Жолдастар! Сөз ұйым бригадирі Асанға берілді. Қымбатты
жолдастар! Жан
серігім-домбырам!
Қаратпа сөз сөйлем ортасында тұрғанда, оның екі жағынан, соңында тұрғанда, одан
бұрын үтір қойылады. Ризамын,
балам, ризамын!
Егер бір сөйлемде одағай, қаратпа жəне қыстырма сөздер қатар келсе, олар да
үтірмен бөлініп жазылады.
Е, сен, жаңылмасам, біздің қақпанға талай кездескен кəрі
қасқыр көрінесің!
Қыстырма сөз. Сөйлемде айтылған ойға, оның айтылу амалына жазушының,
сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін сөздер болады. Мысалы: Көп білім алу үшін,
əрине, көп оқу керек.
Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тəсіліне айтыушының қалай қарайтынын білдіретін
оқшау сөз кыстырма сөз болады.
Қыстырма сөздер сөйлемдегі басқа сөздермен байланыспай, белгілі сөйлем мүшесі
болмай, олардан оқшау тұрады. Қыстырма сөздер сөйлемдегі баса сөздерден
оқшауланып, ерекше интонациямен айтылады. Сондықтан басында келсе, үтір олардан
кейін, ортасында келсе, екі жағынан, сөйлемнің соңында келсе, олардан бұрын
қойылады. Мысалы: Бала, тым болмаса, шеге соғуды үйренсейші, кім біледі, бір
күндерде сол өнерінің де керегі болар, -депті.
Қыстырма қызметінде көбінесе, модальды сөздер мен модальдық ұғымды бар сөз
тіркестері жəне сөйлемдер жұмсалады.
Қыстырма сөздерді мағынасына қарай мынадай негізгі топтарға бөлуге болады: 1.
Кісінің көңіл күйін, сезімін білдіретін қыстырма сөздер: несін айтасың, бақтымызға,
амал қанша т.б.
2. Айтылған ойга нануды, жорамалдауды білдіретін қыстырма сөздер əріне,
əлбетте, рас, сөз жоқ, сірə, мүмкін, шамасы, расында , шынын айту керек, өзіңіз білесіз.
Əріне, еңбексіз ер де, жер де көгермейді.
3. Ойдың айтылу амалын, тəсілін білдіретін қыстырма сөздер: қысқасы, сайып
келгенде, былайша айтқанда, жалпы алғанда, демек, ендеше т.б.
4. Айтылған ойға басқаның не айтушының пікірі тұлғасынан қарағандықты
білдіретін қыстырма сөздер: сіздіңше, мен білсем, оның айтуына қарағанда,… айтуы
бойынша т.б. Мысалы: Менің айтып отырғаным, сіздіңше, дұрыс емес.
4.
Айтылған ойлардың өз ара қатынасын білдіретін қыстырма сөздер: бірінші,
екіңші(ден), ақырында, керсінше, сөйтіп.
Жоғарыда келтірілген қыстырма сөдер дегеніміздің бірқатары сөйлемдегі сөздерге
қатысына қарай кейде сөйлем мүшесі қызметінде де жұмсалуы мүмкін. Ондай да
қыстырма сөздер сөйлем мүшелерінен оқшауланып айтылмайды, сондықтан олар
үтірмен бөлініп жазылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: