М.М. Қосыбаев
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті,
PhD-докторанты
Әлем бейнесін
қалыптастырудағы
тілдің орны
Аннотация
Мақалада тіл иесі адамның күллі дүние, әлем,
ғалам туралы білімдерінің жиынтығын санамалап
саралауда
антропоцентристік
лингвистикалық
зерттеудің мүмкіндігі жоғары екендігі сөз етіліп, осы
бағытта пайда болған әлем бейнесін қалыптастыру-
дағы тілдің алар орны көрсетілген.
Түйін сөздер: антропоцентризм, әлем бейнесі,
тілдік негізі, концептуалдық бейнесі.
Тіл білімі тарихында XIX-XX ғасырлардағы
дәстүрлі тарихи-салыстырмалы және XX ғасырдағы
жүйелік- құрылымдық парадигмалардан кейін, XXI
ғасыр тіл білімінің басты парадигмасы болып
табылатын антропоцентристік парадигма пайда
болды. Тарихи салыстырмалы тіл білімі тілдердің
генеалогиялық туыстығы мен өзара қарым-
қатынасын, тілдік одақтар мен тілдік топтардың
жалпы сипатын анықтаса, құрылымдық тіл білімі
жекелеген тілдердің ішкі құрылымдық жүйесінің
таза тілдік табиғатын ашып, нәтижесінде тіл білімі
ғылымының
теориялық-методологиялық
негізі
қаланды. Алайда бұл бағыттағы зерттеулерде тіл
бірліктері ауқымды таңбалық схемаға бағынды-
рылып, тілдік жүйенің өз ішінде қарастырылды.
Адам және оның таным әлемі, салт-санасы,
қоршаған ортасы мен ғасырлар бойы жинақтаған іс-
тәжірибесі,
рухани
өрісі
зерттеу
нысанына
алынбайэкстралингвистикалық факторлар қатары-
нан
табылды.
Бұл
жағдай
лингвистикалық
зерттеудің ғылыми методологиясында біржақ-
тылықты (грамматикалық) қалыптырса да, уақыт өте
келе заман талабы тіл феноменін тілдің өз ішінде,
тілдік жүйенің өзіндікa заңдылықтары тұрғысынан
зерттеу жеткіліксіз екенін көрсетті. Ақпараттық
технология үстемдік етіп, жаhандану үрдісі кең
қанат жайған қазіргі заман тілді «Табиғат-Адам-
Қоғам» үштігі контексінде, адам болмысымен этнос,
ұлт, халық сияқты тілдік қауымдастықтың тарихи-
мәдени, саяси-әлеуметтік өмірімен біртұтастықта
қарастыруды талап етеді.
Антропоцентризм (гр. anthropos – «адам», лат.
centrum -орталық) – адам феноменін ғаламның басқа
да феномендеріне қарсы қоя отырып, адамды
ғаламның орталығы ретінде танытатын, дүниедегі
болып жатқан процестердің мақсатын адам
факторымен байланыстыратын ғылыми бағыт [1, 8].
Ал тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы
зерттеулердің нысаны таным объектісінен (тіл,
сөзден) сол тілді тудырушы, қолданушы, жарыққа
шығарушы адам – субъектіге ауыстырылып, тілдік
236
конструкциялар дүниені «адам призмасы» арқылы көрудің, танудың дәйектемелік негізіне
алынады, «тіл мен адамның» аражігі бөлінбей, біртұтастықта сипатталады. Басқаша
айтқанда, қазіргі заманғы лингвистикалық зерттеулер объектіден субъектіге қарай бет
бұрып, тіл – субъектінің ең басты конститутивтік белгісі ретінде қарастырылады [2, 17].
Тіл иесі адамның күллі дүние, әлем, ғалам туралы білімдерінің жиынтығын санамалап
саралауда антропоцентристік лингвистикалық зерттеудің мүмкіндігі жоғары.Осы бағытта
пайда болған ұғымдардың бірі – әлемнің тілдік бейнесі.
Жалпы терминнің тілдік негізін қарастырмастан бұрын, әлем бейнесі ұғымына
тоқтала кетейік. Әлем бейнесі адам баласы пайда болған шақтан бастап қалыптасып,
алғаш ғылыми тәжірибелер көне грек философтары Фалес, Анаксимандр, Анаксимен
(б.з.б. VI ғ.) тарапынан бастау алды. Көне грек философтары үшін әлемді тану және оның
бейнесін анықтау өте маңызды болды. Мәселен әлемнің негізін Гераклит от деп санаса,
Пифагор бойынша сандар жүйесі деген сияқты ойлар адам баласының әлем жайлы
түсінігінің қалыптасуына жол ашты. Ал «әлем бейнесі» терминін XIX ғасырдың аяғымен
XX ғасырдың басында заттардың құрылымы жайлы мәлімет беретін, сыртқы заттардың
ішкі бейнесі ретінде физика ғылымында алғаш рет Г.Герц қолданды [3]. М. Планк өзінің
«Единство физической картины мира» деген еңбегінде практикалық әлем бейнесі мен
ғылыми әлем бейнесінің айырмашылығын тілге тиек етіп, әлем бейнесі – обьективті
шындықтың көрінісі екенін сөз етеді [4]. А.Эйнштейн «Человек стремится каким-то
адекватным способом создать в себе простую и ясную картину мира для того, чтобы
оторваться от мира ощущений, чтобы в известной степени попытаться заменить этот мир
созданной таким образом картиной» деп,әлем бейнесінің қалыптасуы әр адам өміріндегі
қажет және заңды құбылыстардың бірі екенін атап көрсетеді [5, 136]. Орта ғасыр
мәдениетінің ерекшеліктерін кеңінен зерттеген А.Я.Гуревич «модель» терминімен «әлем
бейнесі», «әлем моделі», «әлем көрінісі» сынды ұғымдардың мағыналас екенін айта келіп,
әлем бейнесін адамдардың танымында ақиқат шындықты қабылдап өзіндік әлем образын
қалыптастыруға себеп болатын «координаттар торы» (сетка координат)іспеттес көреді.
Оның пайымдауынша әлем бейнесінде кез-келген мәдениетке ортақ болып табылатын
элементтер кездеседі (уақыт, кеңістік, сандар жүйесі т.б.) бірақ ол жалпы ұғымдарға
белгілі бір нақты тарихи және этникалық сипат тән. Белгілі бір қоғамдық топтардың өзіне
тән ерекшеліктерін тіл жарыққа шығарады [6, 58]. Әлем бейнесі деген ұғым адам
баласының қоршаған орта мен дүниеге деген өзіндік көзқарастарын зерттеуге негізделеді.
Олүнемі даму үстінде болатын әлем жайлы көзқарастар мен мағлұматтар жүйесі.
Ғалымдар әлем бейнесінің алуан түрлілігін сөз ете келіп, қанша әлем (ақиқат, шындық,
адам, табиғат, қоғам) болса, сонша әлем бейнесі болатындығын айтады. Демек, айнала
қоршаған дүние немесе адам мен оның өмір сүретін ортасы өзара бір-бірімен байланыста
болса, әлем бейнесінің концептуалды негізі адам мен оның ортасы жайлы ақпараттарды
өңдеудің нәтижесі. Әлемді ғылыми тану әртүрлі таным өрісіне байланысты өзіне тән
ерекшеліктері негізінде жүзеге асады. Яғни физикалық, химиялық, биологиялық,
философиялық, мәдениеттанымдық, семиотикалық, лингвистикалық тағы да басқа
ғылыми бейнелердің барлығы заңды құбылыс. Бұдан «әлем бейнесі»өте күрделі үнемі
өзгерісте болатын процесс және тек бір ғана емес бірнеше ғылым салаларының негізгі
ұғымдарының бірі екенін байқауға болады.
Антропоцентристік лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі - әлемнің немесе
дүниенің тілдік бейнесі көптеген зерттеушілердің зерттеу нысанына айналды. Мәселен
әлемнің тілдік бейнесі шетел ғалымдары Ю.М.Караулов, А.А.Уфимцева, В.И.
Поставалова, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия, Г.В.Колшанский, Л.О. Чернейко т.б.
еңбектерінде әр қырынан қарастырылып келсе, қазақ тіл білімінде Э.Д.Сүлейменова,
Ж.Манкеева, К.Хұсайынов, Г.Сағидолда, А.Ислам, Б.Ақбердиева, Г.Снасапова,
Ш.Елемесова және басқалардың еңбектерінде жан-жақты зерттеліп келеді. 1820 жылы 26
маусымда В.Фон Гумбольдт әлемнің тілдік бейнесі туралы алғашы рет Пруссия
академиясында сөз етті. Ол «О сравнительном изучении языков применительно к
237
различным эпохам их развития» деп аталатын баяндамасында ой мен сөздің өзара
тәуелділігін айта келіп, «... языки, собственно, являются средством не для того, чтобы
представлять уже открытую истину, но скорее для того, чтобы обнаруживать до того не
открытую. Их различие есть не различие звучаний и знаков, но различие самих картин
мира. В этом содержится причина и последний смысл всякого изучения языка» [7, 12] деп,
тілдің дүниені танудағы орнын көрсетті. Жаңа гумбольдшылардың пайымдауынша,
әлемнің тілдік бейнесінің ерекшелігі көптеген ұзақ тарихи дамудың ерекшелігі емес.
Олардың түсінігі бойынша, тілдің көмегімен адам өзін қоршаған әлемнен бөлек өзге де
ерекше әлем қалыптастырады. Белгілі бір тілде сөйлеушінің дүниетанымы заттар мен
құбылыстарды, өмірді немесе уақыт пен кеңістік аралығын обьективті сипаттаудан
анағұрлым өзгеше болып тұрады. Себебі ол обьективті дүниенің субьективті көрінісі
ретінде қарастырылады деген тұжырымдамалар лингвистика ғылымында орын алған.Ю.Н.
Караулов әлемнің тілдік бейнесі ұғымының терминдік анықтамасына байланысты
ғалымдар тарапынан айтылған пікірлерде метафоралық сипат басым екенін сөз етеді [8].
Сол себепті «әлемнің тілдік бейнесі» терминіне толығырақ тоқталуды жөн көрдік.
В.А.Маслова «Языковая картина мира отражает национальную картину мира и может
быть выявлена в языковых единицах разных уровней» [9, 51] дей келіп, «әлемнің тілдік
бейнесі» деген ұғымның өзі – метафоралық қолданыс» дейді. Ғалымның пайымдауынша,
белгілі бір ұлттың қоғамдық саяси-тарихи тәжірибесі жөніндегі жинақталған мәселелер,
тілінің ерекшеліктері, шындығында да сол тілде сөйлеушілерге объективті дүниеден өзге
қайталанбас дүние бейнесін жасамайды, тек заттар мен құбылыстардың, іс-әрекеттердің
ұлттық болмыспен ерекшеленетін, өзіне тән нақышы бар дүниені қалыптастырады. Л.О.
Чернейко әлемнің тілдік бейнесін «адам баласы игерген пән мазмұнының жиынтығы» [10,
20-21] десе Л.Н. Гумилев пен Ю.С. Степанов белгілі бір этностың этникалық стереотиптік
көзқарасынан сыр шертетін салт-дәстүр, наным-сенімдер жиынтығы деген пікір айтады
[11,81; 12,474]. Ол рас,әрбір халық әлемді оларды қоршаған заттарды өзінше елестетіп,
қабылдайды. Себебі, әр елдің тарихы, төл мәдениеті, ұлттық таным мен талғамы, тілі, діні
әртүрлі болып келеді. Тіл адам үшін тек қарым-қатынас және танымдық қызмет атқаратын
механизм ғана емес, ақиқат әлемі туралы ақпарат беретін де саналы құбылыс. С.Т. Тер-
Mинасовапайымдауынша адамды қоршаған әлем жайлы түсініктердің негізгі шынайы
әлем бейнесі (адамзат баласынан тыс жатқан, адамды қоршаған әлем, объективті
шындық), мәдени әлем бейнесі (ұжымдық және индивидуалдық санада екшелген
түсініктер мен ұғымдар «призмасы» арқылы шынайы әлем бейнесінің көрініс беруі),
тілдік әлем бейнесі (мәдени әлем бейнесі арқылы шындықты бейнелейді) сынды үш
формасы бар. Яғни «тіл мен мәдениетті өзара тығыз байланыстағы біртұтас құбылыс»,
«тіл-мәдениеттің құрамдас бөлігі, дәл сол сияқты мәдениет те тілдің құрамдас бөлігі»
десек, әлемнің тілдік және мәдени бейнелері өзара үздіксіз қарым-қатынаста, үзіліссіз
ықпал әсерде болады [13, 41]. З.Д. Попова әлемнің тілдік бейнесі жайлы«халықтың
ақиқат-шындық жайлы түсініктерінің белгілі бір даму кезеңіндегі тіл бірліктерінде
сақталған жиынтығы» деген тұжырым айтады [14, 6]. Яғни әлемнің тілдік бейнесі белгілі
бір этностың қоғамдық, топтық немесе жекелеген танымында ақиқат жайлы ақпарат
беретін заттар мен құбылыстардың жиынтығы ретінде қалыптасып, концепт ретінде
сақталған білім мазмұны. Ол кез келген ұлт өкілдерінің шындық болмысты танып білу
айнасы. Тілдік бірліктің тарихи негіздері халықтың болмысымен тікелей байланысты
түрлі «мәдени кодтарды» жеткізуші, ұлттық сана-сезімді өз бойына сақтаушы тілдік таңба
болып табылады. В.В. Иванов пен В.Н. Топоров барлық халықтарға ортақ сипаттағы
семантикалық қарама-қайшылықтар негізінде әлем моделін сипаттауға болатындығын сөз
етіп, ежелгі заман славяндар әлем моделін «ақ-қара, алыс-жақын, жоғары-төмен, шығыс-
батыс, күн-түн, ұл-қыз, аспан-жер, от-су, оң-сол, түзу-қисық, үлкен-кіші, тәуелсіз-
бағынышты, бақыт-қайғы, таза-кір, оңтүстік-солтүстік т.б.» деген сынды семантикалық
оппозицияларды атап көрсетеді [15, 6].
238
Лингвист ғалымдар арасында «әлемнің концептуалдық бейнесі» мен «әлемнің тілдік
бейнесінің» ара-жігін ашуда бірізділіктің жоқтығы ғылымда белгілі. Ю.Н. Караулов
«границы между языковой моделью мира и концептуальной моделью мира кажутся
зыбкими, неопределенными» деп, олардың айырмашылықтарын дәл белгілеу мүмкін емес
екендігін сөз етеді [16, 38]. Ал В.Н. Телия «тіл өзінің мағыналар жүйесі және олардың
ассоциациялары арқылы әлемнің концептуалды моделіне ұлттық-мәдени реңк дарытады»
деп, тіл мен концептуалдық әлем моделі арасындағы байланыс тілдік бірліктердің
мағынасына тәуелді болатынын атап көрсетеді [17, 135]. Б.А. Серебринников,
А.А.Уфимцева, Е.С. Кубрякова т.б. сынды ғалымдар әлемнің концептуалдық бейнесі
тілдік бейнеге қарағанда бай деп есептейді. Халықтың әлемге деген көзқарасы жеке және
қоғамдық сана негізінде қалыптасады. Әлемнің концептуалдық бейнесі әрбір адам
санасында әртүрлі дәрежеде орын алып, тілінде түрліше көрініс табады. Оны анықтаушы
мәліметтер ретінде адамның білімін, жас ерекшелігін, өмірлік тәжірибесін, әлеуметтік
жағдайын, өмірге деген психикалық көзқарасын, өмір сүрген дәуірін және т.б. атауға
болады. Этнос мүшелерінің ғаламға немесе дүниеге деген өзіндік концептуалдық және
логика-философиялық көзқарасының болуы табиғи құбылыс. Әлемнің тілдік бейнесі –
сананың жемісі, ойлау, болмыс және тілдің әлем туралы ойын жеткізу құралдары ретіндегі
өзара әрекеттерінің нәтижесі. Әлемнің концептуалды көрінісі ұғымының аясы өте кең,
себебі оның жасалу барысында ойлаудың көптеген түрлері қызмет атқарады, олардың
қатарына тілдердің бейвербалды түрлері де кіреді.
Жалпы алғанда, әлемнің тілдік бейнесі жайлы көзқарас, ең алдымен, оның ұлттық –
мәдени ерекшелігімен сабақтастырылып, адам баласының жалпы дүниені қабылдауы мен
тануы процесімен ұштастырыла зерттеуді талап етеді. Әлем бейнесін қалыптастыруда
тілдің алар орны ерекше. Себебі «тіл ұлттың, халықтың өзіне тән ерекшеліктерін білдіреді
және оны қалыптастырады, дүниені танудың ұлттық сипатын бейнелейді, сондықтан да
түрлі ұлттардың дүниетанымының негізін, олардың тілінен іздеу керек» [18, 83].Э.Сепир
мен Б.Уорф болжамы бойынша да түрлі тіл өкілдері әлемді өз көзқарасы негізінде танып,
өз дүниетанымы аясында пайымдайды. Демек, тіл біздің ата бабаларымыздың «әлем
бейнесін» қалпына келтіруге көмектеседі. Яғни тіл адам баласының әлем туралы
түсінінігің қалыптасып, дамып жалғасуына бірден-бір себеп болатын құрал. Өйткені
«адам тілде өмір сүреді, тіл арқылы қалыптасады. Тілден тыс жатқан әлем барын сезген,
білген адам сол беймәлім әлемді тілдің көмегімен игеруге ұмтылады» [19, 378], «дүние-
әлем тілде құлыпталып, көрініс табатын тәжірибеден тыс қабылданбайды, тілге деген
көзқарас – әлемге деген көзқарас» [20, 16].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Серебренников Б.А., Кубрякова Е.С., Поставалова В.И. и др. Роль человеческого
фактора в языке: Язык и картина мира. - М: Наука, 1988.
2
Сағидолда Г.С. Түркі-моңғол дүние бейнесінің тілдік фрагменттері. -Астана,
2011.
3
Герц Г. Три картины мира//Новые вехи в философии. - 1914. - №14.
4
Планк М. Единство физической картины мира. – М.: Изд-во МГУ, 1966.
5
Эйнштейн А. Влияние Максвелла на развитие представлений о физической
реальности // Собрание научных трудов. - М., 1967.
6
Гуревич А.Я. Исторический синтез и Школа «Анналов». - М.: Слово, 1993.
7
Über das vergleichende Sprachstudium in Beziehung auf die verschiedenen Epochen
der Sprachentwiclung // Wilhelm von Humboldt. Werke in funfBanden. Hrsg. von
Andreas Flitner und Klaus Giel. Band 3. Darmstadt, 1963.
8
Караулов Ю.Н. Активная грамматика и ассоциативно-вербальная сеть. – М., 1999.
- 180 c.
239
9
Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. - Минск, 2005. – 255c.
10
Чернейко Л.О. Долинский В.А. Имя СУДЬБА как объект концептуального и
ассоциативного анализа// Вестник МГУ. Серия 8. Филология. – 1996. - № 6.
11
Гумилев Л.Н. Конец и вновь начало. – М., Рольф, 2000.
12
Степанов Ю.С. Константы, Словарь русской культуры. Опыт исследования. – М.,
1997.
13
Тер-Минасова С.Т. Язык и межкультурная коммуникация. – М.: Слово, 2000.
14
Попова З.Д., Стернин И.А. Язык и национальная картина мира. – Воронеж, 2002.
15
Иванов Вяч. Вс., Топоров В.Н. Славянские языковые моделирующие
семиотические системы: (древний период). - М., 1965.
