Атаулы сөйлемдердің мазмұны осы шақтағы болмысты, құбылысты білдірумен
байланысты болады. Сондықтан олар өткен шақтағы оқиға, іс жайындағы ой болмайды,
көбінесе мезгілді, айналамыздағы табиғат құбылыстарын, заттардың сол заттық бейнелі
қалпын айтуға арналған болады. Ондай атаулы сөйлемдер көбінесе көркем əдебиетте,
табиғаттың суреті ретінде қолданылады. Олар жазушының тіліне ықшамды, көркемдік
нəр беріп, болмысты, жаратылысты суреттеудің ерекше стильдік тəсілі ретінде
жұмсалады. Айдала. Көлдің биік қабағы. Əлсіз жел. Күн батып барады.
Кейбір авторлар атаулы сөйлемдер қатарына кітаптың, мақаланың, өлеңнің,
əңгіме завод-фабрикалардың аттарын да жаткызады. Ол дұрыс емес, олар кобінесе,
жалқы есім, сөз тіркесі болады.
Достарыңызбен бөлісу: