани  да,  отбасылық  та  мəселелер  көрініс  береді,  сол  замандағы 
адамдардың  тіршілігі,  мінез-құлқы,  олардың  ара-қатынасы  жəне  
хан мен қарашының, билік пен бұқараның ара-қатынасы, не керек 
қазақ хандығы кезіндегі болмыстың көптеген қыр-сыры ашылады. 
Қарашаш  пен  Жиренше  туралы  əңгімелер  мен  аңыздардан  сол 
замандағы отбасылық құндылықтар, қоғамдық əдеп тəртібі жөнінде 
біршама ақпарат алуға болады. Мəселен, 
1.  отбасындағы  ерлі-зайыптылардың  өзара  сыйластығы,  
татулығы, бір-бірін аялауы, құрмет тұтуы; 
2.  қоғамға    құрметпен  қарау,    ел  ағалары    мен  басшыларын 
сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге – ізет көрсету; 
3.  сөз еркіндігінің болуы. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!» 
деген шарттың қолданыста болуы;
4.  некелесу  мəселесінде  жалпыға  ортақ  тəртіптің  болуы, 
зорлықпен  емес,  өз  қалауыңмен  тұрмыс  құру  мүмкіндігінің 
болуы;
5.  əйелдердің топ алдында, билік алдында сөз сөйлеп, өз ойын 
ашық айта алуы;
6.  бала тəрбиесіне ерекше мəн беру, қыз баланы ертеден  отбасы 
болуға  баулу,  ұл  баланы  отбасын,  жарын  қорғауға,  керекпен 
қамтамасыз етуге үйрету, т.б.
Осы  сияқты  көптеген  əдет-ғұрыптың  ХХ  ғасырдың  ортасына 
дейін ел ішінде сақталып, қолданылғанын білеміз. 
Алайда, 
қазақты 
жетілдіреміз, 
Еуропа 
мəдениетіне, 
өркениетіне жеткіземіз деп, Компартия мен Совет өкіметі дəстүрлі 
құндылықтарымызды  қуғынға  салды,  тиым  салды,  сол  үшін 
адамдарды  жазалады.  Нəтижесінде,  орыстандық,  орыс  мəдениеті, 
тіпті  бүкіл  орыстың  əдет-ғұрпы,  салты  «біздікінен  жақсы»  деген 
ұғым қалыптасты, одан үлгі алдық, үйрендік, өзіміздің мұрамызды 
мансұқтадық,  ұмыта  бастадық.  Сөйтіп,  қазақ  жастарында  ұлттық 
құндылықтарға  нигилистік көзқарас пайда болды. Өкінішке қарай, 
біз сол нигилизмнен əлі құтыла алмай келеміз. Тіпті бұрынғыдан да  
өрши түскен сияқты. «Құндылықтар құлдырады» деп небір сорақы 
жəйттерді айтып та,  жазып та жүрміз. Бірақ ондай келеңсіздіктердің 
пайда болуының себебі неде? Мəселе осында!

23

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет