ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
отырып, оларды Хань əулетінің ата жауы – хұндармен өшіктіру. Ретін
тауып, өзара қырқыстырып қойып, берекесін бұзу. Жие-ю ханым бұл
мақсатына жету үшін өзін де, өзгені де аямады. Соның барысында
үйсін мен хұн елі кезек барымталасып, ақыры жауласып тынды».
Тап қазір «қытай ханшайымы саясаты» Қазақстанға сын-қатерін
төндіріп тұрған жоқ. Есесіне мыңдаған қыздарымыз шетелде оқып
жатыр, жұмыс істеп жүр. Осылардың санасы мен жүрегінде туған
елге махаббаттан артық құндылық үстемдік құрмауына алдымен
ата-анасы, содан кейін ер-азаматтарымыз жауапты. Бұған жетудің
формуласын бабаларымыз: «Қызға қырық үйден тыйым» деген бір
ауыз сөзбен түйіндеген. Мəнісі – қыз баланы аялап бақ, ардақтап
өсір, барған жерден бағы ашылсын дегені.
Шынында да, байырғы түркілер табынған құдіреттің бірі – Тəңірі,
екіншісі – Ұмай ана емес пе! Күлтегін тасындағы жазуда:
Əкем Елтеріс қағанды,
Шешем Елбілге қатынды,
Тəңірі төбесіне ұстап,
Жоғары көтерген екен, –
деген жолдар бар. Қағанның есімін құдай қосқан қосағымен қатар
атауы сол заманда əйел мəртебесі өте биік тұрғанын айғақтайды.
Күлтегіннің ел қорғайтын ер атануын Ұмай текті шешесінің бағынан
деп түсінуі де көп жайды аңғартады.
Сайын даламыздың тарихы мен тағдырында арулар өшпес із
қалдырғанын Домалақ ана, Баян сұлу, Құртқа, Ақжүніс, Қыз Жібек,
Айғаным, Зере, Ұлпан, т.б.с.с. аяулы есімдер қаперге салуда. Қыз-
келіншектердің ар-намысын, абырой-беделін ресми билік пен заң,
салт-дəстүр күші қорғады. Қазақ хандары мен сұлтандарының,
билері мен батырларының, датқалары мен тархандарының аналары,
жарлары,
əпке-қарындастары,
қарапайым
қыз-келіншектер
мемлекеттік тəуелсіздікті сақтауға, ұлт-азаттық қозғалысына,
елішілік ынтымақты нығайтуға, саналы ұрпақ тəрбиелеуге баға
жетпес олжа салды. Қазақ хандығында бірінші ханымға артылар
жауапкершілік жүгі ерекше екенін XVIII ғасырда Бұқар жырау:
Бағаналы орда, басты орда,
Байсал орда қонған жұрт.
Мамырасып, ел болып,
87
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Байсалды жайлау табылды.
Көлдей қамқа төсеніп,
Көрікті ханым түскен жұрт, –
деген жолдармен жеткізсе, XIX ғасыр билеушілері Жəңгір
ханның Фатимасы, Кенесары ханның Күнімжаны əлі күнге дейін
халық жадынан өшпеуінен олар заманынан артып туған жандар
екенін ұққанымыз жөн. Хандық дəуірде əлденеше рулардың, жер-
суымыздың аналар есімімен аталуы ұлттық тарихымыздағы ерен
еңбектерінің шағын өтеуі ғана.
Патшалық отарлау қазақ қоғамын аса ауыр қарама-қайшылықтарға
ұрындырды. Соның сорақы көрінісі – əйел мəселесі. Ұлттың
жартысын құрап отырған нəзік жандар оқу-білімнен шет қалғанын,
теңсіздікпен жаншылғанын, рухани-имандық деградацияның кермек
дəмін тата бастағанын, зардабы болашақта алдан шығатынын Абай,
Шоқан, Ыбырай сынды ойшылдар мен Алаш зиялылары айтудай-ақ
айтты. Дегенмен жақсылықтан үмітін үзбеді, сенімін жоғалтпады.
Мұның тамаша айғақ-дəлелі – «Қазақ» газетінің 2 жасқа толуына
орай жазылған құттықтау хаттағы Нəзипа Құлжанованың тілегі.
«Мен қазақ əйелі болғандығымнан, – дейді Н. Құлжанова, – «Қазақ»
газетасының берекелі жұмысын əрі апаруға екінші жылға аяқ
басқанына қуаныш етіп, аз ақшамен ауданды ұлтының игілігіне іс
бастаушыға, оған жолдас, тілектес болып көтермелеп көмегінде
болған барша бауырларыма, көңіл ризалығын білдіріп, тəңірі
жарылқасын айтуды борышым деп білдім». Ұлтымыздың рухы өсіп,
ауқаты артуы, күшеюі үшін қолға алатын істерді былайша тізбелеген:
«Ескі рəсім салған ауырлықты илеп азбастан, еркектің серіктігіне
жарап, жақсылық, жамандықты бірге атқарып келе жатқан, ақылды,
ақ көңіл, көнбіс, кеңшілік, бауырмал қазақ əйелдері, еркекпен
қатар білім білсе, ерлер ұлт үшін жүрген жерінде, оларды қалмай
қатарында жүріп іс етуге жарар. Сондықтан жұрттың теңдікке жетуін
көздеген ардақты бауырларым, сол жұрттың анасы əйелдердің де
ерлерден қалмай, қатарында жұрт ісін етерлік дəрежеге жету жағын
да ескерусіз қылмаңыз!»
88
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Қазақ хандығы тұсында Асан қайғының:
Қадірін жеңге білмесе,
Бойға жеткен қыз ғаріп,-
деген дəстүрінен қуат алған сөз шеберлері отарлық қыспақтың
өзінде қазақ əйелінің мүлтіксіз көркем бейнесін жасай алды.
Поэзия мен музыкадағы махаббат тақырыбы, əйел бейнесі кіршіксіз
тазалығымен, жан тебіренткен əсерлігімен Батыс пен Шығыстың
үздік шығармаларынан асып түспесе, бір мысқал кем емес. М.
Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы, Б. Майлиннің «Шұғаның
белгісі» повесі, М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнəсі» əңгімесі
қазақ қыз-келіншектеріне қамал-қорған болу ниетінен, қатыгез,
зорлықшыл билік пен қоғамдық қатынастарды əшкерелеу идеясынан
туындаған мəңгілік шығармалар. «Бақытсыз Жамал» 1910 жылы
жарыққа шықты. Араға 4 жыл салып, «Қазақ» газеті «Роман не нəрсе»
атты ғылыми-көпшілік мақала жариялаған екен. Мақала авторы
Арысұлы «роман адамзаттың өмірін, дəуірін бұлжытпай көрсетуші
баға жетпес айна» деген анықтаманы алға тарта отырып, тұңғыш
қазақ романын ұлттық əдебиеттегі «тəуір қызметке» санайтынын
білдіреді. «Мұнда, – дейді ол, – қазақтың қай жерінде болса да,
малға қызығып иə партияға қызығып қыздарын жастай күйеуге беру
жайы бар, ысырапқа ақша шашып, жақынымен араздасу, қызын
сүймегеніне жылатып ұстап беру, бұған шыдай алмай қыз теңін
көксеп қайғыға бату бар. Ата-анадан күдер үзген соң, өз теңімен
қашу бар. Ақырында қорлық көру бар. Мұнда бар: шала молла да,
жаңа мұғалім де, бар мұнда ақсақал да, би де, болыс та, тілмаш та,
орыс та, өтірікке куəлік бергіш указни молла да. Мұнда бар һəр
түрлі əйелдер, бозбалалар, ойын сауықтар. Осылардың мархаматы,
зорлық-зомбылығы қазақтың рəсімі көрсетілген. Мұнда партиа да,
партиаға құмарлар да, ел арасын бұзушы қулар да, барымта да бар».
Әйел мəселесін кеңестік жылдар шеше алмады. Сталиндік
қуғын-сүргін мен соғыстар Қазақстанды жетімдер мен жесірлер
өлкесіне айналдырды. Хрушевтік тың игеру мен брежневтік тоқырау
арақты судай ағызумен көмкеріліп, ажырасу, тастанды бала сынды
жағымсыз құбылыстарды асқындырды. Мұқағалидің «Жетімдерміз»
өлеңі, Алтынбектің «Қара бала» əні сол ауыр дерттердің сыртқа
шыққан мұң-зары.
89
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Әрине, азды-көпті ілгерілеу болғанын жоққа шығармаймыз.
Білім-ғылымда, материалдық өндіріс саласында, қоғамдық-саяси
өмірде қыз-келіншектердің саны да, үлесі де, үні де зорайғаны
рас. Ал қазақ əйелінің ең басты ерлігі не еді деген сұраққа келсек,
ол – 1931-1933 жылдарғы алапат ашаршылықтан демографиялық
апатқа ұшыраған ұлтымызды жоқ болып кетуден сақтап қалғаны.
1959 жылы Қазақстанда халықтың 29%-ын құраған қазақтың үлесі
бүгінде 70%-ға жақындады.
Біздің аналарымыз қандай қиын-қысталаң шақтарда да халықтың
табиғи өсімін биік деңгейде сақтап қалғанын, ұрпағын жөргегінен
ошағына, Отанына адал рухта тəрбиелегенін елемеуге қақымыз
жоқ. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында большевиктер жүзеге
асырған халық шаруашылығын индустриаландыру саясаты да бұл
үрдісті тоқтата алмады. Қазақ əйелдері колхоз-совхоз өндірісіндегі
жұмысқа жаппай тартыла жүріп, кенттік психологияны бойына
сіңіре отырып, балалы үйдің базарын тарқатпады. Күні кешеге дейін
қазақи отбасының əрқайсында орта есеппен 6-7 қарадомалақ жарыса
өсіп келе жататын. Тап сол тоқырау жылдары Балтық бойындағы
республикаларда, ресейлік ірі қалаларда табиғи өсу мəселесі өткір
қойыла бастаған еді.
Қазақ əдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің мына
тұжырымында ақиқат жатыр: «Мақтасақ, əйелді мақтайық та,
құрметтейік те əйелді. Әйел – ана, барлық қиындықты жеңетін
сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе!.. Бұл шындық қой. Үйткені
қай анадан сұрасаң да: – Біз өлімнен күштіміз. Біз дүниеге ақын да,
ақыл да, данышпан да, ер де береміз. Өлім адам баласын құртуға
тырысса, біз оны жеңіп, адам баласын көбейттік! – демей ме!..».
Демек, бүгінгі азаттығымыздың адами факторын аналарымыз
қалыптастырды. Апат қаупін сейілткен де, ажалды жеңген де қазақ
анасы. Ендеше 1991 жылы жарияланған Тəуелсіздіктің анасы да –
қазақ əйелдері. «Орнында бар – оңалар» деген – осы.
Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарына көз жүгіртіп, құлақ
тіксеңіз, қазақ қыз-келіншектерінің атына ауыр сөздер айтылып, кінə
тағу жиілеп кеткенін байқау қиын емес. «Шетелдіктердің қолтығында
кетті, тəнін сатып жүр, көкектен айырмашылығы қалмады», – дейді.
Рас, дауласпаймыз. Бірақ ақиқаттан алшақтамайық. Біріншіден,
жезөкшелік – мейлінше көне кəсіп. Әзірге ол кедей елдерде ғана емес,
шылқыған бай Америкада да жойылған жоқ. Екіншіден, қазақ қыз-
келіншектерінің моральдік деградацияға ұшырағанына ең алдымен
90
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
өзіміздің жігіттеріміз, ер-азаматтар кінəлі. Жұмыссыздықты
сылтауратып, саусағының ұшын қимылдатпастан жанын аяласа,
етін ауртпаса, бар жауапкершілікті əйелінің мойнына артып, базар
жағалатып жіберсе, əрине, атам қазақ айтқандай, бақпаған мал
кетеді, қарамаған қатын кетеді. Сонда да ештен кеш жақсы деген.
Әлі сүйекке сіңе қоймаған бұл дерттің алдын алуға мүмкіндік бар.