16
Караулов Ю.Н. Словарь как компонент описания языков: Принципы описания
языков мира. – М., 1976.
17
Телия В.Н. Русская фразеология. Семантический, прагматический и
лингвокультурологические аспекты. – М., 1966.
18
Звегинцев В.А. О сравнительном изучения языков применительно к различным
эпохам их развития // История языкознания XIX-XX веков в очерках и
извлечениях. – Москва, 1964, ч.1.
19
Вильгельм фон Гумбольдт. Язык и философия культуры. – М., 1985.
20
Колшанский Г.В. Объективная картина мира в познании и языке. – М.: Наука,
1990.
РЕЗЮМЕ
В статье
рассматривается потенциал антропоцентрических лингвистических исследований
при анализе сложных человеческих знаний, таких как о мире, планете, обществе, также показана
важность языка в создании картины мира.
RESUME
The significance of language in creating the world picture.
In the article the author analyzes the complex of human knowledge about the whole world, planet,
society. The capacity of anthropocentric linguistic research is high. There is also shown the importance of
language in creating the world picture.
240
ӘОЖ 419.992 71
С.Н. Жұматаева
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті,
филология магистрі
Сан есімді тұрақты
тіркестердің сөз
тіркестерінің
бағыныңқы
сыңарында
қолданылу
ерекшеліктері
Аннотация
Бұл мақалада сан есімді тұрақты сөз
тіркестерінің сөйлемнен тыс қалпы мен сөйлем
ішіндегі сөз тіркесіндік ерекшеліктері жайлы
айтылады. Сан есімді тұрақты тіркестер -
өзіндік лексика-семантикалық, грамматикалық
ерекшеліктерімен арнайы зерттеуді қажет
ететін күрделі мәселе. Осы күнге дейінгі
әдебиеттерде көбіне тұрақты тіркестердің ішкі
(мағыналық) ерекшелігін ашу басты мақсат
болса, ендігі негізгі мәселенің бірі олардың
сөйлемнің ішіндегі қолданылу ерекшеліктерін
айқындау болып табылады.
Түйін сөздер: Сан есім, тұрақты тіркестер,
морфологиялық
құрам,
көптік
жалғауы,
тәуелдік жалғау, есімше, көсемше, т.б.
Қай сөз болсын немесе тұрақты тіркес
болсын
сөйлемге
элемент
болуда,
сөз
тіркестерінің
бағыныңқы
сыңарында
жұмсалуында өзіндік заңдылықтарға сүйенеді.
Біз осы күнге дейін дербес мағынасы бар
сөздердің өздері табиғи қасиетіне сай септеліп,
тәуелденіп, көмекші сөздер қатысуымен, енді
бір сөздер тек орын тәртібі арқылы ғана
сөйлемнің бір элементі болады деп айтамыз.
Осыған орай, академик І.Кеңесбаевтың
фразеологизм сөйлеу процесінде, демек, бір
сөйлем ішінде құлпыра кететіні белгілі…
фразеологизмнің мән-мәнісі, қызметі, тұлғалық
белгісі түгел контекст аумағында тұрып
айқындалады [1] деген пікіріне сүйеніп,
қалайда сөйлем ішінде ең негізгі бір элемент
болып жұмсалатын, сөз тіркесінің бағыныңқы
сыңарының жасалуында өзіндік орны бар
категория деп қарастырамыз. Енді бір көңіл
аударатын жай: біз осы кезге дейін тұрақты
тіркестердің сөйлем ішінде қолданылуындағы
морфологиясына назар аударған жоқпыз.
Себебі сөйлемге элемент болып табылатын
сөздің, сөз бен көмекші сөздің тіркесі және
тұрақты тіркестердің сөйлемге енуі жеке
сөздердің белгілі заңдылықтары негізінде
жүзеге асады. Сөз сөйлем ішінде әрі септеліп
те, көптеліп те, тәуелденіп те, орын тәртібі
немесе көмекші сөздер арқылы сөйлемдегі
екінші сөздермен тіркессе, сөйлемдегі тұрақты
тіркестер туралы да соны айтуға болады. Осы
уақытқа дейінгі тұрақты тіркестерге қатысты
айтылмай
келген
мәселе
–
олардың
морфологиялық құрамы.
241
Академик І.Кеңесбаев тұрақты тіркестердің ішкі синтаксистік қызметіне, яғни
олардың іштей бастауыш, баяндауыш, анықтауыш – анықталғыш, пысықтауыш –
пысықталғыш және тура және жанама толықтауыш пен толықталатын құрамда келетініне
назар аударады [1]. Бұл жағынан келгенде, авторда тұрақты тіркестер сол қалпында ғана
бір жақты талдау басым. Жалпы тұрақты тіркестерді сөйлем мүшесіне талдау қалыптасқан
қағидаға бағынбайды. Олардың морфологиялық заңдылықтарға сәйкес барлық қызметі
контексте айқындалады. Осы күнге дейінгі әдебиеттерде көбіне тұрақты тіркестердің ішкі
(мағыналық) ерекшелігін ашу басты мақсат болса, ендігі негізгі мәселенің бірі олардың
сөйлемнің ішіндегі қолданылу ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Ондай кезде біз
тұрақты тіркестердің ішкі ерекшелігінен гөрі екі немесе одан да көп сөзден болғанымен,
олардың соңғы сыңарының морфологиялық құрамын айқындауға көбірек көңіл бөлеміз.