Осыдан 40-50 жыл бұрын сексуалды революция Батыс Еуропаны
да жайлаған еді. Біліктілікпен жүргізген саясат арқасында сабасына
түсіп, басылды ғой. Біз де құтылармыз.
Тəуелсіздік жəне əйелдер үйлесімін қозғағанда, екі міндетті
шешу қажет деп білемін. Бірі қыз-келіншектер бойындағы
қабілет-қарымның ашылуына қолдан келгенше жағдай туғызу,
түрлі бөгесіндерді жұлып тастау, екіншісі – аналар алдындағы
ғасырлар барысында қордаланған қарыз бен парызды қалтқысыз
өтеу. Қос міндетті атқару негізінде бүгінгі таңда өте-мөте өзекті
болып табылатын əйелдерге қатысты жұмыссыздықты, алалауды
(дискриминация), зорлық-зомбылықты ауыздықтап, тастанды бала,
жетім бала, жезөкшелік, əлеуметтік ауру тəрізділерді біржолата
жоймасақ та, əлдеқайда бəсеңдетуге мүмкіндік бар.
Осы орайда бір ғана ұсыныс жасағым келеді. Ғасыр соңына
дейін анықталған ұлттық идеямыз «Мəңгілік елдің», 10-15 жылға
жоспарланған «100 нақты қадамның» көздегені – дамыған мемлекетке
айналу, бақытты өмір сүру. Ендеше алдағы арман-мұратымыздың,
кешегі күндер үшін өтелген қарыздың нышанындай кемел ескерткіш
кешенін – ана мен баланың Абай, Мағжан, Сəкен суреттеген мүсінін
бағаналы орда, басты орда – Ақ Орданың алдына неге тұрғызбасқа.
Министрліктер үйіне дейінгі тап сол кеңістік қазіргідей қаңырап
бос тұрмай, еліміздің бас алаңына айналуы керек қой. Бас алаңдағы
көрікті ханым – ана мен бала мүсіні Қазақстандағы халықтың,
биліктің, берекенің ынтымағын баршаға мойындатуға қызмет етері
сөзсіз.
91
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Серік НЕГИМОВ,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті Қазақ əдебиеті
кафедрасының профессоры,
филология ғылымдарының докторы
ҰЛТ ТАҒДЫРЫ МЕН РУХАНИЯТЫНДАҒЫ
БОПАЙ ХАНЫМ
Сонау сақ заманындағы мемлекет тізгінін ұстаған Тұмар
патшайым мен Зарина сұлудан бастап, оғыз-қыпшақ дəуіріндегі
ел басқарған жеті ару (бұған мысал даңқты əйелдерге арналған
кешендер Көк-Кесене, Бикен мұнара, Белең ана, Болған ана,
Жұбан ана, Баршынның көк кешені) Алаша ханның ханымы –
Ханбибі, Абылай ханның ержүрек қызы – Айтолқын, Бəсентиін
Малайсары батырдың қызы, Қаракерей Қабанбайдың жары – Гауһар
батыр, қос асылдың құдіретінен жаралған Назым қыз, Сүйіндік
Олжабай батырдың анасы – Есенбике, Емельян Пугачев соғысына
қатысып, «қыздың пірі», «сиқыршы», «киелі», «Көктемір», «ақ
сағым» атанған Табын Сапар (Сапура) Мəтенқызы, ұлы күйші
Құрманғазының жан-жүрегін толқытқан қыз Данай сынды қыран
жүректі сұңқарлардың сапында 1838-1847 жылдардағы қазақтың
ұлт-азаттық қозғалысының жалынды ұйымдастырушысы, ұлы
қолбасшы Кенесары Қасымұлының қайраткер қарындасы, дала
көкжалы, «Алланың шын жаратқан тамашасы» Бопай ханымды
айрықша атауға болады.
Ол күйеуі Сəмеке мен оның жақындары Сартеке пен Досан
Әбілқайыровты Кенесары жасақтарының құрамында ел тəуелсіздігі
үшін күреске шақырса да, олар азар да безер болып, үзілді-кесілді
бас тартады. Хан кеңесінің мүшесі шарболатша шамырқанған Бопай
ханым 600 сарбаздан құралған (сұрыпталған) топты ұршыққа үйіріп,
шоқтай иіріп, шеберлікпен басқарды. Наполеон айтқандай, жоғары
жауынгерлік рухқа ие менің бір солдатымның өзі үш солдатқа татиды
деп. Бопай ханым жасағының əрқайсысы мың кісіге татырлық еді.
Кенесары əскерін жабдықтаумен шұғылданды, халықтан зекет
жинады. Кенесары Қасымұлы құрған хандықтың сыртқы жəне ішкі
саясатына барынша белсенді араласып, жан аямай қызмет етті.
Бопай ханым индивидуалдық ерекше қасиеттерге ие. Оған
заманның қара дауылына қарсы ұшатын туа бітті өжеттік
92
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
(характер), көсемдік, жеңіске деген сенім, қатерлі шақтарда өзін-
өзі ұстайтын салқындылық, болаттай жігер-қайсарлық, магиялық
қуат, жинақылық, өз ісіне шеберлік, шабыттандырарлық əсерлі
шешен сөз, тəртіптілік, энтуазиазм (ынталылық), оптимизм (дүниеге
сеніммен алға ұмтылушылық) тəн.
Атақты оқымысты-тарихшы Ермұхан Бекмаханов «Қазақстан
ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» дейтін еңбегіндегі мынадай
деректерді сөйлетелік: «Өзінің əскери ерліктерімен Кенесарының
қарындасы Бопайдың да даңқы шықты. Ол көтерілістің алғашқы
күндерінен-ақ оның белсенді қатысушысына айналды. Ол өзінің
күйеуі Сəмеке мен оның туыстары сұлтан Сартеке жəне Досан
Әбілқайыровтарды да көтеріліске қатысуға шақырған екен.
Олар келісім бермеген соң Бопай 1837 жылы өзінің күйеуін жəне
оның туыстарын тастап, өзімен алты баласын алып, өз тағдырын
көтерілісшілер тағдырымен біржола қосады.
Бопай зекет жинайтын жəне көтеріліске қосылмаған сұлтандардың
мүлкі мен азық-түлігін тартып алатын 600 адамдық ерекше топты
басқарды.
Бопайдың Арғын руына зекет жинауға келгені туралы жансыз
Самрат Мамаев былай деп хабарлайды: «Кенесары төлеңгіттерімен
бірге Кенесары ісіне қатысуымен қырға кең танылған, оның əпкесі
Бопай да келді».
Осымен қатар, Бопай Кенесарының барлық ірі шайқастарына
қатысты жəне өзі де жау тылына партизандық жорық жасайтын.
Бопай Кенесарының барлық кеңестеріне қатысып отырған, ал
Кенесары Бопайдың ақыл-кеңестеріне құлақ асқан.
Бопайдың ұлы – Нұрқан да көтерілістің белсенді қатысушысы
болды. Патша отрядтарымен болған бір шайқаста ол тұтқындалады.
Оның ержүректігі туралы жүзбасы Лебедев былай деп жазды:
«Біздің қолымызда қазір қолға түскендер – Кенесарының туған
жиені, оның қарындасы Бопайдың баласы, сұлтан Төрехан (Нұрхан –
Е.Б.) Сəмекин, Тұңғатар болысының құрметті биі – Инемнің шəкірті
Айдарбек Қуандықов жəне Кенесарының төлеңгіті – Сəрсенбай бар,
олардың алғашқысы жанұшыра қарсылық көрсетуі нəтижесінде
қатты жараланған».