Сан есімді тұрақты тіркестердің сөйлемнен тыс қалпы мен сөйлем ішіндегі сөз
тіркесіндік тұлғаларына тоқталайық.
Көптік тұлғалы тұрақты тіркестер. Қазақ тіліндегі тек көптік жалғауында келетін
тұрақты тіркестер: жауыр болған сөздер, жылау күндер, бұлау күндер, айшылық алыс
жерлер, сары тіс сақа айғырлар, зәр ішкірлер, көңіл жұбатарлар, жұттан шыққан
жұрындар, т.б. Мысалы: Тегіс емендей қатқан жарау аттар болса да, бүгінгі жүріс
бұларды қан сорпа қып терлеткен екен (М.Әуезов). Жаттанды қолдан қолға өткен, бедері
кеткен ескі тиын секілді жауыр сөздер оқушыны селт еткізбеуі заңды (“Жас алаш” газеті).
Ұзақ өмірінің ішінде қилы-қилы замандарды басынан өткізіпті. Көргені жылау күндер,
бұлау күндер болыпты (О.Сәрсенбаев).
Көптік жалғаулы тұрақты тіркестер сөйлемде көбіне баяндауышты керек етіп
субъектілік, предикаттық мағынада жұмсалады. Көптік жалғаулы тұрақты тіркестердің
соңғы сөздері көбіне есімдер болып келеді.
Г.Булгакова орыс тіл біліміндегі тұрақты тіркестердің лексика-грамматикалық
ерекшеліктеріне тоқтала келіп, тұрақты тіркестер сан көрсеткіштік категорияда (категория
числа) өзгереді деген ойын задняя мысль – задние мысли, воробьиная ночь – воробьиные
ночи, первый шаг – первые шаги деген мысалдармен дәлелдейді.
Сондай-ақ орыс тілінде де қазақ тіліндегі сияқты белгілі бір грамматикалық
категория тұрақты тіркестердің табиғи көрсеткішіне айналады. Бірқатар ғалымдар орыс
тілінде кейбір тұрақты тіркестердің тек көптік категориясында немесе тек жекелік
категориясында ғана кездесетінін айтады [2]. Осы пікірді Г.Ф.Булгакова да қолдайды:
“Так, уже в соотносительных парах образного содержания большей употребительностью
отличается форма одного какого-либо числа, единственного: морской волк, стреляный
воробей, гусь лапчатый, шапочное знакомство – или множественного: глубокие корни,
карточные домики, горячие напитки” [2]. Осы сияқты қазақ тілінен жоғарыдағы
келтірілген көптік тұлғалы тұрақты тіркестер тек көптік тұлғада ғана қолданылады.
Көптік тұлғасы сан есімді тұрақты тіркестер құрамында табиғи түрде кездеспейді.
Бірқа есімді тұрақты тіркестер әдеттегі есімдер сияқты көптеліп сөйлемде қолданыла
береді.
Тұрақты тіркестердің тәуелденуі. Тәуелдік жалғаулы тұрақты тіркестер: алты
алаштың баласы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бетінің кірі бес батпан; бес
биенің сабасындай; төрт арыстың баласы; екінің бірі; екінің бірі, егіздің сыңары; екі
көздің, біреудің қаңсығы біреудің таңсығы; екі көзінің бірі, Алланың сегіз сипаты, тоғыз
(тоқсан) жолдың торабы, тоғыз қатынның толғағы, т.б.
Тәуелдік жалғаулы тұрақты тіркестер мол кездеседі, екі-үш сөзді болып келеді,
ондай тұрақты тіркестердің бағыныңқы, басыңқы сыңары да көбіне есімдер болып, соңғы
сыңары тәуелдік жалғауының әр жағында жұмсалады. Мысалы, Білемін, хан Байеке,
нарлығыңды, Келсе кең, қайтса қайтпас тарлығыңды, Баласын алты алаштың шырқ
иіріп, Ел билеп жүріп тұрған хандығыңды (Ш.Ж.). Екі көзінің біріндей, Екі талай жер
болса, Мен едім қимас егізің (Б.Ө.). Алтын шыны кеседей Екі көзінің шарасы (ҚЖ).
Секілді тұрпаттары сайып қыран, Сарқылып дара шыққан жүзден, мыңнан. Түрлі елдің
242
түстерінде кескіні бар, Қырықтың құралғандай қылауынан (Ғ.О.). Күдері сол бір
әңгімеден кейін тағы да көп ойланып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін іздеді. Ол
түйін – коллективті тыңдай біл (М.И.).