Хан Кененің жасыл туының астында ұлт қаһармандары
Шұбыртпалы Ағыбай, Алтай, Төлебай, Бестақбалы, Бұқарбай,
Қыпшақ Иман мен Басығара, Дулаттан шыққан Сұраншы, Жəуке,
Байсейіт, Бағаналы Құдайменді, Табын Бұқарбай мен Жоламан,
93
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Тама Танаш, Шəкір, Толыбай, Бұғыбай, Тоғанас, Тобылды, Таймас,
Жоламан, Әнеке, даңқты Наурызбайлардың қатарында Бопай ханым
1838 жылы Батыс-Сібір губернаторлығына қарасты Солтүстік-батыс
өңіріне өтіп, нəтижелі жорықтар жасаған-ды. Бұл орайда Ілияс
Есенберлин «Қаһар» романында Кенесарының қарындасы Бопай
туралы елдің сөзін еске салады:
«Қатын құтырған заман болды ғой осы кез... Сырымбет
қырқасынан байын, малын тастап алты баласымен Кенесарының
қарындасы Бопай да барып қосылды деген де рас па?
- Рас. Қасымның ұлдары арлан қасқыр болса, қыздары қаншық
бөрі емес пе. Бопай қазір қолына найза алып бір топ жігіттерді
басқарады деседі. Күйеу жұрты, Уəли ханның ауылын шабамын деп
тісін қайрап жүрген көрінеді.
- Бопай келіп ағасының тобына қосылса Жанайдар батыр да со
жерде десеңізші...
- Неге?
- Жанайдар мен Бопай жас кездерінде Қозы Көрпеш пен Баян
сұлудай болған жоқ па еді? Тек Қасым төре Жанайдарды қара қазақ
деп Бопайды оған бермеген. Алты бала тапса да Бопай Жанайдар
десе ішкен асын жерге қояды деген өсек бар. Екеуінің басы Кенесары
ордасында қосылған болар».
Әрі қарай жазушы ұлт тағдырын, жер-суының жайын, ой-парасат
биігінен терең ойлайтындығын жəне отаршылдықтың бұғауына
көнбейтіндігін тарихи шындыққа сəйкестендіріп суреттейді:
- Ақ патшаға жағынып, жаны шығып жүргенінің өзі де сол
емес пе? – деді Бопай сəл қабағын шытып, – патша жандаралдары
бекініс салып, келімсектеріне аздаған үлес бергені болмаса,
жердің шұрайлысы əлі де Сəмеке, Нұралы, Бөкей, Уəли хандардың
ұрпақтарында ғой. Мал үшін олар қазақтың жері түгіл, жанын
берер. Бірі бүкіл Есіл, Нұра бойын жайласа, бірі сонау Сырымбет
тауының, Құсмұрын мен Шұбарға дейінгі кең алқабын алып жатыр.
Ал өзгелері бір Уəли ханның ана Айғаным қаншығы жайлап отырған
бөктерге үш болыстың малы сыяды, – Бопай кенет ағасына ашулана
қарады. – Қашанғы ол қаншықты басымызға шығарып қоямыз?
Қоңырқұлжадай оны да шабатын мезгіл жетті, жібермейсің бе
бір батырыңды.
Кенесары қасқыр көрген бүркіттей түйіле қалды.
- Қатын аулын батыр шаппас. Қайын атам жұрты демесең өзің
шап!
94
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Табылған сөзге үйдегілер шу ете қалды.
- Жөн.
- Тапқан ақыл.
- Қатынды қатын шаппаса, батыр шапқаны ерсі.
- Уəлиханның аулына жолай соғасың, – деді Кенесары аз сөйлей,
– ең алдымен арғы беттегі Аманқарағай приказының малын бері
айдап өтесің.
Қуанғаннан Бопайдың екі көзі жарқ етті.
- Мен дайын.
«Орыстың шекпеніне елін сатқан шолтаңдаған билердің», ұлт
намысын ойыншық қылған, жеке бастың мүддесін құнттаған, ел
келешегіне ой көзімен қарамайтын, алдамшы қызыққа берілген
опасыз жандарды Бопай ханым кешірмейді. Ол – ұлы мақсаткер,
дарабоз қайраткер. Сондықтан да Бопай ханымның тегеуірінді,
екпінді қаһармандық қимылдарына, батырлық тұлғасына арыстан
туған Хан Кененің көңілі шат, рухы да асқақ.
...Бір жеті өтісімен алты жүз жасақ ерткен Бопай алдымен
Аманқарағай приказын, содан кейін Сырымбет тауындағы
Уəлиханның бəйбішесі Айғанымның ауылын шапты. Кенесары
қолы Көкшетау жақты шауыпты. Ескі кек қайтқандай. Ал батыр
қарындасы Бопай Сырымбет саласындағы Уəлиханның жесірі
Айғанымның кең сарай алты ағаш үйінің күлін көкке ұшырып,
қоймасындағы басулы кигіз, иленген терісіне дейін қалдырмай
барын сыпырып əкеп, ата кекті бір қайтарды. Енді Кенесары
көңілденбегенде кім көңілденбек? Құдай абырой беріп Ақмола,
Ақтау бекіністері де тез алынды. Осы жеңістердің арқасы ғой,
енді Қараөткел, Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл өкіріктерінің кей
ауылдары бірден Кенесары жағына шыға бастағаны».
Атқа қонған, атақонысты қорғаған Бопай ханымның теңдессіз
ерлігі мен жанкештілігі – ұлт рухының керемет көрінісі. Хан Кененің
жəне оның серіктес нояндарының түпкі мақсаты – ежелгі қазақ
елінің тəуелсіздігін, дəстүрін, қуатын қалпына келтіру.
Ұлы суреткер М.О.Әуезовтің «Хан Кене» атты бес перделі
тарихи драмасы «езіліп бара жатқан елдің жоғын жоқтап жүрген»
Кенесарының ерлік күресіне арналған. Мұндағы басты кейіпкер
– Хан Кене, сонан соң жас батыр Науан (Наурызбай), Ағыбай,
Бұқарбай, Жоламан, қолбасы Бұғыбай, Шеген би, Бопай, Дулат
елінің Рүстем, Сыпатай, Байұзақ секілді көшбастаушылары мен
қырғыз батырлары Кəрібоз бен Жаманқара бар...
95
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Қасымның асына жиналған жамағат. Хан Кене бастаған топтың
қостаушылары батырлар, шынжырлы балуандар, қобыз бен сыбызғы
ұстаған жыршы ақындар, əнші-күйшілер... Шеген бидің сөзімен
сипаттасақ, «алыстан тоят тіленіп, қасқарып ұшқан қырандарың
осылар». Абылай ханның жолын берсін деген тілеуқорлар.
Иə, осы бір драмада жігіт өнерін сынау бар. Яғни садақ кезеніп
жамбы ату. Оғыландар дəл көздеп жамбыға тигізе алмай əуреге
түскенде Бопай ханым табанын тасқа тіреп жамбыны ұшырып
түсіреді. Құралайды көзге атқан мергендік деген осы. Бопайдың
батырлық тұлғасынан елес береді.
Науанға Қырғыз елшісі Жаманқара «қазақты ел қылар сиқыр
жоқ» дегенде, ол оны сол жерде жайратып салады. Сонда ақылман
Бопы ханым «Қате болды-ау?!» деп өкінеді.
Бұ да қырық істің қисынын табатын Бопы ханымның
салиқалылығы! Бір заманда Оғыз қағанды жарық дүниеге жасын
отындай жалтылдатып əкелген анасы Айқағанды ардақтасақ,
бір топ батыр перзенттерді киіз туырлықты қазаққа сыйлаған
Бопай ханымның анасы, Қасым сұлтанның асыл жары Шолпан
жұлдызындай алтын құрсақ Айкүмістей анадан айналдық.
Шəрбану БЕЙСЕНОВА,
жазушы, Халықаралық «Алаш»
əдеби сыйлығының лауреаты,
Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері
СҮЙІНБИКЕ – ҰЛЫ ДАЛА АРУЫ
Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына орай өткізіліп
отырған бұл мəртебелі жиында халқымыздың өткен тарихындағы
белгілі ару-тұлғалар туралы бізге де айтуға мүмкіндік туғанын өзіме
зор қуаныш санаймын.
Ас қадірлі жиын алқасы, конференцияға қатысушы зиялы қауым,
мен сіздермен тарихта бедерлі ізі қалған Сүйінбике ханым жайлы ой
бөліскім келеді.
Сүйінбике патшайым жөнінде не білеміз? Білгенімізді еске
түсіріп ойланып көрелікші.
|