Бұл жердегі тәуелдік жалғаулы сөзді тұрақты тіркестер әдеби тілде сол қалпында
кездесетін болса, ал нөлдік тұлғадағы соңғы сыңары зат есімді тұрақты тіркестер
сөйлемде ыңғайына қарап тәуелденіп жұмсалады. Мысалы, Дүниені бір тиын есеп
көрмейтұғыны, жомарттығы, әр түрлі белгісі бойында тұрмас пе еді (Абай). Бұндай
жердегі әдет бойынша ауылдың алты ауызын айтты да, домбыраны қасындағы жігітке
ұстатты (Ә.Н.). Бұндай жердегі әдет бойынша ауылдың алты ауызын айтты да,
домбыраны қасындағы жігітке ұстатты (Ә.Н.).
Тұрақты тіркестердің тәуелденіп келуі тек нөлдік тұлғадағы есімдер тобында ғана
емес, оны етістіктердің (қимыл есімі, есімшелердің) тәуелденетінінен байқадық.
Орын тәртібі арқылы байланысқан тұрақты сөз тіркестер. Тұрақты тіркестердің
сөйлемде басқа сөзбен тіркесуіндегі негізгі тәсілдердің бірі – орын тәртібі. Орын тәртібі
арқылы байланысатын тұрақты тіркесті сөз тіркестерінің құрылымдық ерекшелігі тұрақты
тіркестердің жасалуында болып табылады. Белгілі бір жұрнақтар арқылы жасалған
тұрақты тіркестер өзі бағынатын сөзбен орын тәртібі арқылы қабыса байланысады.
Тұрақты тіркестердің жұрнақтар арқылы өзгеруі олардың морфологиялық ерекшеліктерін
аша түседі. Ол жұрнақтарға –дай, -дей, -лы, -лі, -сыз, -сіз, -ша, -ше, -ғы, -гі, -шы, -ші, т.б.
жұрнақтар жатады да, есімді сөз таптарының ыңғайында жұмсалады. Сан есімді тұрақты
тіркестер осы жұрнақтардың бәрінде келе береді деу қиын.
-дай, -дей: бес биенің сабасындай, кіріне бес ит тойғандай, жерден жеті қоян
тапқандай, бір қалыпқа соққандай, бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, екі көздің
біріндей, екі иығына екі кісі мінгендей; т.б.
-лы, -лі: алпыс екі айлалы, екі жүзді, сегіз қырлы, бір сырлы, жеті жұртқа әйгілі,
бір ауызды, екі аяқты, төрт аяқты, екі жүзді, т.б.
-ғыр, -гір (алғыс, қарғыс мәнді тұрақты тіркестер): мың болғыр, қырық жілік болғыр,
қырық пышақ болғыр, т.б.
Тұрақты тіркестердің әсіресе, етістік тұлғасында келуінің формалары өте мол. Бірақ
бұл жерде есімше, көсемше, шартты рай тұлғасында келулерін ғана сөз етіп отырмыз.
Етістікті тұлғалардың ішінде осы тұлғалы тұрақты тіркестер өте көп кездеседі.
Есімше тұлғалы тұрақты тіркестер: бір деген; бір емес, екі емес; бір келер, бір киер,
бір қолы екеу болып көрінгенде, бір туған, екі туып бір қалғаным емес, екі сөйлемес
болар, жеті атасынан түк көрмеген, жеті атасына бітпеген, он саусағынан өнері
тамған, т.б.
Көсемше тұлғалы тұрақты тіркестер: алты малта ас болмай, екі иығына екі үкі,
басына бір үкі тағып; бірін қоймай; екі басын ұстап, ортасынан тістеп; жеті насырым
жерге кіріп, бетімнің суы бес төгіліп; т.б.
Сан есімді тұрақты тіркестердің соңғы сөздері етістікті болуының тұлғалық формасы
өте мол: қолынан екі келсе, бірін қылсын; жеті өлшеп бір кес; Қырық бір шөптің басы
болсаң, ақ басты қара қойдың құмалағы болсаң, ақ сөйле! сөзі екі болмасын деген сияқты
тұрақты тіркес бұйрық райда; жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты; екі
аяғын бір етікке тықты; екі көзі төрт болды; екі сөзге келмеді, сөзін екі еткізбеді, хан
екі айтпайды; екі аяғын қолына алды; екі дай болды; екі жақтады; екі жеп биге шықты;
екі кеме құйрығын ұстады; ойы онға, санасы санға бөлінді; тоғыз тұрып, тоқсан
толғанды; екі қолы жағасында болды; екі қолын қусырды; екі қолын мұрнына тығып
қалды; екі қоянды бір оқпен атып алды; екі ойлы болды; екі оттың арасында қалды; екі
сөзге келмеді; екі ұрты суалды; екі ұшты болды; екі шоқып, бір қарады; т.б. сияқты сан
есімді тұрақты тіркестер жедел өткен шақта; осы сияқты соңғы сыңары етістіктен болған
сан есімді тұрақты тіркестердің етістіктері дара, күрделі күйінде контексте әр түрлі
шақтарға, жақтарға, есімше, көсемше, рай тұлғаларымен түрленіп қолданыла береді.
Көмекші сөзді тұрақты тіркестердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері
243
Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің бір сыңары ретінде екінші сөзбен көмекші сөздер
арқылы байланысады. Көмекші сөздер көмекші есімдер, көмекші етістіктер, шылау сөздер
болып жіктеледі. Көмекші сөздер тұрақты тіркестермен екі түрлі жағдайда келеді,
біріншіден, тұрақты тіркестердің табиғи қалпы көмекші сөздерден жасалса, екіншіден,
тұрақты тіркестер көмекші сөздер арқылы сөйлемдегі басқа мүшелермен байланысқа
түседі.
Көмекші есімді тұрақты тіркестер қазақ тілінде арнайы зерттелмегенімен, көмекші
есімдер туралы зерттеу еңбектің мысалдары қатарында айтылады [3]. Көмекші есімді
тұрақты тіркестер: бір қайнауы ішінде, екі оттың арасында, алты қабат аспанның ар
жағында, жеті қабат тау үсті, Сегіз бейіш ішінде, екі көзі алдында, екі кештің
арасында, алты қырдың астынан, екі ортада, т.б. Мысалы: Қариялар күн қызылы тарап,
аптап басылған екі кештің арасында құм шағылдың біріне шығады. Әңгіме дүкен құрады
(С.Бердіқұлов). Алты қырдың ар жағында жүрсе де, аман жүрсін, өлтірмей оны өтірікші
әйелге беріңіз, мен баламның тірілігін тілеймін (ШС). Мен Біржан болғалы биыл емес,
Өлең шіркін біздерге қиын емес. Алты қырдың ар жағынан ән шырқасам, Дауысым
отарбадан кейін емес (Б.Қож.).
Жоғарыдағы сөйлемдердегі екі кештің арасында, алты қырдың ар жағында –
көмекші есімді тұрақты тіркестер. Сондай-ақ көмекші есімдердің сөйлемде соңғы сыңары
зат есімнен болған сан есімді тұрақты тіркестермен түйдекті тіркесте келеді: Құнанбайдың
тығыз берген бұйрығы бойынша, бір шай қайнатым уақыт арасында жүз елудей жігіт
атқа мінді (М.Әуезов).
Көмекші етістікті тұрақты тіркестер. Көмекші етістікті тұрақты тіркестер М.Балақаев
оқулығында лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде
жұмсалатын [4] түйдекті тіркес есебінде көрсетіледі.
Е, ет, де, жазда көмекші етістіктерінің жеке лексикалық мағынасы жоқ, өз алдына
дербес сөйлем мүшесі бола алмайды. Сол себепті де осы етістіктер арқылы аналитикалы,
перифразалық есімдермен тіркескен күрделі етістіктердің жасалуының нәтижесінде
лексикаланған, идиомаланған тұрақты тіркестер көп қалыптасқан. Мысалы, бір емес, екі
емес, басы екеу емес, айтқанын екі етпеді, қайбір екі туып, бір қалғаның еді? бес бармақ
бірдей емес, т.б.
Көмекші етістіктердің тұрақты тіркестер құрамында етістіктің барлық формаларында
(шақ, жақ, есімше, көсемше, рай, т.б.) түрленуі себепті сөйлемде грамматикалық қызметі
де түрленіп отырады. Сол себепті де сөйлемнің әр түрлі мүшесі қызметінде жұмсалады
Қазақ тілінде едәуір зерттелген – шылау сөздер, олардың сан есімді тұрақты
тіркестердің жасалуында өзіндік септігі мол. Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ,
тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, немесе белгілі бір сөздердің
жетегінде қолданылып, оған әр түрлі грамматикалық мағына үстеу үшін қолданылатын
сөздер шылау деп аталады.
Шылау сөздер кейбір сан есімді тұрақты тіркестердің табиғи бір бөлшегі ретінде
қалыптасып, тұрақты тіркестік тұтастыққа септігін тигізеді. Мысалы, ер кезегі үшке дейін;
жеті ата, жеті түптен бері қарай, т.б.
Жеті атаң, жеті түптен бері қарай Орнаған қыдыр төніп, есіл бегім! Дұшпанын
табанында жүн қып түтіп, Қор қылған егескенін атаң сенің (Ш.Ж.).
Тілімізде сан есімді тұрақты тіркестермен түйдекте берілген шылаулар тұрақты
тіркестерді сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік (аналитикалық) байланысқа түсіріп,
сөз тіркесінің бағыныңқы компонентіне айналдырады: Тек Дәркенбайдың жетісін беріп
болған соң, Абай мен Дәрмен бұл ауылдан қайтатын шаққа жеткенде, жаңағы түйінді
Абай ақыл қоса отырып, Жаңылмен бірге шешті (М.Ә.).
Қорыта айтқанда, сан есімді тұрақты тіркестер - өзіндік лексика-семантикалық,
грамматикалық ерекшеліктерімен арнайы зерттеуді қажет ететін күрделі мәселе.
244
Достарыңызбен бөлісу: |